Ң дыбысы абақ таңбасының нүктесі, адамзаттың алғашқы дыбысы. Қазақ тіліндегі 28 дыбыс – биоритмге негізделген табиғи дыбыстар. Осы дыбыстардың алғашқысы ң дыбысы болып табылады



Дата03.01.2022
өлшемі123.87 Kb.
#451647
Ң-дыбысы


Ң – АДАМЗАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ДЫБЫСЫ

 

Абай-Ақпарат



Ң дыбысы абақ таңбасының нүктесі, адамзаттың алғашқы дыбысы. Қазақ тіліндегі 28 дыбыс – биоритмге негізделген табиғи дыбыстар. Осы дыбыстардың алғашқысы ң дыбысы болып табылады. Және ң дыбысының таңбасы да, айтылуы да, мағынасы да бір-бірімен байланысып жатуы – түркі тілінің бір кездері ұлы өркениеттің бастамасындағы көшбасшы екендігін көрсетеді.

Р.Генон өзінің «Символы священной науки» атты еңбегінде былай деп жазған:

«Центр есть, прежде всего, начало, исходная точка всех вещей, точка первопричины, без формы и размеров, стало быть, неделимая, а следовательно, единственно возможное изображение изначально Единого. От него, через его проявление, произошло все остальное, точно так же, как Единое производит все числа, что, однако, никоим образом не воздействует на его сущность и не изменяет ее. ....Центральная точка и есть Принцип, чистое Бытие, а пространство, которое она наполняет своим излучением и которое существует лишь в силу этого излучения ("Да будет свет" Книги Бытия), без чего оно было бы лишь "отсутствием" и небытием, это Мир в смысле его беспредельности, совокупность всех существ и всех состояний Сущего, которые образуют универсальную проявленность.

Простейшим изображением сформулированной нами идеи является точка в центре круга

 

 

Точка есть знак Принципа, круг — символ Мира. Невозможно зафиксировать временное происхождение этого изображения, так как оно часто встречается на предметах доисторической эпохи; несомненно, в нем нужно видеть прямое восхождение к изначальной традиции» [1, 75]. Бұл тұжырымдарды қазақ мифологы С.Қондыбай әрі қарай дамытып, шеңбер ішіндегі нүктесі бар символды абақ таңбасы деп атаған. Абақ таңбасының өзіндік оқылуын көрсетіп кеткен болатын. Ол бұл  таңбаны адамзат тілін бейнелеуші алғашқы геометриялық формалар  деп есептейді. Сонда адам баласының алғашқы дыбысы қай дыбыс болмақ?



Р.Генон еңбегінде араб графикасындағы орталық таңба деп нүн әрпін көрсеткен. «Буква нун (Nun) в арабском алфавите, как и в алфавите еврейском, занимает 14-е место, а численное ее значение составляет 50; но кроме того, в арабском алфавите она занимает место в особенности заметное, потому что она заканчивает первую половину этого алфавита, общее число букв которого — 28, а не 22, как в еврейском алфавите. Эта буква слагается из нижней половины окружности и точки, являющейся Центром этой самой окружности». Яғни, бұл таңба біздің тілдегі ң дыбысының аналогы болып табылады. Ң дыбысы жалпы адамзат атаулыға тән дыбыс, адам баласы осы дыбыс арқылы жарық дүниенің есігін ашқандығын жарық әлемге мәлім етеді. Яғни, сәбидің іңгәсі – алғашқы табиғи дыбыс.

Ң дыбысының Енисей жазбаларында төрт түрлі таңбасы бар екен. Солардың бірі – біздің айтып отырған шеңбер ішіндегі нүкте таңбасына сәйкес келеді .

Қазақ тілінде бұл дыбыстың артикуляциясының сипаттамасы былай болып келеді: тіл түбі мен тілшік өзара жымдаса тоғысады, тіл ауыз қуысында кейін шегініп жатады». Байқасаңыз, абақ таңбасы мен осы дыбыстың айтылымы ұқсас. Ауыз қуысы – шеңбер болса, тілдің түбі – сол шеңбердің нүктесі. Яғни, қазақ дыбысы аты затына сай дегенге сәйкеседі.

Сонымен қатар, бұл дыбыс 1 санымен байланысты болып келеді. 1 саны – тіршілік бастауының, тумақтың, жаңа өмірдің символы, ң да тіршілік бастауының, сәбидің символы. Бір санының эквиваленті ретінде 28 санын көрсетуге болады. Бұл – 28 саны әлем халықтарында аймен байланыстыралады. 28 санын киелі деп есептейміз.

Ең алдымен бұл ананың құрсағындағы баланың 9 ай 9 күн көтеруі – 9х28+9 тең болады 261 (өзара қосындысы 9). Яғни дүниеге сәбидің келуі 28 санымен байланысты. Бұл – әйел затында 28 күнде қайталанытын физиологиялық құбылыспен де, аймен де байланысты.

Мұхамед (С.ғ.с) – 28 пайғамбар. Оның есімі де ң әрпіне немесе нүктеге қатысты. Құран-кәрімде Пайғабарымыз (с.ғ.с) туралы 47 сүреде айтылады және исламның символы болып табылатын күміс Менделеев кестесінде 47 орнында тұр. Бұл сандардың өзара көбейтіндісі (4х7) 28 санына тең. 

Адам қолының буын саны – 28.

Қағбаны мұсылмандардың 7 рет айналуы да 28-ді береді. Қағба төрт бұрышты үй, яғни 4 деген санға қатысты болмақ. 7х4 санының көбейтіндісі 28 санына тең.

 Индиялықтардың мифлогиясында Чандара деген ай құдайының 28 әйелі болады. Ол оларды күнде ауыстыруы – ай фазасының толып, солуымен байланысты.

Қытайлық инь әйелдік бастау да 28-бен байланысты.

Бұл жерде көретініміз 28 саны киелі сан. Ол – әйелдің символы, тіршіліктің бастауы, 1 санының аналогы (2+8=10=1+0=1).  

28 саны әйелге, айға қатысты екендігі белгілі болды. Ал осы табиғи биоритммен үндесіп жатқан ана тілімізде 28 дыбыс бар екен. Және осы дыбыстардың арифметикасы – табиғаттың биоритміне сәйкес келетіндігі таң қалдырады!

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар саны 19, яғни нүкте мен шеңберге қатысты былай көрсетуге болады: ң ол – 1, яғни тіршіліктің бастауы, ананың ішіндегі бала, алғашқы дыбыс, ал қалған 18 дыбыс тоғызбен байланысты. 18-дегі 1 саны мен 8 санының қосындысы 9-ға тең. 9 саны дөңгелектің символы, мысалы 360 градус. Осындағы 3+6+0 сандарының қосындысы 9 болады. Яғни, тоғыз саны – шеңбердің аналогы болып табылады. С.Қондыбай «Арғықазақ мифологиясы» еңбегінде бұл сан абақ таңбасының тоғысу нүктесімен байланыстырылған. Ғалым  бұл сөзді «тұңг» праформасынан өрбіте отырып, көптеген сөздердің этимолгиясын ашқан. Бұл ұғыммен байланысты музыка аспаптары, қағандардың туы, Ер Төстік, Енох есімдері, т.б. сөз болған. «Тоғыздық түсініктің шығуы о бастағы «сегіз – бір», яғни сегіз сәуле+бір нүкте» моделіне байланысты. Мұнда да тоғызыншы элемент болған тоғысу нүктесі бір мезгілде «тоғызыншы, көзге байқалмай тұрған сәуле» болып есептелген. Мұның өзі, кейінірек «сегіз+бір» моделінің ұмытылып, оның орнына жай ғана тоғыздық немесе «тоғыз+бір» деген жасанды, бастапқы қисыны жоқ моделінің кеңінен таралуына жол ашты» деп жазады. Алайда, біздің ойымызша, тоғыз+бір моделі жасанды емес, табиғи биоритмге негізделген модель. Оны ғалымның өзі ұсынған әдіс арқылы оқуға болады.   

 

 



 

Біз келтіріп отырған дыбыстардың саны абақ таңбасының символдарына сәйкес келеді. Нүкте – 1 немесе ң, 9 – дөңгелек немесе қалған дыбыстар. 19 дауыссыз дыбыстың өзара қосындысы 1-ге тең болады, яғни осы дыбыстардың бастауы тағы ң дыбысы болады. Ал 28 дыбысты шеңбер мен нүкте арқылы оқысақ та сол мәнмен үндеседі. Ң – нүкте болады да, қалған 27 дыбыс дөңгелек болады. Себебі 2 мен 7 санының қосындысы 9-ға тең. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыстың болуы да біздің тілдің ұлылығын көрсетеді. Сонда 19 дауыссыздың ядросы – тағы да ң дыбысы болады, 1 саны мен  9 санының қосындысы 10-ға тең, ал 10 санының өзара қосындысы (1+0) бірге тең болады. Осындай ғажап формула – тек біздің тілге ғана тән құбылыс!

Араб тілінде 19 санын уақит деп айтады екен. Бірақ арабтар осы санның бір деген мағынаны не үшін беретінін мүмкін білер, мүмкін білмес, анығы сол -  1 мен 9-дың қосындысы 1-ге тең. Және орайы келіп тұрғанда мынаны да айтып өтуге болады. Философия ғылымдарының докторы, америкалық биохимик Рашад Халифа 1969 жылы компьютердің көмегімен математикалық әдістерді шебер пайдалана отырып, 114 сүре мен 6346 аяттан тұратын Құран мәтінінің  ғажайып құпиясын ашты. Ол 19 санымен байланысты құпиялар. Құранда 114 сүре бар. 1+1+4=6, 

114:6=19


Құрандағы аяттардың ұзын саны – 6346 , осы сандардың өзара қосындысы 19 тең.

Құранда бисмилла сөзі 114 рет қайталанады. Бұл 19 бен 6 санының көбейтіндісіне тең.

«Исм» (есім) сөзі 19 рет қолданылады. Бұл тізбекті толығымен Ә.Ахметовтің «Түбі түркі өркениет» еңбегінен оқып-танысуға болады. Біздің назарымызға ілінетіні, құран – дауыссыз дыбыстар арқылы таңбаланған ұлы дүние. Ал осы 19 саны – қазақ тіліннің 19 дауыссыз дыбысына сәйкес келеді. Және жоғарыда айтқандай 1 мен 9 санының қосындысы 1 санына тең, яғни құран бір Алла туралы туынды. 19, 28 сандары 1 санының да, ң дыбысының да аналогы, сәйкестігі болып табылады.

Ң – дыбысы көптеген танымдық-символдық мәнге ие сөздердің жасалуына ұйытқы болған. С.Қондыбай «Гиперборея: эпоха сноведений» еңбегінде ң дыбысына қатысты мынадай маңызды мәліметтерді көрсетеді.



Нг – важнейшее мифологическое понятие. «Прочтем» его через знак абак, чтобы понять возможно полно.

1. Круг – вселенная, точка (нг) – «человеческий космос».

2. Круг – мировая вода, точка (нг) – земля, зародыш землипосреди или в глубине вод. Означающие пространство суффиксы ан, ен, унг, енг и др. в тюркских и индоевропейских языках происходят от этого понятия нг –«пространство» (Ир-ан, мек-ен (родина, обитель), жап-ан (пустыня), үңг-ір (пещера), ең-іс (наклон), к-ең-істік (пространство), аңғ-ар (долина, горная долина), Самарк-ан-д, Или-он).

3. Круг – материнское лоно, точка (нг) – семя, зародыш.

4. Круг – мать, точка (нг) – ребенок, потомок. Отсюда происходит суффикс-показатель тюркских и индоевропейских языков ун (ын, ін), унг, инг, ин, ян, ан, ен, он, означающий «человек, живое существо вообще»: құл-ын(жеребенок), кел-ін (невестка), буд-ун (племя, колено), бұл-ан (лось), ол-ень, Тур-ан, слав-ян, вик-инг, нибел-унг, Аполл-он, Непт-ун, жыл-ан (змея), құл-ан (кулан), бар-ан. Это значение восходит к пониманию точки > нг как «человека, потомка».

5. Круг – пещера, дом, точка (нг) – люди, семья, род в пещере, доме.

6. Круг – мировые воды, точка (нг) – мировая гора.

7. Круг – ров, яма, точка (нг) – дно рва, ямы....

Выберем из приведенного перечня значения точки (нг):

Нг – зародыш, семя, ребенок, потомок, род-племя, народ.

Нг – зародыш земли, атом-пространство, атом-сердцевина, земля, космос, гора.

Нг – огонь.

Нг – середина, центр, самая высокая или глубокая точка в середине чего-либо»[2].

Ң дыбысына ең жақын келетін дыбыстар ол қ, ғ. Себебі бұлар да тілдің түбі арқылы жасалады. Көптеген сөздердің шығуы да осы дыбыстармен байланысты (іңәлау немесе іңгәлау, ыңқ, қыңқ,сыңқ, т.б. сөздер тіліміздің алтын қоры). Ңқ, ңғ, ңк, ңг – адамзат тілінің алғашқы дыбыстары. Осы дыбыстардың арасына дауыстыларды қоссақ, құңқ, қаңқ – қан, қақ, күн, көң, қоң, т.б. сөздер шығады.  Ң немесе ңқ дыбыс тіркесінен танымдық-символдық қоң праформасышыққан. Себебі осы праформа дыбысқа, әуенге қатысты мағынаны әлі күнге дейін қазақ тілінде сақтап отыр. Қоңыр дауыс, қоңыр үн, қоңыр саз, қоңыр күй. Және бұлар абақ таңбасының нүктесін білдіргендіктен, орта деген мағынаны білдіреді. Сол себепті қоңырдың бірқалыпты, не жоғары емес, не төмен емес дауысты мағынаны беруі  сонымен байланысты. Ң дыбысы тіршілік тумағымен, баламен байланысты болғандықтан,  қоң праформасы да балаға қатысты, мысалы, қазақтың өзінің баласын қоңырым, қоңыр қозым деп айтуы соның айқын дәлелі. Қоңғ немесе қоң праформасынан еуропа тілдеріндегі кинд сөзі шыққан. Ол да абақ таңбасында нүктемен байланысты және қазақ тіліндегі кіндік деген сөздің осы кинд, яғни бала сөзімен формасы да, мағынасы да ұқсас. Қазақ тілінде көжек, күшік, қодық, т.б. да осы қоң праформасынан өрбіп шыққан. Бұл праформадан туындаған сөздерді тізе берсе өте көп (дыбысқа қатысты айтылатын фон, гонг сөздері де осы праформадан шыққан). Бұл жайында біз келесі мақаланың нысаны ретінде бөлек әңгімелейтін боламыз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Генон Р. Символы священной науки. – М: Беловодье, - 2002. С. 487

  2. Қондыбай С. Гиперборея: родословие эпохи сноведений. 3 раздел. http://otuken.kz/.

 

Болат ХАСЕНОВ,

Қарағанды облысы.

Абай.kz 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет