Спорт және өнер факультеті



бет1/3
Дата27.10.2023
өлшемі71.5 Kb.
#481716
  1   2   3
рома ҚР ҚК әскери қызметшілерінің тәрбие жұмысының әдістемесі




Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті

Спорт және өнер факультеті

БӨЖ

Тақырыбы: Әскери-спорттық кешен жаттығуларын өткізу әдістемесі.



Қабылдаған: аға оқытушы, подполковник Серибай Мамбеталиев
Орындаған: Балабеков Рамазан
Тобы: Бәд-011


1. Әскер қызметкерлерінің әскери қабілеттілігі және дене даму дайындығын жоғарлатуда әскери-спорттық кешенінің рөлі.
Қарулану және әскери техниканы жетілдіру әскери еңбектің терең бөлінуіне, жаңа әскери техникалық мамандықтардың пайда болуына, дене және жүйке-психикалық жүктемелердің жаңа түрлерін пайда болуына алып келеді. Осылайша, бір қатар мамандардың әскери-кәсіби қызметтері оператор еңбегінің сипаттық белгілеріне ие болады, әскери қызметкерлері орындайтын операциялар күрделенді. Олар ақпараттың үлкен көлемін тез қайта өңдеу қабілетін талап етеді, ұзақ жұмысқа деген тұрақтылықты, ұқыптылықты қажет етеді. Осыған қоса, ең күрделі және жетілдірілген құралдардың өзі елементарлы сонымен бірге ойлау операцияларының күрделі түрлерін орындауға адам орнын баса алмайды.
Құралдандырудың күрделенуі әскер қызметкерлерінің келісілген қызметтерінің топтық дағдысын өңдеуге, ұжымдық қызмет көрсетуді талап ететін жүйелердің пайда болуына алып келеді.
Қарулы күштердегі дене даярлығы – дене тәрбиесі жүйесінің бөлімдерінің бірі, сонымен бірге әскер қызметкерлерінің әскери оқыту және тәрбиеленудің маңызды әрі ажырамас бөлігі, жауынгерлерді әскери даярлау пәнінің бірі бола отырып, жүйесіне енеді.
Әскери қызметкерлерінің дене даярлығына қойылатын талаптар негізінде қалыптасатын дене даярлық мақсаты жетекші жүйе жасаушы фактор болып табылады. Олар қызметтегі міндеттерді жетістікті орындау үшін қажетті сапалардың және жеке құрамның әскери-кәсіби іс-әректтері негізінен шығады.
Соғыста жаңа техникалық құралдарды қару-жарақтың ракета – ядролық және басқада түрлерін қолдану күтпеген факторлардың әскерін жоғарлатады және әскерлерге қарсыластардың шабуыл жасауына үнемі әскери даярлықта болуға талаптар қояды.
Үнемі әскери даярлық кезекшілік кезінде іс-әрекеттердің дәлдігін сақтауға ерекше талаптар қояды. Ол жоғары дене шыдамдылығы бар тұлғаларда кейінірек байқалатын шаршау деңгейіне тікелей тәуелді.
Жеке құрамдағы арнайы сапалардың қалыптасуына және жұмысқа деген қабілеттілігін сақтауда қамтамасыз ете отырып дене даярлығы жауынгерлер әскери дайындығының қолдаудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Бүгінгі таңдағы күрес құралдар мен күштердің жоғары ептілігімен, қуаттылығы және жылдамдылығымен, жағдайдың тез әрі аяқ асты өзгеруімен, адамзат факторы рөлінің күшеюімен сипатталады. Күрестер әскери қызметкерлерімен моральды-әскери және дене жоғары сапаларын, зор психикалық және дене күштемелеріне шыдау қабілеттерін талап етеді. Әскери әрекеттің жоғары интенсивтілігі уақыттың аздылығымен түсіндіріледі және бұл уақыт үнемі қысқартылуда. Әскери іс-әрекеттер мен тәсілдерді орындау кезінде уақытты үнемдеу жеке құрам әскери шеберлік көрсеткіштердің бірі болды және ол тек қана жоғары дене даярлығы базасында мүмкін болмақ.
Әскери жағдайдағы уақыт аздығы, жұмыстың жеке темпін қолдануға мүмкіндік бермейтін іс-әрекеттің ұжымдық сипаты жеке құрамның шектен тыс дене және психологиялық шаршап-шалдығуына алып келеді.
Дене шынықтыру әскер қызметкерлерінің ұрыс қабілеттіліктеріне үлкен ықпал етеді және ол біріншіден жауынгерлердің әскери әдет дағдыларын жоғарылатуда және жағдайдың жағымсыз факторларына ағзаның тұрақтылығын көтеруде, екіншіден, моральды – саяси және психологиялық сапаларды жетілдіруде көрінеді.
Бейбіт өмір кезіңінде жауынгерлердің әскери шеберлігі тәжі ретінде қарастырылатын әскери даярлық тұтасымен алғанда берілген уақыт көлемінде әскери тапсырманы жоғары сапада орындауы бар. Қарулы Күштер бөлімдері мен бөлімшелердің, әскери қызметкерлерінің қабілеттерінде көрініс береді. Сондықтан, барлық деңгейлі командирлердің әскери әдет-дағдылардың кез-келген тарау аңызын жауынгерледің әскери даярлық жағдайындағы оның қосымшасы бойынша бағалауға ұмтылуы толығымен түсінікті.
Әскери – кәсіби қызмет ерекшеліктеріне дене және психикалық жүктемелер, қозғалыс белсенділігінің тәртібі, өмір сүру ортасының сипаты, қызмет ету мерзімі және әскери қызметтен байланысты әрі әскери техника және қару- жарақтардың даму деңгейіне тәуелді басқа да факторлар жатқызылады.
Далалық әдет-дағдыларға дене даярлық факторының әсері барлық әскери мамандықтар үшін сипатты. Қозғалыс дағдыларының жеткілікті арсеналының бар болуы, іс-әрекеттің бір тәсілдерінен басқасына тез әрі тиімді көшу қабілеті – автоматталған жүйе оператор жұмыс сенімділігінің маңызды шарты. Дене машықтануының жоғары деңгейі жауынгер бойында жағжайды жылдам бағалау, күрделі жағдаяттарды шешімді қабылдау қабілеттерін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Жоспарлы өткізілген дене даярлықтары әскери оқу үрдістерін күшейтуге көмектеседі. Мұндай жүктемелерді алып жүру дене күштері машықтанған адамдардың ғана қолдарынан келетіні түсінікті. Дене даярлығының төмен деңгейі жауынгерлер мен бөлімшелердің оқу-әскери тапсырмаларды орындауына кері әсерін тигізеді. Осылайша, жауынгерлер тәжірибесі куә болғандай дене даярлығы жауынгерлер түрлері және Қарулы Күштер барлық түрлерінің жеке құрамының әскери шеберліктерін жоғарлатудың маңызды құрамы, әскери қызметкерлердің кәсіби әдет дағдылар деңгейінің көрсеткіші ретінде көрініс береді. Оның орны ең алдымен дене сонымен бірге ақыл-ой жұмсы қабілеттілігн жоғарылату және сақтауда оларды қиын жұмыстан кейінгі деңгейін қайтадан жылдам қалпына келтіруде көрінеді.
Осыған сүйене отырып әскери қызметкерлер оқу-әскери іс-әрекеті әскери техниканы және қарулануды тиімді әрі сенімді қолдануда жағдайдың әртүрлі шарттарында тез, нақты және жетістікке қол жеткізе отырып әрекет етуде.
Қарулы Күштердегі дене даярлығының негізгі мақсаты әскери және басқа тапсырмаларды олардың белгіленулеріне сәйкес орындау үшін әскери қызметкерлердің дене даярлықтарының қажетті деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Дене даярлығы үрдісінде бірінші кезекте күш, жылдамдық, шыдамдылық және ептілік, осыдан кейін теориялық білім және ұйымдастырушылық – әдістемелік біліктер мен дағдылар қалыптасады.
Дене даярлығының мақсатына жалпы және арнайы міндеттерді шешу көмегімен қол жеткізіледі.
Әскери қызметкерлер дене даярлықтарының жалпы міндеттері болып табылады:

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • Үйлесімді дене және рухани даму;

  • Талап етілетін деңгейде шыдамдылықты, күшті, жылдамдық пен ептілікті қолдау және дамыту;

  • Қол күресу, әскери-қолданбалы жүзудегі шынайы және қолдан жасалған кедергілерді жою, белгіленген аймақ бойынша жылжудағы дағдыларды қалыптастыру.

Дене даярлығының арнайы міндеттері Қарулы Күштер түрлері жеке құрамының әскери-кәсіби әрекеттерінің ерекшеліктеріне негізделген. Олар әскери қызметкерлердің іс-әрекеттерінің шарттарын және нақты ерекшеліктерін есепке ала отырып қалыптасады.
Дене даярлығының арнайы міндеттері төмендегілер болып табылады:

  • Ракета бөлімшелерінің жеке құрамы, оқу әскери бөлімі мен бөлімшелер курсанттар үшін – жалпы және күш шыдамдылығын дамыту;

  • Арнайы әскери бөлімшелермен әскери бөлімдердің жеке құрамдары үшін – жылдамдығын, күшін және күш шыдамдылығын дамыту;

  • Тыл бөлімшелері және әскери бөлімдердің жеке құрамы үшін күшін, жылдамдығын (шапшандығын) және жалпы шыдамдылығын дамыту;

  • Диверсияға қарсы күрес және қорғаныс, күзет бөлімшелерінің жеке құрамы үшін – жалпы және күш шыдамдылығын дамыту, кедергілерді жоюдағы дағдыларды жетілдіру, қолмен алуды жүргізуге даярлығын ұштау, зор дене жүктемелеріндегі ұжымдық іс-әрекетте дағдыларды жетілдіру.

Дене даярлығы арнайы міндеттерді шешуден өзге әскери кезекшілігі кезіндегі оң тайлы жұмыс қабілеттілігін қолдауды қамтамасыз ету және осы оңтайлы жұмысқа қаблеттілікті ұзақ кәсіби жүктемеден кейін қайта қалпына келтіруі тиіс.
Қарулы Күштердегі дене даярлығының қорланған тәжірибесінің көрсетуінше арнайы міндеттер жетістікке қол жеткізе отырып шешіледі егер олар бірнеше мамандықтар талаптарының жалпылығы негізінде қалыптасса,осыған қоса әскери бөлімдер мен бөлімшелердің ұйымдастырушылық құрылымы ескерілсе.
Әскери-спорттық комплекс – ҚР Қарулы Күштер жеке құрамын әскери оқыту және тәрбиелеудің маңызды әрі ажырамас бөлігі,әскери доярлық негізгі пәндерінің бірі болып табылады.
Әскери-спорттық комплекс және әскери-спорттық ойындардың негізгі мақсаты - ұрыс ісәрекетіне әскери қызыметкерлерінің дене даярлықтарын қамтамасыз ету,осыған қоса оларды оқыту мен тәрбиелеудің басқа да міндеттерінің щешімін табуға ықпал ету.
Әскери қызметкерлер әскери-спорттық комплексінің жалпы міндеттері төмендегілер болып саналады:
1.шыдамдылықты,күшті,шапшандық пен ептілікті дамыту және үнемі жетілдіріп отыру;
2.қол күресі,әскери-қолданбалы жүзудегі кедіргілерді жою,шаңғыда және басқа түрдегі жергілікті қлып өту бойынша дағдыларды меңгерту;
3.дене дамуын жақсарту,денсаулықты нығайту және әскери-қолданбалы іс-әрекеттің жағымсыз факторлар әсеріне ағза тұрақтылығын жоғарлату.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет