1. №077 карта қалай аталады?
*жүкті және босанған әйелдің жеке картасы.
2. Әйелдер кеңесі екіқабат әйелді жүктіліктің қандай мерзімінде есепке алу керек?
*жүктіліктің 10 аптасына дейін
3. Жатырдың ішкі қабаты қалай аталады?
*эндометриум
4. Қалыпты жағдайда алғашқы етеккір қай жаста келеді?
*12-14 жаста
5. Партограмма бетшесі қандай бөлімшеде толтырылады?
*босану бөлімінде
6. Партограмма бетшесіндегі ірі клетка қандай уақытқа тең?
*1 сағатқа
7. Қалыпты босануда окситоцин қашан егіледі?
*баланың үстіңгі иығы туылған соң
8. Ұрықтану процесі жатыр түтігінің қай бөлігінде жүреді?
*ампулярлы
9.Органогенез деген не?
*ұрық ағзалары мен жүйелерінің қалыптасуы
плацентаның қалыптасуы
аталық және аналық жасушалардың қосылуы
аналық жасушаның фолликуладан шығуы
10. Бірінші деңгейлі акушерлік стационарға қайсысы жатады?
қалалық перзентхана
облыстық перзентхана
республикалық орталық
* аудандық перзентхана
селолық амбулатория
11. Жүктіліктің күмәнді белгілері қалай анықталады?
анамнез жинау арқылы
қынапты айнамен қарау арқылы
бимануалды тексеру арқылы
жүктілік тесті арқылы
*барлығы
12. Жүктіліктің айқын белгісін анықта
жүрегі айнып құсу, тәбеттің өзгеруі
қынап, жатыр мойнының цианозын байқау
*әйелдің ішін тыңдап, баланың жүрек соғуын есту
қынаптық тексеруде жатыр пішіні мен көлемінің өзгеруін байқау
жатыр мойындылығының жұмсаруы
13. Жүктілік мерзімі, босану күні неге сүйеніп анықталады?
соңғы келген етеккірге
ұрық қимылын алғаш сезінген күнге
УЗИ мәліметіне
жатыр түбі биіктігіне
*барлығы
14. Жүктілік соңында қағанақ суының қалыпты мөлшері қандай?
3 л
*1,5 л
0,5-1 л
3-5 л
10 литр
15. Қалыпты босану жүктіліктің қай апта аралығында болады?
22-38 апта аралығында
36-39 апта аралығында
*37-41 апта аралығында
42-44 апта аралығында
30-39 апта аралығында
16. Қынап арқылы босануда қалыпты қан шығыны қандай?
200 мл
600 мл
*500 мл дейін
700 мл дейін
1 литрге дейін
17. Босанудың ІІ-ші кезеңі қалай аталады?
жатырдың жұмсаруы
*баланың туылуы
жатыр мойнының ашылуы
плацентаның ажырауы
бала жолдасының түсуі
18. Жатыр мойнының толық ашылуы деген не?
6 см-ге ашылу
*10 см-ге ашылу
19 см-ге ашылу
4-6 см-ге ашылу
5 см-ге ашылу
19.Босанғаннан кейінгі кеш кезеңнің ұзақтығы қандай?
30 күн немесе 1 ай
6-8 ай
15 күн
*6-8 апта немес 42 күн
40 күн немесе 5 апта
20. Қайталап босанушы әйел нәресте қимылын қашан сезеді?
жүктіліктің 20 аптасында
жүктіліктің 15 аптасында
*жүктіліктің 18 аптасында
жүктіліктің 25 аптасында
жүктіліктің 30 аптасында
21. Босанған әйелдің жатыр мойны толық қашан жабылады?
*босанғаннан кейінгі 2-3 апта соңында
б/к 6-8 аптада
б/к 6-8 күнде
б/к 10 күні
40 күннен кейін
22. Жаңа туылған сәбиде гонобленореяны алдын алу үшін тетрациклин жақпасы қашан, қайда жағылады?
Туылған бойда, денесіне
Туылған бойда, көзіне
*Туылғаннан кейін 1 сағат өткесін, көзіне
Туылғаннан кейін 2 сағат өткесін, ішіне
Туылғаннан кейін 1 сағат өткесін, мұрнына
23. Босанған әйелдің жатыр түбі кіндік пен шаттың қақ ортасында анықталуы қай күнге тән?
1 күн
2 күн
3 күн
4 күн
*5 күн
24. Босанған әйелдің жатыр түбі кіндіктен 3 көлденең саусақ төмен тұруы қай күнге тән?
1 күн
2 күн
3 күн
*4 күн
5 күн
25. Контрацепцияның лактациялық аменорея әдісі жүктіліктен қанша уақыт сақтайды?
3 ай
5 ай
*6 ай
1 жыл
сәбиді емшектен шығарғанша
26. Күнінен бұрын босану деген не?
жүктіліктің 1-14 апта аралығында үзілуі
жүктіліктің 14-21 апта аралығында үзілуі
*жүктіліктің 22-37 апта аралығында үзілуі
жүктіліктің 38-41 апта аралығында үзілуі
босану күнінен ерте, кез келген мерзімінде үзілуі
27. Жүктілік гормондарын анықта
прогестерон
хорионды гонадотропин
плацентарлық лактоген
пролактин
*барлығы
28. Босанғаннан кейінгі патронаж кезінде әйелдің қандай жағдайы тексеріліп, бағаланады?
Жатырдың жиырылу деңгейі
Сүт бездерінің жағдайы
Лохия сипаты
АҚҚ, пульсі, қызуы
*барлығы
29. Жүктілігі бойынша есепке алынған әйелге толтырып, дәрігер кабинетінде сақтайтын құжат қалай аталады?
№ 077 айырбастау картасы
№ 048 жүкті және босанған әйелдің жеке картасы
№ 048 айырбастау картасы
*№ 077 жүкті және босанған әйелдің жеке картасы
№ 001 босану тарихы
30. Үлкен жыныс еріндерінің бойында орналасқан без қалай аталады?
аналық без
жыныс безі
*бартолин безі
бартоламин безі
эндокринды без
31. Пісіп жетілген фолликуланың жарылып, ішінен аналық жыныс жасушасының шығуы қалай аталады?
менструация
*овуляция
регенерация
десквамация
секреция
32. Прогестерон гормоны аналық без циклының қай кезеңінде бөлінеді?
І-ші кезеңінде
*ІІ-ші кезеңінде
ІІІ-ші кезеңінде
барлық кезеңде
аналық безден прогестерон бөлінбейді
33. Жатырдың ішкі шырышты қабығының сыпырылып, етеккір қаны болып сыртқа шығуы қалай аталады?
секреция
*десквамация
регенерация
пролиферация
овуляция
34. Ұрық ағзаларының қалыптасу кезеңі қалай аталады?
*органогенез
фетогенез
плацентация
овуляция
имплантация
35. Жүктілік ұзақтығы қандай?
39-40 апта немесе 12 акушерлік ай
*40 апта немесе 10 акушерлік ай
39-40 апта немесе 294 күн
37-38 апта немесе 265 күн
40-41 апта немесе 265 күн
36. Плацента неден пайда болады?
зиготадан
моруладан
эмбриобластан
*трофобластан
аналық жасушадан
37. Сәби асфиксиямен туылса кіндігі қашан кесіледі?
*туылған бойда
кіндік тамыр соғуы тоқтаған бойда
туылғаннан кейін 5 минут өткен соң
туылғаннан кейін 2 сағат өткен соң
неонатолог дәрігер келген соң
38. Гипоксия деген не?
*жатырдағы баланың тұншығуы
сәбидің тұншығып туылуы
туылған сәбиде тынысының болмауы
туылған бала қимылының күшеюі
туылған бала қимылының азаюы
39.Ұрық денесінің кіші жамбас кіре берісінде орналасқан бөлігін қалай атайды?
позициясы
ұрық қалпы
*жатырған бөлігі
құйрығы
басы
40. Жатырдағы баланың қалыпты жүрек соғуы минутына қандай?
100-120 рет
*110-159 рет
160-180 рет
60-80 рет
100-180 рет
41. Жүктіліктің айқын белгісі қайсы?
әйелдің ұрық қимылын сезінуі
ұрық жүрек соғуын тыңдап, есту
ұрық денесін сипап сезу
әйел ішінің өсуі
*барлығы
42. Жүктіліктің қандай белгілері қынаптық тексеру арқылы анықталады?
күмәнді
*күмәнсіз
айқын
болжам
барлығы
43. Күшену толғағы босанудың қай кезеңіне тән?
1- ші кезеңіне
*2- ші кезеңіне
3- ші кезеңіне
барлық кезеңге
Босанғаннан кейінгі ерте кезеңге
44. Партограммада 40 секундтан артық уақытқа созылатын күшті толғақ қандай белгімен белгіленеді?
нүктелермен
қисық сызықтармен
*тор көз түгел боялады
күшті деген «К» әрпімен белгілейді
40 секунд деп белгіленеді
45. Босанғаннан кейінгі 4-5-ші тәулікте лохия сипаты қандай?
таза қан
*қанды сары су
сары су
сұйықтық бөлінбейді
әртүрлі
46. Босанғаннан кейінгі 1-ші күні жатыр түбі қай жерде орналасады?
кіндіктен 4 көлденең саусақ төмен
*кіндік тұсында
кіндіктен 2 көлденең саусақ төмен
шаттан 2 көлденең саусақ жоғары
кіндік пен шаттың қақ ортасында
47. Босанған әйел жатырының әлсіз жиырылуы қалай аталады?
жатыр инволюциясы
*жатыр субинволюциясы
жатыр гипотониясы
жатыр атониясы
жатыр гипертониясы
48. Ауыр асфиксиямен туылуда Апгар көрсеткіші қандай?
6-4 балл
1-4 ұпай
*0-3 ұпай
7-10 ұпай
5-8 ұпай
49. Жеңіл асфиксиямен туылуда Апгар шкаласының көрсеткіші?
4-7 ұпай
1-4 ұпай
3-0 ұпай
7-10 ұпай
*6-4 ұпай
50. Ұрық кемістігін жүктілік кезінде қалай анықтайды?
қынапқа қол салып тексеру арқылы
қынаптық айналар көмегімен
*УЗИ
анамнез жинау арқылы
Леопольд тәсілімен
51. Жатырдағы бала өсінің жатыр өсіне сүйір бұрыш жасап орналасуы қалай аталады? орналасу
*қиғаш орналасу
тігінен орналасу
көлденең орналасу
аралас орналасу
шүйдемін орналасу
52. Босанушыға қынаптық тексеруді қалыпты жағдайда қашан жүргізеді?
Қағанақ суы кеткенде
Қынаптан қан көрінгенде
Ұрық гипоксиясында
*Босану бөліміне толғақпен түскенде және әрбір 4 сағат сайын
Босану бөлімінде әрбір 2 сағат сайын
53. №048 карта қалай аталады?
*жүкті әйелдің алмасу картасы
жүкті және босанған әйелдің жеке картасы
босану тарихы
ауру тарихы
амбулаториялық карта
54. Облыс деңгейінде жүкті, босанушы және босанған әйелге көмек көрсететін ең ірі дәрігерлік мекеме?
әйелдер кеңесі
*перзентхана
емхана
гинекология бөлімі бар аурухана
ФАП
55. Ішкі жыныс мүшесін атаңыз?
жыныс еріндері
қынап сағасы
клитор
*жатыр
жатыр мойны
56. Жатыр түтіктері қандай бөліктерден тұрады?
интерстициалды, жатырлық, ампулярлық
*ампулярлы, истмикалық, интерстициалды
латералды, ампулярлы, истмикалық
истмикалық, ортаңғы, шеткі
латералды, орталық, медиальды,
57. Етеккір циклы бойынша жатырда десквамациядан кейін жүретін құбылыс қандай?
десквамация,
пролиферация,
секреция
*регенерация
овуляция
58. Овуляция процесі қашан болады?
аналық без циклының І жартысында
аналық без циклының ІІ жартысында
*етеккір циклының қақ ортасында
етеккір циклының кез келген уақытында
етеккір кезінде
59. Қан кету профилактикасы үшін босанған әйелге қолданатын дәрі?
сигетин
кордиамин
глюкоза
*окситоцин
магнезия сульфат
60. Тәуліктік диурез қабылдаған сұйықтың неше пайызы болу керек?
50%
70%
*80%
10-50%
100%
61. Гравидограмма бетшесі қашан бастап толтырылады?
жүктіліктің алғашқы аптасынан бастап
жүктіліктің үшінші жартысынан бастап
*жүктіліктің 20 аптасынан бастап
әйелді есепке алған күннен бастап
жүктіліктің 30 аптасынан бастап
62. Моруланың жатыр қабырғасына бекінуі қалай аталады?
плацентация
*имплантация
овуляция
Органогенез
Трофобласт
63. Күніне жетпей шала туылған сәби белгілері қандай?
бас сүйектері қатты, жіктері тар
алақан, табандары ақ жем болып сорылған
*тері қыртысы көп, тері асты майы аз, балапан түктері көп
салмағы 2450-3400гр аралығында
терісі құрғақ
64. Плацента қандай қызмет атқарады?
ұрықты қоректік заттармен қамтамасыз етеді
ұрықты оттегімен қамтамасыз етеді
жүктілік гармондарын бөледі
қорғаныш қызметін атқарады
*барлығы
65. Жүктіліктің күмәнді белгісі қайсысы?
жүрек соғу, қынап кілегейінің көгеруі, жатырдың өсуі
*жүрек айну, жеріктік, ұйқышылдық, ашуланшақтық
ұрық қимылын сезу
бас ауру, көз қарауыту, қан қысымы төмендеу
Ішті сипап баланың денесін сезу
66. Қандай тәсілмен ұрықтың орналасу қалпын, позициясын, жатырған бөлігін анықтайды?
Снигерев
Гентер
*Леопольд
Вербов
Цовъянов
67.Ұрық қимылын алғаш босанушы қашан сезеді?
жүктіліктің 11 аптасында
18 аптада
*20 аптада
22 аптада
15-16 аптада
68. Жатырдағы бала денесіне аяқ-қолдары мен басының қатынасы қалай аталады?
позиция
орналасу бағыты
жатырған бөлігі
*мүшеаралық
позиция түрі
69. Партограмманы қашан бастап толтырады?
ай толғақпен қабылдау бөліміне түскенде
*жатыр мойны 5 см-ге ашылғанда
босану күні жақындағанда
босанғаннан кейін
босанудың ІІ кезеңінде
70. Қалыпты жағдайда қағанақ суы қашан кетуі керек?
жатыр мойны 3 см-ге ашылғанда
*жатыр мойны 6 см-ден артық ашылғанда
жатыр мойны 12 см-ге ашылғанда
толғақ басталмай тұрып
босанудың ІІ кезеңінде
71. Босанудың ІІІ-і кезеңі қалай аталады?
жатыр мойнының ашылу кезеңі
*бала жолдасы кезеңі
баланың туылу кезеңі
бала басының шалқаю кезеңі
бала басының жамбасқа түсу кезеңі
72. Орташа күштегі толғақ деген не?
40 секундтан ұзақ толғақ
20 секундқа дейін ұстаған толғақ
*20-40 секундқа созылған толғақ
10-20 секундқа созылған толғақ
нүктемен белгіленетін толғақ
73. Босанғаннан кейінгі 1-3 күні лохия сипаты қандай?
сары су
қан аралас сары су
*таза қан
сұйықтық бөлінбейді
иісті, іріңді қан
74. Жатыр мойнының ішкі жұтқыншағы қашан жабылады?
*10 –шы күні
2-3 апта соңында
20-шы күні
1-ші ай соңында
40 күн өткен соң
75. Жатырдың жақсы жиырылуы кімдерде байқалады?
*бала емізетін әйелде
бала емізбейтін әйелде
өзі босанған әйелде
операциямен босанған әйелде
көп босанған әйелде
76. Жатыр қабырғасы қандай қабаттардан тұрады?
*эндометриум, миометриум, периметриум
параметриум, миометриум, дәнекер ткань
периметриум, эндометриум, базальді қабат
миометриум, параметриум, дәнекер ткань
базальді қабат, сір қабат, кілегей қабат
77. Жатыр мойнының сыртқы жұтқыншағы бала тумаған әйелдерде қандай?
*нүкте тәрізді
тік сызық тәрізді
көлденең сызық тәрізді
жұлдызша тәрізді
ай тәрізді
78. Ішкі жыныс мүшелері қайда орналасқан?
құрсақ қуысында
*кіші жамбас қуысында
үлкен жамбас қуысында
сол жақ бүйірде
оң жақ бүйірде
79. Күні асып туылған сәбидің белгілері?
шартсыз рефлекстері жақсы дамыған
терісі құрғақ, түлеген
алақан, табандары ақ жем болып сорылған
бас сүйектері қатты, жіктері тар
*барлығы
80. Жатырдың жиырылуын арттыратын дәрілер?
*Окситоцин, мизопростол
Витамин Е, магнезия сульфаты
глюкоза, аскорбин қышқылы
дюфастон, гинипрал
барлығы
81. Перзентханаға түскен әйелге толтырылатын құжат қалай аталады?
жүкті және босанған әйелдің жеке картасы
*стационарлық пациенттің медициналық картасы
алмастыру картасы
амбулаториялық пациенттің медициналық картасы
барлығы
82. Медицина қызметкерінің үй жағдайында профилактикалық және апараттық іс шараларды жүргізуі қалай аталады?
*патронаж
актив
белсенді бару
санитарлық-ағарту жұмысы
ақпараттық қызмет
83. Жатырдың атқаратын қызметі?
аналық жасуша түзілетін жер
ұрықтану процесі жүретін мүше
*ұрықтың дамитын орын
жыныс гормондарын өндіру
овуляция жүретін мүше
84. Жатырдың бұлшық ет қабаты қалай аталады?
эндометриум
*миометриум
периметриум
параметриум
эндометрит
85. Аналық жыныс безі қандай гормондар бөледі?
*эстроген, прогестерон
тиреоидин
ФСГ, ЛГ, ЛТГ
вазопрессин
питуитрин
86. Етеккір қызметін реттеуші орталықтарды атаңыз?
гипофиз
гипоталамус
аналық без,
жатыр
*барлығы
87. Жатыр мойнының сыртқы жұтқыншағы босанған әйелдерде қандай?
нүкте тәрізді
тік сызық тәрізді
*көлденең сызық тәрізді
жұлдызша тәрізді
ай тәрізді
88. Ішкі жыныс мүшелері қайда орналасқан?
құрсақ қуысында
*кіші жамбас қуысында
үлкен жамбас қуысында
сол жақ бүйірде
оң жақ бүйірде
89. Күніне жетіп туылған сәбидің салмағы, бойы қандай?
*2500-4000гр аралығы, 47-55см
2000-4000гр аралығы, 40-45см
2000-3500гр, 45 см төмен
2500-5000гр, 50-60см
2000-4000гр, 47-55см
90. Моруланың эндометриумге бекінуі қалай аталады?
*имплантация
овуляция
плацентация
десквамация
регенерация
91. Жүктіліктің күмәнді белгісін анықта?
қынап жатыр мойны кілегейінің көгеруі
жатыр мойындылығының жұмсаруы
жатырды тексеру кезінде тітіркеніп қатаюы
*жүрегі айну, құсу, тәбет өзгеру, иісшілдік, ұйқышылдық
барлығы
92. Леопольдтың ІІ тәсілімен не анықталады?
жатыр түбінде орналасқан дене мүшесі
*баланың орналасу бағыты мен позициясы
кіші жамбас кіреберісіне қараған дене мүшесі
мүшебейімділігі
мүшеаралық қатынасы
93. Кіші жамбас кіреберісінде орналасқан қатты, домалақ, шекарасы айқын дене?
бала жамбасы
*бала басы
бала аяқ-қолдары
бала арқасы
плацента
94. Жатырдағы баланың жүрек соғуын қандай құралмен тыңдайды?
тонометр
трубка
*стетаскоп
фонендаскоп
тазомер
95. Асфиксиямен туылған сәбиді тірілту шарасы неден басталады?
кіндікті қиюдан
*тыныс жолын тазартудан
жүрекке массаж жасаудан
кіндік тамырына адреналин егуден
кіндік тамырына физ ерітінді егуден
96. Толғақ деген не?
жатыр, құрсақ, диафрагма еттерінің жиырылуы
*жатырдың жиырылуы
жамбас түбі мен диафрагманың жиырылуы
қаңқа еттерінің жиырылуы
жатыр, сирақ еттерінің жиырлуы
97. Баланың басымен келуінде қағанақ суында мекония болуы ненің белгісі?
*жатырдағы баланың тұншығу белгісі
қалыпты жағдай
бала құйрығының қысылу белгісі
толғақ күшінің арту белгісі
босану күнінің асу белгісі
98. Босану жолымен туылып келе жатқан баланың жасайтын қимыл қозғалыс жиынтығы қалай аталады?
босану кезеңдері
босану күштері
*босану биомеханизмі
босану амалы
босану жиынтығы
99. Партограмма бетшесі босанудың қандай кезеңінде жүргізіледі?
*1 кезеңде, жатыр мойны 5 см-ге ашылғанда
2 кезеңде, жатыр мойны 10 см-ге ашылғанда
1кезеңде, жатыр мойны 3 см-ге ашылғанда
барлық 3 кезеңде
босанғаннан кейінгі ерте кезеңде
100. Апгар шкаласымен сәби жағдайы қашан бағаланады?
*туылған бойда және 5 минуттан кейін
туылған бойда және 10 минуттан кейін
туылған сәттен бастап, әрбір 15 минут сайын
туылған сәттен бастап, әр сағат сайын
акушерка қолы босағанда
101. Босанған әйелдің қандай белгілері бағаланады?
жалпы жағдайы, тәбеті, қуық, тік ішек қызметі
дене қызуы, тамыр соғу жиелігі
омыраудың, емшек үрпісінің жағдайы,
жатыр инволюциясы, лохия сипаты
*барлығы
102. Қалыпты босанғаннан кейінгі декреттік демалыс ұзақтығы қандай?
1 жыл
*56 күн
70 күн
280 күн
3 жыл
103. Жаңа туылған сәбиді емізу жиелігі қандай?
әрбір 4 сағат сайын
күніне 5 рет
*баланың сұрауы бойынша
күніне 8 рет
сағат сайын
104. Табиғи босануда қан шығынының физиологиялық көлемі қандай?
*500 мл дейін
50-70 мл
1000 мл дейін
500 мл артық
әртүрлі
105. Ағымдағы жылы жүктілікті жоспарламаған әйелдерде жүргізілетін шаралар қандай?
фолий қышқылын беру
*контрацепция әдісін ұсыну
дәрігер мамандар консультациясына жіберу
генетикке жолдау
барлығы
106. Жатыр қабырғасы қандай қабаттардан тұрады?
*эндометриум, миометриум, периметриум
параметриум, миометриум, дәнекер ткань
периметриум, эндометриум, базальді қабат
миометриум, параметриум, дәнекер ткань
базальді қабат, сір қабат, кілегей қабат
107. Жүктілігі қалыпты әйелді, әйелдер кеңесіне неше рет шақырады?
15 рет
*6-7 рет
4 рет
кез келген уақытта
10 рет
108. Әйелді босанғаннан кейінгі бөлімге аударарда, қандай көрсеткіштерін анықтайды?
Қан қысымын
Тамыр соғуын
Жатыр тонусын
Лохия мөлшерін
*барлығы
109. Жаңа туылған сәбиде гонобленореяны алдын-алу үшін қандай шара қолданады?
туылған сәбиді шомылдырады
*көзіне 1% тетрациклин майын жағады
көзін фурациллинмен жуады
көзіне альбуцид тамызады
барлығы
110. Жатырдың сір қабаты қалай аталады?
эндометриум
*периметриум
миометриум
параметриум
периметрит
111. Етеккір кезінде жатырдың қандай қабаты сыпырылып түседі?
эндометриум
базалды
*функционалды
миометриум
барлығы
112. Жүктілігі қалыпты әйелді, әйелдер кеңесіне неше рет шақырады?
15 рет
*6-7 рет
4 рет
кез келген уақытта
10 рет
113. Аталған қызметтің қайсысы қағанақ суына тән емес?
сыртқы соққы екпінінен қорғайды
кіндікті қысылудан қорғайды
ұрықтың еркін қозғалып, дамуын қамтамасыз етеді
*ұрықты оттегімен қамтамасыз етеді
толғақ басталғанда жатыр мойнының ашылуын қамтамасыз етеді
114. Ұрық өсі мен жатыр өсінің бір біріне қатынасы:
ұрық позициясы
*ұрықтың орналасу қалпы
ұрықтың жатырған бөлігі
ұрықтың позиция түрі
мүшеаралық қатынасы
115. Селолық жерлерде амбулаториялық акушерлік - гинекологиялық көмек көрсететін ұйымдарды анықта:
аудандық емхана
дәрігерлік амбулаторияда акушер-гинеколог кабинеті
ФАП
мед пункт
*барлығы
116. Босанғаннан кейінгі бөлімде әйелдің төсек жаймалары қандай жиелікте ауыстырылады?
күн сайын
*3 күнде 1 рет немесе ластанғанда
аптасына 1 рет
2 күнде 1 рет
перзентханадан шыққан соң
117. Қандай бөлімшеде ылғалды тазалық пен бактерицидтік лампадан кейін бөлме желдетілмейді?
Босану бөлімі
Қабылдау бөлімі
*Операция бөлімі
Реанимация бөлімі
Жаңа туылған балалар реанимациясы бөлімі
118. Бала жолдасы неден тұрады:
кіндік, қабықтардан
*плацента, кіндік, қабықтан
кіндік және плацентадан
плацента және қабықтан
ана және бала бетінен
119. Соңғы етеккірі 3 шілдеде келсе, босану күні қашан?
*10 сәуір
10 маусым
10 наурыз
3 сәуір
28 сәуір
120. Бала жолдасы қандай қалдық класына жатады?
Аса қауіпті «В» класы
Қауіпсіз «А» класы
*биологиялық қауіпті «Б» класы
Радиологиялық қауіпті «Д» класы
Қауіпті жұқпалы «В» класы
121. Жатыр циклында жүктілікке дайын кезең қалай аталады?
Десквамация кезеңі
Регенерация кезеңі
Секреция кезеңі
*Пролиферация кезеңі
Овуляция кезеңі
122. Жүкті және босанған әйелдің қалыпты жағдайында патронаж кім жасайды?
учаскелік терапевт
жалпы практика дәрігері
учаскелік педиатр
*мейіргер, акушерка
акушер-гинеколог дәрігер
123. Леопольд әдісімен жатыр түбінде қатты, домалақ, шекарасы айқын дененің сезілуі ненің белгісі?
баланың баспен келуі
*баланың бөксемен келуі
баланың көлденең орналасуы
баланың шүйдемен келуі
баланың қиғаш орналасуы
124. Перзентханадан босанып шыққан әйелге патронаж қашан жүргізіледі?
*3 күн ішінде
1 апта ішінде
42 күн ішінде
кез келген уақытта
перзентханадан шығып келген күні
125. Толғағы басталған әйелде жатыр мойны 6 см-ге ашылмай, қағанақ суының кетуі қалай аталады?
мезгілсіз кету
*ерте кету
уақытында кету
кеш кету
толық кету
126. Үстеме экстрагениталды аурулары болған жағдайда, жүктіліктің 36 аптасына дейін әйелді қайда емдейді?
акушерлік стационарда
*көп бейінді ауруханада
жақын маңдағы кез келген стационарда
амбулаторияда
үйде
127. Босанғаннан кейінгі 5-ші күні жатыр түбі қай деңгейде анықталады?
кіндіктен 2 көлденең саусақ төмен
кіндіктен 3 көлденең саусақ төмен
*кіндік пен шаттың қақ ортасында
шаттан 4 көлденең саусақ жоғары
шаттан 3 көлденең саусақ жоғары
128. Босанушы әйелге қынаптық тексеруді жиі жүргізу немен қауіпті?
қағанақ суы ерте кетуі мүмкін
*жатырға инфекция енуі мүмкін
нәресте бас-ми жарақатын алуы мүмкін
әйелде цистит дамуы мүмкін
барлығы
129. Жүктілік кезінде универсалды (жоспарлы) патронаж қашан жасалады?
жүктіліктің 18 және 35 аптасында
*жүктіліктің 12 аптасына дейін және 32 аптасында
жүктіліктің 12 және 30 аптасында
жүктіліктің 12 және 35 аптасында
жүктіліктің 18 және 32 аптасында
130. Перзентханада «Б» класына жататын қалдықтарды анықта
*бала жолдасы, операциядан шыққан тін элементтері
құрамында сынабы бар мед құралдар
қағаз қалдықтары
жұқпалы науқаспен жанасқан қалдықтар
барлығы
131. Жүктілік кездегі бірінші патронаж қашан жасалады?
Жүктіліктің 5 аптасында
*Жүктілік бойынша есепке алынғаннан кейін
Жүктіліктің 20 аптасында
Жүктіліктің 32 аптасында
Жүктілік бойынша декретке шыққасын
132. Босанғаннан кейінгі 9 тәулікте жатыр түбі қай деңгейде анықталады?
кіндік тұсында
кіндіктен 3 көлденең саусақ төмен
кіндік пен шаттың қақ ортасында
шаттан 3 саусақ жоғары
*шат қырынан 1 саусақ жоғары
133. Жатыр инволюциясы деген не?
босанушының жатырының жиырылуы
*босанғаннан кейін жатырдың жиырылуы
толғақтың әлсіз болуы
жатырдың әлсіз жиырылуы
жатырдың мүлде жиырылмауы
134. Өлшемі 25-26 см-ге тең болуы керек көрсеткішті анықтаңыз:
*distancia spinarum
distancia cristarum
distancia trochanterica
conjgata externa
135. Қағанақ суының, жатыр мойны 6 см-ден артық көлемге ашылғанда кетуі қалай аталады?
ерте кету
кеш кету
*уақытымен кету
күнінен бұрын кету
тым ерте кету
136. Жүкті әйел скринингі қандай іс - шаралардан тұрады?
биохимиялық қан анализі
УДЗ
генетик консультациясы
аналық плазма маркерлерін анықтау
*барлығы
137. Босанған әйел жатырының жиырылуын алғашқы 1-ші сағатта қандай жиілікте анықтайды?
*15 минут сайын
30 минут сайын
5 минут сайын
1-ші сағатта 1 рет
1-ші сағатта 2 рет
138. Әйелдің анамнезін жинағанда қандай мәліметтер анықталады?
жыныстық өмірі
етеккір қызметі
гинекологиялық аурулары
жүктілік, босану саны
*барлығы
139. Босанған әйел жатырының жиырылуын 2-ші сағатта қандай жиілікте анықтайды?
15 минут сайын
*30 минут сайын
5 минут сайын
1-ші сағатта 1 рет
1-ші сағатта 4 рет
140. Әйелге жүктіліктің алғашқы 3 айында фолий қышқылы не үшін беріледі?
преэклампсияның алдын алу үшін
*ұрықтың даму ақауларын алдын алу үшін
жүктілік кезде анемияны алдын алу үшін
эклампсияны алдын алдын алу үшін
ерте токсикоз-құсуды басу үшін
141. Жатыр мойны рак ауруын ерте анықтау үшін әйелді скринингке неше жыл сайын шақырады?
Жыл сайын
2 жылда бір рет
3 жылда 1 рет
*4 жылда 1 рет
5 жылда 1 рет
142. Жаңа туылған сәбидің қалыпты жүрек соғуы минутына қандай?
110-160 аралығында
*100-ден жоғары
100-ден төмен
60-80 рет
60-тан төмен
143. Ауруларды ерте анықтау мақсатында халық арасында жүргізілетін профилактикалық қарап тексеру іс-шарасы қалай аталады?
Диспансеризация
Патронаж
Актив
*Скрининг
барлығы
144. Перинаталогия қандай кезеңді біріктіреді?
антенатальды, неонатальды
интранатальды неонатальды
*антенатальды, интранатальды, неонатальды
антенатальды, интранатальды
антенатальды, интранатальды, постнатальды
145. Окситоцин әсері қандай?
несеп бөлінуін күшейтеді
жатыр тонусын тежейді
*жатыр тонусын арттырады
ұрыққа қанның баруын күшейтеді
сүттің бөлінуін тежейді
146. Созылмалы аурулары бар әйелдерді есепке алу, бақылау, асқынуларын алдын алу іс-шарасы қалай аталады?
*диспансеризация
патронаж
актив
скрининг
барлығы
147. Босанған әйелді емханада қарауға қашан шақырады?
босанған күннен санағанда 7-ші және 27- ші күні
*босанған күннен санағанда 10-шы және 30-шы күні
перзентханадан шыққасын, 10-шы және 30-шы күні
перзентханадан шыққасын 30-шы күні
баласы қырқынан шыққасын
148. Өлшемі 28-29 см-ге тең болуы керек көрсеткішті анықтаңыз:
distancia spinarum
*distancia cristarum
distancia trochanterica
conjgata externa
149. Өлшемі 30-31 см-ге тең болуы керек көрсеткішті анықтаңыз:
distancia spinarum
distancia cristarum
*distancia trochanterica
conjgata externa
150. Әйелді босанғаннан кейінгі бөлімге қашан аударады?
босанғаннан кейін 3 сағат өткен соң
босанған бойда
босанғаннан кейін жарты сағат өткен соң
босанғаннан кейін 1 сағат өткен соң
*босанғаннан кейін 2 сағат өткен соң
151. Гравидограмма бетшесін қашан бастап жүргізеді?
жүктіліктің басынан
жүктіліктің 10 аптасынан бастап
*жүктіліктің 20 аптасынан бастап
жүктіліктің 30 аптасынан бастап
толғақ басталғанда
152. Босанудың бірінші кезең ағымын бейнелейтін бетше қалай аталады?
гравидограмма
*партограмма
босану тарихы
дербес карта
алмасу картасы
153. Гравидограмма бетшесіне қандай мәлімет бейнеленеді?
А) *жатыр биіктігі
В) іш айналымы
С) жүктілік мерзімі
Д) нәрестенің жүрек соғуы
Е) жамбас өлшемдері
154. Сапалы акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыратын үшінші деңгейлі емдеу-сауықтыру ұйымын анықта
аудандық перзентхана
қалалық перзентхана
*облыстық перзентхана
ФАП
республикалық ана мен бала орталығы
155. Босану бөлмесінде ауа температурасы қандай болу керек?
*25* С жоғары
28* С жоғары
35* С
22* С
30* С
156. Эстроген гормоны аналық без циклының қай кезеңінде бөлінеді?
ІІІ-ші кезеңінде
ІІ-ші кезеңінде
*І-ші кезеңінде
барлық кезеңде
ІV кезеңде
157. Әйел операциямен босанған жағдайда патронажды кім жүргізеді?
дәрігер
медбике
акушерка
фельдшер
*дәрігер, медбике
158. Леопольд тәсілі жүктіліктің нешінші аптасынан бастап жүргізіледі?
20 апта
24 апта
30 апта
*36 апта
кез келген мерзімде
159.Етеккір циклы бойынша жатырда регенерациядан кейін жүретін құбылыс қалай аталады?
*пролиферация
регенерация
десквамация
секреция
овуляция
160. Босанушы әйелдің жағдайы қалыпты болса, қан қысымы, дене қызуы қандай жиелікте өлшенеді?
әрбір 2 сағат сайын
*әрбір 4 сағат сайын
әрбір 6 сағат сайын
бөлімшеге түскен кезде, 1 рет
босанғаннан кейін, 1 рет
161. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің ұзақтығы қандай?
42 күн
42 сағат
2 сағат
*24 сағат
6 сағат
162. Өлшемі 20-21 см-ге тең болуы керек көрсеткішті анықтаңыз:
distancia spinarum
distancia cristarum
distancia trochanterica
*conjgata externa
163. Сегізкөз мүйісі мен шат симфизінің төменгі бұрышы аралығындағы өлшем қалай аталады?
distancia spinarum
*conjgata diagonalis
conjgata vera
conjgata externa
164. Жүктіліктің бірінші патронажы қашан жүргізіледі?
12 аптада
20 аптада
30 аптадан кейін
25 аптада
*8-12 апта аралығында
165. Босанған әйелдің жеке картасы қанша уақытқа дейін жүргізіледі?
6 айға дейін
5 аптаға дейін
*42 күнге дейін
56 күнге дейін
8 аптаға дейін
166. Егер соңғы етеккірдің бірінші күні 10 қаңтар болса, онда босанудың болжамалы күні қайсы?
*17 қазан
6 қыркүйек
11 қараша
21 желтоқсан
3 қазан
167. Жүкті әйелді генетик маманға жолдау көрсеткіші?
37 жастан асқан жүкті әйел
анамнезінде өлі туылған бала, түсік тастау бар
өзі хромосомды патологиямен немесе кемістікпен бала туу
әйелдің жақын туыстарында хромосомды патологиямен бала туылуы
*барлығы
168. Жүкті әйелдерді қандай көрсеткішімен қауіп факторына жатқызады?
жүктіліктің ерте аяқталуы, ұрық дамуының қалыс қалуы
преэклампсия, эклампсияның даму қаупі
қан кету, жатыр жыртылу, ұрықта туа біткен кемістіктің дамуы
іріңді-септикалық қабынулардың дамуы
*барлығы
169. Әйелдің дәрігер қабылдауына келуі неше күнге кешіккенде қосымша патронаж қашан жасалады?
1 апта кешіккенде
*3 күн кешіккенде
1 күн кешіккенде
5 күн кешіккенде
кез келген күнде
170. Акушерлік асқынуы бар әйелдерді, жүктіліктің 36 аптасына дейін қандай стационарға жатқызып, емдейді?
көп бейінді стационарға
*акушерлік стационардың патология бөлімшесіне
акушерлік стационардың гинекология бөлімшесіне
жансақтау бөліміне
босану бөліміне
171. Патронаж кезінде босанған әйелдің қандай көрсеткіштері бағаланады?
қан қысымы, пульсі, температурасы
сүт бездерінің жағдайы
іш пердесі арқылы жатырдың жиырылу көрсеткіші
лохия сипаты
Е*барлығы
172. Босанған әйел емхана дәрігеріне қашан келіп қаралуы керек?
босанғаннан кейінгі 42 күні
*босанғаннан кейінгі 10 және 30-шы күні
6 айдан кейін
босанғаннан кейін 3-ші күні
кез келген күні
173. Қалыпты жағдайда босанған әйел перзентханадан нешінші күні шығады?
*3 күні
4 күні
5 күні
2 күні
7 күні
174. Жағдайы қалыпты босанған әйелді босанғаннан кейінгі бөлімшеге қашан аударады?
1 күннен кейін
1 сағаттан кейін
3 күннен кейін
*2 сағаттан кейін
Достарыңызбен бөлісу: |