Курстық жұмыстың мақсаты: ғылыми және оқу әдебиеттерін, ғылыми мақалаларды, теориялық және практикалық білімімді пайдалана отырып, микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын препараттармен танысып, тақырыпты терең зерттеп, ашу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын препараттарға жалпы түсінік беру;
Микробтарға қарсы қолданылатын препараттардың жіктелуін зерттеу;
Паразиттерге қарсы қолданылатын препараттардың жіктелуімен танысу;
Микробтар мен паразиттерге қарсы әсер ететін препараттардың әсер ету механизмін зерттеу.
I. Негізгі бөлім
1.1.Микробқа және паразиттерге қарсы препараттар туралы жалпы түсінік
Жұқпалы аурулар организмге әртүрлі патогенді қоздырғыштардың енуі нәтижесінде пайда болады. Қоздырғыштардың түрлеріне қарай олар төмендегідей топтарға бөлінеді: жұқпалы аурулар (қоздырғыштары -микробтар), протозойлы аурулар (қоздырғыштары - протозойлар) гельминтоздық аурулар (қоздырғыштары -гельминттер) және эктопаразитарлық аурулар қоздырғыштары -шыбын-шіркейлер мен кенелер).
Бұл ауруларға қарсы күретегі негізгі шаралардың бірі - ол қоздырғыштарды жою болып табылады. Мұндай мақсаттар үшін бактерицидті, протозоацидті, инсектицидті және гельминтоцидті дәрілік заттар қолданылады. Бактерицидтік (bacteria -таяқша, coedo -өлтіру)-деп бактерияларды жоятын әртүрлі дәрілік заттарды атайды. Дәрілік заттар қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне әсер ететіндіктен: вирусоцидтік, микоцидтік, спороцидтік және тағы да сол сияқты көптеген терминдер қоланылады.
Кейбір дәрілік заттар белгілі бір аурулардың қоздырғыштарына ғана нәтижелі әсер ететіндіктен "стрептококкоцидтік", "сальмонелоцидтік" деген терминдерді де қолдануға тура келеді. Бактерицидтік заттар микробтардың тіршілігіне әртүрлі дәрежеде әсер етеді: олардың кейбіреулері микробтарды толық өлтіреді де, ал басқа біреулері тек қана олардың өсіп-өнуін тоқтататындықтан , біріншілерін бактерилитикалық (немесе бактерицидтік), ал екіншілерін - бактериостатикалық деп атайды. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қоршаған ортада, малдардың терісінде, кілегейлі қабықтарында, жарақаттарында, сонымен бірге қанда және ішкі мүшелерінде болуы мүмкін. Аурудың қоздырғыштарын сыртқы ортада жою- дезинфекция деп аталады да, ал дезинфекциялау үшін қолданылатын заттарды дезинфекциялаушы заттар дейді [2].
Қоздырғыштарды жануарлардың сыртқы бөліктерінде жоюды антисептика, ал сол үшін қолданылатын заттарды - антисептикалық , организмде жоюды химиотерапия, сол үшін қолданылатын заттарды химиотерапевтік заттар деп атайды. Әртүрлі дәрілік заттардың микробтарға және паразиттерге қарсы әсер ету механизмі де әрқалай келеді. Олар препараттардың физикалық, және химиялық қасиеттеріне, қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктеріне және олардың даму ортасына байланысты болады.
Микробтарға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың жалпы заңдылықтарын ескере отырып, оларды үш топқа бөлуге болады. Олардың ішіндегі кейбіреулері (бейорганикалық қышқылдар, ерітінділер, хлор препараттары және басқалары) органикалық және бейорганикалық қосылыстарды,и сонымен бірге микроорганизмдерді де ыдыратады.
Мұндай заттар сыртқы ортаны дезинфекциялау үшін кеңінен қолданылғанымен, антисептикалық мақсаттар үшін қолданылуы шектеулі келеді. Екінші топтың препараттары органикалық заттарды ыдыратпайды және бейорганикалық қосылыстармен де байланыспайды. Олар тек қана торша цитоплазмасының тіршілігін бәсеңдетеді (фенолдар, крезолдар және басқалары), бірақ торшаға қарағанда аурудың қоздырғыштарына әсері күшірек болады (мысалы, гемолитикалық стрептокакты фенолдың 0,125% концентрациясымен жоюға болатын болса, лейкоцитті осы заттың 0,5% концентрациясымен ғана жоюға тура келеді).
Белгілі бір деңгейде олар жарақат болған жермен кілегейлі қабықтарға жайсыз әсер етеді, ал сіңірілгеннен кейін кейбір ұлпалар үшін оның әсері тіптен қолайсыз болады.Сондықтанда бұл топтың заттарын микробтарға қарсы сыртқы мүшелерге (антисептикалық әсер) немесе ортаны дезинфекциялау үшін пайдаланғанымен, химиотерапевтік мақсаттар үшін қолдануға болмайды.
Үшінші топтың заттары микробтар үшін өте маңызды, ал жануарлар үшін онша маңызды емес, дегенмен, олар биохимиялық құбылыстардың жүруін бұза отырып микробтарға қарсы әсер етеді. Мұндай заттарға антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар және басқалары жатады. Бұлардың жануарлар өмірі үшін қауіптілігі жоқ, өйткені олардың тіршілігі үшін аса қауіпті концентрациясы бактерицидтік концентрациясына қарағанда жүздеген, тіптен мыңдаған есе жоғары болады. Сондықтанда мұндай заттардың химиотерапевтік және антисептикалық мақсаттар үшін кең қолданылуы заңды да. Микробтарға қарсы әсер ететін заттарды тағайындау алдында, олардың қоздырғыштардың қандай түрлері үшін уытты, қандай концентрация мен мөлшерде нәтижелі екенін білу керек. Мұны білудің маңыздылығы сол, кез келген зат қоздырғыштардың белгілі бір түріне және белгілі бір концентрацияда ғана әсер етеді. Төменгі концентрацияларда қоздырғыштар тіршілігін жоймайды, ал кейбір жағдайларда олар тіптен төзімді болып кетеді. Жоғары концентрацияларда жануарлар үшін жайсыз әсері болуы мүмкін. , егер препарат химиотерапевтік мақсатпен ауыз қуысы арқылы берілген жағдайда ас қорыту жүйесінде дисбактериемияға әсек соқтырады, ал сыртқы ортада дезинфекция жасау - өткізілетін шараның құнын өте жоғары арттырып жіберуі мүмкін [3].
Дезинфекция (франц, Des - қарама-қарсы жалғау және лат. infectio -инфекция) дегеніміз - жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын адамдар мен жануарларды қоршаған ортада қырып-жою. Белгілі бір аурудың барлық қоздырғыштарының тіршілігін жоятындықтан оны көп реттерде зарарсыздандыру деп те атайды. Дезинфекция ауруды алдын алумен жұқпалы ауруларды жою үшін жасалынатын ең маңызды шаралардың бірі, бірақ ол көптеген жағдайларды ескеріп жасағанда ғана ойдағыдай нәтиже береді. Ең бастысы жұқпалы аруды тарататын қоздырғыштың ерекшелігін білу. Дезинфекциялық заттарға төзімділігі бойынша оларды спора түзетіндер және спора түзбейтіндер деп бөледі (спора түзгіштер вегетативтілерге қарағанда едәуір төзімді келеді. Дезинфекциялық заттардың микробтарға қарсы әсерін жақсы бөлу үшін және ауру қоздырғыштарын толық жою үшін дезинфекция жасалынатын жерді алдын ала жақсылап дайындайды. Дезинфекцияның тиімді де, нәтижелі жүруіне әсер ететін тағы да бір маңызды нәрсе-дезинфекцияланатын ортаны ескере білу. Әртүрлі заттармен кірленіп-ластану дезинфекциялық заттардың енуіне кедергі келтіреді. Мысалы, жануарлар жүретін аландағы топыраққа патогенді бактериялар бірнеше сантиметрге дейін сіңіп кетеді де, дезинфекциялық заттардың әсері оларға жетпей оларды тез жоюға болады. Осы жағдайларды ескере отырып керекті дезинфекциялық затты таңдап алады. Дезинфекциялық заттар аурудың барлық қоздырғыштарын түгел жою керек, дезинфекция жасалынатын заттарды құртып бүлдірмеу керек, сонымен бірге адамдар мен жануарлар организміне уытты әсері болмауы тиіс. Шын мәнінде мұндай дезинфекциялык зат казіргі таңда жоқ. Сондықтан да дезинфекциялык әсерді арттырып, оның қолайсыз әсерлерін төмендететін жағдайларды iздестiрудiң манызы зор.
Дезинфекция үшін сілтілер, кышкылдар, карбонаттар, хлор, йод және формальдегид препараттары, күшті тотықтырғыштар, фенолдар мен крезолдар, ауыр металдардың тұздары және баска да заттар колданылады.
Қазіргі түсінік бойынша антисептика дегенiмiз (грек -anti карсы, sepsis - шіру, шіруге карсы әсер) жануарлардын терiсiндегi, кілегейлі қабықтарындағы және жарақаттарындағы патогенді микроорганизмдерді жою. Антисептика - жергілікті және жалпы инфекция мен интоксикацияның алдын алуға арналған шаралардың жиынтығы. Мұны өткізгенде бактерицидтік әсері бар дәрiлiк заттардың манызы зор.
Антисептикалық заттарды бактериолитикалық және бактериостатикалық концентрацияларда колданады. Мұның біріншiсi барлык коздырғыштарды жойып, жанадан дамитындардың, алдын алуға колданылатын болса, екiншiсiн инфекция әлі толығымен жойылмаған жағдайда колданады. Антисептикалық заттардың жаксы бактерицидтік қасиеті болуы тиіс, олар төзiмдi болып жануарлар ұлпасымен жақындасып әсер еткенде белсендiлiгiн жоймауы керек, сонымен бірге олар әсер ететін жерінің физиологиялық және биохимиялық құбылыстарын бұзбауы тиіс және жануарларға уытты әсерін тигізбеуі керек. Өкінішке орай жоғарыда айтылған талаптарды толық қамтамасыз ететiн бiрде-бiр зат жок.
Бұлардың көпшілігі белгілі бір деңгейде кілегейлі кабыктар мен жаракаттарга колайсыз әсер етеді, ал олардың концентрациясы жоғарылаған сайын бұл әсері де күшейе түседі. Бактериостатикалык концентрацияларда олардың көпшілігі жайсыз әсер етпейді немесе әсері әлсіз болады, ал кейбіреулері қабынуга карсы әсер етеді. Антисептикалык заттар ретінде йод ерітіндісін, антибиотиктерді, сульфаниламидтердi, нитрофурандарды, кейбiр органикалык қышқылдарды, креозолдарды, тотыктырғыштарды, формалинді және тағы да баска заттарды колданады [4].
Химиотерапия (chemo -химия, terapia -емдеу) терминін жұқпалы және протозойлық ауруларды емдеуге толық химиялық құрылысы бар химиялық заттарды колдана отырып П.Эрлих енгiзген. Қазiргi түсiнiк бойынша кез келген дәрiлiк заттың дәл химиялық құрылыска ие болып, белгiлi бiр химиялық және физикалық, құбылыстармен катар жүруі шарт. Химиотерапия терминi жануарлар организміндегі жұқпалы аурулардың қоздыргышына дәрiлiк заттардың әсерiн тигiзудi айтады.
Химиотерапевтi заттар жануарлар ұлпасына қарағанда қоздырғыштарға едәуір мөлшерде сiңедi немесе қоздырғыштардың тіршілігі үшін онша мәнi жоқ зат алмасу кұбылыстарын бұзады. Бір қызығы көптеген химиотерапевтi заттардын организмде өтiп жаткан белгiлi бiр өзгерістерден кейін ана белсенділігі артады, сол себептi дәрiлiк заттардың белсендiлiгiн in vitro (организмнен тыс) зерттеу олар туралы толық мағлұмат бермейді. Мұны былай түсiндiруге болады: химиотерапевті әсер тек кана дәрiлiк заттардың уытты әсерiне ғана байланысты емес, сонымен бiрге ол жануарлар организмiндегi қорганыс кызметінің артуына да байланысты.
Дәрілік заттардың мөлшері арткан сайын олардын химиотерапевтік әсері де айкын бiлiнедi. Бiрак бұл препараттардың көпшілігі белгілі бір мөлшерде ғана жануарларға әсер етеді, мөлшерi төмен болган сайын жайсыз әсері де әлсiз болады. Препараттың организм үшін уытты әсері болмай, толық емдік әсері болуы үшiн оларды дұрыс мөлшерлеудiң маңызы зор, сонымен бiрге химотерапевтік индексі бар препараттарды қолданған дұрыс.
Химиопрофилактика медицина саласына көптеген жетістіктер әкелді. Ол бұрын өте көп тараған безгек, сүзек тағы баска да катерлі жұқпалы ауруларды жоюға мүмкіндік берді. Бұл бағытта малдәрiгерлiгiндегi жетiстiктер айтарлыктай емес, дегенмен жас телдердiң ас корыту жүйесiнiң жұқпалы ауруларында, жылкының сакау және тағы баска ауруларында алынган көрсеткіштер химиопрофилактиканың келешегiнiң зор екендiгiн көрсетеді [5].
Достарыңызбен бөлісу: |