Жүк тасушы 2- разряд Жұмыс сипаттамасы



бет1/6
Дата14.10.2023
өлшемі67.5 Kb.
#480733
  1   2   3   4   5   6
разрядтар

ҚР Еңбекминінің 14.02. 2011 ж. № 45 - ө бұйрығы ҚР Еңбекминінің кейбір бұйрықт. толықт. мен өзгеріс енгізу және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 23 қарашадағы № 141-ө бұйрығының күшін жою туралы




ЖҮК ТАСУШЫ
2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүктерді қарапайым тиеу-түсіру жабдықтарын қолдана отырып қолмен тиеу, түсіру және қойма ішілік өңдеу жұмыстары – сұрыптау, жинау, орнын ауыстыру, қайта өлшеу, таратып салу және т.б. Жұмыс процесінде вагондарды жақындату (алыстату). Жылжымалы составты жүк түсірілгеннен кейін тазалау. Қызмет көрсететін тиеу – түсіру жабдықтарын тазалау және майлау. Щиттер мен траптарды қайта орналастыру.
Білуі тиіс: жүктерді тиеудің және түсірудің ережесін; қарапайым тиеу - түсіру жабдықтарын қолдану ережесін; жүктерді ашық теміржол жылжымалы құрамына тиеу кезіндегі және теміржол вагондарынан жүктерді түсіру және оларды текшелеп жинау кезіндегі жол берілетін габариттерді.
ГАРДЕРОБШЫ
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұйым қызметкерлері мен келушілердің сырт киімін, бас киімін және басқа да жеке заттарын сақтауға қабылдау; тапсырылған заттардың сақталуын қамтамасыз ету. Қызметкерге немесе келушіге заттардың сақталу орыны көрсетілген жетонды беру және жетонды ұсынған кезде киімі мен жеке заттарын беру. Гардероб орынын таза және тәртіппен ұстау. Мүгедектер мен қарт келушілерге шешіну және киіну кезінде көмек көрсету.
Білуі тиіс: жеке заттарды қабылдау мен сақтау ережесін; жетон жоғалған жағдайда құжаттарды ресімдеу тәртібін; ұйымның жұмыс кестесін.


АУЛА СЫПЫРУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсететін үйге іргелес көшелерді, тротуарларды, учаскелер мен алаңдарды жинап сыпыру. Гүлзарларды түскен жапырақтардан, бұталар мен кездейсоқ қоқыстардан (кездейсоқ заттардан, қағаздардан және т.б.) тазарту. Қалыңдығы 2 см. дейінгі жаңа түскен қарды сыпыру. Қарды үйіндегі үю. Тротуарларды, көпірлер мен жолдарды қар мен мұздан тазарту және оларға құм себу. Кез келген уақытта кедергісіз бару үшін өрт құдықтарын тазалап қою. Арналар мен су жиналатын науаларды қазу және тазалау. Көше урналарын жуу және оларды қоқыстардан ұдайы тазалап тұру. Нөмірлі урналарды жуу. Көрсеткіш тақталарды сүрту. Контейнер алаңшасын жинап сыпыру. Ауладағы қоқыс жәшіктерінің, қоғамдық дәретханалардың, уақытында тазалануын және олардың санитарлық жағдайын; үйдің сыртқы жабдықтары мен мүлкінің (қоршаулардың, баспалдақтардың, дөдегенің, суағар құбырларының, урналар мен жарнамаларының, т.б.) ақаусыз болуын, жасыл желектер мен олардың қоршауларының сақталуын қадағалау; Үй маңдайшаларына жалаулар ілу, оларды түсіру және сақтау. Қызмет көрсететін үй аумағындағы көше шамдарын уақытында жағу және сөндіру. Милиция өткізетін үй аумақтарын аралауға қатысу. Жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамдарға, қарттарға, аурулар мен балаларға, т.б. көмек көрсету.
Білуі тиіс: жергілікті атқарушы органдардың, КСК санитария, көркейту, ғимараттардың сыртқы ұсталуы және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері жөніндегі қаулылары мен шешімдерін, полиция бөлімшесінің, жергілікті учаскелік полиция инспекторының, жедел жәрдемің, өрт бөлімшесінің, жедел жәрдем көсету жөніндегі жақын маңдағы ұйымның, дәріхананың, балалар бөлмесінің және т.б. мекенжайлары мен телефон нөмірлерін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет