Дипломдық жұмыс 1945-1980 ж ж. Жапонияның экономикалық дамуы.ң Орындаған: тарих факультетінің



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі430.5 Kb.
түріДиплом
  1   2   3   4


ҚазаҚстан РеспубликасыныҢ білім жӘне Ғылым министрлігі

Қ.ЖҰбанов атындаҒы АҚтӨбе мемлекеттік университеті.

Тарих факультеті

Жалпы тарих кафедрасы.



Дипломдық жұмыс


« 1945-1980 ж.ж. Жапонияның

экономикалық дамуы.ң
Орындаған: тарих факультетінің

402 топтың студенті

Есетов Н.Е.

Ғылыми жетекші:

т.ғ.к., доцент Жұбатқанов К.Ж.




Қорғауға рұқсат Рецензенттер:

берілген т.ғ.к., доцент Жұбатқанов К.Ж.,

Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Мұхтарова Г.Д.

_______ Перевезенцев А.Л.

«__ң _______________ 2001 г.


Ақтөбе 2001.
МазмҰны

Кіріспе. 3


І тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапон елі.


    1. Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет елдер саясаты. 11

    2. 1950-1970 ж.ж. экономикалық даму процестері. 21

ІІ тарау. 1970-1980 ж.ж. Жапон экономикасы.




    1. Жапонияның шет елдермен экономикалық қарым-

қатынасы. 32

    1. Ұлттық экономиканы дамыту. 40

Қорытынды. 51


Сілтемелер тізімі. 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 63

Кіріспе.
Қоғамның дамуына өз үлесін, өз тәжірбиесін қалдыратын әр елдің өзіндік ерекшелігі бар.

Азиялық құрылғындағы алдыңғы қатарлы өнеркәсібі, дамыған капиталистік мемлекет болып қалыптасқан, Жапония, өткен ХХ ғасыр бөліп бүкіл әлемнің кең бұқарасы мен әлеуметтік-экономикалық ғылымының мамандарын да қызықтырып отырды. Бұл елге қызығушылық оның 1945 жылғы соғыстан күйреуінен кейін тақыр жерден бастап екі он жылдық ішінде Ішкі ұлттық өнімнің (ІҰӨ) мөлшері бойынша капиталистік әлемде екінші орында, сыртқы сауда көлемі бойынша үшінші орын және тағы да басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орындарды алғаннан кейін қатты күшейді1. Жапонияға бүкіл әлемнің қызығушылығы да едәуір зор болды. екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның тез өнеркәсіптік өсуі, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аудартты.

Соған қарамастан бұл елге қызығушылығы сөнбей керісінше, біздің өміріміздің барлық салаларындағы революциялық қайта құру заманда немесе нарықты экономика мен өтпелі кезең деген ауқымды түсініктер заманында өсуде. Адамзат іскерлігінің барлық салаларындағы әлемдік тәжірбиеге сүйеніп, көңерген стереотиптер мен догмаларды артта қалдырып, қазіргі уақытта Жапон экономикалық тәжірибесі көңілді үңіле қызықтырып, оған сынмен қарау ұмытылысын туғызып оны елімізде өзіміздің жағдайымызға сай мүмкіндігімізше пайдалану мүмкіндігі және жоғары айтылғаны тақырыптың өзектілігін құрайды.

Жұмыстың зерттеу объектісі болып Жапонияның 1945-1980 –ші ж.ж. аралығындағы экономикалық дамуы болып табылады.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі 1945-1980- ші ж.ж. қамтиды. Бұл тарихи кезеңді алудың себебі, біріншіден, бізде бар көптеген еңбектер, монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинақтары т.б. Жапонияның экономикалық даму тарихының негізінен осы кезеңге арналған. Екіншіден бұл мерзімдік алғы 1990- шы ж.ж. қамтуына мүмкіндік болмайды. Себебі біздің жағдайымыз да қажетті тікелей ғана емес жанама әдебиеттердің де болмауы болып табылады.

Сонымен қатар осы уақытта Жапон экономикасында ең басты, негізгі өзгерістер болды. Жапония соғыста күйреген экономикасын тек қалпына келтіріп тұрақтандырып ғана қоймай, оны экономикалық өсу қарқыны бойынша алдыңғы орындарға шығарып, күшті капиталистік державаға да айналдырды.



Мәселенің зерттеу деңгейі. Жапон елінің экономикалық дамудың себептерін түсіндіру ұмтылысы Жапонияның өзінде де, басқа елдерде де жарыққа шыққан көптеген еңбектер мен монографияларды жазуға итермелейді. Жапонияға бүкіл әлемнің қызығушылығы күн шығыс елінің әсерлі жетістіктері, әсіресе экономикадағы жетістіктер, бәріне белгілі және өзіне үңіле көңілін аударып таң қалу мен мәз-мейрам, қызғаныш пен қауіп аралас сезім туғызуымен түсіндіріледі. Шынында да соғыстан қатты күйреуге ұшыраған Жапония бірнеше он жылдың ішінде соғыс күйреуінен ғана емес сонымен қатар өнеркәсіптің және ғылым мен техниканың көптеген салаларында лидер болып алдыңғы қатарлы экономикалық державаға қалайша айналды?

Егер кеңестік ғалымдардың Жапонияның экономикалық дамуы жөнінде еңбектерін алып қарайтын болсақ, олар өз еңбектерінде бұл елдің жалпы экономикалық дамуының берілген 1945 –1980- ші ж.ж. аралығындағы кезенді толық көп қарастырылмаған.

Мысал ретінде белгілі зерттеуші – шығыстанушылар Латышев И.А., Рамзес В.Б., Овчинников В.В. т.б. әр-түрлі кезеңді қамтыған Жапон экономикасының әр мәселелерін қараған. Осылардың ішінде толық экономикалық дамуына арналған «Экономика современной Японииң атты М.И. Лукьянованың мақалалар жинағы (М., 1974 ж), Вербицкий С.И. мен Попов Д.В. құрастырған «История Япони 1945-1975 г.гң. (М., 1978 ж) атты еңбектері бар.

Осы аталған еңбектердің ішінде Вербицкий С.И. мен Попов В.А.-ның еңбегі. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның тарихын, соның ішінде экономикалық даму тарихын кең, жан-жақты ашып көрсеткен. Бұл еңбекте соғыстан кейінгі елде жүргізілген экономикалық реформалар, олардың нәтижесі Жапон үкіметі және АҚШ – тың экономикалық саясаттары кеңінен айтылады. Сонымен қатар 1950-1960-шы жылдары өзіндік даму жолына түскен Жапонияның экономикалық жағдайы көрсетілген.

Лукьянова В.И. мен Власова В.А. –ның «Экономика современной Японииң (М., Наука. 1974 ж) атты мақалалар жинағында Жапонияның экономикалық өмірі мен оның сыртқы экономикалық байланыстарына арналған кеңестік жапония тану еңбектерінде өз зерттелген және бір қатар өзекті мәселелер бастырылады. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы монополистік Мицубиси тобы туралы, ғылыми-техникалық революция жағдайындағы Жапонияның жұмысшысы күш нарығыныңмәселелері жарияланып, өндіріс орындардың табысы мен техникалық дәрежесін көтеруіне арналған монополиялардың өндірісті басқаруды ұйымдастырудың жаңа әдістерін пайдалану және ғылыми зерттеулердің маңызы көрсетіліп, сонымен қатар ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттің қаржы саясаты туралы мақалалар жарияланды. Одан басқа Жапонияның сыртқы экономикалық байланыстары, соның ішінде капиталдық импорты мен экспортындағы жаңа құбылыстар және Жапонияның АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасы қаралды.

Ал Петров Я.А., Петров Д.В., т.б. ғалымдардың ұжымымен жазылған «Экономика и политика стран современного капитализмаң сериясының « Японияң (М.: Мысль. 1973 г) атты еңбегінде Жапонияның 1960-шы жылдардың аяғына дейін экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қалыптастырған технико-экономикалық және саяси әлеуметтік факторлар және осы өсудің негізінде туындаған жаңа антагонистік қарама-қайшылықтар қаралды. Авторлар ұжымы қарастырған барлық мәселелер ішінде, оларды жан-жақты талдап экономикаға байланысты бірқатар маңызды мәселелерді көрсеткен.

Одинцов А.А.-ның «Торговые монополии в Японииң (М.:Наука. 1982 г) кітабында кеңестік экономикалық еңбектерде өз зерттелген қазіргі заманғы мемлекеттік-монополистік капитализм жағдайын да сауданы монополияндыру мәселесі қаралған. Сауда монополиялардың қаржы экономикалық дамудың дәрежесі және тенденциялары олардың қаржы топтар құрылымындағы ролі мен орны т.б. мәселелер көрсетілген. Ерекше көңіл сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы сауда монополиялардың іскерлігінің орнын, ролін, түрі мен әдісін талдауына бөлінді. Соңғы жылдары батыс елдерінде Жапонияның өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық дамуын жан-жақты баяндайтын көптеген алуан түрлібасылымдар шығарылды. Соның ішінде бір қатар батстың авторлары Жапония алдында тұрған күрделі мәселелерді талдаудың орнына, белгілі бір Жапондық ерекшелігіне көптеген маңыз аударды. Әрине өнеркәсіптік дамудың Жапондық моделінің көптеген маңызды аспектілерін толық шындыққа жатпайтын боямалы түрде келтірілген. Бұндай «жарнамалықң әдіс Жапондық өнеркәсібінің, экономика мен жалпы қоғамның дамуының заңдылығын белгілейтін, күрделі және қарма-қайшы процестер мен факторлардың объективті талдауына мүкіндік бермеді.

Сонымен қоса қарасытрылатын кезіндегі Жапонияның экономикалық дамуы жөнінде орыс тіліне аударылған кейбір жапон зерттеуші-ғалымдарының еңбектері де бар. Атап кететін болсақ олар Масанори Моритани «Современная технология и экономическое развитие Япониң (М.: Экономика. 1986 г.) Исикова Каору «Япония методы управления качествомң (М.: Экономика 1988г) Хироси ОКумура «Корпоративный капитализм в Японииң (М.: Мысль 1986 г) және Акиро Морита «Сделано в Японииң (М.: Порогресс. 1990)

М. Моританидің еңбегі Жапонияның жаңашыл технологияларды және құруда мен өнеркәсіпте және әлемдік ғылыми-тезникалық прогресстің жетістіктерін пайдалануда Жапон елінің позициясын талдауына арналды. Ерекше көңілді жаңа өнім игерудегі бақталастықтың роліне, тұтыну сұранысына бағытталуына, сапаны толық бақылауын ұйымдастыруына, жалдау мен еңбектің төлем ақы жүйелеріне, корпорациялардың жұмыстарымен салыстырмалытүрде ашылды. Және де бұл еңбек жұмыстың негізгі дерегі ретінде пайдаланылады.

Канамори Хисако мен Дзюн Ваданың еңбегінде Жапон экономикасын ұлттандыру процесіне терең, жан-жақты талдау берілді. Авторлар қазіргі заманғы жалпы әлемдік нарықтық экономикасының жағдайына және Жапонияның ролі маңызды болған салаларына (сыртқы сауда, инвестициялық іскерлік т.б.) жан-жақты қарастырды. Еңбекте сонымен қатар Жапон эконгомикасын көрсететін бір -қатар кең көрсеткіштер келтірілді.

Жапонияның монополистік капитализм мәселелері бойынша өзінің еңбектермен әйгілі болған және Жапон-Кеңестік экономист-ғалымдар ассоциациясының мүшесі де болып табылатын Хисао Окумура өз еңбегінде Жапонияны басқаратын кім? Корпорациялар капиталы кімнің қолында және оны кім жұмсайды? Жапон экономиасының корпаративтік құрылымы оның эффективтілігіне, халықаралық позицияларына ықпалы осы және тағы басқа мәселелерді қарастырды. Бұнда жанашыл уникалды фактілі материалдар пайдаланылды.

Исикова Каорудың еңбегі соңғы кезде шетелде басылып шыққан өнімінің сапасын басқару саласындағы фундаменталды, жұмыстардың бірі болып табылады. Кітаптың авторы – Токиодағы Мусаси технологиялық институтының президенті Исикова К. негізгі көңілін, нәтижесінде еңбектің жоғарғы өнімділігі мен төмен шығындарынан өнімнің жоғарғы сапасы болып табылатын жапон корпарациялардың стратегиясының ерекше белгілеріне және қабылданған өндірісті ұйымдастыру жүйесіне негізгі көңілін бөлді.

Сонымен айтып кететіні керек, өткен ХХ-ші ғасырда да осы кезде де бірден бір қазақтың тарихшысы Жапонияның экономикалық дамуы туралы ғана емес, жалпы Азия мен Африка және Европа мен Америка елдеріне қатысты арнайы еңбек, монография жазып, жарыққа шығарып көрген емес. Сондықтан Қазақстан Республикасында шет елдер тарихының тарихнамасы ғылыми пән ретінде қатты дамып тарлмағандықтан Қазақстан зерттеуші ғалымдарының жаңашыл пікірлері белгілі дәрежеде ғылыми дәлелденбеген. Ал, Кеңестік тарихнаманың оған қосқан үлесі зор болды. Бірақта олар егер бастапқы кезде топтық-партиялық методологиясы негізінде жазылса кейін әсіресе 1980-шы жылдары екінші жартысынан бастап бұл методология жойылды.

Соғыстан кейінгі Жапонияның экономикалық дамуы жөнінде жоғары аталған көптегенСоғыстан кейінгі Жапонияның экономикалық дамуы жөнінде жоғары да атлған көптеген кеңестік еңбектерде жазылып шыққан және осы зерттеулердің алдын да қойған мақсат – міндеттері де әртүрлі болды. Берілген тақырыпты зерттеудің алдына қойған мақсаты Жапонияның Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін 1980-шы ж.ж. аяғына дейін экономикалық дамудың ерекшеліктерін зерттеп, терңірек ашып көрсету және экономикалық дамуының мәнін түсініп оның жоғарғы дәрежеге келу жолын білу болып табылады. Осыдан шыға отырып қойлған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді ашу арқылы мүмкін болды:



  • Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1970-ші жылға дейін елдің шаруашылығын қалпына келтіру мен шет елдер саясаты және жалпы экономикалық даму процестерін ашу.

  • 1970-1980-ші жылдар аралығындағы Жапонияның шет елдермен экономикалық қарым-қатынасы және ұлттық экономиканы дамытуын көрсету.

  • Басында айтылып кеткендей әлемде экономикалық дамуы бойынша лидер болып қалыптасқан Жапонияның тәжірибесін, еліміздің экономикасында пайдалану мүмкіндігі туралы түсіндіріп беру.

Берілген тақырыптың мәлеметтерінің ғылыми-тәжірбиелік құндылығы бар. Олардың кейбіреулері Жапонияның қазіргі заман тарихын әсіресе қазіргі замандағы экономикалық тарихын оқып білуде және оқыту мәліметі ретінде пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Жапонияның экономикалық дамуын объективті және субъективті жағынан зерттеу әрекеті жасалынып, бұрын тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда жалпы тарих пәні бойынша көлемді еңбек ретінде зерттелініп көрмеген және осы зерттеулердің бастамасы бола алатын 1945-1980 –ші жылдар аралығында кезеңдегі Жапонияның экономикалық даму ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Сонымен қоса Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға көшу жағдайында Жапон тәжірбиесін пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мәселелерінің бірі – “1950-1960-ші жылдары Жапонияның экономикалық дамуы” факультетің студенттік ғылыми конференциясында (2001 ж. көкек айы) сыннан өтілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы қойылған мақсат – міндеттерінен шыға отырып кіріспеден, бірнеше бөлімнен тұратын екі тарудан, қорытындыдан, сілтемелер тізімі мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен құрылды.

Бірінші тарауда. Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет елдер саясаты мен, 1950 – 1970-ші жылдары экономикалық даму процестері атты бөлімдерден құрылады.

Екінші тарауда “Жапонияның шет елдермен экономикалық қарым-қатынасы” және “Ұлттық экономиканы дамыту” деген екі бөлімнен тұрады.


  1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
    2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
    2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
    2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
    2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
    2013 -> Шымкент институты
    2013 -> Информационные материалы
    2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет