КЕБМ «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙІ»
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Дәрігер»
4 – сынып
Өткізген: Қожабекова М.
Астана 2011
Уақыты: 29.11.2011 жыл
Сыныбы: 4 «А»
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Дәрігер
Мақсаты:
1. Білімдік мақсаты: Оқушыларға мамандықтар
туралы мәлімет бере отырып, етістіктерді дұрыс қоюды,
сөйлем құрауды, сұрақ қойып, сұраққа жауап бере алуды
үйрету, дағдыландыру
2. Дамытушылық мақсаты: Қазақша ойлауын,сөйлеуін, жазуын дамыту, жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын молайтып өз ойларын еркін жеткізуге итермелеу;
3. Тәрбиелік мақсаты: Мамандықтың барлық түрлерін қадірлеп, дәрігер мамандығының ерекшелігіне тоқтала отырып, денсаулықтарын қазірден бастап сауқтауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың тәсілі: Сұрақ – жауап, ой тастау
Сабақтың пәнаралақ байланысы: орыс тілі
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, кластер, біләм себеті, магнитафон
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру, көңіл – күй көтеру
2. Үй жұмысын тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Қорыту
5. Үйге тапсырма, еңбектерін бағалау
Үй жұмысын тексеру: «Асханада» мәтінін мазмұндау, мазмұндау барысында тақтадан
асхана суреттерін көрсету:
Жаңа сабақ: Жаңа сабақтың тақырыбын ашпас бұрын мамандықтарды қайталап шығамыз, слайд арқылы балалар сөйлейді.
Мынау кім? Ол не істейді? Сұрақтарға жауап беріп болған соң
Орыс тіліндегі мамандықтарды жасайтын – тель, ник, ист – қазақ тілінде –шы,-ші,-гер
жұрнақтары туралы балаларға түсіндіріп өту. Мысалдар келтіру.
Келесі магнитафонмен тыңдалым жұмысын жүргіземіз.
-
Мамандығы қандай? Мамандығы дәрігер.
-
Мамандығы қандай? Мамандығы студент
-
Мамандығы қандай? Мамандығы жүргізуші
-
Мамандығы қандай? Мамандығы мұғалім
-
Мамандығы қандай? Мамандығы құрылысшы
Балалар естігендерін айтады, аударады. Тақтада сөзжұмбақ:
Сөзжұмбақты балалар тақтаға аударып, жазып шешеді. Мұғалім: - Балалар қараңдаршы қандай сөз шықты?
Д Ә Р І Г Е Р – Бүгінгі біздің тақырыбымыз Дәрігер. Мақсатын хабарлау.
Жаңа сөздермен жұмыс:
Жауапты – ответственный
Тіс дәрігері – зубной врач
Емхана – поликлиника
Ауырып қалды – заболел
Суретпен жұмыс:
Суретке қарап балалар сөйлемдер құрайды.
Сергіту сәті:
Дүйсенбіде доп ойнаймыз
Сейсенбіде серуендейміз
Сәрсенбіде сурет саламыз
Бейсенбіде би билейміз
Жұма күні жуынамыз
Сенбі және жексенбі
Ханшатырда демаламыз
Сергіту сәтінен кейін
5 – тапсырманы орындаймыз. Балалар тақтаның қаламымен сөздерді сәйкестендіреді, сөйлейді, аударады орындарына отырады.
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқиды, аударады. Мәтіннен түсіп қалған сөздерді қойып оқиды, сұрақтарға жауап береді.
Грамматикалық тапсырмалар:
Білім себетінен тапсырманы алып балалар диалог құрастырады.
Дәрігер. Емханада.
Аспаз. Асханада.
Сатушы. Дүкенде.
Тігінші. Тігін салонында 3 минут уақыт беріледі
Балалар жазғандарын сахналық көрініс арқылы рольдерге бөлініп оқиды.
Қорыту: Иә - жоқ ойынын өткізу
-
Сауыншы үй салады – жоқ
-
Тігінші сурет салады – жоқ
-
Мұғалім сабақ береді – иә
-
Құрылысшы адам емдейді – жоқ
- Етікші етік тігеді – иә
Тақтаға күннің суретімен кластер жасаймыз:
Үйге тапсырма: 85 бет 3 тапсырма жаттау
Еңбектерін бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |