Мазмұны 1 Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасы арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері



бет1/18
Дата15.08.2023
өлшемі241.04 Kb.
#476068
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
сапаркулова




Мазмұны


1 Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасы арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздері

1.1 ЖОО студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық -психологиялық негіздері...............................................................................11


1.2Танымдық процестердің психологиялық мәні............................................29
1.3 Этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеу мәселесі…...……...35
1.2 Студенттердің оқу- танымдық белсенділігін жетілдіру ерекшеліктері


2 Оқыту процесінде халық педагогикасы арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттыру формасы мен әдістері

2.1 Студенттердің танымдық белсенділігін халық педагогикасының элементтері арқылы жетілдіруі................................................................... 60


2.2 Халық педагогикасы арқылы студенттердің танымын қалыптастырып дамытудың педагогикалық мүмкіндіктері.....................................................57
2.3 Студенттердің оқу белсенділігін арттырудағы танымның ролі................60
2.4 Ұлттық тәрбие мен жоғары оқу орындары сабақтастығы негізінде білімгерлердің танымдық қызығушылығын қалыптастыру........................64

Қорытынды..........................................................................................................81
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................82


К iрiспе


Зерттеудің көкейкестiлiгi. Танымды жетiлдiру мәңгiлiк мәселе. Сол орайдан келгенде тiлдердi оқыту үрдiсiнде танымдық қызығушылықты жетiлдiру – оқушыларды ойлай бiлуге, өздiгiнен iзденiп, келелi мәселенiң шешiмiн табудың жолын белгiлеп, оның нәтижелi болуына кеңiрек мүмкiндiк бередi. Таным мәселесi жөнiнде философтар, психологтар, педагогтар әр саладан үнемi де үздiксiз талдап, талқылап келедi. Бұл жүйеде қазақ халқының кемеңгерлерi айтқан даналық ойлар кейiнгi ұрпаққа аңыз, әңгiме, ертегi, жыр, мақал-мәтел түрiнде жеткендiгiн айғақтайтын деректер баршылық. Ал педагогика классиктерiнiң шығармашылық еңбектерiнде, ғылыми зерттеулерiнде, педагогикалық трактаттарында таным туралы кейде тiкелей, кейде жанама түрде толассыз сөз етiлген. Адам дүниенi көзбен көрiп, құлақпен естiп, мұрынмен иiскеп, қолмен ұстап таныса, сөз арқылы түсiнiп, сезiнiп, ұғынып тану өз алдына үлкен әлем. "Бала санасына сiнген ұғымдардың көпшiлiгi кейiн, уақыт өте келе ересек адамның әрекетiне ұласады", - деп Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев "Еуразия жүрегiнде" деген кiтабында 1 орынды көрсеткен.
Егемендiкке қолы жеткен елдi өркендететiн жас мемлекеттiң экономикалық, саяси, әлеуметтiк мәдени дамуына үлес қосатын бүгiнгi мектеп оқушысын, ертеңгi қайраткерлердiң танымдық қызығушылығын қалыптастыруда тiлдiң атқаратын қызметi ерекше зор. Тiкелей тiл болмағанымен де танымның бiлiм берудегi тәрбиелiк, тағылымдық мәнi туралы зерттеу жүргiзген республикадағы педагогтар мен психологтар С.Т.Сабыров 2, Қ.Б.Жарықбаев 3, М.А.Құдайқұлов 4, А.Г.Қазмағамбетов 5, А.Е.Әбiлқасымова 6, П.Ф.Каптерев 7, М.А.Темірбеков 8, С.Балаубаев 9, С.А.Ұзақбаева 10, Н.А.Дарханов 11, Н.Б.Жаманқұлова 12 т.б. еңбектерi бар. Бұл зерттеулерде студенттің дамуына танымның тигiзетiн ықпалы, өздiгiнен еңбектену, бiлiм алу, бiлiктiк, дағды қалыптастырудың теориялық және қолданбалық тәжiрибе негiзiнде этносқа тән ерекшелiктер сенiмдi түрде дәлелденiп, жан-жақты сипатталған. Дамудың тарихи кезеңдерiне байланысты талдаулар жасалып, оның мән-мазмұны туралы пайымдаулар жасалған.
Танымның қолданыстағы әдiстерi мен мұғалiмнiң мамандығын жетiлдiру жөнiнде М.М.Жанпейісова 13, А.П.Сейтешев 14, А.А.Саипов 15, С.Н.Лысенкова 16, Н.Д.Хмель 17, Ж.Т.Дәулетбекова 18, Р.К.Төлеубекова 19, М.С.Молдабекова 20 т.б. зерттеулерiнде келтiрiлген айғақтар мен теориялық ұстанымдар әр саладан көрсетiлген. Сондай-ақ Ж.А.Қараев 21, 108, Р.С.Омарова 22, Т.И.Қоқымбаева 23 т.б. ғылыми еңбектерiнде классикалық педагогиканың көрнектi өкiлдерiнiң таным жөнiндегi идеяларын уақытқа үйлесiмдi пайымдай бiлу жолдары сипатталған. Тұлғаның жеке басын, дербестiгiн құрметтей отырып танымдық қызығушылықты дамытуға байланысты тәжiрибелер негiзiндегi түрлi тұжырымдар жинақталған. Ұлы ғалымдар мен педагогтардың еңбектерінде әл–Фараби 24, Ы.Алтынсарин 25, И.Г.Песталоции 26, Я.А.Коменский 27 К.Д.Ушинский 28 А.Дистерверг 29 Н.Г.Чернышевский 23 оқыту арқылы оқушылардың ой-түсінігін арттыруға, олардың өз бетімен білім алуға дағдылануына көңіл бөлінген.
Студенттердің танымдық қызығушылығын дамытып қалыптастырудағы педагогикалық шарттарды айқындау – тұлғаның белсендiлiгiн көтеруде ерекше мәнге ие болатындығы А.С.Мустояпованың "Қазiргi кезде жоғары сынып оқушыларының танымдық белсендiлiгiн қалыптастырудың педагогикалық шарттары" сияқты еңбектерiнде бiршама сипатталған 78. Әрине, танымдық қызығушылық жеке шарттарды бiлумен шектелiп қалмайды, оған ықпал ететiн жолдар да әр тарапты. Осы орайдан келгенде халықтың ғасырлар бойы жинақталған ертегiлерi, музыка, жыр-толғауларының да мәнi зор екендiгi жөнiнде А.Ж.Едiгенова "Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегiлерiне танымдық қызығушылығын қалыптастыру" деген еңбегi бар 79. Күнделiктi сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларды ертегiге қызықтыру арқылы танымды дамытуға болатындығы талданған, әдiстемелiк жолдар ұсынылған.
Қазақ халқының аспаптары арқылы музыкаға қызықтыру (М.А.Оразалиева) 80, ұлттық тәрбие арқылы танымды қалыптастыру (С.А.Жолдасбекова) оқушының дүниетанымына ықпал етiп 81, олардың iзденiсiн жетiлдiретiндiгi дәйектi түрде сипатталған. А.Т.Тамаевтың "Әдебиет сабағынды жоғарғы класс оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру" тақырыбындағы зерттеуiнде оқушыны көркем әдебиет оқуға қызықтырудың психологиялық негiздерi, оны тәрбиелей отырып бiлiм беру мәселесi қарыстырылған 82.
Оқытылатын жеке пәндерге байланысты iзденiмпаздықтың дидактикалық жолдары (Р.С.Омарова) 83, белсендiлiктi арттырудағы iзденiмнiң әдiстерi мен тәсiлдерi (Т.Сабыров 2, А.Әбiлқасымова 6), танымдық үрдiстi ұйымдастыру жөнiнде (М.Ж.Жадрина 84, Х.М.Балтабаев 85) және кәсiби әдiстемелiк даярлықты жетiлдiру (А.П.Сейтешев 14, Қ.К.Жампейсова 13) туралы ғылыми еңбектер баршылық.
Студенттердің оқу үрдiсiндегi қатысын бағалап, ғылыми педагогикалық жүйенi қалыптастыру негiздерi жөнiнде А.Г.Қазмағамбетовтың зерттеуiнде байыпты ойлар ұсынылған 5. Осының бәрi бiр-бiрiмен iштесiп жатқан мәселе деп бiлсек, қазiргi кезде экологиялық таным әлемдiк деңгейге көтерiлiп оқушының оған деген қызығушылығын арттырып, көзқарас қалыптастыру жөнiнде А.С.Бейсенова 86, Н.С.Сарыбеков 87, Э.Н.Тұрдықұлов 88, Ш.И.Тойғанбеков 89, К.И.Исламова 90 т.б. еңбектерi тәрбие беру, бiлiмдендiру заңдылықтарының мазмұнын жаңарту, iздену мәдениетiн жетiлдiрудi көрсетiп отыр.
Танымдық қызығушылық тек пәнаралық байланыс, жеке ғылым салаларындағы iзденiстермен шектелмейдi, ол үнемi дамып, жетiлiп отыратын өмiршең мәселе. Осы жалғастыққа орай Ұ.Б.Төлешова " Студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық" деген зерттеу жүргiзген 91. Онда мектепте игерілген танымдық қызығушылығын жоғарғы оқу орындарында жалғастырудың алғы шарттары мен олардың арасындағы байланыс талданған. Таңдаған мамандыққа үйлесiмдi қызығушылықтың дамуындағы ғылыми-практикалық жолдар көрсетiлген. Танымдық қызығушылықтағы басты бағдар тұлғаның өзiндiк iзденуiн қалыптастырумен бастамшылығын жетiлдiру әдiстемелерi бiржақты көрсетiлген. Ал студенттердің танымдық қызығушылығын тиiмдi ұйымдастыру оқушының мүмкiндiгi деңгейiнде қабiлетiн дамытып, өздiгiнен iзденуге жол ашып, шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға игi ықпал етедi.
Тарихи өткеннен тағылым алып, болашағын жобалай бiлудi ұғынуда халық педагогикасына деген танымдық қызығушылықтың орны ерекше. Ал жоғары мектептің оқыту үрдiсiнде студенттердің танымдық қызығушылығын дамытудың себебi мен салдарын ашып, оның iлгерi жетiлдiре түсу өмiр қажетiнен туып отырған проблема, оны педагогикалық тұрғыдан зерттеудi қажет етеді, тақырыптың өзектiлiк мәнi осында.Сондықтанда біз зерттеу тақырыбымызды «Студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыруда халық педагогикасы арқылы дамытудың теориялық шарттары» деп таңдадық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет