Зертханалық ЖҰмысты орындауға арналған әдістемелік нұСҚау №1 Зертханалық жұмыстың аты



бет7/15
Дата17.11.2022
өлшемі50.56 Kb.
#465065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Практ лаб (копия)

Бақылау сұрақтары:

  1. Психологиялық кеңес беру дегеніміз не?

  2. Қандай әдіс-тәсілдер бар?

  3. Клиент дегеніміз кім?

  4. Психолог дегеніміз кім?

  5. Міндеттері қандай?

Әдебиеттер:

  1. Абрамова Г.С. Практикум по психологическому консультированию. Екатеринбург: Деловая книга, 2004
    2. Алешина Ю.Е. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование М.: Изд. центр консорциума Социальное здоровье России, 1994
    3. Бьюдженталь Дж. Искусство психотерапевта СПб.: Питер, 2005
    4. Кончунас Р. Психологическое консультирование. Групповая психотерапия М.: Академический проект; ОППЛ, 2004
    5. Мей Р. Искусство психологического консультирования М.: Класс, 1994

4 Зертханалық жұмыс


Зертханалық жұмыстың аты: Терапевттік араласу техникалары
Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Орындық, жұмсақ қағаздар.
Жұмыстың мақсаты: Білімгерлерді практикалық психолог жұмысымен , оның мақсаты, міндеттерін түсіндіру, ерекшеліктері мен өзгешеліктерін көрсету.
Пререквизиттер: Психологиядағы кеңес берудегі техникалар жайлы мәлімет.
Кеңес беруде қолданылатын техникаларды білу.
Постреквезиттер: Кеңес беруге машықтандыру.
Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары:
Психологиядағы кеңес берудегі техниклаар жайлы мәліметті білу.
Студенттің алдын-ала біліп келуге тиісті мәліметтері:

  1. Кеңес берудегі техникаларға жалпы шолу жасау.

  2. Кеңес беруде қолданылатын техникаларды білу.

Жұмысты орындау реті:
1.Екі білімгер екі орындыққа отырады.
2. Біреуі кеңес берушінің, екіншісі клиенттің рөлін орындайды.
3.Соңында білімгерлер кеңес беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерді талқылайды.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
К.В.Ягнюк терапевттік араласудың «жалпы техникаларының» типологиясын, яғни көптеген кеңес берушілермен психотерапевтттермен теориялық бағдарларға тәуелсіз қолдаланылатын техникаларды ұсынды. Техникалар немесе терапевттік араласулар – психологиялық кеңес берудің аралық және соңғы мақсаттарына жетуге бағытталған кеңес беруші тарапынан реакциялардың белгілі –бір түрі.
Мадақтау – бұл клиенттің өз өмірбаяның баяндауын қолдау, оның айтқаның дәлелдеу және әңгіменің бір сарынды ағымын қамтамасыз ету тәсілі. Мадақтауға клиенттің айтқаның қабылдау, дәлелдеу және түсіндіруді көрсететін қатысты дәлелдеу.
Қайталау – бұл клиенттің айтқаның айтарлықтай түгелімен қайта жаңғырту немесе оның хабарындағы белгілі-бір бөлшектеріне таңдаулы екпін қою. Айтылғанды қайтару клиентте кеңес берушінің оны түсініп, сезінуге талпынатындығы сезімін туырады.
Сұрақ – бұл бір нәрсені айтуға шақыру, қызықтыратын ақпараттарды жинау, клиент тәжірибесін нақтылау немесе зерттеу. Психологиялық кеңес беру бойынша әдебиеттерде ашық және жабық сұрақтарды бөледі.
Жабық сұрақ – бұл клиентпен айтылған нақты дәлелдерді анықтау немесе нақтылау. Жабыө сұрақ - бұл қысқа жауап немесе кеңес берушінің болжамын дәлелдеу. Жиі мұндай сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
Ашық сұрақ – бұл клиенттің зейінің оның тәжірибесінің белгілі- бір аспектісіне шоғырландыру, әңгіменің бөлігіне бағыт беру мүмкіндігі. Ашық сұрақ әңгімешіні өз пікірін, жағдайды өзіндік көруін айтуға шақырады. Ашық сұрақ зерттеуге бағыт, бірақ бұл бағыт шеңберінде клиентке толық еркіндік беріледі. Ашық сұрақ жиі «не», «неліктен», «қалай» деген сұрау сөздерінен басталып, ақпарат жинау қызметін атқарады. Мұндай сұрақтар толық жауап беру қиын.
Қысқа сұрақ - бұл клиенттің баяндаған өмірбаянына әсер ету. әңгіме өзегін өзгертуге, нақытлауға немесе анықтауға, қайта оралуға мүмкіндік беретін ең тиімді тәсілі. Жағдайлар қатарында жақсы тәсіл жалпы әңгіме контекстінде түсінікті сөздер жіберілетін қысқа сұрақ болып табылады. Мысалы, «Сонымен?», «Неліктен?», «Қандай мақсатпен?» сөздер клеинттің әңгімесіне оңай кірілдіріп, оның ағымын бағытайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет