Қ азақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі



бет1/8
Дата07.12.2022
өлшемі69.56 Kb.
#466710
  1   2   3   4   5   6   7   8
микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын заттар


Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
"Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы" институты
"Ветеринарлық клиникалық ғылымдар" жоғары мектебі

"Ветеринарлық фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау" пәнінен


Курстық жұмыс Тақырыбы: "Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын препараттар"

Орындаған:


Тексерген:а.о, магистр Нуржанова Ф.Х.
Орал, 2022
Мазмұны:
Кіріспе......................................................................................................................3
I. Негізгі бөлім........................................................................................................5
1.1.Микробқа және паразиттерге қарсы препараттар туралы жалпы түсінік...5
1.2.Микробтарға қарсы препараттардың жіктелуі мен әсер ету механизмі.... .8
1.3.Паразиттерге қарсы қолданылатын препараттардың жіктелуі мен әсер ету механизмі................................................................................................................17
1.4.Аталған препараттардың жануарға уытты әсері..........................................21
II. Қорытынды....................................................................................................23
III.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................24
Кіріспе


Тақырып өзектілігі. Ежелгі заманнан бері адамзат және жануарлар да өте қауіпті жұқпалы ауруларға бейім болды. 1929 жылы миллиондаған адамның да жануардың да өмірін сақтап қалған үлкен жаңалық болды, яғни ол - пенициллиннің ашылуы еді. Бұл ең алғашқы антибиотик болды. Антибиотиктер адамдардың және жануарлардың инфекциялық ауруларын жоюға қабілетті. Басқа дәрілік препараттарға қарағанда жиі қолданысқа ие. Антибиотик микробтармен күресе алғанымен, паразиттерге қарсы тек антигельминттік препараттарды қолдана аламыз. Жалпы, гельминттердің жануарға тигізетін зияны өте орасан. Қазіргі таңда да паразитарлық аурулар жануардың ғана емес, адамдардың да ағзасында кездеседі. Кейбір паразитарлық аурулар жануарды да адамды да өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Адамдарға гельминттер жануардан, олардың өнімдерін пайдаланғанда жұғып кетуі ықтимал. Сондықтан да жануарлардағы паразиттік аурулармен күрескен жөн болып саналады. Паразиттік аурулармен күрескен кезде, олардың аралық иелерін, неше иелі екенін білу маңызды. Оларды білмей, паразитарлық ауруларды жою мүмкін болып саналмайды. Гельминттер өздерінің улы заттарын бөлу арқылы аурушаңдық жағдайларға ұшыратады: ішектің қызметін бұзады, зат алмасуын бүлдіреді, аллергия жағдайды туғызады, кейде ішек түйілуі мүмкін [1].
Жұқпалы аурулар организмге әртүрлі патогенді қоздырғыштардың енуі нәтижесінде пайда болады, қоздырғыштардың түрлеріне қарай олар төмендегідей топтарға бөлінеді: жұқпалы аурулар, протозойлы аурулар және гельминтоздық аурулар.
Бұл ауруларға қарсы күрестегі негізгі шаралардың бірі - ол қоздырғышты жою болып табылады. Мұндай мақсаттар үшін бактерицидті, протозоацидті, инсектицидті және гельментоцидті дәрілік заттар қолданылады.
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қоршаған ортада , малдардың терісінде, кілегейлі қабаттарында, жарақаттарында, сонымен бірге қанда және ішкі мүшелерінде болуы мүмкін. Аурудың қоздырғышын сыртқы ортада жою - дезинфекция, ал дезинфекциялау үшін қолданылатын заттарды дезинфекциялаушы заттар деп атайды.
Қоздырғыштарды жануарлардың сыртқы белгілерінде жоюды антисептика, ал сол үшін қолданылатын заттарды - антисептикалық, организмде жоюды химиотерапия , сол үшін қолданылатын заттарды химиотерапиялық заттар деп атайды. Әр түрлі дәрілік заттардың микробтарға және паразиттерге қарсы әсер ету механизмі де әрқалай келеді. Олар препараттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне, қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктеріне және олардың даму ортасына байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет