Бақылау сұрақтары
Химияның ѳндіріс туралы оқу материалының мазмұны орта мектеп курсының бағдарламасында қандай ѳзгеріске ұшырады?
Химия курсында оқылатын ѳндірістерді қандай негіздерге сэйкес іріктейді?
Ѳндірістік материалдарды оқып, үйренудің ұйымдастыру түрлерін сипаттаңыздар. Топсеруен туралы білетіндеріңізді еске түсіріңіздер.
Ѳндірістік материалдарды оқып, үйренуде қолданылатын оқыту құралдарын атаңыз. Ѳз қалауыңыз бойынша химияны оқыту эдістемесі кабинетіндегі бір ѳндірістің макетімен танысыңыз.
Бір химиялық ѳндіріспен таныстырудың жоспарын құраңыздар.
Орта меқтепте химия ѳнеркэсібінің қай салалары оқытылады?
Халық шаруашылығын химияландырумен таныстырудың эдістемелік мэселелері қалай жүзеге асырылады?
Химияны оқытудың экологиялық мэселелеріне не жатады?
20-тарау. ХИМИЯДАН АЛҒАН БіЛіМДі ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Химиялық білімді қорытындылаудың маңызы мен міндеттерй Орта мектептегі химия курсының бағдарламасы
«Бейорганикалық жэне органикалық химия бойынша білімді қорытындылау» деген тақырыппен аяқталып келді. Соңғы
324
бағдарламада 43 сағаттық жалпы химия курсы енгізілді. Бүл курстың басты мақсаты - оқушылардың тѳрт жыл бойы химиядан алған білімін тереңдету жэне жинақтап, қорыту. Химияның жеке мәселелерін оқытудың әдістемесін қарастырғанда аса маңызды үғымдардың эр сыныпта эр түрлі теориялық деңгейде қалыптасатынына кѳз жеткіздік. Осыдан келіп мектеп бітіретін шағында оқушылар бірсыпыра маңызды мэселелерді үмытып қалады, үғымдар анықтамасын алғашқы атом-молекулалық теорияның деңгейінде естерінде үстап жүреді. Бүл кемшілікті болдырмау үшін бейорғаникалық жэне орғаникалық химияның қорытындылау сабақтарында, жалпы химияның негіздерін ѳткенде химияның маңызды теориялары жѳніндегі білім қорытындыланады. Оқушыларға белғілі теориялар түрғысынан химияның негізгі заңдары мен үғымдарының мэні қарастырылады. Химиялық элементтер жэне олардың қосылыстары туралы білім бір жүйеге түсіріледі. Химияның ғылыми дүние танудағы және халық шаруашылығындағы маңызы нақтылана түседі. Осыған орай бейорганикалық жэне органикалық химияны шолып қайталау жэне жалпы химия курсының міндеттеріне мыналар жатады;
Оқушылардың Атомның электрондық қүрылысы жѳніндегі білімін тереңдету. Химияның негізі үғымдарын электрондық теория түрғысынан нақтылау.
Химиялық элементтер жэне олардың қосылыстары қасиеттерінің периодты түрде ѳзгеруі жоніндегі теориялық кѳзқарасты жаңа сатыға кѳтеру. Жалпы заңдылықтардың негізінде химиялық элементтерді топ жэне топшалар бойынша сипаттай білу дағдыларын нығайту, жетілдіру және дамыту.
Заттың қүрылысы жэне химиялық байланыстар туралы білімді бір жүйеге түсіру, заттың қүрамы, қүрылысы, қасиеттері жэне қолданылуы арасындагы тэуелділікті ашып корсету.
Бейорганикалық жэне органикалық заттардың маңызды кластары жоніндегі білімді қорытындылау, олардың арасындагы генетикалық жэне озара байланыстарды нақтылау.
Химиялық реакциялар туралы алған білімді бір жүйеге келтіру, олардың маңызы жэне жүру заңцылықтары жонінде жалпы үғым қалыптастыру.
Химияның жаратылыстану пэндерінің арасында алатын орнын, ғылыми кѳзқарас қалыптасуындағы маңызын нақтылы
325
мысалдармен кѳрсету, пэнаралық байланыстарды жүзеге асыру, оқушыларда табиғат туралы біртұтас ғылыми кезкарас қалыптасуына жэрдемдесу.
Химияның ѳмірмен және ондіріс сарамандығымен байланысын ашу, азық-түлік жэне энергетикалық бағдарламаларды, экологиялық мэселелерді шешудегі мэнін кѳрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |