№1 (130)/2020 вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева Серия филология



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата07.12.2022
өлшемі1.58 Mb.
#466746
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
features-of-creation-of-documentary-and-military-prose-based-on-the-novel-by-a-beck-volokolamsk-high

№1 (130)/2020
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия ФИЛОЛОГИЯ
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
только Александр Бек, но и Бауыржан Момыш-улы перед памятью панфиловцев, перед 
историей и перед современниками за правдивость книги» [2, 30 б.]. Бұл жазушы Бек пен 
батыр Момышұлы арасында жасалған келісім шартының бір пункті ғана. Яғни бұл шығар-
маның жанры о бастан-ақ анықталған, тарихи шындықтың бұрмаланбауын, көркемдік 
деңгейінің өзінің тиісті деңгейінде ғана болатыны осы келісім шартта көрсетілген. Тіпті 
батырдың талай мінберлерден сөйлеген сөздерінің өзінде де майдан даласының шындығы 
шынайы болуы қажет десе, ал соғыс туралы жазған жазушы әскери ұрыстардың шынай-
ылылығы мен дәлдігін жазуы қажет дегенді басты назарда ұстаған. Сол себепті де мұндай 
туындылар тәрбиенің мықты идеологиялық қаруы бола алады және сонда ғана олар жауын-
гердің жанын, психологиясын түсінуге ықпал жасайды деген тұжырымын алға тартады.
Батыр Б. Момышұлы көзі тірісінде-ақ аңыз боп есімі кең тараған шақта, романнан 
кейінгі атағы жер-жаһанға жайылды. Роман жарыққа шыққан соң-ақ, қызу талқыға түсіп, 
талдау, талқылау жұмыстары басталды. «Арпалысты» батырдың өз төл туындысы деп та-
нылсын деген пікірлердің де болғаны рас. Бірақ қалай болғанда да, бұл А. Бектің шығар-
масы және біз «жанама авторлықты» дәлелдеудің артық екенін мойындауымыз лазым. Бұл 
– тарихи шындыққа жанасатын факт. Оған майданда 1942 жылдың наурыз-сәуір айларын-
да (кейіннен 1944 жылдың 18 желтоқсанында Мәскеу қаласында жазылған) А. Бек пен Б. 
Момышұлы арасындағы жасалған келісім шарт дәлел. «Арпалыс» романы – қазақ әскери 
прозада өзіндік орны ерекше деректі шығармалардың бірі. Ол қалың көпшіліктің ықыла-
сына бөленген, оқырманын ұйып алып кеткен тың туындылардың біріне айналды. Оның 
екі себебі бар. Бірі – тірі адамды көркем образ, яғни кейіпкер етіп сомдауы болса, екін-
шісі – соғыс қатусышысының тікелей айтылуымен жазылып алынған әскери күнделіктер 
мен естеліктерден тұратын деректі шығарма болуында. Әрине кез келген көркем шығарма 
секілді «Арпалыстың» да шығу тарихы мен ары қарайғы ғұмыры, романның бастан кешкен 
жағдайлары бар. Оның талқылау, талдау жұмыстары өте көп болды. Әдеби ортада ол бірден 
жылы қабылданып, мақұлданды дей алмаймыз. Оның да белгілі себептері болды. Кеңес 
үкіметінің Б. Момышұлына деген қарым-қатынасын, оның озық ойларына, тың деректер 
ұсынып, тосыннан айтылған идеяларына қарсы болғанын білеміз. Бұл ел аузындағы ғана 
әңгімелер емес, оған батырдың өз мұрасы да дәлел, тіпті батыр туралы жазылған ғылыми 
еңбектер де баршылық. 
«Арпалыс» романы – әскери прозаның барлық талаптарына сай оқиға суретімен де 
эстетикалық құндылықтарымен де кем түспейтін соғыс тақырыбына арналған классикалық 
шығармалардың біріне айналып отыр. Тіпті, «Арпалыс» романы әскери тақырыпты қолға 
алып зерттеулер жүргізудің қайнар көзі ретінде қызмет ете алатындай тың туынды деуге то-
лық негіз бар. Әлем әдебиетінде де сирек кездесетін мұндай құбылыс «Арпалыс» романын 
бірден әлем назарына іліктірді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де басты шығарманың 
біріне айналды. «Арпалыс» – соғыс жайында менің сүйіп оқитын кітаптарымның бірі бол-
ды және солай болып қалды да. Өзімнің бұл кітапты сүйетіндігімді былай қойғанда, мұның 
өзі біздің әдебиетіміздегі соғыс жайында жазылған ең таңдаулы кітаптардың бірі екендігіне 
менің сенімім кәміл. Біздегі және бүкіл дүние жүзіндегі жұртшылық жақсы біле тұрса да, 
бұл кітап әлі де лайығынша толық бағасын ала қойған жоқ» - деген орыстың жазушысы
К. Симоновтың әділ бағасы бүгінде де өз құндылығын жоғалтпайтыны анық. Себебі бұл 
кітаптың шындығы қаншалықты ұранды, пафосты естілгенмен, қымбатты шындықтардың 
бірі. Бұл – ақиқат [3, 4 б.].
Роман өз мәнін жойған жоқ. Мұнда тарихи шындық сайрап айқын көрінеді. А. Бек-
тің бұл шығармасы қолбасшының жетік өнері туралы, ұрыс жағдайындағы қимыл-әрекет-
тердің кенеттен орын алуы, дәл сондай сәттерде туындаған қиындықтарды жеңіп шығуда, 
тойтарыс беруде әскербасының шапшаңдығы мен дарындылығы осындай сын сағаттарда 
танылатыны туралы. Оқырманның көз алдына ұрыс стенограммасы ғана емес, қолбасшы-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет