Бақылау сұрақтары:
Психологиялық кеңес беруде қандай техникалар бар?
Қандай техникалар тиімді болып табылады?
Клиент дегеніміз кім?
Психолог дегеніміз кім?
Міндеттері қандай?
Әдебиеттер:
1. Абрамова Г.С. Практикум по психологическому консультированию. Екатеринбург: Деловая книга, 2004
2. Алешина Ю.Е. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование М.: Изд. центр консорциума Социальное здоровье России, 1994
3. Бьюдженталь Дж. Искусство психотерапевта СПб.: Питер, 2005
4. Кончунас Р. Психологическое консультирование. Групповая психотерапия М.: Академический проект; ОППЛ, 2004
5. Мей Р. Искусство психологического консультирования М.: Класс, 1994
№5 Зертханалық жұмыс
Зертханалық жұмыстың аты: Ойын технологиялары.
Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Орындықтар.
Жұмыстың мақсаты: Білімгерлерді практикалық психологияда қолданылатын ойын түрлерімен жұмысты, оның ерекшеліктері мен мақсаты, міндеттерін көрсету.
Пререквизиттер: Психологиядағы ойын технологияларыжайлы түсінік.
Постреквезиттер: Ойын техникаларын өткізуге машықтандыру.
Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары:
Психологиядағы техникалар жайлы мәліметті білу.
Студенттің алдын-ала біліп келуге тиісті мәліметтері:
Ойын техникалары денегіміз не?
2. Ересектерге қолданылатын ойын техникаларының түрлерін білу.
Жұмысты орындау реті:
1. Білімгерлер ойын техникаларын топқа жүргізеді.
2. Соңында білімгерлер талқылайды.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі – бұл ойын. Ойын – бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К.Ушинский, П.Блонский, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, шетелде З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б.жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде – адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.
Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымына келесі:
Мақсаткерлік;
Жоспарлау;
Мақсатты іске асыру;
Тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер жатады.
Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық ойындар қызметі мен классификасын түсінумен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты.
Ойындардың ішіне орта буын оқушысынан басқа педагогикалық ұжым мүшелерімен де ұйымдастырылатын ойындардың тиімділерінің бірі – бұл іскерлік ойындар деуге толық негіз бар.
Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.
Достарыңызбен бөлісу: |