1. Қаржы құқығының пәні. Қаржылық қатынастардың түрлері және белгілері. Қаржы және басқада сыбайлас қоғамдық қатынастардың арақатынасы. Қаржы құқығының ұғымы, көздері. әдістері, түрлері, құрылым



Дата24.02.2020
өлшемі65.74 Kb.
#448029
қаржы құқығы

Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі.

1. Қаржы құқығының пәні.

2. Қаржылық қатынастардың түрлері және белгілері.

3.Қаржы және басқада сыбайлас қоғамдық қатынастардың арақатынасы.

4. Қаржы құқығының ұғымы, көздері. әдістері, түрлері, құрылымы.



1. Алдынғы тақырыпта біз қаржы құқық объетісі болып тек қана мемлекеттік қаржы болады деген қортындыға келгенбіз. Оған келіскенде жеке қаржылардың құрамына кіретін қатынастар қаржы құқық пәні бола алмайтындығы айқындалады. Сондықтан, қаржы құқығының пәні болып барлық қаржылық қатынастар бола алмайды. Тек қана оның белгілі бір бөлігі ғана бола алады. Атап айтканда мемлекеттік қаржы қызметінің процессінде туындайтын қатынастар. Оларды біз «мемлекеттік қаржы қатынастар» деп атаймыз. Бұл қаржы қатынастарға тән болатыны, олар әр уақытта мемлекетік қорға не одан қаражаттың қозғалысын белгілейді.Жеке меншік саласындағы ақша қозғалысын реттейтін қатынастар жеке қаржы қатегориясын белгілей отырып, ешбір жағдайда мемлекетің қаржы қызметінің не қаржы құқығының объектісі болуға тиісті емес.

Азаматар мен заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастар осы қатынастарының санына жатады.Қаржы құқығының пәнін аңыктау мақсатында, айтылғаннын қортындысын жасайық:



  1. Қаржы құқығының пәні болып, мемлекеттік қаржы қызметінің процесінде туындайтын қатынастар табылады, олар өз кезегінде мемлекетік қаржымен шектелген.

  1. Мемлекетің қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар өздерінің экономикалық табиғатынан қаржылық болып табылады. Және барлық қаржы қатынастардан оны бөліп шығару мақсатында « мемлекеттік қаржы қатынастар» деп атаймыз.

  2. Жеке қаржы, қаржы құқығының пәні болып қызмет етуге тиісті емес. Егер де мемлекет жеке қаржы қорының қалыптастыруын, үлестіруін немесе пайдалануын үйымдастыру тәртібін белгілесе де, ол азаматық, әкімшілік және де басқа құқық салаларымен қарастырылады.

  3. Мемлекеттік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар егер де олар қаржылық емес болса, және сондықтан қаржы құқығының нормаларымен реттелмесе, ол басқа құқық салалармен реттелсе, олар қызмет ете алмайды.

  4. Қаржылық емес, басқа құқық салаларымен реттелетін қатынастар мемлекетік қаржы қатынастары бола алмайды.

Сондықтан қаржы құқығы толықтай мемлекеттің қаржы қызметі саласымен бірдей.Қаржы құқығының пәні болып мемлекеттік қаржы қызметі процесінде қаржы қатынастарының 2 тобы туындайды:

-материалдық

-ұйымдастырушылық

Материалдық каржылық қатынастар қаражат құралдарынын қозғалысын реттейді, өзімен мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру және үлестіру процесін белгілейді. Бұл қатынастар төлеушіден белгілі бір мемлекетік қорға немесе қордан тұтынушыға нақты ақшаның қозғалысымен байланысты. Ал, мемлекеттің ақша жүйесін біртұтастай және мемлекетің қаржы жүйесін бөлектей, мемлекетік қаржы мекемелерінің жүйесін ұйымдастыру, олардың қызметін қамтамасыз ету бойынша туындайтын қатынастар ұйымдастырушылық болып табылады.



Материалдық қаржы қатынастар келесі белгілермен мінезделінеді:

  1. Бұл қатынастар ақшалай болып табылады. Олар мемлекетің ақша қорын қалыптастыру немесе үлестіру процесін білдіреді.

  1. Бұл қатынастар құнның ақшалай нысында бір жақтық қозғаласын реттейді..

  2. Бұл қатынастар үлестіруді білдіреді.

  3. Экономикалық қатынастардың бір түрі болып табылады.

  4. Мемлекетік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар тек қана құқықтық нысанда жүзеге асырылады.

Қаржы құқығының мәнін ұғу үшін және оның қолдану шекарасын белгілеу үшін материалдық қаржы қатынастарды ұқсас экономикалық қатынастардаң айыру керек.Бірінші кезекте қаржылық қатынастарды тауар-акша қатынастарынан айыру керек :

  1. Қаржы қатынастар, өндіру процесінде, үлестіру барысынды туындайды, ал тауар-ақша қатынастары айырбас стадиясында туындайды.

  1. Мемлекеттік қаржы қатынастар әр қашанда эквивалентсіз.

  2. Қаржы қатынастар құнның қозғаласын тек қана ақшалай нысанда реттейді.

  3. Материалдық қаржылық қатынастар мемлекеттік қаржы қызметінің өнімі болып табылады және мемлекет оның негізгі субъектісі болып табылады. Ал, тауар-ақша қатын-ры мәмілелерді реттей отырып, сатушы-сатып алушы арасындағы қатынастарды реттейді.

  4. Материалдық қаржылық қатынастарында ақшаның қозғалысы мемлекетің қызығушылықтарымен белгіленеді.

  5. Материалдық қаржылық қатынастары мемлекетің болуымен белгіленеді.

  6. Материалдық қаржылық қатынастары тек қана құқықтық нысанда болады.

  7. Материалдық қаржылық қатынастарында тараптар заңды теңсіз.

Қаржы құқығы дегеніміз - мемлекет пен қаржы жүйесін қалыптастыру процесінде туындайтын және оның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуінен, сонымен қатар мемлекетің қаржы қорларын қалыптастыру, үлестіру және пайдалануын ұйымдастыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Қаржы құқығының нысаны болып, қаржы заңы табылады. Қаржы заңы дегеніміз - мемлекеттік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Бұл актілерді қаржы құқықығының қайнар көзі деп санауға болады. Ең негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституция табылады. Екіншісі ҚР заңдары, үшіншісі ҚР Үкіметінің қаулылыры, төртіншісі қаржы министірлігінің актілері және көптеген нормативтік актілер.

2. Құқықтық реттеу әдісі деп - қаржы қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттеу үшін және олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу үшін, мемлекетпен әсер етілетін әдістер, тәсілдер болып табылады. Негізгі әдіс болып императивтік әдіс табылады. Заң әдебиетінде оны басқалай түрде, бір жақты билік әдісі деп немесе әкімшілік әдісі деп атайды. Бұл әдісті қолдана отырып мемлекет өзінің ұйғарымдарын, бұйрықтарын, қаржы заңдарының нормаларында белгіленген қағидаларды сөзсіз орындауын талап етеді.Қатысушының тәртібін қатал және тиянақты реттеуімен мінезделінеді. Белгіленген құқық нормасын орындалмауы, белгіленген тәртіптен шек шыгып кету, мемлекетпен күштеу турде қамтамасыз етіледі.Императивтік әдіс келесі белгілермен мінезделінеді:

  1. Нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген ұйғарымдарды бір жақты билікті реттеу арқылы субъектінің тәртіптерін белгілейді.

  1. Бұл ұйғарымдар тараптардың тәртіптерін тиянакты реттейді.

  2. Екі жақты құқықтар мен міндеттер мемлекетпен белгіленген.

  3. Мемлекетпен белгіленген ұйғарымды орындаудан тараптар бас тартуға құқылы емес.

  4. Ұйғарымның орындалуы күштеу механизмымен қамтамасыз етіледі.

  5. Екінші жақтың тәртіпті таңдау мүмкіншілігі жоқ.

  6. Ұйғарымды орындамау заңды жауапкершілікті туындатады.

  7. Мемлекетпен өкілденген субъект, екінші субъектіге қараганда, аса көп құқықтарға ие.

Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүргізген процесінде, қаражатты тек қана күштеу арқылы таптай, сонымен қатар, төлеушінің қызығушылығына әсер тигізеді. Қортындысында төлеуші өз еркімен мемлекетке ақшаларын береді. Бұл жағдайда мемлекет өз төлеушісімен қаржылық қатынастарын құрады, сонымен қатар, келісім жүргізеді. Басқалай айтқанда диспозитівтік әдісті қолданады.

Диспозитивтік әдіс императивтік әдіске қарағанда субъектінің тәртіптеріне әсер тигізген кезде, әлде-қайда жеңіл тиеді. Бұл қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық актісі ұйғарымның толық комплексін белгілемейді. Кейбір құқықтар мен міндеттер субъектілердің келісімі арқылы белгіленеді .Қаржылық қаты қатынастардың құқықтық реттеу әдісін тандауы мемлекетің қаржы қызметі әдісімен белгіленеді.



Диспозитивтік әдістің белгілері:

  1. Құқықтар мен міндеттер екі құқықтық бастаулар арқылы қалыптасады. Ол нормативтік құқықтық акт және келісім шарт.

  1. Мемлекеттің бір жақты билікті ұйғарымдары толық көлемді мінезді белгілемейді. Бұл қатынастардың субъетісіне өздерінің еркін білдіруіне құқық береді.

  2. Құқықтық акт бұл қатынастарды реттей отыра, субъект үшін «мемлекетті білдіретінң тек қана құқықтар емес, сонымен қатар, оларға басқа жақ алдында міндеттемелерді белгілейді.

  3. Өзінің контрагентінің тәртібін мемлекет тек қана бір жақты билік нысаны арқылы емес реттей отырып, сонымен қатар, екінші субъектіге қатысты экономикалық стимулдары және материалдық қызығушылықтарды колдана отырып, екінші субъектінің тәртібіне әрекет етеді.

  4. Қаржылық қатынастарының құқықтары мен міндеттері әлде қайда теңелген.

  5. Заңды нысаны болып қаржы құқықтық келісім шарт болып табылады және ол жақтар үшін құқықтар мен міндеттер туғызады.

  6. Қаржы құқықтық келісім шарт тек қана нормативтік құқықтық акт көздеген жағдайда жасалынуы мүмкін.

3. Қаржы құқық жүйесі дегеніміз - қаржы құқықтық қатынастарды реттейтін институттар мен нормалардың логикалық тізілімі. Қаржы құқық институты дегеніміз - қоғамдық қатынастарының белгілі бір тобын реттейтін нормалардың жиынтығы.Қаржы құқық нормасы дегеніміз - мемлекетпен белгіленген қаржы құқық қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттейтін ережеле. Қаржы құқығыда құқықтың басқа салалары сияқты өз жүйесін екі бөлімге бөледі. Жалпы бөлім мемлекеттік қаржы қызметінің бастапқыларын белгілейтін, оның мақсатарын, насандарын және әдістерін жүзеге асыруын, қаржылық бақылаудын құқықтық негізін белгілейтін және мемлекеттік қаржы қызметіне қатысатын мемлекетік органдардың компетенциясын белгілейтін құқық нормалардан тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет