Зертханалық ЖҰмыс жақпамай алу және биологиялық, физикалық Қасиеттерін анықтау. Теориялық БӨлім жағар (жақпа) майлар



бет2/3
Дата12.05.2024
өлшемі21.84 Kb.
#500925
1   2   3
Жағар май

Вазелин (Vaselіnum) фармацевтік іс-тәжірибеге 1876 жылы енгізілген. Вазелин өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтпаған. Ол атом саны С17 - С35 болатын қатты және сұйық көмірсутектер қоспасы. Бұл тұтқыр, мөлдір, сыртқы көрінісі бойынша ақ түсті (Vaselіnum album) немесе сары түсті (Vaselіnum flavum) жіп тәрізді созылмалы біртекті масса. Вазелиннің бұл екі сорты тең бағалы. Қандай мұнайдан алынуына байланысты вазелиннің балқу температурасы 370 пен 50 0С аралығында ауытқиды. Вазелин суда ерімейді, этанолда аз ериді, хлороформда, эфирде ериді, балауыз және майлармен (майсана майынан басқасы) барлық қатынаста араласады. КСРО МФ Х басылымына сәйкес, егер рецептіде негіз көрсетілмесе, онда вазелин қолданылады. Бірақ көптеген дерматологтар вазелинді тек сау теріге қолдану керек екенін анықтады. Себебі, науқастарда жоғары сезімталдық байқалған. Вазелин тері және кілегей қабаттарына сіңбейді және дәрілік заттың толық босап шығуын баяулатады, сондықтан оны терінің беткі қабатына әсер ететін жағар майлар негізі ретінде қолданған тиімді. Вазелиннің кемшіліктері: терінің физиологиялық қызметтерін (жылу-, газжәне ылғалды алмасуын) бұзады, тері, шаш және киімдерден жуылуы қиын, кейбір жағдайларда сенсибилизациялық және аллергиялық әсер көрсетеді.


ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ.
Реактивтер : 10%-дық мырыш тотығы, вазелин, желатин, дистелденген су, глицерин, крахмал.
Жабдықтар: цилиндр, воронка, келі мен келсап, электронды таразы, стакан, шыны таяқша, шпатель, су моншасы, пипетка (5 мл).
Жұмыстың мақсаты: вазелин мен мырыш тотығынан сүртпе май жасау.
Жұмыстың барысы:

  1. 1. Негіз гидрофильді (желатин глицеринді гель) суспензиялық жағармайын алу

Фарфор табақшаға 3,0 г желатинді салып, 7 мл тазартылған су құйып, 45-60 минут ісінуге қалдырады. Уақыт өткен соң 4,0 мл глицерин қосып, су моншасында ерігенше қыздырады. Келіге 2,0 г мырыш тотығы, оған дайын негізден шамамен 1,0 г қосып, дисперсиялайды, бөлшектеп қалған массаны қосып біртекті масса алынғанша араластырады. Біртектілігін тексеріп, банкаға салып, тығындап безендіреді. «Сырт тәнге», «Балалардан сақта», «Салқын жерде сақта» этикеткаларымен безендіреді.
2. Мырыш пастасын алу.
Буландырғыш табақшада су моншасында вазелинді толық балқытады. Қыздырылған келіге 3,0 г мырыш тотығын майдалап, 2,0 г крахмал қосып, араластырады. Оған 2,5 г балқытылған вазелин қосып мұқият араластырады, бөлшектеп қалған балқытылған вазелинді қосады, суығанша араластырады. Құтыға ауыстырып салып тығындап, безендіреді. Негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары – «Балалардан сақта», «Салқын жерде сақта».
Жақпа майы (шамамен 5 г) белгілі рН мәні бар 50 мл тазартылған сумен өңделеді. 50-60°C температурада 15 минут бойы біркелкі шайқаңыз. алынған сорғыш мақта тампоны арқылы сүзіледі, сол сумен жуылады және рН потенциометриялық әдіспен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет