Басқару қызметінің негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау



Дата03.03.2022
өлшемі16.09 Kb.
#455928
6 дәріс Мелис.Д


1. Басқару функциясы бір-бірімен өзара байланысады. Бақылау қызметін орындау нәтижесінде жиналған ақпарат менеджерге олардың жоспары қалай орындалып жатқаны туралы «айтады» (жоспарлау қызметі). Бұл кезде бақылау тиісті түрде мотивтендіруге және ұйымдастырылуға міндетті (мотивациялау және ұйымдастыру қызметі). Басқару жүйесіндегі барлық басқару қызметтері біртұтас біріккен үдеріс. Басқару қызметтерін басқарушы объектіге қатысты басқару еңбегінің түрлері ретінде елестетуге болады. Басқару қызметін топтастыруға жасалған бірнеше қадам бар. Туристік индустрия үшін жоспарлау, ұйымдастыру, мотивтендіру (мотивация) мен бақылаудың мәні зор.
Басқару қызметінің негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау.
2. Жоспарлау басқару процестерінің ажырамас бөлігі. Жоспарлау туристтік фирманың жетістікке жетуінің әдістерін қарастырады. Жалпы жоспарлау кез-келген аймақтың дамуы жөніндегі мақсаттарды, нарық, бәсекелестік және сұраныс жұмыстарын қосады. Жоспар ұйымның келешек жағдайының қиын да әлеуметтік – экономикалық моделін ұсынады.
3. Жоспарлаудың түрлері:
Стратегиялық;
Тактикалық;
Оперативті.
4. Жоспарлаудың 5 негізгі принциптері бар:

  • Толықтығы

  • Нақтылығы

  • Анықтылығы

  • Үздіксіздігі

  • Үнемділігі

5. Саяхат мотиві дегеніміз адамды саяхатқа ниеттендіретін себеп. Саяхат мотиві неше түрлі болуы мүмкін. Қазіргі таңда адамдар демалу үшін, оқу мақсатымен, өзге елдің өмірімен танысу- танымдық мақсатта, қажылық мақсатымен және іс-сапар мақсаттарымен саяхаттайды. Саяхат мотиві болмаса саяхаттың өзі де болмай қалуы мүмкін.
6. Саяхат мотивінің 5 негізгі тобын бөліп көрсетіге болады:

  1. Физикалық;

  2. Психикалық;

  3. Тұлғааралық;

  4. Мәдени;

  5. Мәртебе және статус мотивациясы.

6. Бақылау қызметтері ұйымның тәсілдік және стратегиялық жоспарларын орындауға бағытталған. Бақылау стратегиялық шешімдерді қабылдау да, оперативті іс-қимылдарды атқаруда да қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет