Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
Психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру пәні бойынша
5В010300 – Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор __________ Н.Э.Пфейфер
20__ж. «___»____________
|
Қ ұрастырушы: ___________п.ғ.к., доцент Б.Х.Галиева
Психология және педагогика кафедрасы
Психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру пәні бойынша
5В010300 – Педагогика және психология
мамандығының студенттеріне арналған
әдістемелік ұсыныстар
Кафедраның отырысында ұсынылды
20__ ж. «___»______________, №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі__________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________
Гуманитарлы-педагогикалық факультеттің ОӘК мақұлданды
20__ ж. «___»______________, №____ хаттама
ОӘК төрайымы _________ Е.Н.Жуманкулова 20__ж. «____» ________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ ж. «___»______________ №____ хаттама
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Қазіргі дидактикалық жүйе білім беру мазмұнының негізіне ғылыми танымның әр түрлі әдістерін меңгеруді салады: бүгінгі студент қажетті білімді өз күшімен алуды үйренуі тиіс. Демек, студенттер ақпараттың сан алуан көздерін пайдалана алуы керек: анықтамаларды, оқу және ғылыми әдебиеттерді, газеттер мен журналдарды, Интернет желісінің ақпарат әлеуетін. «Психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру» курсы, ең алдымен, студенттерді ғылыми шығармашылық іс-әрекетіне баулиды. Ғылыми шығармашылық іс-әрекеті удерісінде студенттердің танымдық, шығармашылық қабілеттері қалыптасады және дамиды, олар болашақ кәсіби іс-әрекетінде кездесетін мәселелерді айқындап, мақсаттар мен міндеттерді қоюды және шешуді, болжам жасап, оны дәлелдеуді не теріске шығаруды үйренеді. Осы курсты зерделеу барысында студенттер ақпаратты іздеуге, іріктеуге, жүйелеуге және талдауға, ғылыми жұмыстарды дайындап, рәсімдеуге, оларды жариялап, көпшілік алдында қорғауға дағдыланады.
Пәннің мақсаты: болашақ педагог-психологтарды ғылыми шығармашылық іс-әрекетінің әдіс-тәсілдерін қолданудағы біліктер мен дағдыларға үйрету.
Пәннің міндеттері:
-
студенттерді жалпы ғылыми, оның ішінде психологиялық-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздерімен таныстыру;
-
болашақ мамандарды зерттеушілік іс-әрекетпен жаттықтыру;
-
студенттердің қажетті кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту.
Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:
-
психологиялық-педагогикалық жұмыста кездесетің зерттеу түрлерін;
-
психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негiздерiн;
-
психологиялық-педагогикалық зерттеу жасау әдістемесін;
Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:
-
психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді оларға қойылған талаптарға сәйкес жүзеге асыру;
-
психологиялық-педагогикалық жұмыста кездесетін ғылыми зерттеулерді жағдаятқа сай таңдай алу;
-
психологиялық-педагогикалық жұмыста зерттеу әдістерін іске асыру технологияларын білу;
-
зерттеу әдістердің жіктелуін меңгеру;
-
психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері арқылы ғылыми тұжырымдамаларға, құқықтық-нормативтік құжаттарға талдау жасау,
-
психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі диагностикалық әдістемелерді қолдану.
Пәннің мақсаты мен міндеттері орындалу үшін төмендегідей жұмыс түрлері іске асырылуы тиіс.
Дәріске қалай дайындалу керек?
Дәріс алдында онда баяндалатын материал туралы түсінік алу үшін осы дәрістің жоспарымен немесе тезистерімен танысқан жөн. Бұл теориялық материалды едәуір терең меңгеруге және дәріс барысында неғұрлым жемісті жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, нақты тақырып төңірегінде қолданылатын терминдер мен персоналияларды (анықтамалардағы, сөздіктердегі, антологиялардағы белгілі бір тұлға туралы биографиялық мәліметтерді қамтитын мақалаларды) алдын ала зерделеген және көшіріп жазып алған дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер тізімінен қажеттісін дербес іріктеп алып немесе оқытушының ұсынысы мен кеңесіне жүгініп, кітаптың (оқулықтың, оқу құралының, анықтаманың) тақырыпқа сай тарауын алдын ала қарап шыққан да абзал. Студент сабаққа неғұрлым жақсы дайын болса, соғұрлым дәріс қызықты және тиімді өтеді.
Дәрістің сұрақ-жауап түрінде өткені өте ұтымды. Егер сіздер оқитын курстың мазмұнымен алдын ала таныссаңыздар, сабақтың нәтижелі болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, мұндай дайындық пәнді тереңірек түсініп, одан пайда алуға көмектеседі.
Сіздер дәрісті дайындап өткізуге, сабақта қысқаша баяндамалар жасауға, дәріскер ұсынған ақпаратты қосымша қызықты материалмен толықтыруға да белсенді қатыса аласыздар.
Семинарға қалай дайындалу керек?
-
Әрбір семинар сабағына дайындалыңыз.
-
Жүйелі әрі жоспарлы дайындық емтиханға қажетті мәліметті жинауға мүмкіндік береді.
-
Семинарға дайындықты сабақтың жоспарымен және қажетті негізгі және қосымша әдебиеттермен танысудан бастаңыз. Дайындалу үшін дәістің конспектісін, оқулықты және арнайы таңдап алған әдебиетті пайдалану керек. Қойылған сұрақтарға қай әдеби көзден жауап табуға болатынын белгілеңіз. Содан соң оны мұқият оқып, қажетті мағлұматты көшіріп жазып алыңыз.
-
Сұрақтарыңызды дайындап қойыңыз.
-
Күрделі және қарама-қайшы мәселелерді оқытушыдан сұрап түсінуге болады, сондықтан оларға зер салып, сұрақтарыңызды тұжырымдаңыз.
-
Курстас, топтас жолдастарыңызбен бірге дайындалғанның пайдасы зор.
-
Дәріс немесе монографияның тілімен сөйлеуге әуес болмаңыз.
-
Бастысы: ғылыми-ұғымдық аппаратты біліп, дұрыс қолдану және бейнелі мысалдар келтіре отырып, материалды еркін баяндай алу.
-
Ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі негізгі әдеби көздерді зерделеумен шектелмеңіз.
Қосымша әдебиеттерді колдана отырып, сіздер ой-өрісіңізді кеңейте аласыздар, зерттеп-зерделеп отырған мәселені жан-жақты және тереңірек түсініп, оған деген әртүрлі көзқарастарен танысасыздар.
Пән тақырыптарының мазмұны
1-тақырып Қазақстанда ғылымның дамуы Ғылымның қазіргі әлемде дамуының негізгі тенденциялары. ҚР ғылымның дамуы; қазіргі жағдайы мен перспективалары. Талқылауға арналған сұрақтар: Ғылымның қазіргі әлемде дамуының негізгі тенденциялары. Позитивтік және негативтік тенденциялар. Қазақстандық ғылымның тарихы: кеше, бүгін, ертең. ҚР психология мен педагогика салаларындағы ғылыми зерттеулер және ғалымдар. Ғылыми зерттеулердің түрлері: фундаменталды зерттеулер, қолданбалы зерттеулер, пысықтамалар.
Практикалық тапсырмалар:
-
М.Г.Сергееваның “Ғылым құндылықтары еуропалық өркениеттің негізгі құндылықтары ретінде” атты мақаласын оқыңыз. Онда бейнеленген ғылымның даму тарихымен таныс болыңыз. Мақаланың негізгі қағидаларын конспектілеңіз. (Әдебиет: 6, А қосымшасы).
-
Мынадай порталдар мен web-сайттардағы материалдармен танысыңыз, олардың қысқа тезистерін жасаңыз: www.edu.gov.kz. - Ғылым және білім министрлігінің сайты, www.naukakaz.kz - Қазақстан ғылымына арналған сайт.
Әдебиет: 1,3,6,7.
2-тақырып ҚР ғылыми іс-әрекетті реттейтін нормативтік ережелер мен құжаттар ҚР ғылыми іс-әрекет жүргізудің құқықтық негіздері. Ғылыми іс-әрекетті реттейтін нормативтік ережелер мен құжаттар; заңдар, ережелер, нұсқаулар. Ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары, ғалымдардың құқықтары мен міндеттері, ғылыми– техникалық немесе ғылыми жұмыстың нәтижесіне интеллектуалдық құқық алу.
Талқылауға арналған сұрақтар: -
ҚР зерттеушілікке көзқарас.
-
Ғалымдардың құқықтары мен міндеттері.
-
Ғылыми жұмыстың нәтижесіне интеллектуалдық құқық алу шарттары.
Практикалық тапсырмалар:
-
Мына web-сайттағы материалдармен танысыңыз, олардың қысқа тезистерін жасаңыз: www.academy.kz. - ғылыми іс-әрекеттің құқықтық негіздері туралы.
-
Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
-
Қазақстанда ғылым мен білім берудің интеграциясы туралы не айта аласыз?
-
Зерттеушілікке Сіздің көзқарасыңыз қандай? Зерттеушілікпен кім айналасуы керек? Ол әрбір адамның қолынан келетін іс пе?
Әдебиет: 1,5,6,7,12.
3-тақырып Ғылымтанудың жалпы ұғымдары. Ғылыми зерттеулердің негізгі тенденциялары мен бағыттары Ғылым адам іс-әрекетінің айрықша саласы ретінде. Ғылыми білім түсінігі. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері. Ақыл-ой еңбегінің гигиенасы. Ғылыми зерттеулердің негізгі тенденциялары мен бағыттары.
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Ғылым адам іс-әрекетінің айрықша саласы ретінде.
-
Ғылыми білім түсінігі, оның тұрмыстық және көркем білімдерінен айырмашылығы.
-
Іргетасты және қолданбалы зерттеулер.
-
Мынадай тақырыптарға баяндамалар дайындау және қорғау:
-
«Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері».
-
«Ақыл-ой еңбегінің гигиенасы».
-
«Ғылыми зерттеулердің негізгі тенденциялары мен бағыттары».
Практикалық тапсырмалар:
-
“Ғылым” дефинициясының ағашын жасаңыз. Ол үшін түпкі сөзді анықтаңыз, оның анықтамасын сөздіктерден табыңыз. Содан соң тағы да түпкі сөздерді белгілеңіз, олардың анықтамаларын табыңыз, с.с.ә.қ.
-
Ғылым қандай қызметтер атқарады?
Әдебиет: 1,2,3,5,13.
4-тақырып Ғылыми зерттеудің әдіснамасы Әдіснама танымның ғылыми әдісі туралы ілім ретінде. Әдіснамалық білімнің иерархиясы. Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеудің ұғымдық аппараты. Ғылыми зерттеу әдістемесінің құрылымы.
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Әдіснама танымның ғылыми әдісі туралы ілім ретінде.
-
Әдіснамалық білімнің иерархиясы.
-
Әдіснаманың негізгі қызметтері.
-
Ғылыми зерттеудің әдіснамалық қағидалары.
Практикалық тапсырмалар:
-
“Әдіснамалық мәдениет” ұғымын қалай түсінесіз?
-
“Ғылыми зерттеу этикасы” ұғымы қандай мағынаны білдіреді? Қандай зерттеу этикасын бұзушы факторларды атап айта аласыздар?
Әдебиет: 1,2,3,4,5.
5-тақырып Зерттеу әдістері Таным процессінің жалпы және жеке әдістері, тарихи, логикалық, теориялық, тәжірибелік, статистикалық әдістер.
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Зерттеу әдістерін жіктеу.
-
Таным процессінің теориялық әдістері.
-
Жалпы логикалық әдістер
-
Тәжірибелік әдістер.
-
Математикалық-статистикалық әдістер.
Практикалық тапсырмалар:
-
Зерттеу әдістерінің жіктемесін кестеде бейнелеңіз.
-
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде математикалық-статистикалық әдістер қандай мақсатпен қолданылады?
Әдебиет: 1,2,3,4,5.
6-тақырып Эксперимент зерттеу әдісі ретінде. Экспериментті ұйымдастыру және басқару Эксперимент таным және зерттеу әдісі ретінде. Эксперимент тақырыбын таңдау, негіздеу және тұжырымдау. Эксперименттің объектісі, пәні, болжамы, мақсаттары мен міндеттері.Зерттеудіңнақты әдістемелері мен әдістерін әзірлеу, зерттеу сатылары мен логикасы. Эксперимент нәтижелерін бақылау әдістері. Эксперимент жүргізу алгоритмі.
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Эксперимент бағдарламасын жасау алгоритмі.
-
Эксперименттің мақсаттары мен міндеттері.
-
Эксперименттің негізінде жатқан теориялық қағидалар.
-
Жүргізілетін экспериментттік жұмыс саласындағы ғылыми жетістіктер.
-
Экспериментті іске асыру бағдарламасы.
-
Эксперименттің күтілетін нәтижелері.
Практикалық тапсырма: «Оқушылардың кітапханалық-библиографиялық сауаттылығын қалыптастыру», «Балаларда ғылымға қызығушылық ояту және дамыту» тақырыптарындағы эксперимент бағдарламасын жоғрыда берілген алгоритм бойынша жасаңыз.
Әдебиет: 1,2,4,5,6,8,9,11.
7-тақырып Зерттеу іс-әрекетінің сатылары және зерттеудің логикалық құрылымы Ғылыми зерттеу ғылыми шығармашылық үдерісі ретінде. Зерттеу іс-әрекетінің сатылары. Ғылыми зерттеу құрылымы. Әдіснама, теория, тұжырымдама, технология, әдістер. Зерттеу мәселесін анықтау, мақсатымен міндеттерін белгілеу, зерттеу болжамын жасау, эксперимент ұйымдастыру, жиналған мәліметтерді реттеу және өңдеу.
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Ғылыми зерттеу ғылыми шығармашылық үдерісі ретінде.
-
Зерттеу іс-әрекетінің сатылары.
-
Ғылыми зерттеу құрылымы.
Практикалық тапсырма:
-
Курстық, дипломдық жұмыс үлгілері, авторефераттар бойынша ғылыми зерттеуледің логикалық құрылымын байқаңыз.
-
Үлгі бойынша таңдаған тақырыптағы зерттеу жұмысының логикалық аппаратын құрыңыз.
Әдебиет: 1,2,4,5,6,8.
8-тақырып Ақпарат көздерімен жұмыс істеу әдістемесі Ғылыми ақпарат көздері. Ғылым қайнарларымен жұмыс жүргізу кезендері; тыңдау, қабылдау, оқу, жазу т.б..
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Ғылыми ақпарат көздерінің түрлері.
-
Деректі ақпарат көздері: аудиовизуалды, ғылыми (монографиялар, диссертациялар, т.б.), ғылыми-көпшілік (журналдар, кітаптар, т.с.с.), ресми, анықтамалық, оқу т.б.
-
Ақпараттық-библиографиялық көздер: библиографиялық шолу, библиографиялық құралдар, Интернет, т.б.
-
Ғылым қайнарларымен жұмыс жүргізу тәсілдері: аннотация, тезистеу, конспектілеу, реферат жазу т.б.
Практикалық тапсырмалар:
-
Таңдаған тақырып бойынша библиографиялық шолу жасаңыз.
-
Психологиялық-педагогикалық ғылыми журналдардағы 2-3 мақаланың аннотациясын, тезистерін, конспектін жасаңыз және оған пікір жазыңыз.
Әдебиет: 1,5,6,7,9.
9-тақырып Кітаппен жұмыс істеу жүйесі зерттеу іс-әрекетінің негізі ретінде Кітапханалық-библиографиялық сауаттылық, оның зерттеу іс-әрекетіндегі рөлі. Кітаппен жұмыс танымдығ іс-әрекет әдісі тәрізді. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдері.
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Кітапханалық-библиографиялық сауаттылық.
-
Кітаппен жұмыс істеу жүйесі зерттеу жүргізудің өзегі ретінде.
-
Кітаппен жұмыс істеу тәсілдері.
-
Оқырманның еңбегін ғылыми ұйымдастыру.
Практикалық тапсырмалар: Кітаппен жұмыс істеу дағдыларын арттыруға арналған тапсырмаларды орындау:
-
Ақпарат көздерін іздеуді қалай іске асырасыз?
-
Өз мамандығыңыздың студенттері үшін ғылыми ақпаратты іздеуді іске асыру бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындаңыз.
-
Психологиялық-педагогикалық ғылыми журналдардағы 2-3 мақаланың аннотациясын, тезистерін, конспектін жасаңыз және оған пікір жазыңыз.
Әдебиет: 1, 6,7,9.
10-тақырып Зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері Зерттеушіге тән кәсіби қабілеттер. Негізгі зерттеушілік біліктер мен дағдылар және оларды қалыптастыру шарттары.
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Зерттеушіге тән кәсіби қабілеттер.
-
Негізгі зерттеушілік біліктер мен дағдылар
-
Зерттеушілік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру шарттары.
-
Зерттеушінің профессиограммасын жасау.
-
Зерттеу іс-әрекетінің этикасы.
Практикалық тапсырмалар:
-
Болашақ педагог-психологтардың ғылыми-зерттеу жұмысына даярлығы деген не?
-
Ғылыми-зерттеу жұмысына деонтологиялық даярлық деген ұғымды түсіндіріңіз.
-
Мына әдебиет көзі бойынша: Кертаева К.М., Боталова О.Б. Организация психолого-педагогических научных исследований: учебное пособие. – Павлодар, 2007. – С. 29-31 – зерттеушінің профессиограммасы мен ғылыми-зерттеу жұмысына деонтологиялық даярлығы моделін жасаңыз.
Әдебиет: 1,5,6.
11-тақырып Зерттеу мәтінін дайындау. Жұмыс жоспарын дайындау, әдебі қайнарларын оқу. Ғылыми ақпаратты сақтау және өңдеу әдіс-тәсілдері.
Талқылауға арналған сұрақтар:
-
Жұмыс жоспарын дайындау, әдебі қайнарларын оқу.
-
Ғылыми ақпаратты сақтау ұғымы.
-
Ғылыми ақпаратты сақтау тәсілдері.
-
Ғылыми ақпаратты өңдеу әдіс-тәсілдері.
Практикалық тапсырмалар:
-
Ғылыми ақпаратты сақтау тәсілдерінің кестесін төмендегі үлгі бойынша жасаңыз:
Ғылыми ақпаратты сақтау тәсілі
|
Артықшылығы
| Кемшілігі |
|
|
| -
Статистикалық өңдеу әдістерін зерделеңіз.
Әдебиет: 1,4,6,7.
12-тақырып Ғылыми стильде мәтіндерді жазу Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері. Ғылыми мәтіндерді жазу мысалдары.
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері.
-
Ғылыми мәтіндер түрлері.
-
Негізгі мәтіндердің түрлері, олардың қызметтері.
-
Көмекші мәтіндер. Олардың қызметі.
Практикалық тапсырма: Ғылыми мәтіндерді (баяндама) ғылыми стильдің талаптарына сай жазу:
“Зерттеушінің этикасы” атты баяндаманы ғылыми стильдің талаптарына сай жазып келіңіз.
Әдебиет: 1,6,7.
13-тақырып Ғылыми жұмысты рәсімдеу, талаптарға сай келтіру
Ғылыми жұмыстың құрылымдық бөлімдері, оларды дайындау ерекшеліктері. Ғылыми жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар, зерттеу жұмыстарының құрылымдық бөлімдерін рәсімдеу ережелері. Зерттеу нәтижелерін ұсыну нысандары.
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Ғылыми жұмыстың құрылымдық бөлімдері.
-
Ғылыми жұмыстың құрылымдық бөлімдерін дайындау ерекшеліктері.
-
Ғылыми жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар.
-
Зерттеу жұмыстарының құрылымдық бөлімдерін рәсімдеу ережелері.
-
Зерттеу нәтижелерін ұсыну нысандары.
Практикалық тапсырма: Ғылыми жұмысты рәсімдеп жаттығу.
Әдебиет: 1,3,5,6, 15.
14-тақырып Ғылыми жұмысты қорғау Ғылыми жұмысты қорғау процедурасы. Ғылыми жұмысты жария қорғау – зерттеу іс-әрекетінің маңызды компоненті. Жария сөздің мәтіні мен көрнекі материалдарға қойылатын талаптар. Жария сөз ережелері.
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Ғылыми жұмысты қорғауға ұсыну.
-
Ғылыми жұмысты жария қорғау.
-
Қорғау тәртібі.
-
Жария сөздің негізгі біліктері мен дағдылары: логикалық талдау жасай алу, сөз сөйлеу нысанын таңдай алу, мазмұнды жайып айта білу.
Практикалық тапсырмалар:
-
Жария сөз сөйлеу дағдыларын пысықтауға арналған жаттығулар орындау.
-
Жария сөз мысалдарын жасау.
Әдебиет: 1,3,6,9,11, 14.
15-тақырып Ғылыми жұмыстарды талдау және бағалау Ғылыми жұмыстардың сол сияқты жұмыстарға қойылатын талаптарға сай болуы. Зерттеуге зерттеушінің өзі ретроспективтік талдау жасауы және бағалауы (рефлексия).
Талқылауға арналған сұрақтар: -
Ғылыми жұмыстардың сол сияқты жұмыстарға қойылатын талаптарға сай болуы.
-
Зерттеуге зерттеушінің өзі ретроспективтік талдау жасауы және бағалауы (рефлексия).
-
Ғылыми жұмысқа пікір жазу.
Практикалық тапсырмалар: Ғылыми жұмыс нұсқаларына (мысалы, оқытушы ұсынған студенттердің рефераттарына, курстықжұмыстарына) пікір жазып жаттығу.
Әдебиет: 1,2,3,5,9.
Негізгі әдебиеттер
-
Бабаев С. Б. Жалпы педагогика : оқулық / Бабаев, С. Б., Оңалбек, Ж. Қ. - Алматы : Nurpress, 2011. - 228 с – 20
-
Кертаева К.М., Боталова О.Б. Организация психолого-педагогических научных исследований: учебное пособие. – Павлодар, 2007. – 354 с.
Қосымша әдебиеттер
-
Ахметова Г.К., Пфейфер Н.Э., Бурдина Е.И. Азбука для начинающего исследователя: метод. пособие . – Павлодар, 2006.
-
Введение в научное исследование по педагогике/ Под ред. Бабанского Ю.К., Журавлева В.И., Розова В.К. и др. – М., 2005. – 237 с.
-
Егоров В.В., Скибицкий Э.Г. Организация и технология научного исследования. – Новосибирск, 2006. – 426 с.
-
Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования: учебное пособие для студентов вузов. – М., 2006. – 208 с.
-
Соловьева Н.Н. Основы организации учебно-научной работы студента: учебно-методическое пособие для самостоятельной работы студентов. – М., 2003. – 55 с.
-
Заир-Бек Е.С. Основы педагогического поектирования. – СПб, 2005
-
Маров В.Н., Вагапова Д.Х., Зыбина Т.М., Виньков Ю.В. Риторика – учителю. – Пермь, 2005. – 105 с.
-
Научно-исследовательская работа педагогов и учащихся: Пособие для слушателей /Составитель: В.К.Омарова. – Павлодар: ПГПИ.– 2005.– 48 с.
-
Новиков А.М. Научно-экспериментальная работа в образовательном учреждении. – М., 2006. – 134 с.
-
Педагогика: Большая современная энциклопедия / Сост. Е.С.Рапацевич. - Мн.: Современное слово, 2005. – 720 с.
-
Сборник нормативных документов. – Павлодар: Региональный научно-практический центр «Ертіс дарыны». – 2006. - 68 с.
-
Чечель И.Д. Управление исследовательской деятельностью педагога и учащегося в современной школе. – М., 2005.
-
Густокашин, М. С. Методы поиска и сортировки. М: Чистые пруды, 2007. - 29 с. - вып. 6(18)
Достарыңызбен бөлісу: |