1. Шайнау бұлшықеті, m.masseter. Сыртқы пішіні төртбұрыш тәрізденіп, төменгі жақ сүйегінің бұтағының сыртқы бетінде орналасқан өте мықты бұлшықет. Ол, бетсүйектік доғаның төменгі жиегінен басталады. Бұл бұлшықеттің талшықтары беткей орналасқан және тереңде орналасқан бұлшықеттер топтарына бөлінеді.Беткей оналасқан бұлшықеттер тобы,pars superficialis, ол бет сүйектік доғаның сыртқы бетінен басталса, теренде орналасқан бұлшықеттер тобы, pars profunda бетсүйектік доғаның ішкі қапталынан басталады. Беткей орналасқан бұлшықеттік талшықтары төмен және артқa қарай бағытталса, тереңде орналасқан бұлшықеттің талшықтары керісінше төмен және алға қарай бағытталынып, одан әрі бұлшықет талшықтары жинақталынып, төменгі жақ сүйегі бұрышының сыртқы бетіндегі шайнау бұлшықетінің бұдырына, tuberositas masseterica барып бекиді. Қызметі: төменгі жақ сүйегін көтеріп, алғақарайтарту.
2. Самай бұлшықеті,m.temporalis. Ол бассүйектің самайлық ойысында, fossa temporalis желпуіш тәрізденіп орналасқан. Бұл бұлшықеттің талшықтары: мандай сүйектің самайлық бетінен: сына сүйектің үлкен қанатының самай ойысына қараған бетінен; самай сүйектің қабықшалы бөлігінің самай ойысына қараған талшықтары, одан әрі жинақталынып және төмен қарай бағытталып, төменгі жақ сүйегінің тәж тәрізді өсіндісіне, processus coronoideusбарып бекиді. Қызметі: бұлшықеттердің алдыңғы, артқы ортаңғы бұлшықеттері талшықтарының қызметі төменгі жақ сүйегін жоғары және алға қарай тартса, артқы топ талшықтары керісінше, төменгі жақ сүйегін жоғары және артқа қарай тарту.
3. Қанат тәрізді латералды бұлшықет,m.pterygoideus lateralis. Сыртқы пішіні қысқалау және қалыңдауболып келген. Бұлбұлшықеттің екі басы: жоғарғы және төменгі басы ажыратылады.Жоғарғы басы, caput superior, ол сына сүйектің үлкен қанатының төменгі самайлық бетінен және төменгі самайлық қырқасынан, crista infratemporalis басталады. Төменгі басы, сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің латералды табақшасының бүйір бетінен басталады. Бұлшықеттің жоғарғы басы мен төменгі басының бұлшықеттік талшықтары жинақталынып, артқа қарай бағытталып, төменгі жақсүйегінің қанатты атты шұңқыршасына, fovea pterygoidea барып бекиді. Қызметі: бір жақты жиырылған кезде төменгі жақсүйегі қарсы жағына қарай ауытқыса, екі жақты бұлшық ет бір уақытта жиырылса, төменгі жақсүйегі алға қарай қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |