1. 1 "Бірлік"кооперативінің қаржы шаруашылық жағдайын талда



бет1/4
Дата02.07.2016
өлшемі457.5 Kb.
#172931
  1   2   3   4
Мазмұны

Кіріспе

1- тарау Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығындағы су пайдаланушылар каперетивінің алатын орны ----------------------------------------6


1.1 “Бірлік”кооперативінің қаржы – шаруашылық жағдайын талдау. ----------6

    1. “Бірлік”кооперативіндебухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы----------20

ІІ- тарау “Бірлік ”селолық су пайдаланушылар кооперативіндегі бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есебінің жаңа жүйесін жүргізу.

2.1 Бухгалтерлік есеп стандарттарының рөлі---------------------------------------27

2.2 Бухгалтерлік есеп жүргізудің жүйелері------------------------------------------32


ІІІ –тарау Қызымет көрсетуші кәсіпорындарда аудит жүргізудің ерекшеліктері

3.1 Аудит жайлы жалпы түсінік--------------------------------------------------------46

3.2 Аудиттік бағдарлама-----------------------------------------------------------------56

3.3 Бухгалтерлік есеп жүргізу жолдарына аудиторлық қорытынды------------63


Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------69

Пайдаланған әдебиеттер----------------------------------------------------------------72


Қосымшалар--------------------------------------------------------------------------------74


Кіріспе


Қазақстанның бухгалтерлік есебімен салық салу жүйесінде кәсіпорындардың нарықтық қатынастарға өту және халықаралық есеп стандарттарына бағытталуына байланысты едәуір өзгерістер болды.

Бухгалтерлік есептің басқа түрлерінен ерекшеленетін бір қатар өзгеше белгілері бар:



  • Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық операциялардың бәрі түгел бухгал есеп жүйесінде бейнеленеді.

  • Бухгалтерлік есепте тек қана ақшалай түрде өлшенетін шаруашылық операциялар көрсетіледі.

  • Бухгалтер есепте тек қана өзіне тән арнайы әдістер (мысалы: шоттар, қосарлы жазу, баланс) қолданылады.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен рөл атқарады, өйткені оның қызыметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі күшейе түсті. Есептеу орнын алатын көрсеткіштер қаржы – шаруашылық нәтижелелерін талдау кезінде тек кәсіпорының өзімен ғана емес, оның тығыз серіктестік байланысты болатын жабдықтаушылар, тапсырыс берушілер, несие берушілер, (банкттер) және т.б. жүргізіледі.

Қазіргі уақытта есептің көрсеткіштерін салық және қаржы органдары, банктер пайдаланылады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім – шарты бойынша тексеру кезінде – аудиторлық фирмалар, кеңесшілер, заңгерлер, әсіресе жетекшілікпен басқарудың әр түрлі деңгейлеріне қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін қорғау қажет болған уақыттарда пайдалады.

Сондықтанда ақпарат заң нормаларына сәйкес болуы тиіс. Ол үшін кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және материалдық құралдар мен ақша қаражаттарына сақтаушы тұлғалар жауапты болады.

Бухгалтерлік есеп материалды-жауапты тұлғалардың қызыметі үстінен бақылау ақпаратпен қамтамасыз ететді, ол үшін әрбір материалды-жауапты тұлға бойынша материалдық құндылықтар мен ақша қаржаттарының есебін бөлек жүргізеді.

Материалды-жауапты тұлғалар өздеріне бекітілген материалдық құндылықтардың табиғи түріне жауапты болады. Ол жағдай табиғи өлшегіштерде көлемі бойынша есеп жүргізуді болжамдайды. Мезгілді түрде бухгалтерлік есеп мәліметтері материалды жауапты тұлғалардың есептері мен мәліметтері мен салыстырылады.

Алайда бухгалтерлік есепте басты орынды ақша өлшегіші алады. Өйткені тек соның жәрдемімен ғана кәсіпорындардың әртүрлі мүлкінің жалпы құнын есептеу мүмкін.

Бухгалтерлік есептің шегінде ақпараттық жүйе макроэкономикалық мақсаттардың обьективті анықталуын, соның ішніде Ұлттық экономиканың өсуінің межеленген қарқындарын, инфляцияның төмендеуін, мемлекеттік олргандар үшін есепті және шұғыл дұрыс ақпараттарының тиімділігіне жетуін, сондай-ақ кез-келген кәсіпорынды тиімді басқаруға бағытталған.

Кәсіпорындарды басқаруды жетілдіру процесі бірінші кезекте бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың сапасын артыруды ұйғарады. Өйткені басқару жүйесі тарапынан шешімдер қабылдау үрдісінің өзі қалай болғандығын ақпаратты өңдеу мен жеткізу процесімен тығыз байланысты сонымен, бухгалтерлік есеп ақпараттық ғана емес, тәуелсіз ұйымдастыру жүйесі ретінде де орын алады.

Нарықтық қатынастардың қазіргі жағдайында бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін, әзірлеу негіздеу, қабылдауға, бәсекелес-субьектіні айқындауға және т.б. қажет субьектінің шаруашылық және қаржылық қызыметі туралы сапалы және дер кезіндегі ақпаратты қалыптастыру болып табылады.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызыметін бейнелейді. Кооперативтің меншігі шаруашылық құралдарының және оны қызымет көрсету процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Бухгалтерлік есептің обьектілеріне мына процестер жатады:



  • Қамтамасыз ету (дайындау) кәсіпорын алған шикізат, материалдар отын және басқа материалдық қорлар, транспорттық ұйымдар мен арада туындаған қарымқатынастар бухгалтерлік есептің обьектілері болып саналады.

  • өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шығындар субьектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызымет үшін алғын ақшалай түсімі есептеледі.

Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.

Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;



  • Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;

  • Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.

  • Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.

  • Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.

  • Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.

  • Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.

Зерттеудің негізгі мақсаты қызымет көрсету есебінің аудитін жүргізу. Зерттеудің объектісі «Бірлік» селолық су пайдаланушылар кооперативі. Мемлекеттік тіркеуден өткен 1998 жылы өзінің меншіктік капиталына ие Сонымен қатар мүліктік есептеріне құқықтық иелігі белгіленген, жеке байланысы түзіледі.

Негізгі мақсаты табыс алу мақсатында мақталық алқаптардағы су пайдаланушыларға қызымет көрсету сонымен қатар «Бірлік» кооперативі ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін кез-келген басқада қызыметтермен шұғылдана алады.

“Бірлік”коперативінің 1- қаңтар 2007 жылғы балансында ұзақ мерзімді активтердің жыл басындағы қалдығы 3206 мың тенге, жыл соңындағы қалдығы 3120 мың тенге, қалдық құнының кемейуіне әсер еткен фактор тозу соммасының есептелгендігі. Ал ағымдағы актвтердің жыл басындағы соммасы 21мың тенге, жыл соңына 151 мың тенгені құраған, бұған негізінен кооперативке келіп түскен тауарлы материалдық құндылықтар есебінен ұлғайған.

Меншікті капиталы жыл басына 3227 мың тенге, болып жыл соңына 3271 теңгені құраған бұның ұлғайуына бөлінбеген табыстың әсері тиген.

Енді біз кооперативтің қаржы шаруашылық жағдайына тоқталатын болсақ , көрсетілген қызыметтен түскен жалпы табыс 5245740 тенгені болған ,көрсетілген қызыметтің өзіндік құны 5201130 тенге болып ,жалпы табыс 44610 тенгені құраған , салынған салық 13380 тенге көлемінде есептеліп таза табыс 31230 тенге болған . Жалпы балансымен қаржы шаруашылық жағдайын талдауда анықталғанындай кооперативтің рентабілдік денгейі төмен екендігін байқаймыз.



  1. тарау Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығындағы су пайдаланушылар каперетивінің алатын орны




    1. Бірлік” кооперативінің қаржы – шаруашылық жағдайын талдау.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар , т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сон дай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Казахстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бестапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады.

Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді.

Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады).

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтер лік шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлерінде ЖО, ведомость, Бас кітап).

Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т.б).

Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық-шаруашалық қызметі талданады.

Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнін басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:

№2 “Бухгалтер лік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету” (2 БЕС); “Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру” (3 БЕС) және “Ақша қаражатының қоғалысы туралы есеп беру” (4 БЕС) арқылы жүзеге асады. [27. 1-2 бет]

Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құралтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.

Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп. тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бір інші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланс тар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуї тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтер мен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алу мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасмалдаудың, қайта сорталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыцс көрсетпеунен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б салдарынан болуы мүмкін.

Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды дәлдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай турін түгендеу (немесе түгелдеу) деп. атаймыз.

Түгендеу (немесе түгелдеу)- бұл бухгалтерлік есеп әдісінің бастр элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерінің салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, он барлық кәсіпорын жүргізіледі. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек сонын көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына арап екіге бөлінеді: толық және ішінара болады.

Қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі турады есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы турады есеп және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.

Қаржылық есеп берудіңмақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегіқызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет, мысалға:

-инвесторлар - жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келекшектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

-кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

-жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

-сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;

-қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзініің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктеріне мен төлемін алады, ал акционерлер- тұрақты түрде дивидент алып тұруын көздейді;

-Мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сон дай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды.

-Жұртшылық – жұмыс орынын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді аймақты дамутуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып келеді.

Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражаттарының ағының бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесімен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарын қызметіне қажет ақпараттар мен қамтамасыз етуге өзге септігін тигізеді.

Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал . Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.

Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін апарат балып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді.

Қаржылық есеп беру өзара байланысы, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі факт імен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал он сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субьект пайдаланылады.

Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуг тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.

Қаржылық есеп беру де заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.

Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі- мың теңге. Жылдық есеғп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субьектілер үшін- заңды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек).[23. 491-492 беттер]



Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

Актив-бұл құндық бағасы бар субьекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттыр үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық ложа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуын немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпоынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін. Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, “ноу-хау”, гудвіл және т.б.); сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуї мүкін. Шаруашылық жүргізуші субьекттің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.), бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тұспа-тұс келе бермейді (мысалға, аяқталмаған құрылыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген обьектіден, көп жылдық екпе ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.



Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндетемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет.Субьекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субьект келісім – шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналалды (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).

Меншік капиталы- бұл субьектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, таратылған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пасивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субьектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесі- бұл есепті жылдағы кәсіпорының қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен батыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндемелердің азаюы, шығыс- бұл есептік мезеңде активтердің азаюы не міндеттемелердің көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субьекттің табысы болып табылады, ал субьект иелеріне меншік капиталын таратып беру-шығыс болып танылады.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субьект қызмет түрінде (өндірісіне) қаракп табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, аул шаруашылық қызметі бойынша және т.б, сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.



Табыстар – бұл субьектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы – материалдық құндылықтардын, жалға беруде инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акцияф бойынша табыс және пайз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетімен байланысты шығындар, негізгі және негізіг емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жаңадан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары материалдық запастар, негізгі құралдар т.б) Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбеді және ол жеке элемент болып та саналмайды. [12. 492-496 беттер]
Бірлік селолық су пайдаланушылар кооперативінің 1-қаңтар 2007 жылғы бухгалтерлік балансы.

Кесте -1




Қатар саны

Жыл басына

Жыл соңына

Актив










1

2

3

4

1Ұзақ мерзімді активтер










Материалдық емес активтер










Бастапқы құны

10







Амортизациясы

11







Қалдық құны

12







Негізгі құралдар










Бастапқы құны

20

3416

3416

Амортизациясы

21

210

296

Қалдық құны

22

3206

3120

Аяқталмаған құрылыс

30







Инвестиция

40







Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар

50







Есепті жылдың (шығыны ) зияны

60










70







Жиыны

90

3206

3120

2. Ағымдағы активтер










Тауарлы – материалдық қорлар










Материалдар

100

21

151

Аяқталмаған өндіріс

101







Тауарлар

102







Дайын өнімдер

110







Басқалары

120







Дебиторлық қарыздар










Сатып алушылармен тапсырыс берушілердің қарыздары

130







Еншілес серістіктердің қарыздары

140







Басқада дебиторлық қарыздар

150







Осыдан :










ҚҚС

151







Алдағы кезең шығыстары

160







Берілген аванстары

170







Қаржылық инвестиция

180







Ақша қаражаттары

190







Осыдан:










Есеп айырысу шотындағы ақшалар

191







Жолдағы ақшалар

200







Валюталық шоттағы ақшалар

210







Басқада ағымд ағымдағы активтер

220







Жиыны

230

21

151

Барлығы

240

3227

3271


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет