- Педагогика ғылымының даму тарихы
1. Тәрбие туралы ойлардың қалыптасуы 2. Ежелгі Грециядағы тәрбие жүйесі (Спартандық және Афиналық тәрбие жүйесі) 4.Тарихи формациялардағы тәрбие мақсаты - Тәрбие туралы мәселелер Ежелгі Рим философтары мен шешендерінің де еңбектерінде орын алған. Қызықты педагогикалық ойларды Лукреций Кар (б.з.д. 99-55 жж.шамасында), М.Ф.Квинтилиан (б.з.д.42-118жж.) және т.б. айтқан.
- Марк Фабий Квинтилиан (римдік) алғашқы кәсіптенген педагог болып табылады. Ол гармонияға дұрыс ұйымдастырылған оқыту арқылы жетуге болады деген. Мұнда ол балалардың жалпыгуманитарлық дамуына басты назар аударған. Белгілі «Наставление в ораторском искусстве» атты еңбектің авторы. Шешендік өнерге арналған қоғамдық қызметке даярланушы жастар білім алған алғашқы қоғамдық мектеп ашқан.
- Квинтилиан алғаш рет мұғалімнің тұлғасына талап қойған:
- Білімді жетілдіру;
- Балаларға деген сүйіспеншілік;
- Олардың жеке тұлғасына деген құрмет;
- Әрбір оқушыда мұғалімге деген сүйіспеншілік пен сенім қалыптасатындай етіп іс-әрекетті ұйымдастырудың қажеттігі.
- Орта ғасырларда тәрбие мәселелері құдайға құлшылық етуші философтар еңбектерінде діни тұрғыда қарастырылды.
- Қайта өрлеу дәуірінде (XIV-XVI ғғ.) педагогикалық ойлар одан ары өрбіді. Осы дәуірдің ерекше өкілдері итальяндық гуманист Витторио да Фельтре (1378-1446), испандық философ және педагог Хуан Вивес (1442-1540), нидерландық ойшыл Эразм Роттердамскийлер (1465-1536). Олар жаттанды оқуды сынады, балаларға гуманды қарым-қатынас жасау керектігін және оларды басып-жаншудан құтқару қажеттігін атап өтті.
- Тәрбие туралы теорияның қарқынды дамуына қарамай педагогика көп жылдар бойы философия ілімінің қарапайым бір тармағы ретінде дамып келді. Тек XVII ғасырдың басында ғана философиялық білім жүйесінен дербес ғылым ретінде танылды. Педагогиканың жеке ғылым ретінде бөлініп шығуын көптеген ғалымдар ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) есімімен байланыстырады. Оның қалыптастырған принциптері, әдістері, балалармен оқу процесін ұйымдастыру формалары, адамгершілік тәрбиесі ғылыми-педагогикалық ғылымның бөлінбейтін бөлшегіне айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |