3-ші тақырып. Негізгі әдістемелік категориялар. Шетел тілдерін оқытудың мақсаты мен мазмұны.
Маңызды әлеуметтік категория ретінде шетел тіліне оқытудың мақсаттарының объективтік сипаты. Мақсаттың үш аспетісінің өзара байланысы мен өзара шарттастығы:
прагматикалық (практикалық) аспект – мәдениетаралық қарым-қатынас ситуацияларына адектваттық өзара әрекетке дайындық және қабілеттілік ретінде коммуникативтік біліктілікті (компетенцияны) қалыптастру;
когнитивтік аспект – шетел тілін басқа лингвомәдениетті тану құралы ретінде қолдану, басқаша айтқанда мәдениетаралық біліктілік ретінде қолдану;
педагогикалық аспект – тіл үйренушінің жеке тұлғалық сапаларын қалыптастырумен байланысты (өз бетінше жұмыс істеу қабілеті, белсенділік, эмпатия және т.б.)
Шетел тілдеріне оқытудың мазмұны.
Шетел тілдеріне оқытудың қазіргі теориясы мен практикасындағы оқыту мазмұнының категориясының болмыс пен компоненттік құрамына қатысты әр түрлі көзқарастар. Оқыту мазмұнының басты компонеттері, салалары және сөйлеу тақырыптары, тіл үйренушінің коммуникативтік танымдық қызығушылығына қатысты жағдаяттар таңдау, функционалдық бағытқа сәйкес нақты түрде таңдап алынған тілдік және және сөйлеу, соның ішінде лингвоелтану жәен елтану материалдары, сөйлеу дағдылары, сөйлеу және коммуникативтік біліктілік, сонымен қатар танымдық оқу әркетінің мәдениетін қамтамасыз етуші жалпы оқу дағдылары мен біліктіліктері және арнайы дағдылар мен біліктіліктер.
Шетел тілдерін оқыту принциптері мен әдістері
«Оқыту принциптері» ұғымының болмысы. Әдістемелік принциптер (жалпы және жекелеген). Жалпыдидактикалық және және әдістемелік принциптердің өзара әрекеті. Жалпыдидактикалық және және әдістемелік принциптердің болмысы мен құрамын анықтаудың әр түрлі әдістері.
«Әдіс» ұғымының болмысы. Бұл терминнің әр түрлі мағынасы:
әдіс – оқытудың біртұтас жүйесі (стратегиясы). 2) әдс – мұғалім мен оқушының өзара әрекетін жүзеге асыру тәсілі.
Шетел тілдеріне оқыту әдістері: демонстрация (көрсету) әдісі, түсіндіру, жаттығу. Жаттығу әдісі ең басты әдістерінің бірі. Шетел тілдеріне оқытудың қазіргі әдістемесіндегі жаттығудың типтері мен түрлеріне классификация жасау мәселесі.
Әдістің құрамдас компоненті- тәсіл. «Жаңа» (инновациялық) педагогикалық технологиялар » ұғымы және олардың жалпы сипаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |