Ұ. Б. Смаилова



Pdf көрінісі
бет10/30
Дата05.04.2023
өлшемі0.5 Mb.
#471765
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Сөйлеуді дам2

3. Рефлексия
Балаларға сұрақтар беріп, қайталатады. Педагог корытынды жасайды, мадақтайды. 
 
№ 3 ҰОҚ 
 
Білім беру саласы: Коммуникация 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Менің отбасым. 
Мақсаты:
Туыстық атауларды меңгерту арқылы пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту. 
Міндеттері: 
а) Өз отбасы туралы әңгімелесу.
ә) Туыстық атауларды қолдануға дағдыландыру (ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні т.б)
б) Татулыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 
 
Күтілетін нәтиже: 
жасайды: өз отбасы туралы айтады
түсінеді: ойын ойнау арқылы өз отбасы мүшелерінің атауын; 
қолданады: ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні т.б. атауларын;
 
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, қуыршақтар 
Сөздік жұмыс: отбасы. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 
 1.Ұйымдастырушылық кезең. 
Шаттық шеңберіне тұрғызу. Дөңгеленіп тұрып: 
Арайлап таң атты, 
Алтын сәуле таратты. 
Қайырлы күн, достарым! 
 
2.Негізгі кезең. 
– Балалар, біз бүгін сіздермен отбасы жайында әңгімелесеміз. Кәне, барлығымыз суретке 
назар аударайықшы. Суреттен кімдерді көріп тұрмыз?
Балалар суретте көрсетілген отбасы мүшелерін атайды.
– Ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні бәріміздің отбасымызда бар. Біз үйде отбасы 
мүшелеріне осы атауларды қолданамыз.
 
Сергіту сәті
Басбармағым – әкем, 
Балаң үйрек – анам, 
Ортан терек – ағам, 
Шылдыр шүмек – мен,


13 
Кішкене бөбек – сен! 
Балалар бұл санамақты қимылмен орындайды. 
1.«Өз отбасы мүшелерін көрсет» дидактикалық ойыны
Үлестірмелі материалмен жұмыс. 
Балалардың алдарына отбасы мүшелері бейнеленген суреттер бейнесі беріледі. Педагог 
отбасы мүшелерін атап тұрады. Мысалы: «әке» дегенде, әкенің суретін қоршайды немесе 
белгілейді. Ойын осылайша жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет