0000Бекітемін: Пән мұғалімі: Уақыты: Сынып 6



бет1/4
Дата17.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#206372
  1   2   3   4


0000Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________

Сынып 6

Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Сағат саны: 1

Тақырып: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Оқушыларды алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адамдардың өмірімен таныстыру.

Тәрбиелік: Қазақстан тарихы әлемдік тарихтың бір бөлігі, әрбір оқушы өз халқының тарихына зор құрметпен қарауға және отансүйгіштік сезімге баулу.

Дамытушылық:

Қазақстанның ертедегі тұрғындары, олардың мәдениеті мен тұрмысы сыртқы дүниемен байланысы жайлы айта отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту.



Көрнекілік

Қазақстан Республикасының саяси картасы, кесте, оқулық.



Әдіс-тәсіл:

Дәстүрлі сабақ






Сабақтың барыcы:




І. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут)

ІІ. Оқушылардың біліктілігін, деңгейін анықтау:

  1. Оқушылар, біз тұратын мемлекет, біздің Отанымыз қалай аталады?

  2. ҚР–ның астанасы қай қала?

  3. Маңғыстау облысының орталығы қай қала?

  4. Біздің ауданымыз қалай аталады?



ІІІ. Жаңа сабақ.




Отанымыздың аумағында ежелгі тас дәуірінді өмір сүрген алғашқы адамдармен олардың дамуы қоршаған ортасы, қола темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар жөнінде білеміз.Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында ұзақ кезеңдерге, яғни тас дәуірі қола дәуірі темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Тас дәуірінде өмір сүрген адамдар еңбекке бейімделіп, терімшілік пен аңшылықпен айналысты, тұрмысқа қажетті еңбек құралдарын жасады, табиғаттың қиынщылықтарыны төтеп берді.

Қазақ халқының негізін құраған алғашқы адамдар бастапқы кезеңде тобыр болып бірте-бірте рулық –тайпалық, қауымдастық жүйемен өмір сүрді. Рулық достық және шаруашылық түріне қарай қалыптасқан қазақ жеріндегі тайпалар мал өсірумен егіншілікпен және кен өндірісімен айналысты. Тұрмысқа қажетті киім мен ыдыс-аяқ жасау кеңінен дамыды.

Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы еңбек бөлінісін қалыптастырды. Ендігі жерде малшылық пен егіншілілікпен айналысатындар бөлініп шықты.Адамдар тобырдан жекеленіп , отбасылық қауым, отбасылық-өндірістік ұжымға бірікті, жекменшік шықты.Қола дәуірінде рулық құрытыс ыдырап мүлік теңсіздігі шыға бастады, қыстақтар салынып, мәдениет гүлдене түсті. Жерорта теңізі, кіші Азия аймағымен мәдени және эконтмикалық баайланыстар орнап, Ұлы Жібек жолы қызмет ете бастады.

Б.з.б. I-мыңжылдықта Қазақстан жерінде ежелгі қуатты тайпалар сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сармат тайпалық одақтары қазақ даласында өмір сүрді. Сақ тайпалары «аң стилі» өнерімен зергерлік бұйымдар жасау ісімен таңғажайып өю-өрнегімен белгілі үйсіндер мыс қорғасын қалайы, алтын кен орындарын пайдаланып қару-жарақ соқты. Ал ғұндар орсан зор «державаға» айналып, батысқа жорық жасаумен тарихта аттары қалды. Осы тайпалардың негізінде ежелгі Қазақстан жерінде ежелгі түрік тілінде сөйлейтін хылықтар қалыптасты.



Тарих-халық зердесі. Ежелгі сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сармат сияқты ата-бабаларымыз өмір сүрген көшіп-қонған жерлер, қазірде Қазақстан Республикасы. Осындай ұлан-байтақ жеріміз бен ата-бабаларымыздың тарихы сендерді қызықтырары сөзсіз.



ІV Сабақты бекіту :

  1. Адамзат тарихы неше дәуірге бөлінеді?

  2. Ежелгі адамдардың айналысқан кәсібі?

  3. Қазақстан жеріндегі тайпалық одақтар туралы не білесің?



V.Үй жұмысы

VІ. Сабақты бағалау :



Сынып

6







Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақ №

2

Сағат саны

1

Тақырып

§ 1 Ерте Палеолит

Мақсаты

Оқушыларға адамзат баласының шығу тарихы туралы, оның алғашқы еңбек құралы, кәсібі, алғашқы өмір сүрген тұрақтары туралы түсінік беру.

Тәрбиелік:

Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың іздері қалғанын таныстыра отырып туған жерінің тарихын білуге деген қызығушылығын ояту.

Дамытушылық:

Оқушылардың тарихи көзқарастарын дамыту.


Көрнекілік

Дүние жүзінің саяси картасы; Қазақстан Республикасының саяси картасы;


Әдіс-тәсіл:

Баяндау сабағы

Сабақтың барысы :




І. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут)

ІІ. Оқушылардың біліктілігін, үй жұмысын орындау деңгейін анықтау:

1.Сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасындағы ежелгі сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сармат тайпалық одақтары туралы не білесің?

  2. Ұлы Жібек жолы қандай қызмет атқарды?

  3. Қола дәуірінің ерекшелігі қандай?

2.Жылдар сөйлейді.

1. Ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,6 млн жылдан-б.з.б. 12 мың жыл)

2.Ерте палеолитте (б.з.б. 2,6 жыл-б.з.б. 40 мың жыл)

3.Кейінгі палеолит (40-12 мың жыл)

4.Ерте палеолит олдувэй (б.з.б. 2,6 млн-800 мың жыл)

5.Ерте палеолит ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл)

6. Ерте палеолит мустье (б.з.б. 140-40 мыңжыл)

ІІІ. Жаңа сабақ.





1. Адамзат баласының шығуы.

Ең алғашқы адам баласының пайда болып дамуындағы кезең алғашқы қауымдық құрылыс болып табылады.Адам баласы жер бетіндегі тірі жәндіктер сияқты эволюциялық дамудың нәтижесінде қалыптасты. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан көп айырмашылығы болды. Олар ірі маймылдарға ұқсас келді.Терісін қалың түк басты, қолдары аяқтарынан ұзын еді. Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы-оның алғашқы еңбек құралы еді. Қолымен жеміс терді, заттарды ұстау, соғу, жер қазу сияқты қарапайым жұмысты орындай алатын солардың көмегімен тамақ тауып жеді.

Ғалымдар алғашқы адамда «епті адам» деп атады. Ол Кения жеріндегі Олдувей шатқалынан табылған жасы 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталды. Оның қаңқасы Ява аралынан табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрды. Солтүстік Қытайдан табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Питекантроп пен синантропты «тік жүретін» адам деп атайды.

2. Алғашқы адамдардың кәсібі.

Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алып, құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті.Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. Бірлесіп тамақ табумен жабайы жануарлардан қорғану үшін топталып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы тобыр деп аталды.

Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды, олар негізінен мамонттардың, бизондардың, маралдармен жабайы жылқылардың, үңгір аюларын аулады.

3. Ежелгі Қазақстан табиғаты.

Қазақстанның табиғаты мен климаты ежелгі кезеңде мүлдем басқаша болды. Таулар аласа болғандықтан оңтүстіктен, Үнді мұхитынан Қазақстанға ылғалды жылы ауа кедергісіз еніп тұрған. Жиі жауған жылы жаңбырдан алуан түрлі өсімдіктер қаулап өсті. Аңғарларда суы мол өзен-көлдердің жағасында пілдер шөбі шүйгін кең байтақ шалғындарда жылқы табындары жайылып жүрді. Далалы жерлерде қара құйрық, бөкен мен құлан үйірімен жортып жүрген.

Тауларда тау ешкі мен арқар тіршілік етті. Ежелгі Қазақстан табиғаты алғашқы адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы болды.

Алғашқы адамның Қазақстандағы іздері. Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша Сібірге алғашқы адам Еуропадан және Азиядан қоныстанған. Қазақстан аумағындағы алғащқы адамдар шамамен бұдан 1 млн –дай жыл бұрын пайда болды. Мұны Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тастан жасалған еңбек құралдары дәлелдейді. Алғашқы адамдардың ең көне іздері Маңғыстау түбегіндегі Шақпақ ата, Қазақстанның оңтүстігіндегі Шабақты, Қазанғап, Тәңірқазған т.б қоныстардан табылған.

Бұл тұрақтардан табылған тас құралдар: жарғыш , сына тас, бифас, пышақ, қырғыштар әр-түрлі үшкір тастар. Тас құралдар олдувэй , ашель құралдарына ұқсас.Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000 мыңғажуық тас құралдары табылған.

Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары еді.



Cабақты бекіту:







І. Сұрақ-жауап

1. Алғашқы адамдардың қандай еңбек құралдары болған, оларды не үшін пайдаланған?

2. Алғашқы адамдар қалай аталған?

3.Ежелгі Қазақстан табиғаты қандай еді?Қазіргі және ежелгі Қазақстанның табиғаты мен салыстыр.












Үйге тапсырма:

§ 1.Ерте палеолит

VІ. Сабақты бағалау :

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау



Сынып

6










Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы




Сабақ №

3

Сағат саны

1

Тақырып

§ 2 Ерте палеолиттің мустье кезеңі

Мақсаты

Ерте палеолиттің мустье кезеңінің климаты мен табиғаты, кәсібі мен құралдары, отты пайдалануы жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік:

Пәнге деген көзқарасты, білімге деген құштарлықты тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Сөздік қорын байыту және күрделендіру

Көрнекілік

Карта, кітап, карточка,тест сұрақтары

Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ

Сабақтың барысы:




І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы жалпылама сұрақ беру арқылы сұрау:

1. Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді.

2. Адамдар отты қалай пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп ойлайсың?

3. Оқулықтың мәтінінен адамдардың суықтан қалай қорғанғанын тауып, оқып бер?

4. Оқулықтағы суретке қарап, адамның алғашқы еңбек құралдары туралы

2. Тестік бақылау


  1. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?

а) неандертальдықтардың; в) синантроптың; с) питекантроптың; д) австралопитектің;

2. Ғалымдар Кения жеріне алғашқы адамды қалай деп атады?

а) «саналы адам»; в) «епті адам» с) «үңгір адамы»; д) «тік жүретін адам»

3. Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың пайда болған кезеңі.

а) энеолит в)мезолит с)ерте палеолит д) неолит

4. Ғжелгі тас дәуірі қай уақытты қамтиды.

а) б.з.б.2,6 млн жылдан-б.з.б. 12мың.жыл.

в) б.з.б. 2млн.жылдан –б.з.б. 10 мың.

с) б.з.б.2 млн.жылдан –б.з.б. 12 мың.

д) б.з.б. 2,3 млн. Жылдан –б.з.б. 13 мың.

5. Ең алғашқы адамдар питекантроп пен синантроптар ғылымда қалай аталады.

а) «саналы адам» в) «тік жүретін адам» с) »үңгір адамы» д) «епті адам»

6. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылған жер.

а) Англия. в) Кения. с) Ява аралы. д ) Германия

7. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады

а)сүйектен в) тастан с) қоладан д) темірден



3.Тарихи сынақ хат

1. Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы................. (алғашқы еңбек құралы еді)

2. Кения жеріндегі Олдувей шатқалынан табылған жасы......................... (1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген)

3. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар ............................(питекантроптық) замандастары еді.





III. Жаңа сабақ

1.Климаты мен табиғат жағдайы. Бұдан 100 мың жыл бұрын Жер беті күрт суи бастады. Қыс ұзаққа созылды. Еуропа мен

Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болып оның қалыңдығы 2 километрге жеткен. Суықтан қорғану үшін, адамдар

өздеріне жылы киім тігіп, баспана іздестірді.Ғалымдардың есептеуінше, бұдан 13 мың жыл бұрын мұздық ери бастады.

Сөйтіп Жер қазіргі қалпына келді. Адамдар тіршілік ету үшін табиғаттың қатал қиындықтарына қарсы тұра білді.

Хайуандардың терісінен киім тіге бастады. Инені әдетте үшкір сүйектерден жасады. Жіп орнына жануарлардың сіңірлерін

пайдаланды.



2.Отты пайдалану. Ертедегі адамдар әуелі найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып, оны өшірмей

ұзақ сақтауға тырысты. Археологтар 100 жылдар бойы жанып тұрған от орнын тапты. Адам бірте-бірте өзі жағуды

үйренді. Оттың пайдасы шексіз еді. Онымен адамдар жылынды, тамақ пісіріп жеуге мүмкіндік туды.

3.Мустье кезеңінің тұрғындары. Мустье кезеңінде өмір сүрген адамдар неандерталь деп аталады. Ол Германия

жерінен табылды. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 135 мың жыл бұрын өмір сүрген. Мустье кезеңінде еңбек

өнімділігі артып, алғашқы қауымдық құрылыстың белгілері байқалды.

4. Кәсібі мен еңбек құралдары. Неандертальдықтар негізінен аңшылық және терімшілік пен айналысты.

Ірі аңдардан бизон, мамонт, үңгір аюларын аулаған. Еңбек құралдарын жетілдіре түсті. Қол қашауын жасауды үйренді.

Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге , салмағы 1 килограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін

тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Сөйтіп адам бірте-бірте тастан пышақ, найзаны,

ұштарын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады.Еңбек құралдарын жасауды игеру адамды жануартал дүниесінен бөліп

шығарды.


Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарын адам баласы мустье заманының басында игере бастаған. Олар

Обалысай, Мұзбел, Қанай т.б қоныстары табылды. Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас

құралдардың пайдаланылған уақыты 140-132 мың жыл бұрын.Қазақстан өңірінен табылған тұрақтардың ең күрделілісі,

қалыңдығы 7 метр болатын көп қабатты Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ. Ежелгі адамдар бұл тұрақты бірнеше рет

қоныстанған.





Бекіту:

1.Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді.

2.Адамдар отты қалай пайдаланған оның қандай пайдасы болды.

3. Адамдардың алғашқы ұжымы туралы не білдің.



Үйге тапсырма: § 2 Ерте палеолиттің мустье кезеңі




VІ. Сабақты бағалау :

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау

Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________


Сынып

Пән

Сабақ №

Сағат саны

Тақырып

Мақсаты

Тәрбиелік:

Дамытушылық:

Көрнекілік

6

Ежелгі Қазақстан тарихы

4

1



§ 3 Кейінгі палеолит

Кейінгі тас дәуірінің ерекшеліктері саналы адамның қалыптасуы, рулық қауымның шығуы туралы түсінік беру.

. Кейінгі тас дәуірінде адамзат жердің барлық аумағын мекендегенін, қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасқанын айта отырып оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту.

Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Карта, оқулық, карточка, тест.


Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ.



Сабақтың барысы:




3.Карточкалық сұрақтар.
1-карточка

1. Қазақстанның бұдан 100 мың жыл бұрынғы климаты мен табиғат жағдайы.

2. Адамдардың мустье кезеңінде отты пайдалануы.

2-карточка

1. Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарындағы мустье заманының қоныстары туралы не білесің.

2.Мустье кезеңіндегі өмір сүрген неандерталь адамы туралы не білесің?


ІІІ. Жаңа сабақ.




  1. Кейінгі тас дәуірінің ерекшеліктері. Кейінгі тас дәуірінде адамзат жердің барлық аумағын игерді. Бұл кезеңде адамзаттың түрлі нәсілдері рулық қауым қалыптаса бастады.Кейінгі тас дәуірінің соңына қарай жерде өте маңызды климаттық өзгеріс орын алды. Ауа райы жылына бастады. Қуаңшылық күшейді. Мұндай климат мамонттар мен жүндес мүйіз тұмсықтар тіршілігі үшін өте қолайсыз еді. Олар барған сайын азайып б.з дейінгі 10 мың жыл бұрын мүлдем құрыды. Жайық өзенінің сол жағалауынан бұдан 10 мың жыл бұрын өлген мамонттың сүйегі табылды.

  2. Қазақстан аумағындағы кейінгі палеолит. Кейінгі палеолитте алғашқы адамдар Қазақстан аумағына кеңінен тарала қоныстанды. Олардың орталық Қазақстан жеріне Семізбұғы, Батпақ, Қарабас, Шығыс Қазақстаннан Бұқтырма мен Шүлбі, Оңтүстіктен Ащысай Жетісудан Майбұлақ тұрақтары табылып, зерттелінді. Аң аулаудан қысқа сапты ағаш найза-дротик, ұшы сүйектен жасалған сүңгі-гарпун, жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын жіп байланған тастар-болас қолданылды.

  3. «Саналы адам» Кейінгі палеолит б.з.б 40-12 мыңжылдықта адам баласы дамуының жаңа кезеңі басталды. Ойлау мен тілдің арасында тығыз байланыс туындап, мидың дамуын күшейтті. Қазіргі адамға ұқсас адам қалыптасты. Адам еңбек арқылы жетіліп оның қолы ,сөзі , миы дамыды. Неандертальдықтардан кейін мөлшермен бұдан 30-40 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адам қалыптасты.

«Саналы адам» сүйегі Францияның Кро-Маньон үңгіріне табылған. Сондықтан саналы адамды Кро-Маньондық деп атайды. Бұл кезең адамдары рухани жағынан да жетіле түсті. Үңгір қабырғаларындағы түрлі бейнелер айқын дәлел.

  1. Рулық қауымның шығуы. Адамдар тоды бірте-бірте туысқандардың ұжымына –рулық қауымға айналды. Бұл шамамен «Саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды.Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Рулық бөлініс те аналардың үстемдігімен анықталды. Ру ішіндегі тіршілік пен іс-әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті. Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі түгел қатысты. Әрқайсысы өз пікірін білдірді.Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады. Бірнеше ру бірігіп шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Ондай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.





ІV Сабақты бекіту :





Сұрақтар

1Кейінгі палеолиттің ескерткіштері Қазақстаның қай жерінен табылған.

2 Палеолит дәуірінің тұрақтары туралы не білесің.

3.Ру дегеніміз не

4.Алғашқы адамдар суықтан қалай аман қалды.



V. Үйге тапсырма:

VІ. Сабақты бағалау :

§ 3 Кейінгі палеолит

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау




Бекітемін: _______________________________

Пән мұғалімі: ____________________________

Уақыты: ________________________________



Сынып

Пән

Сабақ №

Сағат

Тақырып

Мақсаты

Тәрбиелік:

Дамытушылық

Көрнекілік

Әдіс-тәсіл:

6

Ежелгі Қазақстан тарихы

5

1

§ 4 Орта тас ғасыры(мезолит) (б.з.б. 12-5 мың жыл бұрын)



Орта тас ғасырының ерекшелігі адамдардың кәсібі қоғамдық өзгерістері туралы түсінік беру.

Дүниетанымды қалыптастыру.

Оқушының жалпы интеллектуалдық біліктілігін дамыту

Карта, кітап, карточка тест

Баяндау сабағы


Сабақтың барысы




І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Тест сұрақтары.

1.Кейінгі палеолиттің мерзімі

а) б.з.б .40-12 мың жыл в) б.з.б 2,6млн-40мың жыл с) б.з.б. 10-6 мың жыл д)б.з.б.6-3мың жыл

2.Кейінгі палеолитте қалыптасқан адам а) «епті адам» в) «қытай адамы»

с) «саналы адам» д) «үңгір адамы»

3.Туысқан адамдар ұжымының атауы

а) адамдар тобыры в) рулық қауым с)отбасы д) аналық қауым

2. Тарихи сынақ хат.

1.Неандертальдықтардан кейін мөлшермен бұдан................ (30-40 мың) жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адам қалыптасты.

2.Кейінгі палеолит б.з.б 40-12 мыңжылдықта адам баласы дамуының................. (жаңа кезеңі) басталды.

3.«Саналы адам» сүйегі........................(Францияның Кро-Маньон) үңгірінен табылған.



ІІІ. Жаңа сабақ.



  1. Орта тас ғасырының ерекшелігі. Мезолит ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас ғасыры аралығындағы кезең Қазақстан жерінде мезолит ескерткіштері аз табылған Қазақстан аумағында 20 дан астам мезолиттік тұрақтар:Мичурин,Явленко,Дүзбай, Ерейментау, Тельман, Әкімбек, Қарағанды, Қызылсу т.б. Жер бетінде қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады.

Мезолит заманының үлкен жаңалығы-микролиттер, яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды. Мезолит заманының тағы тір бастіы жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы.

  1. Мезолит адамдарының кәсібі. Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібінің біріне айналды. Адамдар балық аулауда қармақ пен ау, гарпунды пайдаланды. Алғашқы қайық түрлері жасалынды. Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Үнемі Жайылымын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілісіп жүрді. Мезолиттік аңшылар Ертіс, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауын мекендеді. Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді-дақылдарды өсіруді айтады.

Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты. Аң аулау кезінде жас төлдерді аңшылар өлтірмеген, оларға сырғауылдардан мықты қоршау орнатып өсіре бастаған. Осылайша қой, ешкі, сиыр, шошқа қолға үйретілді.

3.Орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер. Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Рулар өсе келе тайпаларға біріге бастады.Ерлер, негізінен, аң аулады, әйелдер көбінесе терімшілік пен айналысты. Қауым: қариялар, ересектер және балалар болып үш топқа бөлінді.Балалар тобынан ересектер тобына өту-бағыштау (иницация)ғұрыптары арқылы жүзеге асырылып отырды.



ІV Сабақты бекіту :




V. Үй жұмысы

1.§ 4 Орта тас ғасыры(мезолит) (б.з.б. 12-5 мың жыл бұрын).
2.Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап іздеу.

VІ. Бағалау :

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет