1 Алгоритм ұғымы және оның қасиеттері



Дата17.06.2023
өлшемі17.04 Kb.
#475176
Гуля1. СПЕЦ


1)Алгоритм ұғымы және оның қасиеттері
Алға қойылған мақсатқа жету немесе берілгенесепті шешубағытында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсініктітүрде әрі дәл көрсететін жарлық (нұсқау) алгоритм деп түсініледі
Алгоритм арқылы, яғни бір рет қолданған тиімді ережені өмір бойы пайдалану арқылы адам күш-жігерін және уақытын үнемдейді.
Алгоритм сөзі IX ғасырда арифметикалықамалдарды орындау ережесін тұжырымдаған өзбектің ұлы математигі Әл-Харазмидің аты латынша algorithmi болып жазылуынан шыққан. Алғашқы кезде алгоритмді тек көп таңбалы сандарға арифметикалық төрт амалды орындау ережесі ғанадеп ұсывған. Кейінірек бұл ұғым алға қойылған мәселені шешуге келтіретін әрекеттер тізбегін жалпы түрде белгілеу үшін пайдалана бастады.
Алгоритмнің мынадай негізгі қасиеттері бар:
Дискреттілік . Алгоритм аяқталған іс-әрекеттер тізбегінен –қадамдардан тұрады. Келесі қадамға өту тек алдығы қадам жүзеге асқан соң немесе аяқталған соң ғана орындалады. Әрбір жеке қадамның орындалуы орындаушыға арнаулы нұсқау арқылы алдын-ала көрсетіледі. Алгоритмнің жеке қадамдардан тұру қасиетін дискреттілік деп аталады.
Анықтылық. Бұл қасиет, алгоритмнің әрбір ережесі анық, бірмәнді және ешқандай күмән туғызбауы керектігінен тұрады. Бұл қасиеттің арқасында алгоритмнің орындалуы ешқандай қосымша нұсқау немесе есептер туралы мелімет қажет етпейді.
Бір алгоритмнің бірнеше орындалуы немесебірнеше орындаушының бір алгоритмді орындауы нәтижесінде алатын жауап әруақытта бірдей болуы керек.
Әрбір қадамды орындағаннан кейін келесі қай қадамды орындау керектігін орындаушы дәл білуі қажет.
Жалпылық.Алгоритмнің көмегі арқылы тек бір ғана тиянақты есепті шығаруға емес, сонымен катар соған ұқсас есептер жиынын шығаруға болады. Мұндай есепті шешудің алгоритмі жалпы түрде құрылады. Ал есептер бір-бірінен тек бастапқы берілгендерінен ғана ажыратылады.
Нәтижелілік. Бұлқасиет алгоритмнің қадамдарының белгілі бір саны есепті шешуге алып келуі керектігінен тұрады.
Мыс: Квдрат теңтеуді шешу иалгоритмі
Ax2+bx+c=0
A,b,c мәндерін енгізу
B2-4ас формуласы бойынша d-ны есептеу.
Егер d<0 болса, онда 6-шы қадамға өту .
Х1,Х2 мәндерін формуласы бойынша есептеу.
Есептің шешімі ретінде х1және х2-нің мәндерін алу,яғни 7-ші қадамға өту.
D 0-ден кіші болғандықтан есептің шешімі болмайды.
Соңы

2)Оқу-әдістемелік кешеніне қойылатын талаптар


Информатика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен төмендегі құрамда ұсынылады:
Оқулық
Әдістемелік құрал
Дидактикалық материалдар
Хрестоматиялар
Информатика оқулығына қойылатын талаптар
Информатика оқулығына қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізге алынады. Оқулыққа қойылатын талаптарды анықтап жүйелеуде оқулық функциялары:
— білім мазмұнын тасымалдаушы;
— мазмұнды меңгеру процесін ұйымдастырушы;
ақпараттық;
— трансформациялы;
— материалды бекітушілік;
— өзін-өзі бақылау;
өз бетімен білім алу;
— дамытушы-тәрбиелеуші.
Басшылыққа алынып, негізінен ескеретін құжат болды десек те болады.
Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулыққа қойылатын талаптар жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізінде төмендегіше іріктелді:
— ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;
— бағдарламаға сәйкестігі;
— мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;
әлеуметтік-мәдени құндылығы;
— ұсынылған материалдың тарихилығы;
— оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;
— мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;
— сабақтастық принципінің сақталуы;
— компьютерлік программалар пайдаланылуының ескеріліуі;
— практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестілігі;
— оқушылардың жалпы оқу біліктерін және дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасауы;
— деңгейлік тапсырмалардың болуы т.с.с.
Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.
Информатика пәнін оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар:
Информатиканы оқыту әдістемесі-әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл әдістемелік оқу-әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсетуді көздейді.
Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

3) С++ тіліндегі мәліметтер типтері


Программалар әр түрлі мәліметтермен жұмыс істейді. Олар қарапайым мәліметтерге бүтін және нақты сандар объектінің жадыдағы адрестерінің көрсеткіштері жатады.
Реттестірген мәліметтерге массивтер, файлдар жатады. Тілде «мәлімет түрі» және түрдің модификаторы. Екі ұғым бар мәлімет түрі мысалы бұл бүтін сан ал модификатор бар немесе таңбалары жоқ дегенді білдіреді. Таңбалары бар бүтін сан оғ және теріс сан қабылдай алады, ал таңбасы жоқ сан тек қана оң сан қабылдай алады. Си тілінде 5 базалық түрі бар:
Char-символдық.
Int-бүтін сан.
Float-нақты сан.
Double-ұзын нақты сан.
Viod-мәні жоқ.
Char типті айнымалының өлшемі бір байт, оның мәндері әртүрлі символдар ‘f’, ‘a’, ‘k’, ‘,’ программада оларды апострафқа алып жазу керек.
Си тілінде бүтін айнымалының өлшемі бір машиналық сөзге тең.-32768-+32767.
Float түйінді сөзі нақты сандардан айнымалыда анықтауға қолданылады. 5,6,31,33,-2.01. Нақты санды 3 көшпелі нүкте арқылы да жазуға болады. 54000®54 × 10 =54E 3 5.4 ®54E-1®0.54E1.E таңбасы алдында тұрған санды маркиса, ал Е деп тұрған санды көрсеткіш деп аталады. Float айнымалысына 32 бит беріледі.3.4У-387-3. 4Е+38.
Double-түйінді сөзі 2 еселенетін дәлдікпен берілген нақты сандарды анықтайды. Ол ЭВМ жадында 64 бит орын алады. 1,7 Е-308-1-1,7У-308.
Viod-түйінді сөзі объетінің мәнін бейтарап етіп қалдыру үшін (нейтрализовать). Ешқандай мәнді әкелмейтін функцияны хабарлау үшін қолданылады. Кейбір базалық типтердің объектісі өзгертілуі мүмкін. Ол үшін арнайы түйінді сөз модификатор деп аталады. ANSI стандарты бюойынша мынадай модификатор бар Unsigned, Signed, shott, long. Модификаторлар спецификаторлардың алдында жазылады. Мысалы: Unsigned char.Егер модификатордан соң спецификатор жазылмаса, онда Си компиляторы оны бүтін деп түсіндіреді. Мысалы long a, long int a, екеуі де бір мағына береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет