Қ. Сартқожаұлы
Байырғы түрік бітіг (руна) жазуының дыбыс үндесімі
Байырғы түрік жазба тілінің фонетикалық жүйесі мен (Орхон, Енисей, Шығыс Түркістан мәтіндері) жазу үлгісінің мәселесіне байланысты түрколог ғалымдар зерттеулері бүгінгі күнге дейін толық бір арнаға түсе қойған жоқ.
Беделді зерттеушілер А.Н. Кононов [1.23], В.А. Лившиц [2.90-98], Г.Клосон [3. 52, 71] байырғы түрік бітіг соғды алфавитінің негізінде пайда болған дей отырып, фонемограммалық (алфавиттік) жазу екенін мойындайды.
Ал В.Г.Гузев, С.Г.Кляшторныйлар қандай бір семит алфавитін шебер өзгертіп пайдаланған дей отырып, әліпби буындық жүйеге (силлабограмма) негізделген деген ұсыныс айтады [4.59; 5.70]. А.Аврутина шығу тегі жағынан екінші топтың пікірін қолдай отырып әліпби жүйесін «словесно-слогово-буквенную (сигнофонографический)» деп қорытындылайды [6.84, 95].
Жатжұрттық бұл зерттеушілер түркі тілінің табиғи ерекшелігін, табиғи заңдылығын жақсы түсіне бермегендіктен жоғарыдағыдай қорытынды жасаған.
А. Байтұрсынов фонемографиясына ғылыми анализ жасаған түрколог-фонетист М.Жүсіпов түркі тілінің дыбыс үндесім тіл екенін анықтап тұңғыш рет «дыбыс үндесім» (сингармофонем) деген атау енгізіп келді [7.11-19]. Кейін 2005 жылы белгілі фонетист Ә. Жүнісбек осы дыбыс үндесім теориясын байытып байырғы түрік жазба тілінің фонологиялық моделін жасады [8.120-125].
Біз осы мақаламызда жоғарыдағы еңбектерге сүйене отырып байырғы түрік бітіг фонетикасының дыбыс үндесім ерекшеліктеріне сараптама жасауға әрекеттендік.
Байырғы түрік бітіг дыбыс үндесім жазуы болғандықтан оның тілі де үндесім тіл. Буын не сөз құрамындағы дыбыстардың (дауыстылардың да, дауыссыздардың да) бір әуезбен айтылуын үндесім құбылысы дейді. Ал дыбыстарды (дауыстыларды да, дауыссыздарды да) буын не сөзге біріктіріп тұратын фонологиялық құрсауды (просодиканы) үндесім заңы дейді. Бұл заңдылық бойынша байырғы түрік бітіг жазба тілінің үндесім құбылысын анықтау үшін алдымен буынның дыбыс құрамын анықтау жөн. "Түрік тілдеріндегі кез келген буын үш құрақтан тұрады: дауысты құрақ – V (vokal), дауыссыз құрақ – С (consonant), буын құрақ – CV (consonant + vokal). Дауысты құрақ буынның тек басында, дауыссыз құрақ буынның тек соңында тұрады, ал буын құрақтың өзі буын болып табылады. Сондықтан ол барлық уақытта буынның басы болады" – дейді байырғы түрік жазба тілінің фонологиялық моделін жасаған белгілі фонетик ғалым Ә.Жүнісбек.
Олай болса осы теорияны пайдаланып байырғы түрік жазба тілінің үндесім дауыстылары мен үндесім дауыссыздарының фонологиялық сипатын алып қарастыруға жол ашылады. Байырғы түрік бітіг әліпбиінде дыбысты таңбалаған материалдық белгісі, идеалық белгісі берілген. Өйткені әр таңбаның ерекшелігінің өзі осы заңдылыққа бағынады.
Біздің жасаған анализіміз бойынша V, C, CV құрақтар мәні жағынан сөздің негізгі тірегі. Сондықтан бұл үшеуі тірек құрақ деп атау дұрыс сияқты. Бұл құрақ ары қарай мағына бермейді. Немесе өзіндік мағына сақтамайды. Тереңдеп ашалап анализ жасаса, тек қана аллофон болатын құрақ. Орны тек қана құрақтың басында ғана болады. Болмыс, оның қасиетін, сипатын, қозғалысын білдірмейді. Лексикалық мағына бермейтін бірлік. Олай болса байырғы түрік тілінің бұл тірек құрағы жалғау алу арқылы түбір сөз құрайтын, одан туынды сөз немесе туынды түбір тудыратын сөздің алғашқы ең тұрақты бірлігі. Сандық қатынас жағынан морфемнен көп, түбірден аз болатын бірлік.
Байырғы түрік жазба тілінің құрағын тірек құрақ, қосымша құрақ деп бөліп қарастыруға да болады.
Тірек құрақтарды өз ішінен дауысты құрақ – V (vokal), дауыссыз құрақ – C (consonant), буын құрақ – CV (consonant + vokal) деп бөліп қарастырады [8.124].
І. Тірек құрақтар
1. V (vokal)-дан тұратын құрақтар. Жуан: а – , у (ы) – , о – , u (ұ) – ; жіңішке: е – , i – , ö – , u –.
1.1 Жуан үндесім құрақтар
1.1.1 "A" тірек құрақ. -b, -č, -d, -ɣ, -l, -j, -n, -m, -ŋ, -p, -q, -r, -s, -š, -t дауыссыздардан басталған қосымша құрақтар жалғанады.
ab "аң, ау (жер абтар-ау)" КЧ.І.9
aba "әже" (МК.5512)
abla "аула" КЧ.І.9
ač "аш" (БК.38; КТ.IV.8; Е.41)
ačyɣ "ашты". Ačyɣ altyr köl = Тұзды Алтыр көл (МШУ.ІІ.8)
ad "кедейшілік, зобалаң, бақытсыздық" (ТТ.20)
adaq "аяқ" (БК.І.7, 30; КТ.І.34)
adaš "дос" (Е.11)
adyn "басқа" (КТ.ІІІ.12)
adɣyr "айғыр" (КТ.І.36)
adynčyɣ "шебер" (КТ.IV.12; БК.І.14)
adryl "айырыл" (Тұй.2; О.ІІІ.3)
aɣ "көтерілу, өрмелеу" (БК.І.37; Тұй.25)
aɣy "нефрит, асыл тас" (О.ІІ.14)
aɣyr "ауыр" (БК.ІІІ.15)
aɣyla "шылау" (Е.28)
aɣu "Ағу – жер атауы" (БК.34)
al "ал" (Е.11)
ala "ала" (Е.30; МК.5316)
alaču "кіші орда" (БК.І.1)
aly "алып кету" (ХТ.VІІ)
alyɣ "иелену, иемдену" (Е.11)
alp "алып" (ХТ.IV.1)
alqyn "алқыну, шаршау, тозу" (КТ.IV.9; Тұй.3)
alqa "алқау" (КТ.ІІІ.12)
altun "алтын" (КТ.І.39; IV.5; Тұй.20,31,35)
alty "алты" (КЧ.22; МШУ.IV.43)
aj "ай" (КТ.І.39; МШУ.І.9; О.ІІ.4)
aj "айту" (Тұй.10,21,29,31; МШУ.ІІ.14)
ajyl "ауыл" (Е.48)
ajɣučy "кеңесші" (Тұй.29,49)
ana "ана" (Е.41)
anar "Анар" (кісі есімі) (Е.40)
Any "Аны" (өзен атауы) (Тұй.24,27)
anča "қаншама" (КТ.IV.5,7; І.3,9,11)
ančula "сыйлау, марапаттау" (МШУ.ІІІ.26)
andaɣ "солай, сөйтіп" (Е.29)
anda/anta/onda "сөйтіп, содан кейін" (О.І.5,6,8; МШУ.І.2,3)
amɣy "Алғы қорған" (қалашық атауы) (КТ.ІІ.8)
amty "нағыз, қазіргі" (КТ.IV.3,11)
aŋ "аңдау, ұғым" (Тұй.34)
aŋar "оған" (Тұй.20,24; КТ.IV.11)
aŋyr "мүсін" (КТ.IV.12; БК.ІІ.14)
aŋyz "егіс аңызы" (Е.48)
aŋau "түйсік, ұғыну" (КТ.IV.3)
ара "аға" Аратархан (Тұй.34)
араm "ата-баба" (Раш. Хад.1)
араr "Апар" (тайпа, ел атауы) (КТ.І.4)
aq "ақ" (КТ.І.36,40,45,46; Тұй.25)
aqun "ағын, шабуыл" (Е.2)
ar "елігу, алдану" (КТ.IV.5)
ara "арасы" (Тұй.ІІ.ІІІ.4; О:5)
ary "азып кету, шаршау" (Тұй.10)
aryq "арық" (КТ.І.36)
arqyš "кіре, керуен" (БК.І.25,41; КТ.IV.8)
aryɣ "таза, пәк" (Тұй.37)
as "ас, тағам" (Е.32)
as "асып қою, ілу" (Тұй.26)
asra "төменде" (КТ.І.1; БК.ІІ.10; Е.22
asyɣ "пайда" (Тұй.9; МК.ІІІ.13; QBN.254)
aša "асу, асып өту" (КТ.І.17; БК.І.27)
ašyɣ "аш болу" (Тұй.8)
ašru "арқасына" (КТ.ІІ.2)
ašsyz "ассыз" (КТ.І.26; БК.І.21)
at "ат" (Тұй.18; КЧ.І.3; КТ.І.37)
atyn "атын" (Тұй.25; КТ.І.40)
aty "аты" (КТ.І.39)
āt "есім, ат" (БК.І.41; КТ.І.31)
ata "ата, дін басы" (Суджи. 1)
aty "аталас, туыс" (КТ.IV.13)
az "аз" (КТ.IV.10; Тұй.43)
az "тайпа атауы" (КТ.38)
azu "және, немесе" (КТ.IV.10)
azuq "азық" (КТ.29)
azča "азғантай" (Тұй.8)
azyɣ "азық" (КЧ.ІІІ.6)
azqyna "аз ғана" (КТ.І.34)
azma "азушы болма" (О.3; КТ.IV.5)
1.1.2 "у (ы)" тірек құрақ. Бұған -č, -ɣ, -d, -n, -r, -š, -t дауыссыздардан басталған қосымша құрақтар жалғанған.
y "өсімдік, шөп, орман" (Маn.І.1411; МШУ.22)
y yɣač "әр түрлі өсімдік" (Маn.І.93)
y bar baš "орманды бар бас ≈ орманды жота" (Тұй.26)
yčɣyn "ышқын, қысылу, жанталасу" (КТ.І.6)
yd "ытқыту, жіберу" (БК.І.7; Тұй.2,9)
yduq "киелі" (КТ.І.23,41; Тұй.38; МШУ.28)
ydyqut "басмыл көсемінің атағы" (БК.І.25)
yɣač "ағаш" (Тұй.25)
yɣar "ығыр, ығыр болған" (КТ.І.29)
ynanču "сенімді, адал" (КТ.53; ХТ.VII.1)
ynča "сонша" (БК.І.41)
yraq "жырақ" (КТ.IV.5)
yšbara "атақ атауы" (КТ.І.33)
yty "жібер" (КТ.IV.12)
yttym "жібердім" (Тұй.33)
"O" тірек құрақ. Бұған -b, -d, -ɣ, -q, -j, -l, -n, -ŋ, -p, -r, -t, -z дауыссыздардан басталған қосымша құрақтар жалғанған.
o (olar) "ол, олар" (Suv.61213)
obut (?) "ұят" (Тұй.37)
oduɣ "есті, парасатты" (КВ.ІІ.42)
oɣul, oɣlan "ұл, ұрпақ" (KT.IV.1; КТ.24,52)
oɣuš "иелік (вассал)" (КТ.ІІ.6; КТ.IV.1)
oɣuz "тайпа атауы" (КТ.І.14; Тұй.9)
oq "оқ" (МШУ.11; БК.ІV.15)
oj "ой, сана" (Малов. 1951.с.403)
ol "oл" (Тұй.3; КТ.IV.3; МШУ.18)
olur "отыр" (МШУ.2,3,4; БК.ІV.13)
on "он" (КТ.IV.12; Тұй.19; МШУ.11)
oŋ "оң жақ" (БК.І.25)
opla "опыра" (КЧ.10)
ordu "орда" (КТ.48,49; МШУ.20)
ortu "ортасы" (КТ.IV.2)
orqun "Орхон" (жер атауы) (МШУ.3,34)
ot (oot) "от" (БК.41; КТ.І.27,37)
otuz "отыз" (МШУ.4; БК.І.26; КТ.4,14)
oza "оза, алға шығып" (КТ.ІІ.7)
ozdy "озды" (БК.І.28)
1.1.4 "u" тірек құрақ. Бұған -b, -č, -d, -j, -l, -q, -n, -m, -t, -s, -z дауыссыздардан басталған қосымша құрақ жалғанған.
u "түс" (БК.І.27)
ubut "ұят" (Тұй.37)
uč "ұшы, қанаты" (Тұй.40)
uč "ұшу, жоқ болу, өлу" (БК.ІІ.10; КТ.ІІІ.16)
učuz "жеңіл-желпі, арзан" (Тұй.13)
ud "сиыр" (Suv.4)
uda "ізіне түсу" (КТ.35,37; МШУ.14,15)
udy "ізімен жүру" (МШУ.16)
udluq "санына, сауырына" (КТ.І.36)
ujur "ұюу, құрметтеу" (Талас.2)
ujɣur "хандық және бірліестік атауы" (МШУ.І.4)
ula "ұйысу, байлау, біріктіру" (КТ.ІV.1; ХТ.24)
uq "ұғу, түсіну" (БК.І.28; Тұй.6)
umaj "Ұмай-ана" (КТ.31; Тұй.38)
unuq "сүйкімді, кішкентай" (БК.ІІІ.15)
ur "ұр" (КЧ.21)
ury oɣul "ұл ұрпақ, еркек кіндікті" (МШУ.42)
us "су" (Тұй.19)
usyn buntatu "су толқыны" (Тұй.19)
utru "қарсы, ұтылап" (МШУ.27)
uz "құтқару" (БК.28)
uzun "ұзын" (Тұй.52)
1.2 Жіңішке үндесім құрақтар
1.2.1 "e" тірек құрақ. Бұған -b, -g, -č, -d, -z, -k, -l, -m, -n, -ŋ, -r, -t, -s, -š дауыссыз дыбыстардан басталған қосымша құрақтар жалғанған.
e "болу, бар болу" (Талас.ІІІ)
eb "алқа-қотан (стан=курень)" (МШУ.14,24; Оа.2)
eble "үйлену" (Талас.2)
eč "аға, баба" (КТ.ІV.5)
eče "аға" (КТ.ІV.5)
ečü apa "бабалар" (Оа.І, КТ.ІV.1,7)
eg "егу" (КВ.ІІ.46; QBN.26)
egir "иіру, қоршап қамау" (БК.І.31)
ediz "едіз" (тайпа атауы) (КТ.45)
ed "зат" (Талас.VІ)
edi/idi "ие"
ezi/idi "ие"
edgü "жақсы, қадірлі" (KT.IV.6)
ezgentü "Езгенті" (жер атауы) (КТ.47)
eke "әпке, апа, апа-сіңілі" (Е.12; ГК.4)
eki "екі" (КЧ.26; ИА.1(4); БК.ІІ.1)
el "ел" (КТ.І.4,13,15,23,29; БК.І.34)
elt "ілестіру, әкету, жетектеу" (Тұй.32; КТ.І.25)
em "қазір" (Талас.VІІ)
emgek "еңбек, зобалаң" (КТ.19)
enč qada "Енг-Қада (адам есімі)" (ЮР.2)
eŋ "ең" (КТ.І.32; КВ.ІІ.53)
er "ер, еркек" (КТ.І.11; О.ІІ.6; ХТ.ІІ.V)
erdem "білім, біліктілік" (КЧ.4; МШУ.13)
ertis "Ертіс (өзен)" (БК.І.25,27)
es "дос, жолдас" (Тұй.48)
esid "есті" (БК.ІІІ.11)
etil "Еділ (өзен)"
etmis "еткен, істеген"
eš "дос, жолдас"
esrük "есрік, қарсы" (Е.292; МК.ІІ.289)
1.2.2 "j" тірек құрақ. Бұған -b, -č, -g, -d, -z, -k, -l, -n, -r, -s, -š, -t дауыссыздардан басталған қосымша құрақтар жалғанған.
ibir "айналу" (Тал.2)
ič "іш, ішкі" (Тұй.13; КТ.І.12)
ičre "ішке, ішке қарай" (КТ.26)
ičreki "ішкі, орталық" (КТ.ІV.2; Теркін.ІІ.1)
idi "ие, қожайын" (КТ.ІV.4; КТ.І.19; Е.20)
idgülig "ізгілік" (МШУ.34)
igig "игі ету" (КТ.ІІІ.10; БК.І.35; Е.19,35)
igit "көтеру, марапаттау" (КЧ.25; КТ.І.29)
iki "екі" (КТ.ІІ.3; КЧ.26; ИА.1(4); БК.ІІ.1)
izgil "ізгіл (тайпа атауы)" (КТ.43,44)
il "ел, тайпа" (КТ.І.25; ІІІ.4,8,10)
ilgern "ілгері" (КТ.І.2,8,12,17,18; БК.ІІ.2)
ineli qaɣan "Інелі қаған" (Тұй.31,45)
inče "солай, солайша" (КТ.ІІІ.8)
ingek "сиыр" (Тұй.15)
irkin "іркін (лауазым, атақ)" (БК.ІІІ.14)
ir "келу, ізіне түсу" (МШУ.8)
is "іс, еңбек" (КТ.І.8; Тұй.52)
isig "ішімдік" (КТ.ІV.5)
istemi "Істемі (адам есімі)" (КТ.І.1)
išgerü "ішкері" (БК.ІІ.11)
it "істе, жұмыс істеу" (КТ.І.39; БК.ІІ.9)
itin "жинау" (КТ.І.10)
1.2.3 "ö" тірек құрақ. Бұған -b, -č, -g, -k, -l, -n, -ŋ, -m, -p, -r, -t, -z, -j дауыссыздардан басталған қосымша құрақтар жалғанған.
ö "ойлану, пайымдау" (КТ.ІV.8; БК.ІІ.4)
öč "өш, өшпенділік" (МК.ІІ.103)
öd "уақыт, мезгіл" (БК.ІІ.34,29)
ödkele "өкпелеу" (Ths.ІІ.90)
ög "шеше, ана" (КТ.ІІІ; Ths.53,90)
ög "мақтау, марапаттау" (Е.25,31; БК.ІІ.10)
ögles "сөйлесу" (БК.І.45, ІІІ.15)
ökün "өкін" (БК.І.38; КТ.І.23)
öl "өл, өлу" (КТ.ІІІ.6,7; БК.ІІ.5,6)
ölüg "өлік" (КТ.ІІ.9)
ön "өну" (КЧ.19)
öŋ "өңі, оң беті, алдыңғы жағы" (Тұй.І.8,15,29)
öŋre "өңір, бұрынғы, алдынғы" (КТ.І.4; Тұй.7)
öp "өбу, сүб" (QBN.31; МК.І.163)
örüg "хан сарайы" (МШУ.20,21)
örpen "Өркен (жер атауы)" (БК.І.26)
ötüken "Өтүкен (жер атауы)" (КТ.ІІІ.8)
ötün "өтіну" (Тұй.ІІ.3,7,8)
özi "өзі" (КТ.І.3,20,30; БК.І.17; КЧ.І.9)
özlükat "өздік аты (бәсіре аты)" (БК.ІІІ.12; ІІ.11)
öjez "үйез=шыбын-шіркей" (МК.І.84)
öm "шалбар" (МК.І.203)
1.2.4 "ü" тірек құрақ. Бұған -b, -č, -g, -d, -j, -k, -l, -n, -r, -s, -z дауыссыздардан басталған қосымша құрақтар жалғанған.
übe "үме (үбе)" (Тал.5)
üč "үш (сан)" (КТ.І.4,18; Тұй.33; КЧ.3)
üčün "үшін" (БК.І.22; Тұй.50)
ügüz "өзен" (МШУ.3,8; БК.І.27)
üg "ой, сана" (Тұй.20; КТ.І.34)
üd/öd "уақыт" (КТ.ІV.1; І.21,40,50)
üdük "түрту, күштеу" (КЧ.28)
üjür "үйір болу, жақындау" (КТ.ІІ.13)
üküs "көп, мол" (Е.3,39; КТ.ІV.7.І.29)
ükül "молайту" (Тұй.32)
üle "бөлу" (КТ.ІV.6,7)
ülüg "үлес (долья)" (КТ.І.29)
ün "үн" (Е.25)
ürük "үрку" (МШУ.ІІІ.31)
üste "үстінде" (БК.І.1)
üz "үзу" (Тұй.13)
üze "жоғарыда" (БК.І.1; Тұй.9)
üzeliksiz "үзіліссіз" (Suv.61415)
2. CV(consonant+vokal)-дан тұратын құрақтар
Кесте 1.
-
№
|
Жуан
|
Жіңішке
|
1
|
ba-
|
by-
|
bo-
|
bu-
|
be-
|
bi-
|
bö-
|
bü-
|
2
|
ča-
|
čy-
|
čo-
|
ču-
|
če-
|
či-
|
čö-
|
čü-
|
3
|
da-
|
dy-
|
do-
|
du-
|
de-
|
di-
|
dö-
|
dü-
|
4
|
ža-
|
žy-
|
žo-
|
žu-
|
že-
|
ži-
|
žö-
|
žü-
|
5
|
ja-
|
jy-
|
jo-
|
ju-
|
je-
|
ji-
|
jö-
|
jü-
|
6
|
na-
|
ny-
|
no-
|
nu-
|
ne-
|
ni-
|
nö-
|
nü-
|
7
|
ma-
|
my-
|
mo-
|
mu-
|
me-
|
mi-
|
mö-
|
mü-
|
8
|
sa-
|
sy-
|
so-
|
su-
|
se-
|
si-
|
sö-
|
sü-
|
9
|
ša-
|
šy-
|
šo-
|
šu-
|
še-
|
ši-
|
šö-
|
šü-
|
10
|
ta-
|
ty-
|
to-
|
tu-
|
te-
|
ti-
|
tö-
|
tü-
|
11
|
qa-
|
qy-
|
qo-
|
qu-
|
qe-
|
qi-
|
qö-
|
qü-
|
12
|
la-
|
ly-
|
lo-
|
lu-
|
le-
|
li-
|
lö-
|
lü-
|
Түсініктеме: Байырғы түрік тілінде z-, ŋ-, ɣ-, g-, p-, r- дыбыстармен басталған құрсау жоқ. Тек қана араб-парсы, тивет, санскрит сөзінен кірген кірме сөздер ғана осы дыбыстармен басталады. Байырғы түрік q, k дыбысының орнына ұйғур жазуында (б.з. ІХ-ХІ ғғ) ɣ, g дыбысы алмастырып белгілеген. Ол сол дәуірдегі ұйғур тілінің жергілікті ерекшелігі болуы мүмкін.
ІІ. Қосымша құрақтар
1. "V" құрылымды жалқы қосымша құрақтар. Жуан: -a, -у (ы), -о, -u (ұ). Жіңішке: -е, -i, -ö, -ü.
2. "C" құрылымды жалқы қосымша құрақтар: -b, -č, -d, -g, -ɣ, -j, -q, -k, -l, -m, -n, -ŋ, -p, -r, -s, -š, -t, -z.
3. "CV" құрылымды буындық құрақтар.
Кесте 2.
-
№
|
Жуан
|
Жіңішке
|
1
|
ba-
|
by-
|
bo-
|
bu-
|
be-
|
bi-
|
bö-
|
bü-
|
2
|
ča-
|
čy-
|
čo-
|
ču-
|
če-
|
či-
|
čö-
|
čü-
|
3
|
da-
|
dy-
|
do-
|
du-
|
de-
|
di-
|
dö-
|
dü-
|
4
|
ja-
|
jy-
|
jo-
|
ju-
|
je-
|
ji-
|
jö-
|
jü-
|
5
|
ža-
|
žy-
|
žo-
|
žu-
|
že-
|
ži-
|
žö-
|
žü-
|
6
|
la-
|
ly-
|
lo-
|
lu-
|
le-
|
li-
|
lö-
|
lü-
|
7
|
na-
|
ny-
|
no-
|
nu-
|
ne-
|
ni-
|
nö-
|
nü-
|
8
|
ma-
|
my-
|
mo-
|
mu-
|
me-
|
mi-
|
mö-
|
mü-
|
9
|
ŋa-
|
ŋy-
|
ŋo-
|
ŋu-
|
ŋe-
|
ŋi-
|
ŋö-
|
ŋü-
|
10
|
pa-
|
py-
|
po-
|
pu-
|
pe-
|
pi-
|
pö-
|
pü-
|
11
|
ra-
|
ry-
|
ro-
|
ru-
|
re-
|
ri-
|
rö-
|
rü-
|
12
|
sa-
|
sy-
|
so-
|
su-
|
se-
|
si-
|
sö-
|
sü-
|
13
|
ša-
|
šy-
|
šo-
|
šu-
|
še-
|
ši-
|
šö-
|
šü-
|
14
|
ta-
|
ty-
|
to-
|
tu-
|
te-
|
ti-
|
tö-
|
tü-
|
15
|
za-
|
zy-
|
zo-
|
zu-
|
ze-
|
zi-
|
zö-
|
zü-
|
16
|
ɣa-
|
ɣy-
|
ɣo-
|
ɣu-
|
ɣe-
|
ɣi-
|
ɣö-
|
ɣü-
|
17
|
qa-
|
qy-
|
qo-
|
qu-
|
qe-
|
qi-
|
qö-
|
qü-
|
Әдебиеттер
-
Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников VІІ-ІХ вв. -Л., 1980.
-
Лившиц В.А. О происхождении древнетюркской рунической письменности // Советская тюркология. -Баку, 1978. -№4.
-
Сlauson G. Тһе оrigin оf the turkish "runіс" аlpһаbet // Асta Оrientalia. Т. ХХХІІ / Сореnһаgen, 1970.
-
Гузев В.Г., Кляшторный С.Г. Проблема происхождения древнетюркской руники в свете общей теории письма (к столетию со дня дешифровки) // Вестник С.-Петербург. ун-та. -1993. Сер. 2. Вып. 4.
-
Гузев В.Г. К вопросу о слоговом характере тюркского руниеского письма // Вопросы языкознания. -1994. -№5.
-
Аврутина А. Фонологическая система языка древнетюркских рунических памятников // Тюркология. -2004. -№1. -С. 84-97.
-
Джусупов М. Фонемография А.Байтурсынова и фонология сингармонизма. -Ташкент, 1995.
-
Жүнісбек Ә. Көне түркі жазуының фонологиялық моделі жайлы // Тіл және қоғам. -Астана, 2005. -№1. -120-125 б.
Резюме
В статье анализируется фонетико-фонологическая структура древнетюркской руники и утверждается положение о том, что основу звуко-буквенной системы древнетюркского языка создают не слогово-буквенные компоненты, а фонеграммы, образующие древнетюркский алфавит. В статье дается конкретный анализ фонопросодий гласных и согласных звуков.
Достарыңызбен бөлісу: |