Реферат Тақырыбы: «Халықаралық құқықтың субъектілері, тану және мемлекеттік құқық қабылдаушылық. Халықаралық шарттар құқығы.»



бет1/8
Дата15.09.2022
өлшемі25.81 Kb.
#460795
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8
3 такырып ХЖК


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: «Халықаралық құқықтың субъектілері, тану және мемлекеттік құқық қабылдаушылық. Халықаралық шарттар құқығы.»

Орындаған: Туребекова Айдана Ю19-1К
Тексерген: Есенов Дастан К.

Қарағанды 2021


Бұл тақырып қазіргі кезде өзекті мәселе болып табылады.
Халықаралық құқықтың субъектісі дегеніміз –халықаралық құқықтар мен міндеттерге ие және осы құқықтар мен міндеттер бойынша халықаралық құқықтық жауапкершілігі бар халықаралық қатынастарға қаты-сушылар. Жалпы, құқық субъектілік – бұл құқықтар мен міндеттерге ие болу қасиеті. Ал халықаралық құқықта субъектінің ұғымы өзгешелеу. Өйткені халықаралық құ-қықта құқық субъектілерін құқыққабілеттілігі, (заңмен құқықтарға ие болу) және әрекетқабілеттілігі, (өз әрекеттеріне жауап беріп, белгілі бір міндеттер атқару) деп бөлмейді. Себебі, біріншіден, халықаралық құқықта бұлай бөлу оның субъектілерінің арасында құқықтық теңсіздік тудырар еді. Екіншіден, халықаралық құқықта әрекетқабілетсіздік болуы мүмкін емес. Себебі, әрбір субъектілердің құқық нормаларын шығару мүмкіндіктері бар. Мұнда ең негізгісі – халықаралық құқық субъектісі тек міндеттерге ие болып, атқару емес, субъектілердің басқа субъектілермен келісіп, өзіне міндет жүктей алу жағдайы.
Халықаралық құқықтың субъектілері: -негізгі субъектілерге мемлекеттер, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар, азаматтар( бірақ бұл даулы мәселе) жатады .
-туынды субъектілерге мемлекетке ұқсас құрылымдар,еркін қалалар,халықаралық ұйымдар жатады.
Халықаралық субъектілерінің 1-ші қатарында мемлекеттер тұрады. Мемлекет бұл-саяси биліктік сипаттағы күрделі ұйым. Жалпы, мемлекеттің өмір сүруі үшін келесі төрт жағдайлардың болуы қажет. Біріншіден,мемлекеттің халқы, яғни нәсіліне, тіліне және діни көзқарасы мен басқа да жағдайларға қарамастан қоғамда бірге өмір сүретін екі жынысты адамдар тобының болу қажеттігін айтамыз. Екіншіден, осы халықтың өмір сүруі үшін жері, аумақтың болуы. Үшіншіден, мемлекетте үкімет, яғни елді басқаратын бір немесе бірнеше тұлғалардан тұратын халықтың өкілдері болуы қажет. Төртіншіден, сол үкіметтің егемендігі . Егемендік – бұл жер бетіндегі қандай да бір билікке тәуелсіз, ең жоғарғы билік.Үкіметтің егемендігі өз мемлекеті шегінде немесе одан да тыс қандай да билікке тәуелсіз болуы. Егемендік – мемлекеттің өз аумақ шегіндегі жоғарғы билігі. Сондықтан да мемлекет қазіргі қауымның саяси ұйымы болып табылады. Мемлекет үстінен оған бұйрық беретін жоғарғы билік жоқ. Мемлекеттер бір-біріне бағынбайды.Осы жерден біз мемлекеттің егемендігін көре аламыз. Егемендік-мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде міндетті, керекті белгісі. Жалпы, мемлекет негізінде толық егеменді болу қажет. Әдетте кейбір мемлекеттерде толық егемендіктің болмауына байланысты оларды жартылай тәуелді мемлекеттер деп атайды. Мұндай мемлекеттерге басқа мемлекеттің сюзеренитетіндегі (франц. сөзі-билік астындағы ) немесе федеративті мемлекеттерге мүше болып табылатын мемлекеттер жатады. Мұнда әрбір мүше мемлекеттердің өз жоғарғы билігі мен өз құқықтары болғанымен, әдетте, бұл билік пен құқық басқа мемлекеттің билігі мен құқығына тәуелді болады. Сондықтан да жартылай тәуелді мемлекеттер халықаралық құқық субъектісі болу, болмауы даулы мәселе болып табылады. Жартылай тәуелді мемлекеттердің халықаралық құқық субъектісіне толық мүше бола алмауына дау жоқ. Әдетте, оларды халықаралық қатынасқа мүлдем араласа алмайды деу қате болар еді. Өйткені олар кейбір халықаралық құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Мысалы, көбіне олар дипломаттық өкілдер немесе консулдарды жіберіп не қабылдайды, сауда немесе халықаралық басқа да келісім шарттарға отырады. Мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде үш түрге бөлінеді:
1. Унитарлы мемлекет
2. Конфедерация
3. Федерация


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет