Кіріспе. Микробиологияға кіріспе. Микробиология және вирусология ғылымдарының қысқаша тарихы. Микробиологиялық зертхана. Микроскоп және микроскопиялық зерттеу әдістері.
Оқытушы : Бексултанова Лаура Бейбітқалиқызы
Пәннін мақсаты және міндеттері: - Мақсаты: микроорганизмдердің және олардың қоршаған ортадағы рөлін, ішкі ұйымдастыру, микроорганизмдердің метаболизм, азық-түлік өнімдерінің микробиологиясын, атап айтқанда, ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдерін микробиологиясын, осы өнімдерге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды қалыптастыруды үйрету болып табылады; тамақ аурулары мен тағамдық улануды туғызатын патогенді микроорганизмдермен танысу, микробтық бүлінуге байланысты азық-түлік қауіпсіздігін мен тұтастығын сақтау маманының рөлін түсіндіру болып табылады.
- Міндеттері:
- Микроорганизмдер мен жұмыс істеу әдістерін білу; -Микроорганизмдердің барлық топтарының морфологиясымен таныстыру; -Микроорганизмдердің физиологиясы және биохимиясына түсінік беру, сондай-ақ олардың тіршілік ету қабілетіне қоршаған орта факторларының әсерлері туралы түсінік беру; -Зертханалық зерттеулерде микробиологиялық көрсеткіштерге байланысты тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау әдістерін үйрету. Микробиология (грекше «микрос» - кішкене, «логос» - ғылым) — көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. - Микробиология (грекше «микрос» - кішкене, «логос» - ғылым) — көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
- Микробиология микроорганизмдердің :
- Морфологиясын
- Физиология
- Биохимиясын
- Систематикасын
- Микроорганизмдердің генетикасы мен экологиясы, олардың заттар айналымындағы, экономикадағы, адам, жануарлар мен өсімдіктер патологиясындағы рөлі мен маңызын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |