ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ
Л.О. Жандарбекова
ҚАЗАҚ ТІЛІ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Қарағанды 2008ж
ӘОЖ 800
КБЖ 81 я 7
Ж 26
Рецензенттер:
Айкенова Р.А. - ҚММА қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.
Жақанова Ж.Р. - Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері
Ж 26 Л.О. Жандарбекова «Қазақ тілі» медициналық колледждің «Стоматология» мамаңдығының окушыларына арналған оку - әдістемелік құрал. Қараганда, 2008.
63 бет
Осы оқу-әдістемеліқ құралда граматиқалық тақырыптар және қазақ халқының Ұлы ғұламалары, салт-дәстүрлері туралы мәтіндерімен қатар, стоматология саласына қажет тақырыптар да қамтылды, жазба жұмыстары мен кейбір ресми іс қағаздарына да орын берілген.
Бұл құралды оку орыс тілінде жүретін топтардың студенттері мен оқушыларына және қазақ халқының тұлғаларымен әрі салт-дәстүрімен танысқысы келетін басқа ұлт өкілдері пайдалана алады.
Оқу-әдістемелік құрал Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы медициналық колледж Әдістемелік кенесінің отырысында қаралды және мақұлданды 18.04.08 ж. № 5 хаттама
ҚММА Ғылыми кенесіне шығарылу үшін ұсынылды және бекітілді
28.04. 2008 ж. № 10 хаттама
Түсінік хат.
Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретудің сапасын арттыру бағытында көптеген еңбектер жарыққа шығып жатыр.
Медицина колледжінің “Стоматология” және “ Ортопедиялық стоматология» мамандықтарының 2 курс оқушылары үшін 36 сағатқа лайықталып жазылған оқу-әдістемелік құрал оқушыларға тіл үйрету мақсатымен бірге өзара сөйлесіп-сұхбаттасу және тапсырмалар мен жаттығулар орындау негізінде еркін қарым-қатынасқа жетелеу мақсатын көздейді.
Халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық мұрасы мен озық мәдениетін, салт-дәстүрі мен дүние танымын оқу материалына енгізе отырып, оқушының бойында отансүйгіштіктің қалыптасуына ықпал етеді.
Еңбекте бағдарлама бойынша игерілуге тиісті грамматикалық және лексикалық тақырыптар берілді. Бұл тақырыптар оқушының сөздік қорын молайтып, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіруге, сөйлеу дағдысының қалыптасып, кез келген жағдайда ойын еркін жеткізуге жетелейді, сөздерді тіркестіріп, сөйлем құрап, сауатты жазуға дағдыландырады.
Стоматология саласына қажетті тақырыпқа орын берілген. Іс қағаздарынан хабарлама, анықтама құжаттары, хаттаманың жазылуымен танысады.
Осы оқу-әдістемелік құралды аталған мамандық оқушылары мен қазақ халқының тұлғалары және салт-дәстүрімен танысамын дейтін өзге ұлт өкілдері пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |