А. А. Демесинова



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата19.12.2023
өлшемі490.63 Kb.
#486988
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Demessinova



 
 
ХҒТАР 17.01.11
А.А.Демесинова
 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті,
 
Көкшетау, Қазақстан 
E-mail.ru: d.akerke1978@mail.ru)
 
 
 
Көркем әдебиеттегі фэнтези жанрының шығу төркіні мен 
түрлері
 
 
 
Аңдатпа. Мақалада фэнтези жанрының шығу төркіні қарастырылып, шығарма 
мазмұнына өзек болатын архетиптік сюжеттер мәселесі көтеріледі. Ғылыми 
фантастика мен фэнтези жанрының жанрлық өзгешелік сипаттары айқындалады. 
Фэнтези жанрындағы өзгеше астралды, параллель әлемнің көркемдік шындық 
әлеміне айналып, өзінің көркемдік заңдылықтарымен өмір сүруінің алғышарттары 
түйінделіп, тұжырымдар жасалады. Фэнтезидің ертегілерден өзгешелігі мұндағы 
таңғажайып оқиғалар суреттелетін әлемде қалыпты жағдай ретінде бейнеленіп
ақиқат шындықтағы табиғат заңдылығы сияқты жүйелі көрініс табады.
 
Мақала мазмұнында әлем әдебиетіндегі және қазақ әдебиеті фэнтези жанрының 
көрнектіөкілдерініңшығармаларынашолужасалады. Негізгібөлімдефэнтезижанрының 
ғылыми анықтамасы, оның қазіргі кездегі негізгі жанрлық түрлері – эпикалық, басқаша 
атасақ, батырлық немесе қаһармандық фэнтези, ертегілік фэнтези, «қара» фэнтези, 
нормалық фэнтези, пародия фэнтезиі, қала фэнтезиі, ғылыми фэнтези, мистикалық 
фэнтези туралы тұжырымдар жасалады. Фэнтези жанрының тууына түрткі болған 
мифологиялық сюжеттер мен эпикалық дастан-жырлардың көркемдік генезисіне 
назар аударылады. Фэнтези жанрындағы шығармалардың сюжеттік кеңістігіндегі 
реалды, мифологиялық, эпикалық, фантастикалық кеңістік сипаттары талданады. 
Қазақ фэнтезиінің қалыптасып, дамуына тоқтала келіп, оның көркемдік деңгейі 
зерделенеді. Қорытынды бөлімде мақаладағы түйінді пікірлер сараланып, тұжырымдар 
жасалады. Қазіргі фэнтези жанрының алдында тұрған мақсат-міндеттер көрсетіледі. 
Түйін сөздер: фэнтези жанры, архетиптік сюжеттер, магия, айдаһар, алып дәу, 
жын-перілер, жанр, кеңістік, оқиға.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет