Платон (б.э.д. 427-347ж.) – философ-идеалист, Сократтың оқушысы, Аристотельдің ұстазы. Сабақты Афинаға жақын, өзінің Академа деген меншік жерінде (имение) өткізеді, міне осыдан академия деп аталатын жоғары оқу орнының аталуы шыққан. Педагогикалық көзқарастарын білдірген еңбектері: «Мемлекет», «Заңдар» Негізгі қағидалары: «Мемлекет» атты еңбегінде «Математикаға тәрбиеленген, оған жаттыққан балалардың өзі, тіпті олар бұдан ешбір пайда алмаса да, бұрынғыға қарағанда қабылдаушылық қасиеті арта түседі» деп тәрбиешінің түсіндіретін ұғымдарын берік ететін жаттығуға ерекше мән берген; Шәкірт білімді, икемділікті игеруде, оқу дағдыларын дамытуда зор ұқыптылыққа ие болуы қажет. Ол оқуда табысқа табандылық танытуы, үнемі жаттығуы және шыңдала түсуі керек. Қабылдаушылық қана емес, сондай-ақ оқу қызметі дағдыларын да жаттықтыра түсуі қажет. Бала өз ақыл-ойын үнемі жетілдіріп отыруға міндетті;
Достарыңызбен бөлісу: |