Сабақтың тақырыбы: т дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты



Дата16.06.2016
өлшемі82 Kb.
#139824
түріСабақ
Сыныбы: 1

Мектебі: Қараой мектеп –бала бақшасы

Пән: Сауат ашу

Мұғалімі: Мухтарова Гулмира Танжарбаевна

Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға т әрпі, дыбысы туралы жалпы ұғым беру, т дыбысы бар сөздерді айтқызу, дыбыстық, буындық талдау жасатуды меңгерту

Тәрбиелілік:Таза, көркем жазуға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушының тілін, ой-өрісін дамыту

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, дидактикалық ойын, қызығушылығын ояту, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Тәрпі, тақырыптық суреттер, слайдтар

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Психологиялық дайындық.


ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.

а) А дыбысын ауада жазу

ә) «Кім көп біледі?» А дыбысынан басталатын сөздерді айтқызу

б) Өздері алып келген жаңа сөздермен сөйлем құрату

в) «Мен қай әріпті жоғалттым?» ойыны
ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Ал, қане, балалар, біз бүгін Т дыбысымен танысамыз. 3 рет дыбыстату және қандай дыбыс екеніне дыбыстату арқылы көңіл аударту.

ә) Суреттер арқылы оқушыларды сөйлету.

- Нені көріп тұрсыңдар?

- Түйе, тышқан, тиін

- Бұлар нелер?

-Жан-жануарлар

-Ал мыналар ше ?

-Торғай ,тоқылдақ, тауық

- Бұлардың ортақ атауы құстар.

- Бұл сөздердегі ең алғашқы әріпті атаңдаршы ?

- Т дыбысы

Т дыбысының жазылуымен таныстыру

- Ендеше, балалар, т дыбысының жазылуымен танысайық. Баспа түрі Т т. Жазба түрі Т т. Саусақпен ауада жазу.



ІҮ. Дәптермен жұмыс. Жазу дәптеріне үлгіні көрсету. Балалардың жазуларын бақылау.

Сергіту сәті.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңбыр көп жауады,

Тамшылар тамады.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Терезе қағады,

Жылғалар ағады.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңартып ауаны,

Жаңбыр көп жауады.


Ү. Оқулықпен жұмыс.

а) Сөздерді буындап айтқызу. Та-рақ, та-ға, тор-сық,

ә) Бағандағы сөздерді мәнерлеп оқу

б) Таға, торсық сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Жұмбақтар жасыру.

Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айғай-шу. (түлкі)

в) «Дастарқан басында» тақырыбында балаларға әңгімелету

г) «Кім зейінді?» ойыны.
ҮІ. Сабақты қорыту.


  • Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

  • Т дыбысымен.

Т дыбысын дұрыс дыбыстату.

Жаңылтпаш:

Тұз – мұздай

Мұз – тұздай


ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Бағандағы сөздерді оқып келу.
ҮІІІ. Оқушыларды мадақтау, ынталандыру.

Мұғалімі:Мухтарова Гулмира Танжарбаевна

Мектебі: Құбасай бастауыш мектебі

Сыныптан тыс жұмыс 1сынып

Сабақтың тақырыбы: Көктемді қондырып қанатына

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құстардың пайдасы туралы кең түсінік

қалыптастыру.

Туған жерге , табиғатқа , айналадағы тіршілік атаулыға

мейірімді қарауға баулу.

Құстарды қорғауға ,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жеке құстардың суреттері, сурет көрмесі,сөзжұмбақ
Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Балалармен сәлемдесу.



II.Кіріспе сөз.

-Балалар,біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз-құстар мерекесін тойлаймыз. Міне, сол күн,сол мереке биыл да келіп жетті.Өлкеміз -өзен мен көлдеріміз ,тау мен бақшаларымыз, құстардың қиқуына бөленді.

Бүгінгі мерекемізде қанатты достарымыздың табиғаттағы орны мен адам өміріне пайдасы туралы әңгімелеп, ән салып, жұмбақтар ,сөзжұмбақтар шешеміз.

III. Әдеби-музыкалық монтаж.

Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.

Армысыздар , мұғалімдер ,әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

«Нұрлы көктем» әні

Сәуір келді,

Тірлікке жан кірді.

Кең дала жасарып,жаңғырды.

Бар өңір құлпыра бастады,

Төсіне құйып-ап жаңбырды.


Тірлікке жан кірді көктем кеп,

Айнала сай-сала көкпеңбек.

Диқанның арқасы босады,

Қытымыр қысымыз өтті деп.

Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек қаз қонды.


Қызыл тал, қызыл тал,

Қызыл талда бүршік бар.

Бүршігін ол жарғаны,

Көктем келіп қалғаны.


Ұшып келген ең алғаш,

Қараторғай қырағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді менің тұрағым.


Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз,қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қолдаймыз.


Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын ілестіріп,

Көрікті көктем келді.
Басына сәукеле киіп, гүл құшақтап , сахнаға билей басып Көктем шығады.

Сағынышпен жеткен,

Қуана бер көктем.

Жайнап нұрлы гүлің,

Басқар «құстар күнін».
Көктем: Сәлем, достар аман ба ?

Мынау бейбіт заманда.

Шат-шадыман көктеммін,

Шаттық болсын әманда.

Ән құрадым үніммен,

Сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді,

Құт –мереке күніммен

Сәлем елдің көктемі,

Әлем енді көктеді.

Құрметпенен бас идік,

Құстарыңа көктегі.



Көктем: Рахмет, балалар!

Сендерде ой- сана бар.

Бау-бақшаның дұшпанын,

Бастырмайды құстарым.

Кербез құстар әнімен,

Келді міне, сәнімен.

«Қарлығаш » әнінің музыкасы ойнап, сахнаға қос қарлығаш билеп шығады.
Көктем: Қос қарлығаш биіне,

Қол соғайық сүйіне.


Кенет тырналардың тыраулаған үні естіледі.

Көктем: Жылы жақтан бір хабар,

Әкеледі тырналар,

Тырау, тырау, тырналар.

Қанаттарын сермеп, жаймен билеп, бірнеше тырна өтеді.
Көктем: Елдің сәні , көлдің сәні –ақ құсы,

Келді жұппен көптен күткен бақ құсы.


Аққу Құс сұлуы аққумын,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген,

Атуға көзін қимаған.

Сұлулыққа паш етіп,

Жырлаған талай ақындар.

Нәзік үнді , көл көркі,

Құс патшасы атым бар.


Көктем: Құстарым , менің , құстарым,

Ұнайды биік ұшқаның.

Мерекелік шеруіңді жалғастыра бер.
Міне, достар, өлкемізге көптен күткен құстар да келіп жетті. Олар көлдер мен өзендерді ,шөл далалар мен қалың ормандарды , биік-биік тауларды басып ұшты. Бұл жолда олар көп қиыншылықтар көрді. Олар сонау Аляскадан Оңтүстік Азияға дейін, Баренц теңізі жағалауынан Қара теңізге дейін,Оңтүстік Африкадан біздің кең-байтақ даламызға дейін қаншама қанат

қақты. Сөйтіп жеткен достарымызға қамқорлық жасайық.



Викториналық сұрақтар:

1. Дүниедегі ең кішкене құс қай құс? (колибри)

2. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады ? (бүркіт)

3. Қандай құс хат тасушы атанған ? (көгершін)

4.Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады ? ( 260 рет)

5. Үй құстарын ата ? (тауық, үйрек , қаз,күркетауық )
Сөзжұмбақ «Құстар»

Хор «Көктем » әні
Сабақтың тақырыбы: «Алтын күз»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктері мен

білімдерін кеңейту.

Оқушылардың өз табиғатына, туған жеріне деген

сүйіспеншілігін арттыру.

Оқушыларды салт-дәстүрлерді қадірлеуге , ырым мен

тыйымдарды жете түсінуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Саяхат бағдар картасы сызылған плакат, картоннан жасалған кеме макеті, жапырақтар, жемістер, шарлар.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар дөңгелене отырады. Ортада көгілдір қағаздан «өзен», оның жағасында «кеме » бейнеленген.

Бастаушы ойын-саяхаттың бағдар картасымен таныстырады.

Олар: 1. Алтын күз. Бұл аялдамада күз оқушыларды қарсы алып, олардың өлеңдерін тыңдайды.



2. Мақал –мәтел мен жұмбақ. Оқушылар өздері білетін табиғатқа ,күзге байланысты мақал-мәтел , жұмбақтарын айтып береді.

3. Жемістер. Оқушылар күздің байлығын, жемістердің адам денсаулығына пайдасы туралы айтады.

4. Өнерлілер. Оқушылар күз мезгіліне байланысты өз өнерлерін көрсетеді

5.Саяхаттың көлігі."Кемеге"отыру үшін капитан сайланып,матростар орналасады.

Капитан: Армысыңдар,халайық,

Бармысыңдар,халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер,қарсы алайық.

Кемеге отыру билетінің құны КҮЗ туралы өлең жолдары.

1.Жапалақ,жапалақ қар жауар,

Шың басына мұз қонар.

Лақ-тоқтылар қашады,

Қойшы талқан асады.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

2.Сары алтындай сары күз,

Қамабадағы дәніміз.

Шелек-шелек балымыз,

Ағыл-тегіл ағымыз.

Сары алтындай сары күз,

Бірге шырқар әніміз.

Музыка ойнап,балалардың алдынан күз шығады.



Күз :Сәлем,өрен достарым ,

Өмірге көп қосқаным.

Қымбатты сый алыңдар,

Молайтыңдар шаттықты,

Әнмен тербең бақытты.

3.Ерке өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Бәріне сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй,асқан ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп,біз де тұрмыз.

Хор: "Бақытты балалық шақ" әні

Күз: Рахмет ,балалар,өнеріңе,

Ризамын өнерлі өреніме!

Тойдың сыры-көп жұмбақ,

Шешуін кім табады ?

Кімдер шешсе тез ойлап,

Сыйлықты сол алады.




  1. Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар. (Бидай)


  1. Дәмді –дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)
Капитан: Табиғаттың ажары көркемі бір,

Шежіресі секілді ертегі жыр.

Ал тыңдаңдар, дақылдар мен жемістерге сөз береміз.

Өзі жайлы өздері шертеді сыр.



Бидай: Адам үшін өмірдің өзегімін,

Пайдамды бәрің дағы сезе білдің.

Дәл менен миллиард пұт өнім алсаң,

Ырыс құты артады өз еліңнің.



Күріш: Мен дағы білсең елдің ырысымын,

Байлықтың асып тасқан бір ұшымын.

Аптап, суды қатар сүйіп өскен,

Даланың аппақ сері күрішімін.



Күнбағыс: Күзге қарай пісем де,

Дәнімді елге сыйлаймын.

Малыңа азық боламын,

Піскенімде жинасаң,

Май менен халуа боп,

Дастарханға толамын.



Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.



Алма. Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.



Шие. Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Соңғы аялдамада оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, күзбен қоштасады.

Күз: Барлығыңды қимаймын,

Барымды мен сыйлаймын.

Астық, жеміс-береке,

Бір айға нәр беремін.

Уақыт өнбес тірліксіз,

Бақыт келмес бірліксіз.

Талмай еңбек етіңдер,

Қыстан аман өтіңдер.



Барлығы: Жасады той халқымыз,

Жаса , жаса алтын күз.


"Кім тез жапырақ жинайды ? " ойыны.

Ойын шарты бойынша балалар ағаш жапырақтарын тез, дәл ажыратып жинауы тиіс.

1-оқушы еменнің, 2-оқушы қайыңның, 3-оқушы теректің, 4-оқушы үйеңкінің жапырағын жинайды. Жеңімпазға сыйлыққа "үлкен жапырақ" тапсырылады.

Күз балаларға арналған өзінің сыйларын кәрзеңкеден алып, үлестіріп береді. Капитан және балалар музыканың ырғағымен кемеге отырады.

Уақыт та біраз жерге таяп қалды,

"Алтын күзден" кім өнерін аяп қалды.

Әзірге сау-саламт болыңыздар,

Осымен өнер кеші аяқталды.


"Ақ бидай " әні шырқалады.

Сабақтың тақырыбы: Қош, сүйікті Әліппе !

Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу»

кешінде бекіту.

Оқушыларға Әліппе мен ана тілі пәнінің маңызын

түсіндіру.

ә) Оқушылардың игерген білімдерін ата-аналарға іс

жүзінде көрсету.

б)Оқушыларды адамгершілікке ,ұқыптылыққа, достыққа ,

ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Біз XXI ғасырдың ұрпақтарымыз », шарларға жазылған әріптер,

«Әліппе », «Ана тілі » ,Абай , Ыбырай суреттері .Кеспе әріптер,буындар жазылған карточкалар, гүлдер.
Барысы:

Сынып бөлмесі мерекеге сай безендіріледі. Музыка ойнап тұрады. Балалар бір түзу бойына тұрады.

Мұғалім: -Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар, құрметті 1-сынып оқушылары!

Бүгін егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күн сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Бұл той балалардың тұсау кесер тойы іспеттес.

Кеше ғана алаңсыз ойын ойнап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып , бір жасқа тағы да есейіп отыр.

Тойларыңыз тойға ұлассын!Шәкірттерім ата-ананың ұлы емес , халық-

тың ұлы болсын !

Өсті міне, бойларың,

Өсті ақыл –ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.
Әліппені бітірді балаларым,

Әліппедіен нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың.


Ата-ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласы мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығыпты ,

Барлық маман мектептен аттанады.

Шашу ,шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық!

Сандық ашылып , бір ана шашу шашады.

-Ал енді кезекті оқушыларға берейік.

1-жүргізуші: -Ассалаумағалейкум, уа, халайық !

Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі – «Әліппені » 1-сынып оқушылары бітіріп отыр.

2-жүргізуші: -Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар ! «Қош, сүйікті Әліппе!»

Атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

«Әліппемен » қоштаспақ.

Өсті білім ,бойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз !

-Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені тұңғыш сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.

-Біз енді алыстағы туыстарымызға өзіміз-ақ хат жазып, қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.

-Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсе үйрендік.Сурет салуға , ән айтуға, есептеуге , денемізді шынықтыруға, еңбек етуге мұғаліміміздің көмегімен дағдыланудамыз.

Ән: «Біз-өмірдің гүліміз»


Ең алғаш қолға алғанда Әліппені ,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.


«А»-ны айтқанда дауысым дірілдеді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.


Жүректерге сүйікті ең бір жақын,

«Абай » деп атамның жаздым атын.

Хатқа жазып ата-ана есімдерін,

Күнім бұл бірінші рет мақтанатын.


Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рахмет, ұстазыма көзімді ашқан.

Біз-шәкірт,біз-Отанның болашағы,

Ьілімнің басқышына қадам басқан.

Ән: «Мұғалім ол біздің».
Бар кітапқа бас болған,

«Әліппе» -ғылым атасы.

«Әліппеден» басталған,

Даналықтың данасы.


Мектебің мынау класың,

Осында төрт жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің ,

Таудай болып шығасың.


Іші толы әріпке,

Білімдіге жарық не ?

Болашаққа жол ашқан,

Ол-сүйікті «Әліппе!»


1-жүргізуші: -Олай болса , «Әліппені» ортаға шақырайық.

Барлығы: -Әліппе,Әліппе !


Әліппе: Армысыңдар, жас достар,

Армысың , ата-аналар.

Болашаққа жол бастап,

Әліппең келді ортаға.


Әліппем, менің Әліппем!

«А» деген басты әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба таныа мен.


Әліппе: -Балалар, қазақ тілінде қанша әріп бар ?

Алфавитті біліңдер,

Онда қалып ,жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде ,

42 әріп бар.
Әліппе: -Олай болса ,алғашқы Әліппені кім жазды ?

Барлығы: -Ыбырай Алтынсарин жазды.

Ұстаздың тұңғышы да , зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен.

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.


Айтпайсың дәл қазіргі еліңе өкпе,

Болашақ аңыз етеді сені көпке.



«Ыбырай Алтынсарин » деген шақта,

Бар мектеп көтереді қолын көкке.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет