— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет30/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

 — 71 —
Қолөнер. (Нand-made) 
Сіздің сүйікті ісіңіз әрқашан сіз үшін табысты 
кәсіп түріне айнала алады. Бизнеспен айналысамын 
деп ниет еткен жандар үшін ешқандай тосқауыл жоқ. 
Тіпті мүмкіндігі шектеулі (мысалы жазымыш болып 
екі аяғынан айырылған жандардың талайы өз істерін 
жасап жүр) болса да еңбекпен, кәсіппен нан тауып 
жатқандардың қарасы көп.
Тап сондай үйде отырып айналысуға болатын 
кәсіп түрі – қолөнер.
Бірақ бұл кәсіпті бастамас бұрын, қолөнердің 
белгілі бір түрін таңдап алғаның жөн. Олар 
төмендегідей:

әшекей бұйымдарын жасау;

зергерлік бұйымдар;

соңғы кездері өте актуалды болып келе 
жатқан қолдан жасалған блокноттар және 
т.б жасауға болады.
Ең бастысы өзіңіздің қолымнан келеді деген 
қолөнер түрлерін таңдап, табысты жандар қатарынан 
көріне аласыз.
Қолөнершінің бүкіл жұмысы:

креатив 

жаңашылдық 

стандартсыздық 
Сондықтан шебер өз жолы мен өз стильін табуы 
тиіс. Менің ойымша, егер өз ісіңізге жаныңызды 
салсаңыз, онда ештеңе кедергі болуы мүмкін емес.


 — 72 —
Автобизнес
Автобизнес – бұл тек дөңгелек жөндеу мен көлік 
жуу немесе такси қызметін көрсету, автобөлшектерді 
сату ғана емес. Толығырақ автобизнеспен 
айналысқысы келетіндер үшін оның мынадай түрлері 
бар:
Машинаны қардан тазалау бойынша қызмет 
ұсыну. 
Қысқы мезгілде пайда табудың тамаша әдісі – 
қар тұтқынында қалған көліктерді қазып шығару. 
Ешқандай салымның қажеті жоқ – үйде тазалау күрегі 
– қуыс күрек болса жеткілікті.
Дисктерді жарықтандыру/бояу. 
Жарқырауық дисктер екі түрлі болады: 
жарықдиодты және құрамына люминофор кіретін 
бояумен сырланған. Бизнес құраушыға мұнда бірнеше 
нұсқа бар – бояу, жарықдиод, жарықдиод ленталар
қалпақшалар және өзге тауарлар сатумен айналысуға 
болады (мысалы, автожарықтың кең профильді 
интернет-дүкенін ашуға болады), тіпті жарықдиод 
бояу мен орнату бойынша қызмет көрсетуге болады. 
Дисктер бояу бойынша қызмет құны 5-10 мың теңге, 
яки автокөлік маркасына, бояу көлеміне, жұмыс 
күрделігіне және сіздің репутацияңызға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет