Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат
Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауынан кейін, ҚР Еңбек министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын» әзірледі.
Бағдарламаның мақсаты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.
Жалпы Бағдарлама үш кезеңде іске асырылады: пилоттық - 2011 жыл, екінші кезең – 2012-1015 жылдары, үшінші кезең – 2016-2020 жылдары.Бағдарламаны іске асыру 3 бағытта жүзеге асырылмақ:
1) өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
2) ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады: микрокредит беру; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту; консультативтік қызмет көрсету; кәсіпкерлік негіздерін оқыту.
3) еңбек ресурстарының ұтқырлығын артыру.
Бұл бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауылдық жердегі жастар мен әйелдерге беріледі.
Осы бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:
-
оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңестер беру;
-
шәкіртақының төленуімен, тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына жолдау;
-
лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу;
-
жалақыны ішінара субсидиялау;
-
жастар тәжірибесіне жіберу.
Қазіргі таңда Алматы қаласында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағыты «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» жүзеге асырылады. Бағдарламаны біз үш бағытта жүргіземіз. Олар: кәсіптік оқуға жіберу, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесіне жіберу. Осы үш бағыт бойынша, бізге келушілерге әуелі өзімізде бар бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Егер оған көңілдері толмай жатса, немесе бұрын еңбек нарығында қызмет етіп, кейін жұмыссыз қалған жоғары білімі мен еңбек тәжірибесі бар азаматтар болса, оларды басқа мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарына бағыттаймыз. Ал, егер білімін жетілдіруді қалағандары болса, олар үшін біліктілігін арттыру курстары бар. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарына жіберілген азаматтарға 12188 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.
Кәсіптік оқуды табысты аяқтағаннан кейін Бағдарлама қатысушыларына бар бос жұмыс орындарына немесе ұйымдарда қайта құрған жұмыс орындарына мемлекеттің жалақыны 12 ай бойы:
-
алғашқы алты айда – жалақының 50 %-нан асырмай;
-
кейінгі үш айда – жалақының 30 %-нан асырмай;
-
соңғы үш айда – жалақының 15 %-нан асырмай субсидиялау шартымен жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, яғни «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қарастырылады.
Нысаналы топтарға мыналар жатады:
-
табысы аз адамдар;
-
21 жасқа дейінгі жастар;
-
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
-
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата-аналар;
-
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
-
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
-
мүгедектер;
-
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
-
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
-
оралмандар;
-
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарын бітірушілер;
-
штат қызметкерлерінің немесе санының қысқартуымен жұмыс берушi-заңды тұлғаның жоюы немесе жұмыс берушi-жеке тұлға қызметiнiң тоқтатылуымен байланысты босатылған тұлғалары жатады.
-
колледждер және кәсiби лицейлердiң бiтiрушiлерi;
-
ұзақ уақыт бойы жұмыс iстемейтiн (бiр жылдан астам) тұлғалар.
Сонымен бiрге, Жоғары оқу орындары, колледждер және лицейлердiң түлектерін меңгерген мамандығы бойынша бастапқы тәжiрибе жинақтау үшiн жастар тәжiрибесiне бағыттау да қарастырылған.
Бүгінгі күні Жұмыспен қамту орталығына 1645 адам өтініш білдірді, оның ішінен келісім шартқа 1579 адам қол қойды. Кәсіби оқыту курстарына 772 адам жолдамамен жіберіліп, оның 395-і оқуды аяқтады. Жастар тәжірибесінде – 234 адам, әлеуметтiк жұмыс орындарында – 299 адам жұмысын жалғастырып жатыр.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысу үшін кандай құжаттар қажет?
-
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
-
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) мен әлеуметтік жеке кодының (ӘЖК) немесе жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) көшірмелері;
-
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
-
Білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом) көшірмесі;
-
Зейнетақы қорымен келісім шарт көшірмесі;
Достарыңызбен бөлісу: |