Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Грамматикалық тұрғыдан сөйлемдерді дұрыс құрап сөйлеуге үйрету



бет8/11
Дата20.04.2024
өлшемі226 Kb.
#499384
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Грамматикалық тұрғыдан сөйлемдерді дұрыс құрап сөйлеуге үйрету.
Шетел тілінде қарым-қатынас жасауды меңгерудегі грамматиканың рөлі мен орны. Грамматикалық материалды коммуникативтік тұрғыдан сұрыптау. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формалары үшін грамматикалық материалдарды сұрыптау принциптері. Шетел тілінің грамматикасын оқудың мақсаты. Грамматикалық дағдылардың қалыптасу этаптары. Грамматикалық дағдылардың қалыптасу деңгейін тексеру әдістері мен тәсілдері.
6-ші тақырып. Қарым-қатынастың ауызша формаларына үйрету.
Тыңдап түсінуге үйрету. Тыңдап түсіну- сөз әрекетінің түрі. Тыңдап түсінудің сөз әрекетінің басқа түрлерімен байланысы. Тыңдап түсіну- оқытудың әрі мақсаты, әрі құралы. Аудиомәтінмен жұмыс істеу әдістемесі.Тыңдап түсінуге үйретуге қолданылатын аудио-визуалдық құралдар.Тыңдап түсіну біліктілігін тексеру нысанасы, бағалау өлшемдері мен параметрлері.
Қарым-қатынастың диалогтық және полилогтық сөйлеу формаларына үйрету.
«Қарым-қатынастың диалогтық сөйлеу формасы» ұғымының болмысы. Диалогтық сөйлеудің лингвопсихологиялық сиппатамасы. Диалогтың құрылысы. Диалогтық тұтастық- диалог түрінде сөйлеуге үйрету бірлігі.Диалогтық тұтастықтың басты түрлері. Диалогтардың фунциональдық түрлері.
«Қарым-қатынастың полилогтық сөйлеу формасы» ұғымының болмысы. Полилогтың құрылысы. Қарым-қатынастың диалогтық және полилогтық түріне үйрету баоысында қолданылатын ойындар технологиясының рөлі мен түрлері. Тексеру нысаны мен тәсілдері.
Қарым-қатынастың монологтық формасына үйрету.
Монолог түрлері (монолог-суреттеу, монолог-хабарлама, монолог-әңгіме, монолог-әңгімелеу, монолог-рассуждение). Монолог түрінде сөйлеудің психологиялық лингвистикалық сиппатамасы. Мәтін- монолог түрінде сөйлеуге үйретудің бірлігі. Қарым-қатынастың монологтық сөйлеу түріне үйретудің әдістемесі. Тексеру нысаны мен тәсілдері.
Қарым-қатынастың жанама түрі ретінде оқуға үйрету.
Оқу – сөз әрекетінің бір түрі. Оқудың сөз әрекетінің басқы түрлерімен байланысы. Оқудың екі жағы- 1. Техникалық жағы- көрінетін сигналдарды мағыналық бірліктерге айналдыру. 2. Мағыналық жағы- мәтінді аяқталған сөйлеу айтылымы ретінде түсіну.
Оқу техникасына үйрету. Оқу дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге арналған жаттығулар. Оқу түрлерінің типологиясына қатысты әр түрлі көзқарас. Коммуникативтік әрекеттің бір түрі ретінде, оқудың ерекшеліктерін ескере отырып, оның түрлеріне жасалған жаңа классификация- танысу оқу, зерттей оқу, қарап шығу, іздене оқу.
Оқудың әр түріне арналған мәтіндерді сұрыптау өлшемдері. Оқудың әр түріне үйрету. Түсіну деңгейінің мәселесі. Оқу біліктілігінің қалыптасу деңгейін тексеру нысаны және бағалау өлшемдері мен параметрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет