Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................3-4
1 Экономика және оның қоғам өміріндегі орны.....................................5-8
1.1 Экономика туралы жалпы түсінік......................................................8-9
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа..................9-12
1.3 2030 жылға дейінгі экономикалық стратегия...................................12-15
2 Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері........................................16-17
2.1 Экология туралы түсінік...................................................................17-19
2.2 Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті..................................................19-22
2.3 Қазақстандағы экологиялық проблемалар.........................................22-26
3 Экономиканың экологиялық жағдайға әсері........................................27
3.1 Экономикадағы экологиялық факторлар.........................................27-29
3.2 Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның
экономикалық бағалануы.........................................................................29-32
3.3 Табиғатты қорғау қызметтерінің экономикалық механизмі........32-33
Қорытынды ...............................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................35
Кіріспе
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе-теңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.
Қоршаған ортаны сауықтыруға ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғаттыпайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру ісі әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасындағы өзара қайшылықтардың кедергісінен өту - өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ. Осылардың шешімін табу үшін экономика саласындағы мамандардың экономика мен табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және экология неіздерінің ауқымындағы білімін талап етеді. Осыған байланысты табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау экология пәндерін оқытуда сабақ беру жүйесін өзгерту қажет.
Экономика қазіргі кезге дейін мемлекеттің байлығы туралы ғылым ретінде қаралып келді: оның жалпы алғанда әл-ауқатты да қамтитынын және сонымен қатар ағарту ғылымы теориясының қазіргі нысанасымен, яғни құндылықтар туралы ұғыммен тығыз ұштасқан оның елеулі бөлігі болып табылатынын көрсетуге тырысады. Ол үшін материалдар онда-мұнда шашылып жатқан осы жаңа ғылымның түр-тұрпатын кескіндеуге ұмтылыс жасалынды. Егер, бір жағынан, осылай иемдену арқылы экономика саласы кеңейетін болса, басқа жағынан, ішкі саясат үшін экономикадан туындайтын әкімшіліктің бастауын бөліп алып, оның шектерін қысқарту керек деп саналады; бұлайша бөліп алу оның әрқайсысы дәл шекараларды айқындап беру тұрғысында екі ғылым үшін де бірдей тиімді.
Халық байлығы теориясындағы талпыныс ешбір жүйеге тоқталмай, қосымшадағы ең пайдалы нәрселердің бастауын ұштастыру болады. Осы бастаулардың үлкен бөлігі Смиттің шығармалары болмақ және оған оның жүйелерін ерекше ұстанатын құсап көрінетін, талассыз аксиомалар дәрежесінде енгізілген дәлелдемелердің айқындығымен ерекше міндетті; бірақ бұл – осы сияқты жағдайлар сектаның кез-келген рухына сақтықпен қарауға мәжбүр етіп отыр. Осы бір құрметті философтың беделі ешбір жерле оған көзсіз бағынуға дейін жеткізген жоқ деп батылдықпен пайымдай алады. Одан кейін жасалынған жаңалықтарды пайдаланып, түсіндірмешілерден кеңестер алып, сынға құлақ түріп; сайып келгенде, оның әрбір бастауларын, оның әрбір ережелерін таразыға салды [1,257б].
Әрбір халықтың жылдық еңбегі оған өмір сүруге барлық қажетті нәрсені және өмір сүруге қолайлы өнімдерді беретін, ол жыл ішінде тұтынатын және әрқашан енемесе тікелей осы өнімдерді немесе басқа халықтардан осы өнімдерге айырбасқа сатып алынатын нәрселерден тұратын бастапқы қор болып табылады.
Сондықтан осы өнімдердің мөлшерінен немесе оларға айырбасқа алатын нәрсені тұтынатындардың салыстырмалы санына байланысты халық барлық қажетті заттармен және олар мұқтаждық ететін қолайлы нәрселермен жақсы немесе нашар жабдықталған болып шығады.
Бірақ әрбір халықтағы бұл қатынас әр түрлі жағдаймен: біріншіден, өнермен, шеберлікпен және жалпы алғанда оның еңбегінің қалай қолданылатынын пайымдаумен, екіншіден, пайдалы еңбекпен айналысатындардың және онымен қамтылғандардың санымен арадағы қатынаспен айқындалады. Белгілі бір халықтың аумағының топырағы, климаты және мөлшері қандай болмасын, оның жылдық жабдықталуының мошылығын немесе тапшылығы әрқашан осы екі шартқа қатысты болады.
Еңбек өнімділігі саласындағы осы прогресстің себептері және қоғамдағы таптар мен адамдар топтарының арасындағы оның өнімі табиғи түрде соған сәйкес бөлінетін тәртәп осы зерттеудің бірінші кітабының нысанасы болып табылады.
Адамзатқа тек қана атом соғысы қауіп төндіріп тұрған жоқ. Онда да қасіретті қатерлердің шеті көрінді, ол-биосфераның өлуі, яғни барлық тіршіліктің жоқ болуы, кезінде динозаврлар неге өліп таусылып еді?! Адамзатты да сондай болашақ күтіп тұрмасына кім кепіл? Cүтқоректілердің бәрі өздерін “саналы адам” деп өркөкіректікпен атап алса да, сол сананың кемдігінен өлгелі тұр. Атом ядросының құпиясын ашуға, компьютер ойлап табуға адам баласының ақылы жетті, бірақ өздері ойлап тапқан заттарды ұтымды пайдалануға мәдениеті жетер емес. Ғылыми – техникалық революцияның ондаған жылдары ішінде біз өзіміз өмір сүретін ортаны, алдымен атмосфераны аяусыз былғауды үйрендік. Ал ол миллиардтаған жылдар бойы қалыптасқан [2,2б].
1.Қоғамның XX ғасырдағы дамуы экономикалық өмірді ұйымдастырудың екі жолы бар екенін көрсетті. Оның біріншісі – нарықтық экономика, екіншісі – жоспарлы - әкімшілік экономика.
Бұлар экономикалық қатынасты әртүрлі жолдармен шешеді: өнімді
қанша көлемде шығару керек, қоғамдық өндіріс жүйесіндегі және өнімді бөлудегі адамның орны және оның адамгершілік құндылығы.
Нарықтық экономикада бұл қатынастарды нарық реттейді (өнімді шығару, тұтыну, бөлу, оған сұраныс, т.б.). Нарық – таурды бөлу саласы. Күнделікті өмірде сауда жүретін орындарды да (базар, жәрмеңке) нарық дейді. Алайда нарықты басқаша түсінуіміз керек. Нарық – өнім шығарушылар мен өнімді тұтынушылардың, сұраным мен ұсыныстың арасындағы қатынас, олардың өзара тығыз байоанысы.
Нарық адамдарды тиімді еңбек етуге, ынталылыққа бағыттайды. Нарықтық экономика ғылыми – техникалық прогресті, өнім өндірушілердің өзара бәсекелесуін және тұтынушылар үшін бәсекеге күресін де өрістетеді.
Нарықты тауар ғана жасамайды, сонымен қатар дербестік алып, өзара бәсекеге түскен тауар өндірушілер жасайды.
Нарықтық қатынас көп қырлы экономикалық қатынасты ғана емес, сонымен қатар қоғамның саяси - әлеуметтік , рухани өмірін де қамтиды. Нарық - экономикалық өмірді демократияландырудың негізі.
Тұжырымдап айтқанда, нарық қатынастың экономикалық негізі – меншікті мемлекеттен ажыратып, көп түрлі меншікті қалыптастыру. Сонымен қатар тауар өндірушілердің дербестігі, өнімді тұтынушылардың белсенділігі, сұраным мен ұсыныстың арта түсуі. Бұл процестердің бәрі аймақтың, елдің немесе дүние жүзі көлемінде іске асырылады. Бұған дәлел нарықтық қатынаста өмір сүруші дамыған елдердің экономикалық және саяси өмірі. Олай болса, нарықтық қатынас – ғаламдық проблема. Қазір дүние жүзі елдері арасында осы саладағы жарыс қарқын алды. (кім көп шығарады, сапалы шығарады, көп таратады, т.б.).
Жоспарлы - әкімшілдік экономикада өнімді өндіру мен бөлу орталық басқару (өкімет) органдарының билігінде болып келді. Тауарды өндірушілер мемлекеттік жоспарды міндетті түрде орындайды. Қайсібір уақыттарда ол өнімді тұтынушылар қажет етпейді.
Нарықтық экономикада ұсынысты мемлекет реттемейді (өнім шығарушылар қанша шығарым десе де ерікті), сұранымды да ешкім реттемейді (сатып алушылар өзіне не керек, қанша керектігін дербес шешеді). Ендігі мәселе – баға. Бағаны да сырттан ешкім реттемейді. Оны сұранысқа және ұсынысқа сәйкес өнімді шығарушының өзі шешеді. Сонымен, ұсыныс пен сұраным теңдңстіріледі. Осы белгілерге қарай халық шаруашылығын нарық реттейді.
Нарықтық қатынастың өзіне тән объективтік – экономикалық екі заңы бар: баға заңы, ұсыныс және сұрнаным заңы. Біріншісі – орта бағаны қалыптастырады, екіншісі – нарықты пайда болатын ақша мен тауардың қатынасын анықтайды.
Тауар нарыққа (базарға, жәрмеңкеге, екінші бір тұтынушыға, мемлекетке, не басқа өндіріске) түскеннен кейін оның бағасы ақшамен өлшенеді, оны тауардың бағасы дейміз.
Алайда тауардың ақшалай көрініс тапқан бағасы оның нағыз бағасы емес. Бұл баға тауардың құнынан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Бұл сұраным мен ұсынымға байланысты. Егер де сұраным ұсыныстан жоғары болса (алушылар көп, бірақ тауар аз) – тауардың бағасы жогғары болады. Ал ұсыныс сұранымнан жоғары болса, онда баға төмендейді.
Тауар құнының мөлшеріндегі алшақтық тауар өндірушінің іс-әрекетіне әсер етеді. Егер баға жоғары болса табыс көп, ал баға төмен болса табыс аз болады. Мысалы, жеміс – жидекке баға өссе, оның өнімі тиімді, ол өнімді көп алуға итермелейді. Ал сұраным артпаса, баға төмендейді. Демек, сұраным да, ұсыныс та бағаны реттейді. Тауар өндіруші тиімді көп шығару жолын іздейді.
Сонымен нарық - өндірісті реттеуші, ол баға арқылы, не шығару, оны қанша көлемде шығару қажеттігі туралы хабар беріп тұрады. Нарықтың ықпалды әсері мұнымен ғана шектелмейді. Оның толық әсерін білу үшін тауардың өзіндік құнынң қншаға түсетінін анықтап білу керек. Құн – тауардың заттандырылған бағасы. Кез – келген тауарда бір ғана емес, көптеген өндірушілердің еңбегі бар. Бұған да түсінік берейік. Мысалы, киім фабрикасы бір топ көйлек шығарады делік. Осы көйлектерде тігіншілердің ғана еңбегі емес, сонымен қатар сол көйлек тігілген матаны, ілгекті, басқа да материалдарды (айталық, электр энергиясы, т.б.) шығарушылардың да еңбегі бар. Екінші сөзбен айтқанда, жаңа баға ғана емес, тігіншілердің еңбегімен келген, сонымен қатар бұрын шығарылған заттардың да (шиаізат, электр шығыны, машинаны пайдалану) шығыны, оның тозу шығынының бағасы – құны бар. Фабрика жаңадан көйлек шығару үшін алғашқы шығарылған көйлектерді сату керек, алынған пайдаға жаңа мата, басқа да материалдар алып, машиналарды жөндеп, қажет болса жаңасын алып, сонымен қатар жұмысшыларға жалақы төлеуі керек.
Нарықта сұраным ұсыныстан жоғары болса, баға өз құнынан төмен болады. Егер де сол шығарылған көйлекетерді 150 мың теңгеге сатса, онда пайда болмайды. Алынған қаржы кеткен шығынды ғана ақтайды.
Басқа жолмен пайда табуға бола ма? Болады. Мысалы, көйлектерді тігуге кететін материалдарды үнемдеу керек. Егер де оның құны 20 мыңға кемісе, онда пайда да 20 мыңға өседі. Екінші жолы – еңбектің өнімділігін арттыру.
Ол үшін - жаңа машиналарды пайдалану қажет соның нәтижесінде тігілетін койлектің санын екі есеге көбейтсе және орташа бағамен сатса, онда 400 мың теңге алуға болады. Сонда оның 200 мыңы өндірістің шығынын өтеуге, 50 мыңы жалақы төлеуге кетеді, ал 150 мыңы таза пайда болып қалады.
Бұдан шығатын қорытынды - шаруашылықтың тиімсіздігін азайту, тезниканы дамыту, еңбек өнімділігін арттыру керек. Істі тиімсіз жүргізу, еңбек өнімділігінің төмендігі өндірісті ұйымдасытрудың қажетсіздігіне апарып соғады (пайда төмен) немесе түбінде тоқтатады (банкротқа ұшыратады). Жоспарлы экономикада да өндіріс осылай ұйымдастырылған жоқпа еді деген сұрақ тууы мүмкін. Ол дұрыс. Айырмашылық мынада – ол кезде өндірістің дербестігі болмады, екі жүз мың теңгенің көйлегі өтсе де, өтпесе де, фабрика оны жоспар бойынша қайталап шығара беретін. Шығынға ұшыраса, оны мемлекет төледі. Сондықтан фабрика ештеңеден қам жемейді, еңбек өнімділігін арттыруға, шикізатты кемітуге ынталанбайды. Ал нарыққа өткен елдерде оның шығынын ешкім өтемейді, пайда таппайтын, шығынын өтей алмайтын зауыт та, фабрика да тарайды. Сондықтан нарық тек қана тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
Нарықтық экономикада еңбек және капитал нарығы да болады. Еңбек нарығының да (тауар нарығы сияқты) үш белгісі бар: сұраныс, ұсыныс, баға. Мұнда да сатылады және сатып алынады. Арнаулы тауар – жұмысшы күші сатылады. Мұнда да сұраным мен ұсыным қатынасы әсер етеді. Егер де белгілі кәсіптің мамандары көп болса (айталық бір салада, зауыттарда), оның қажеттігі аз болады да, оларға жалақы аз төленеді, қайсібіреулері жұмыссыз қалады. Керісінше, кәсіп саласына немесе шаруашылыққа мамандар көп қажет болса, ал еңбек нарығында сондай мамандар аз болса, шаруашылық оларды көп жалақы беріп ұстауға мәжбүр болады. Алайда нарықтық экономика мұндай мұқтаждықпен келіспейді. Еңбек нарығына тез арада ондай мамандары дайындайды, оларға жалақы төлейді. Ал жоспарлы экономика кезінде кәсіпке қажетті оның иелерін іздеді, дайындады. Бірақ арнаулы кәсіп иелері (аздығына қарамастан) қажет болса да аз, жоғарыдан белгіленген жалақыны ғана алатын болады. Сондықтан оның еңбекке ынтасы жойылады.
Белгілі бір елдің экономикалық жағдайына байланысты сол елдің ақшасы – валютасы басқа бір елдің валютасына белгілі бір қатынаста айырбасталады. Ақпарат нарығында ғылыми – техникалық революция білімнің құндылығын арттырады. Тауардың бағасында интеллектінің үлесі үнемі артып отырады. Сондықтан іс-әрекеттің тәсілі туралы, жаңа технология туралы ілімді, ақпаратты сату және сатып алу тиімді. Соның негізінде ақпарат нарығы дамиды.
Нарыққа тән қасиет – белгілі таукар өндірушілер арасындағы тауарды шығару және өткізудің тиімділігі үшін бәсеке (конкуренция). Бұл бәсекеде еңбек өнімділігін арттырғандар, өндірісті кеңейткендер, тауардың сапасын жақсартқандар ғана жеңіп шыға алады. Тұтынушы жеңу үшін өнімнің сапасын жақсартады, сонымен қатар бағасын арзандатуды да көздейді [3,122-124б].
1.1.Экономика (грек. oikonomia – шаруашылықты жүргізу өнері) ұғымы алғашында үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналысы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз. Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың базисі болып табылады [4,53б].
Экономика ғылымы ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғаш рет экономия термині III ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксинофонд және Аристотель еңбекреінде пайда болды. Көп ғасырлар бойы “экономия” (ойканомия) сөзі үй шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты экономия ұғымы жаңа мәнге ие болып, саяси экономияға айналды.Ол грек тілінде “полис”-мемлекет, “ойкос”- үй шаруашылығы, “номос”- заң дегенді білдірді. Саяси экономия ұғымын алғаш енгізген Антуан де Монкретьен болатын. 1615жылы оның “Саяси экономия трактаты” деген еңбегі жарық көрді. Мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұнданған. Саяси экономия ғылым ретінде XVI-XVII ғасырларда пайда болған. Бұл кезеңнің алғашқы ілімі Меркантелизм (итальян сөзі – саудагер, көпес) болды. Осы ілімнің негізгі мазмұны байлық көзі тауар мен ақша айналымы саласында болды деп есептелінді. Меркантелизм екі кезеңнен тұрды: алғашқы кезең – ақша балансы теориясын ұсынды, оған сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салу қажеттілігін ұсынды; соңғы кезең – меркантелистер тауар айырбастау сферасын зерттеуге көшті. Алғашқы меркантелистерден айырмашылығы олар ақшаны шетке шығаруға тыйым салмады, өндірістік тауарлардың экспортын көбейтіп, протекционизм саясатын жүзеге асыруды ұсынды. Протекционизм – ұлттық экономиканы қорғау. Меркантелистер өкілдеріне Монкретьен, Стафорд, Мен, Фосашков жатады. Айналыс аясындағы бағыттарды жаулап алып, буржуазия аясына өтеді. Оның мәні байлықтың көзі өндірілген игіліктер тек айырбасталатын сауда сапасы емес, өндіріс болып табылатыны дәлелденген. Шынайы байлық - ақша емес, тауар. Ол идея алғашқы рет физиократтар (физио-табиғат, кратос-билік) еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы – Франсуа Кене. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығы еңбегі деп есептетеді. Кейінен бұл сұрақтар Уильям Петти, Давид Рикардо, Адам Смит еңбектерінде қарастырылады. Олар ұлттық байлық тек ауыл шаруашылығы ғана емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектен көрінетінін айғақ етті.
Марксизмнің негізін салушы – Карл Маркс. Оның ашқан басты жаңалығы: қоғамдық экономикалық формация капитализмнің даму өаңдылығы, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болып тауарға сіңген еңбек, қосымша құн туралы ілімді қалыптастырды. Марженализм (шекті) экономикалық категорияны зерттеу үшін шекті соманы пайдаланды. Бұл бағыт XIX ғасырдың 70-жылдарында дүниеге келді. Марженалистерн ғылымының мақсаты – шектеулі ресурсты бөлудің тиімді әдістері мен шаруашылықты ұтымды жүргізу әдістерін іздестіруде деп таныды.
Еңбек бөлінісі мен маманданудың пайда болып, дамуымен материалдық игілік өндірушілер бір-біріне тәуелділікке түседі. Еңбек бөлінісінің дамуы жоғарылаған сайын, олардың арасындағы тәуелділік те күшейе түседі. Олардың әрекеттерін үйлестіру қажеттігі артады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді.
Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде – қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны
пайдаланып, қалай өндіруді; кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып үш түрге жіктеледі. Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді. Әміршіл - әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді. Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады [4,54б].
1.2.1991 жылы КСРО құлады, соның нәтижесінде Қазақстан басқа да КСРО құрамындағы республикалар сияқты егемен, тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Әкімшіл - әміршіл жүйе, жоспарлы экономика өмірден кетті. Бұл жүйе өмір сүрген 70 жылдың көлемінде елдің экономикасы тұрақты дағдарысқа ұшырай бастады. Қоғамдық меншік адамдардың еңбекке деген ынтасын жойды, тепе-теңдік үстем болды. Барлығы да жоғарыдан жоспарланды, оны орындау міндетке айналды. Өндірістің негізгі құралдары министрліктердің қарамағына шоғырланды. Қатаң орталықтандырылған принцип орнады. Министрліктер жоғарыдан төменге дейін жоспарлады, бүкіл қорды бөлушіге айналдырды. Жоспар заңға айналды. Өндіріс органдары өз өнімдерінің пайдасының иесі болудан қалды. Өндіріс органдарының материалдық ынтасы жойылды. КСРО өнімінің сапасы жөнінен көптеген елдерден артта қалды. 20 проценттен астам өндіріс органдары тиімсіз жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы сын көтермейтін жағдайға жетті. Ең жақсы, қолайлы деген жылдарда егістің әр гектарынан 17-19 центнерден өнім алды, бұл Еуропа елдерінен 2,5 есе кем еді. Батыс Германияда ауыл шаруашылығындағы бір жұмыскер 67 адамды тамақпен қамтамасыз етті, Америкада бұл көрсеткіш бұдан да жоғары еді, ал КСРО-да 7-8 адамды ғана тамақпен қамтамасыз ете алды.
80-жылдардың екінші жартысындағы Горбачевтің “қайта құруы” да дұл кемшіліктерді жоя алмады.
Мемлекеттік органдар тиімсіз жұмыс істейтін мекемелердің одан әрі өмір сүруіне мүмкіндік жасады.
Жоспарлаушы, өнімді бөлуші және бақылаушы органдар көбейген үстіне көбейе түсті. Бірақ одан экономика жақсармады. Әкімшіл, жоспарлы экономика ғылым мен техника жаңалықтарының өндіріске енуіне зиянын тигізді.
Сонымен, КСРО экономика саласында индустриялы елдерден барлық көрсеткіштер бойынша артта қалды: ғылыми-техникалық жаңалықтар, өндірістің тиімділігі, өнімнің сапасы, т.б.
Осы көрсетілген және басқа да кемшіліктер КСРО-ның құлауына әкелді. Оның құрамындағы 15 республика өздерінің дербестігін жариялады, оның бірі – Қазақстан.
Нарықтық қатынастың өмірлілігін және жемістілігін әлем елдерінің тәжірибесі дәлелдеді. Нарықтық экономикаға көшу адамдардың ынтасының артуына жол ашты. Ол еңбекті сүюге, шығармашылдыққа, бастаманың, еңбек өнімділігінің артуына жағдай жасады.
Нарықтық экономиканың моделі (үлгісі). Барлық елдер, шағын елден ұлы елге дейін, өз алдына дербес, стратегиялық және әлеуметтік-экономикалық міндеттер қояды.
Ол тұрақты экономикалық даму:
-еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету;
-барлық азаматтардың тұрақты өмір деңгейін сақтау, әсіресе материалдық жағынан аз қамтамасыз етілгендерді қорғау;
-табысты әділетті бөлу;
-ақшаның құнсыздануын бақылау, оның тұрақтылығын сақтау;
-өндірістің жоғарғы тиімділігіне қол жеткізу.
Халықаралық сауданың және қаражаттық қарым-қатынастың ақылға сыйымды теңдігін (балансын) жақтау.
Экономиканың стратегиялық мақсатын іске асыру деңгейі дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде әр түрлі, әрқайсысы өз проблемаларын әр түрлі жолмен жұргізген. Әрқайсысы өз елдерінің экономикалық-әлеуметтік дәрежелерін, оның ерекшеліктерін ескерген. Бұдан экономикалық жетістікке жетудің, нарықтық экономиканы қалыптастырудың әр елде әр түрлі жолдары, тәсілдері болатынын білеміз. әр елдің өз моделі, үлгісі болады.
Соған сәйкес Қазақстан Республикасы да нарықтық экономикаға өтудің, оны қалыптастырудың өз үлгісін жасауы қажет болды. Бірде – бір мемлекет нарықтық экономиканы бірден тәжірибеге енгізе отырып, алдын – ала оның моделін – үлгісін жасамайды. Әрқайсысы экономикалық мақсатқа қол жеткізу үшін өз бетінше жол салады, оны жасап, дамытуда мына факторларды басшылыққа алады: табиғи байлығы, демографиялық, географиялық, әлуметтік жағдай, саяси жүйе, ұлттық дәстүр және құндылық, көрші елдердің әсері, дүние жүзінің экономикасының жағдайы, т.б.
Қазақстан да өзіндік ерекшелігі бар ел. Сондықтан да оның ұлттық экономикасының өз моделі болу керек, оны білу өте қажет.
Қазақстанның табиғи байлығы, оның жобасы және зерттелген шикізат қоры бар. Қазақстанның түсті, сирек металдар мен темір рудасын шығарудағы КСРО құрамындағы үлесі: алтынан 9, темір рудасынан 10, марганецтен 13, бокситтен 22, молибденне 29, мыстан 31, титаннан 40, мырыштан 50, вольфрамнан 53, күмістен 55, ураннан 56,қорғасынан 70, бариттен 80, хромнан 80 пайыз.
Қазақстан жерінде мыстың дүниежүзілік қоры 10, қорғасынның 19, мырыштың 13, марганецтің, хромит рудасының 30 пайызы Қазақстан жерінде. Бариттің, вольфрамның анықталған қоры дүниежүзілік қордан артық.
Қазақстанның экономикасы жоғары дәрежеде мемлекеттендірілген. Мұнда жоғары дәрежедегі өндіріс аппараттары қалыптасқан. Экономика саласында базалық – негізгі салалар, ғылыми – техникалық потенциалы күшті өнеркәсіп кешендері басым еді. Сонымен қатар арзан жұмыс қолы жеткілікті болды, демографиялық жағдай да қолайлы еді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет, әрбір ұлттың өзіндік құндылықтары мен дәстүрі бар, еңбек, тұрмыс, мәдениетті дамытуда стратегиялық өмірлік тәжірибесі болды.Қазақстанның экономикасына басқа елдердің әсері күшті еді, олармен мемлекетаралық, экономикалық, саяси, басқа да қатынаста болды. Бұл бірінші кезекте Ресейге қатысты.
Кеңес өкіметі тұсында Қазақстан халқының өз менталитеті қалыптасты, ол кері әсерін тигізді, тигізуде де.Қазақстанның ішкі рыногының көлемі тар еді, халқы 16,6 миллион. Бұл факторлар елдің экономикасының моделіне сөзсіз әсерін тигізді.
Сонымен, Қазақстан ешбір елдің де экономикалық үлгісін қабылдай алмады немесе будандалған үлгі жасай алмайтын еді. Республиканың өз жағдайы бар, өз үлгісін тудыратын факторлары бар. Ол өзінің дамуында басқа елдердің тәжірибесін, жетістігін, кемшілігін зерттей отырып, өз үлгісін жасауға тиісті болды. Оның қазіргі бір айғағы «Қазақстан – 2030» экономикалық стратегиясы.
Жекшелендіру – экономикалық реформаның маңызды бағытының бірі. Нарықтық қатынастың экономикалық негізі – меншікті мемлекеттен ажырату, жекшелендіру, өзара тең түрлі меншікетерді қалыптастыру, сонымен қатар тауар өндірушілердің дербестігін арттыру. Бұл процесс аймақтың, елдің немесе дүние жүзі көлемінде іске асырылады. Олай болса, нарықтық қатынас ғаламдық проблема екен. Дүние жүзі елдерінде осы бағытта жарыс жүріп жатыр (кім көп және сапалы шығарады, сол көп таратады, т.б.).
Нарыққа өткенде экономика адамдардың мүддесі үшін қызмет етеді, тауар өндірушілер мен тауарды тұтынушылардың байланысы нығаяды.
Ел экономикасында қандай өзгерістер жүріп жатыр? Ең негізгісі – мемлекеттік меншіктен бас тарту, өзара тең, аралас меншікті қалыптастыру. Ол үшін меншікті мемлекеттен ажырату және жекешелендіру, бәсекенің ролін арттыру керек.
Бұл проблеманың төңірегінде әр түрлі саяси күштердің арасында өткер күрес жүріп жатыр. Жекешелендіру қандай қарқынмен және қандай көлемде жүруі керек? Негізгі меншікті кім, қандай көлемде алады? Ол қазір қандай сипат алуда? Осы және басқа да мәселелер бүкіл халықтың назарын өзіне тартты.
Көптеген елдер меншікті жекешелендіру саясатын жүргізді. Әрбір елде оның нысаны мен тәсілі әр түрлі болады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланысымен-ақ бізде де меншікті жекешелендіру жүргізіле бастады.
Жекешелендіру нәтижесінде шаруашылық субъектілері меншік түрлері бойынша былайша қалыптасты. Барлығы 133443 шаруашылық түрлері болды. Оның мемлекет қарамағындағылары – 23439, жеке меншікте – 106955, аралас меншікте – 4716, шетелдік – 3051. Олардың ішінде ұсақ кәсіптер 138496, орта кәсіптер – 17340.
Қазіргі мемлекет меншігінің салмағы 20% көлемінде. Мемлекет қарамағында темір жол және әуе жолы, байланыс және коммуникация, мұнгай шығару қалды. Сонымен қоғамдық меншік мемлекет билігінен алынды, жеке және аралас меншік үстем болды.
Жекешелендіруден 1996жылы бюджетке 19359898 мың теңге түсті. 1997 жылдың екі айында республика бойынша сатылған, сатып алынған мекемелерден 2,2 млрд теңге түсті, оның 2,1 млрд.-ы республика бюджетіне, ал 75 мың теңгесі жергілікті бюджетке түсті [5,128-130].
Достарыңызбен бөлісу: |