ЖАПОНИЯ
Тәуелсіздік декларациясы жарияланысымен «... жоғарыда аты аталған қазақ көсемдерімен ақылдаса келіп (Башқұртстан автономиясы жарияланбастан бұрын) қарашаның басында үш нұсқа жағрапиялық картаның: 1) Үлкен Башкирияның, 2) Кіші Башкирияның 3)Шығыс Россиядағы мұсылман обылыстарының еркін Федерациясының – картасын жасатты. Бұл карта Башқұртстан автономиясының Декларациясы жарияланға кезде таратты. ... 1918 жылы Самара қаласында Башқұртстан мен Қазақстанүкіметі өкілдерінің келісімімен қайталап басылды». Бұдан бодан елдің бостандығын дүниеге жария ету амалы, тарихи айғақ. Сондай-ақ «Алашорда» үкіметінің де тарихи жолын қамтиды. Әрі екі үкіметтің қайраткерлернің ынтымақтаса азаттық үшін күрескенін дәлелдейді. 1917 жылы 20 желтоқсанда Башқұртстанның үшініші құрылтайында тәуелсіз республика ретінде ресми заңмен бекітілді. Қазақтардың құрылтайы сәл ерте өткенімен әлі де тарқап үлгермеген болатын. Біздің құрылтайға бақылаушы есебінде Сеид-азым Қыдырбаев пен Мұстафа Шоқаев қатысты. Он күннен кейін Қоқанда құрылған Түркістан тәуелсіз үкіметінің сыртқы істер министрі болып сайланды. Мен де екі рет қазақтардың құрылтайына бақылаушы ретінде қатыстым. Екі құрылтай да бір-бірін құттықтады» (218бет).
Ұлттық әскер жасақтады. 3 ақпанда Башқұрт үкіметінің мүшелері жаппай тұтқынға алынады. Башқұрт әскері түрмеден босатады. Астыртын жағдайда 15 мамыр күні «Алашорда» өкілдерімен келісе отырыпҚостанайда жасырын кеңес өткізуге келіседі. Онда: Қазақстанның, Башқұртстанның, Түркістанның саяси жағдайы туралы мәлімдеме жазылып, оны бүкіл әлемге тарату үшін Жапония үкіметіне жеткізу мәселесі қаралып, мақұлданды. Жапонияның таңдап алынуы, бұл ел ұұұ Ресейдің одақтасы болатын. Сол арқылы халықаралық үрдісті сақтаудың көздейді. Алайда 27 мамыр күні Чехословак корпусы Челябі-Омбы арасындағы темір жол желісін бастиап алып, кеңес өкіметіне қарсы шығуы башқұрттарға дем беріп, 7 маусым күні ұлыттықүкіметі құрылды. З.Валидов әскери министр міндетін атқарды. Қалыптасқан әскери қоршау жағдайында Урал мен Қазақстан аймағындағы біріккен мұсылман Мемлекетін құру идеясы да ұсынылды. Башқұрт әскері жеңістен жеңіске жетіп, Қазақстан мен Түркістанға бет алды. «Кеңес өкіметіне қарсы башқұрттармен қазақтардың бірігіп күресуі (большевиктердің) өшпенділігін өршіте түсті» (246 бет). Колчактың Сібір үкіметінің жоғары командасы өткізетін 18-21 шілде аралығындағы құрылтайға ұсыну үшін Башқұртстан мен «Алашорда» үкіметінің 12 баптан тұратын ұсыныс Семейде талқыланды. Оған Башқұртстаннан – Сеитгерей Мағазов, «Алашордадан» - Әлихан Бөкейханов, Түркістан-Қоқан автономиясының төрағасы Мұхамеджан Тынышбаев қатысты. Жапония үкіметіне қатысты бұл оқиғасы тәпіштеп отыруымыздың себебі, осы оқиға 1922-1953 жылдардың арасындағы қазақ зиялыларына «Жапон милитаристік мемлекетінің шпионы» - деген айып тағуға мүмкіндік бергендігінде. Сөйтсе: «содан кейін екі жылдан соң (1920) астрахандық зиялы қазақ Мұхамеджан Тұңғашиннің қағаздарымен қоса жоғарыдағы 12 пунктен тұратын біз қабылдаған құжаттың және «Алашаорда» үкіметінің құжаттары кеңес өкіметінің қолына түсіпті, олар біздің ұлттық күресімізді ресейдің ішкі мәселесі ретінде қарастыруымызды қолдапты. Кеңес саяси қайраткерлері де сол патша тұсындағылардай орыс ұлтшылдар болғанын кейін мен Чичериннің аузынан естідім» - дейді (249 бет). З.Валидов
Бұл дерек «Алашорда ісі» кезінде тергеу айналымына түсе қоймаған. Алайда отызыншы жылдан бастап «жапон шпионы» деген айып үкімі кәдімгі қатардағы қолданыстағы көп тіркестің біреуі ғана болып қалды. Содай-ақ «Алашорданың» «Жапония үлгісіндегі ұлттық салт-дәстүрге, ғылымға сүйенген ұлттық демократиялық республика» құру туралы мақсаты да ол үкімді» заңдастыруға, «жапонияның шпиондары» қаптап кетуіне түрткі салды. Тарих үшін бұл да құжаттық мәні бар оқиға. Ал мұндай кездейсоқтықтардың кесіріне ұшырағандар қаншама.
[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[[
Достарыңызбен бөлісу: |