1. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық



Дата29.02.2016
өлшемі245.36 Kb.
#29858




1. Астана қаласының

әлеуметтік-экономикалық

жай-күйін сипаттайтын маңызды

индикаторлардың

ТІЗБЕСІ

2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары



р/с№

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштер

2011 жылдың тиісті кезеңіне %

1.

Өнеркәсіп өнімінің (тауарлардың, қызметтердің) қолданыстағы бағадағы көлемі, млн. теңге

135 485,6

97,2

2.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі, млн. теңге

395 958,8

106,8

3.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, млн. теңге

202 131,0

112,1

4.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді қолданысқа беру, шаршы метр

1 008 745

(10 085 пәтер)


105,3

5.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, барлығы млн. теңге

472 592,9

157,9

6.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болжамының орындалу пайызы, барлығы млн. теңге

145,0

-

7.

Бюджетке түсім бойынша бересі (айыппұлсыз), млн.теңге

6 563,3

-

8.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері шығаратын өнімнің көлемі, млрд. теңге

720 855

100,9

9.

Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтамасыз етілгендердің саны, адам

164,4

106,8

10.

Тұтыну бағаларының индексі (2011 жылғы желтоқсанымен салыстырғандағы 2012 жылғы маусым), %

104,0

-

11.

Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі, млн. теңге

284 860,5

113,8

12.

Экономикалық белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздардың үлесі, % (2012 жылдың маусымында)

1,1

-

13.

Өмір сүру минимумының мөлшері (маусымда), теңге

21 300

110,9

14.

Орташа айлық атаулы жалақы (2012 жылғы қаңтар – мамыр бойынша), теңге

141 767

116,6

Астана қаласының

әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы

АҚПАРАТ


2012 жылдың қаңтар – қыркүйегі
1. Өнеркәсіптің жай-күйі
Астана қаласының өнеркәсіп секторының көпшілігі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары (оның үлесі 82,1 % құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату кәсіпорындары (13,5 %) құрайды. Сумен жабдықтау өнімі (тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 4,4%-ды құрайды.

Жыл басынан бастап қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 135 485,6 млн. теңге сомасына өнім өндірді және қызмет көрсетті. Нақты көлем көрсеткіші (бұдан әрі - НКИ) 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 97,2 %-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде қала кәсіпорындары 111 189,9 млн. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірді. НКИ 97,0 %-ды құрды.

Өндіру көлемінің мынадай салаларда:



  • тоқыма өнімдері өндірісінде – 87,7 %;

  • тері және оған жататын өнімдер өндіру – 50,0 %;

- жиһаз, сабаннан жасалған өнімдер және өруге арналған материалдардан басқа ағаш және тығын өнімдері өндірісінде, – 42,7 %;

  • қағаз және қағаз өнімдері – 26,9 %;

  • жиһаз жасау 22,9 %;

  • резина және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 11,1 %;

  • жиһаз өндіруде – 10,4 %;

- дайын металл өнімдері өндірісінде, машина мен құрылғыларды қоспағанда – 10,2 %;

- машина жасауда - 9,3 %;

- тамақ өнімдері өнеркәсібінде - 1%-ға төмендеуі байқалады.

Өнеркәсіптің өңдеу секторында ең көп үлесті машина жасау алады (48 %). Осы сала кәсіпорындары есепті кезеңде 52 933,8 млн. теңгеге өнім өндірді, НКИ – 90,7 %-ды құрайды. Көлемдердің төмендеуі дизельді локомотивтердің 7,7 % - ға азаюымен негізделеді. Сонымен қатар, сорғыштарды шығару 16,7 %-ға өскендігі байқалады.

Тағам өнімі өндірісінің көлемі 11 266,7 млн. теңгені, НКИ 99,0 %-ды құрады. Макарон өндірісі – 7,5 %-ға, шұжық – 10,2 %-ға, тары – 8,6 % төмендеді. Ұлғаю нан өндіруде – 1,7 %-ға, сүт – 1,3 %, ұн – 7 % байқалады.

Өнеркәсіп өнімін шығару көлемі:

- металлургия өнеркәсібінде – 1,7 есеге;



- химия өнеркәсібінің өнімдерін шығаруда – 1,7 есеге;

- өзге де бейметалл минеральды өнімдер өндіруде – 9,0 % -ға;

- баспа ісінде және жазылған материалдарды қайта өндіруде – 3,8 %-ға;

- киім өндіруде – 2,0 %-ға ұлғайды.

Өзге де бейметалл минеральды өнімдер өндіруде 25 529,1 млн. теңге сомасына тауар шығарылды және қызмет көрсетілді, НКИ 109,0 % құрады. Жинақтаушы құралдар элементтерін өндіру – 27,4 %, бетон өндіру – 9,9 %, плита, кірпіш өндіру – 3,5 % ұлғайды. Сонымен қатар, құрылыс қоспаларын өндіру 38,2 %-ға азайды.

Баспа ісі және жазылған материалдарды қайта өндіруде 1 794,4 млн. теңге сомасына қызмет көрсетілді, НКИ – 103,8 %-ды құрады.

Металлургия өнеркәсібінде 528,1 млн. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ – 168,7 % құрады.

Химия өнеркәсібі өндірісінде 10,4 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ 166,7 % құрады.

Киім өндірісінде 377,2 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ 102,0 % құрады.

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 15,3 млрд. теңге сомасына 5 жоба іске асуда, шамамен 725 жұмыс орны құрылды.

Қазіргі уақытта, іске асыру (құрылыс) сатысында 376,6 млрд. теңге сомасына шамамен 6,3 мың жұмыс орнын құрумен 14 жоба бар.

Анықтама: 2012 жылы 2,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын (салу кезеңінде 700-ден астам орын) жалпы сомасы 59,8 млрд. теңге болатын 7 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қалған 7 жобаны, кестеге сәйкес, 2014 жылға дейін іске асыру жоспарлануда.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату саласында 2012 жылдың қаңтар - қыркүйегінде өнеркәсіп сипатында 18 326,3 млн. теңге сомасына өнім өндірілді және қызмет көрсетілді (НКИ – 103,6 %-ды құрады), оның ішінде электрэнергиясын өндіру, ұсыну және таратуда 12 452,3 млн. теңгеге (НКИ – 103,6 %-ды құрады), газ отынын өндіру және таратуда 139,7 млн. теңгеге (НКИ – 97,5 %-ды құрады), бу тарату және ауаны салқындату жүйесінде 5 734,3 млн. теңгеге (НКИ – 104,4 % -ды құрады) қызмет көрсетілді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 5969,4 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіп сипатындағы қызмет көрсетілді, физикалық көлем индексі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,4 %-ды құрды.
2. Көлік және байланыс
Автомобиль көлігі. Бүгінгі күні 52 қалалық бағдар бойынша күн сайын 771 бірлік көлік жұмыс істейді. Қалалық бағыт желісінің ұзақтығы 2,459 км. Қалалық автобустардың жалпы саны 1 018 бірлік, оның ішінде сыйымдылығы үлкен автобустар саны 733 бірлік, сыйымдылығы орта автобустар саны 285 бірлік. Қызметкерлердің саны 2 500 астам адамды құрайды.

Соңғы жылдары Астана қаласының әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасы шегінде такси субъектілерін тарту бойынша жұмыстарды жүргізуде. Қазіргі таңда Астана қаласында 8 мамандандырылған таксомотор компаниясы – «Сарыарқа», «Аруна», «Жебе», «Медео», «Аққу», «Целиноград», «Астана Компани КЗ», «Триумф» компаниялары жұмыс істейді. Олардың жалпы көлік құралдары 282 бірлікті құрайды, күн сайын 250 бірлік желіге шығады. Қозғалмалы құрамның жалпы саны 341 бірлік.

Қала көлігі 2012 жылдың қаңтар – қыркүйегінде 78 655,4 мың тонна жүк тасылды, оның ішінде жалпы жүк айналымы 4 253,2 млн. ткм құрады. 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тасылған жүк көлемі 20,1 %-ға ұлғайды.

Автомобиль көлігі есепті кезеңде 1 293,7 млн. жолаушы тасымалдады, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 239,3 млн. адамды (18,5 %), жеке кәсіпкерлер – 1054,4 млн. адамды (81,5 %) тасыды.

Жол құрылысы. Ағымдағы жылдың 9 айында қалада 38,9 шақырым жол салынды, 18,7 шақырым қайта жаңартылды, 2,2 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін тағы да 40 шақырым жол салу, шамамен 20 шақырым жолды қайта жаңарту жоспарлануда.

Әуе көлігімен 2012 жылдың есепті кезеңі бойынша 5,0 мың адам тасылды, бұл ретте барлық бағыттардағы жолаушылар айналымы 9,3 млн. текше/км құрады.

Қаланың байланыс кәсіпорындары 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша 14 134,6 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 19,7 %-ға жоғары.

Көрсетілетін қызметтерден түсетін кіріс құрылымында Интернет 36,2 %, қалааралық, халықаралық байланыс түрлері – 15,2 %, жергілікті телефон байланысы – 13,8 %, өзге байланыс түрлері – 34,8 % иеленген.




  1. Банк секторы

Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ сияқты дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалымен, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екі филиалымен және екінші деңгейдегі банк филиалдарының 155 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылып отыр.

Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2012 жылғы 1 қыркүйегі жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің 164 айырбастау пункті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын өткізуге лицензиялары бар 62 өкілетті ұйымдар валютасының айырбас орны әрекет етеді.

2012 жылдың тамыз айының соңына екінші деңгейлі банктердегі резиденттер депозиттерінің жалпы мөлшері 1 356,9 млрд. теңгені құрды және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,1 %-ға төмендеді.

Банктердің Астана қаласының экономикасына несиелері бойынша негізгі қарызының жалпы мөлшері 2012 жылдың тамыз айының соңына 881,0 млрд. теңгені құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,7 %-ға ұлғайды.
4. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі
Бюджет және төлем тәртібі. 2012 жылдың 1 қазанына мемлекеттік бюджетке түсім 326 031,1 млн. теңге болжамында 472 592,9 млн. теңгені құрады, болжамдық көрсеткіштерді орындау 145,0 %-ды құрады.

Республикалық бюджетке 73 205,7 млн. теңге болжамында 79 036,1 млн. теңге түсті, яғни болжамдық көрсеткіштің орындалуы 108,0 %-ды құрады.

Республикалық бюджетке 252 825,4 млн. теңге болжамында 393 556,8 млн. теңге түсті, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы 155,7 %-ды құрады.

Салықтық төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 309 862,5 млн. теңге болжамында 290 967,6 млн. теңгені құрады, орындалу 93,9 %-ды құрады, оның ішінде: республикалық бюджетке 246 115,6 млн. теңге болжанған жағдайда 220 030,8 млн. теңге түсті немесе болжамға 89,4 %; жергілікті бюджетке 63 746,9 млн. теңге болжамында 70 936,8 млн. теңге немесе болжамға 111,3 % түсті.

Салықтық емес төлемдер бойынша түсімдер 7 745,7 млн. теңге болжанған жағдайда 175 424,3 млн. теңгені құрады, болжам 167 678,6 млн. теңгеге артық орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке 6 705,3 млн. теңге болжанғанда 173 513,9 млн. теңге түсті; жергілікті бюджетке 1 040,4 млн. теңге болжанғанда 1 910,4 млн. теңге түсті.

2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қарыз 6 563,3 млн. теңгені құрды, 2012 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда қарыз (10 552,1 млн. теңге) 3 988,8 млн. теңгеге азайды.




  1. Инвестициялардың жай-күйі


Негізгі капиталға инвестициялар талдамалы кезең бойынша 395 958,8 млн. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне 106,8 %-ды құрады. Негізгі капиталға түсетін инвестицияның республикалық көлемінде Астана қаласы көлемінің үлесі 11,2 %-ды құрады (өткен жылы 10,7 %).

2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға инвестициялар салудың негізгі көздерінің үлесі 239 811,4 млн. теңге сомасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың жеке қаражаты болып табылады (инвестицияның жалпы көлемінің 60,6 %). Бюджет қаражатының үлесі 28,8 %, қарызға алынған қаражат 9,9 % құрады.


Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға

инвестициялар құрылымы



Көздер

2012 жылғы қаңтар-қыркүйек

2011 жылдың тиісті кезеңіне

млн. теңге

қорытындыға %

Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы, млн. теңге, оның ішінде:

395 958,8

100

106,8

республикалық бюджет

103 071,7

26,0

88,9

жергілікті бюджет

10 960,3

2,8

83,7

кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты

239 811,4

60,6

128,5

шетелдік инвестициялар

2 786,9

0,7

115,3 есеге

заем қаражаты есебінен

13 472,1

5,5

33,1

Негізгі капиталдағы инвестициялардың негізгі құрамдас бөлігін машинаға, құралдар мен инвентарьларға құйылған инвестициялар құрайды. Жалпы сомадан олардың көлемі 178 686,9 млн. теңгені (45,1 %) құрады, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 148,0 %-ды құрады.

Салынған қаржының жалпы көлеміне құрылысқа құйылған инвестицияның 51,1 %-ы келеді.

Есепті кезеңде Астана қаласының кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы көлем 1 008 745 шаршы метр тұрғын үйлер салды және іске қосты (оның ішінде тиімдісі – 743 189 шаршы метр), бұл 2011 жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 5,3 % жоғары. Тұрғын үйдің негізгі көлемін кәсіпорындар, жеке меншік нысанындағы ұйымдар мен халық енгізді.

Қазақстан Республикасындағы Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы толығымен іске асырылды, оның шегінде 4969 пәтер пайдалануға берілді. 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 229,9 мың шаршы метр пәтер салынды, 2012 жылдың соңына дейін пайдалануға жалпы алаңы 181,9 мың шаршы метр 3099 пәтер беру жоспарланып отыр.

Барлығы тұрғын үй құрылысына 42 485,3 млн. теңге берілді, бұл 2011 жылдың қаңтар – қыркүйек деңгейінен 28,9 % төмен.


6. Сауда және сыртқы сауда айналымы
Ішкі сауда

2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі іске асырудың барлық арналары бойынша 284 860,5 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 13,8 %-ға ұлғайды. Шағын кәсіпорындар 73 862,1 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтерді іске асырды, бұл сауда кәсіпорындарының тауар айналымының жалпы көлемінің 37,7 %-ын құрайды. Орта және ірі кәсіпорындардың қызметінен бөлшек тауар айналымы 121 930,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде тауар айналымының жалпы көлеміндегі орта кәсіпорын үлесі – 53,5 %, ірі – 8,8 % құрады.


Сыртқы сауда

Сыртқы сауда айналымы

Қаланың алыс және жақын шетелдермен сауда ынтымақтастығы табысты кеңеюде.

Сыртқы сауда айналымының дамуын бақылап отырсақ, ол 2012 жылдың қаңтар-тамызында 6 218,7 млн. АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайды.


Астана қаласының негізгі сыртқы сауда көрсеткіштерінің серпіні

Көрсеткіштер атауы


қаңтар – сәуір

2011 жыл

2012 жыл

Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ доллары

4711,6

6 281,7

Экспорт, млн. АҚШ доллары

3 954,7

5 036,7

Импорт, млн. АҚШ доллары

756,9

1 182,0

Сыртқы сауда сальдосы, млн. АҚШ доллары

3 197,9

3 854,8


Экспорттық жеткізілімдер 2012 жылдың қаңтар-тамызында 5 036,7 млн. АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайды.

Елорда экспорты нақты айқындалған географиялық бағытқа ие: жалпы экспорт көлеміндегі ТМД-дан тыс елдердің үлесі 92,2 %, ТМД елдері – 7,8 %-ды құрады. Негізгі тұтынушылардың қатарына Румыния (35,8%), Италия (26,9 %) кіреді.

2012 жылдың қаңтар-тамызында 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экспортта үлесті салмаққа ие негізгі тауар топтары бойынша экспорттық жеткізілімдер көлемі ұлғайды: минералды отын және оны өңдеу заттарының көлемі (мұнай өнімдері, газ) – 1,4 есеге ұлғайды.

Импорттық жеткізілімдер 2012 жылдың қаңтар-тамызында 1 182,0 млн. АҚШ долларын құрады және бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 56,2 %-ға ұлғайды.

Импорттық жеткізілімдер мөлшерінде ТМД-дан тыс елдерге 87,6 %, ТМД елдеріне – 12,4 % жеткізіледі.

Импорт түсімдерінде машиналарды, құралдарды, көлік құралдарын, құралдар мен аппараттарды тасу басымды болып табылады және 2012 жылғы қаңтар-тамызда олардың көлемі 685,4 млн. АҚШ долларын құрады.


7. Шағын бизнеске мониторинг жүргізу
2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қалада 45 207 шағын кәсіпкерлік субъектісі белсенді жұмыс істейді, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,3 % құрайды.

Шағын және орта бизнес кәсіпкерлігінің щаруашылық субъектілері 720 855 млн. теңге сомасына өнім өндірді, жұмыстар орындады және қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 0,9 % жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 164,4 мың адамға жетті, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,8 %.

2012 жылдың 1 қазанының жағдайы бойынша қалада 44542 шағын кәсіпкерлік субъектілері белсенді түрде жұмыс істейді, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12,5 % ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 112,4 мың адамды құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10 % жоғары.

Өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің көлемі 228 138 млн. теңгені құрады, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,1 % болып шықты.



Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында қала әкімдігі шағын және орта бизнес саласын дамытудың жобаларын, соның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі уақытта Астана қаласының Үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі Өңірлік Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) «Бизнес бастамашылықтарын қолдау» деген бірінші бағытын іске асыру шегінде 117 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті  қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша барлығы 332 844,0 теңге бөлінді.

2010 жылдан 2012 жылдың 9 айы кезеңінде жалпы сомасы 29,5 млрд. теңгеге 118 жоба мақұлданды, оның ішінде 97 жоба пайыздық мөлшерді субсидиялау бойынша, осы бағыт бойынша бөлінген 235 401,0 мың теңге мөлшеріндегі қаражат толығымен игерілді, сондай-ақ, жобаларды 2012 жылдың соңына дейін субсидиямен қамтамасыз ету мақсатында 650 000,0 мың теңге сомасына қосымша қаржыландыру туралы бюджеттік өтінім жолданды.

Несиелерді кепілдендіру бағыты бойынша 2 жоба мақұлданды, кепілдік бойынша 14,3 млн. теңге төленді, осы бағыт бойынша Астана қаласына 47,4 млн. теңге бөлінді, бөлінген соманың қалдығы 34,1 млн. теңгені құрады, алайда, екінші деңгейлі банктерде осы бағыт бойынша өтінімдердің ұлғаюына байланысты 150,0 млн. теңге сомасына қосымша қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді.

Осы бағытты тиімді іске асыру мақсатында екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) кепілдіктер ұсыну жөнінде шағын және орта бизнес жобаларын тарту бойынша жұмыстарды белсендендіру бойынша мәжіліс өткізді, ЕДБ ағымдағы жылдың соңына дейін осы бағыт бойынша кем дегенде бір жобаны қамтамасыз етуді ұсынды. Біріккен ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарланды.

Қазіргі уақытта, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап аталған бейнероликтер Қабанбай батыр даңғылы және Қонаев кқшелерінің қиылысында орналасқан лэд-экрандарда, «Астана» телеарнасында және «Астана» радиостанциясында көрсетіледі.

ӨҮК мақұлданған және қарастырылған жобалар және Бағдарлама тетіктері туралы ақпарат апта сайын жергілікті баспалар «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланады.
Тұтыну бағаларын талдау
Астана қаласы бойынша тұтынушылық баға көрсеткіші:


Атауы

2011 жылдың желтоқсанына қарағанда 2012 жылдың қыркүйегінде, %

Барлық тауарлар мен қызметтер

104,0

оның ішінде:




азық-түлік тауарлары

105,3

азық-түлік емес тауарлар

103,1

ақылы қызметтер

103,1


Анықтама:

2012 жылдың қыркүйегінде өмір сүру минимумының мөлшері 21 300 теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,9 %–ды құрады.

Бір жұмысшыға орта және ірі кәсіпорындар бойынша орташа айлық жалақы 2012 жылдың қаңтар-тамызында 141 767 теңгені құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16,6 %-ға көбірек.

Азық-түлік тауарларына баға индексі ағымдағы жылдың қыркүйегінде тамызбен салыстырғанда 100,4 % құрады. Жұмысртқаға баға 4,4 %-ға, ет пен май – 3,3 %-ға, балық пен теңіз өнімдері – 2,9 %-ға, нан өнімдері және тары өнімдері – 1,5 %-ға, алкоголь өнімдері, темекі өнімдері – 0,3 %-ға өсті. Сонымен қатар, қант бағасы 4,5 %-ға, көкөніс 1,8 %-ға төмендеді.

Майлар тобында өсімдік майы 6,2 %-ға, жануар майы – 0,1 %-ға қымбаттады. Көкөністерден қызанақ 9,1 %-ға, қияр – 5,4 %-ға қымбаттады, сәбіз 9,7 %-ға, пияз – 7,7 %-ға, қызылша – 2,3 %, орамжапырақ – 0,8 %-ға, картофель – 0,5 %-ға арзандады.

Азық-түлік емес тауарларына баға индексі 2012 жылдың қыркүйегінде 2012 жылдың тамызына 100,5 % құрады. Көмір 4,3 %-ға, шыныдан жасалатын заттар, ас үй құралдары және үй заттары – 2,1 %-ға, киім және аяқ киім – 0,9 %, газет, кітап және кеңсе тауарлары, тазартатын заттар – 0,4 %, медикаменттер, емдеу құралдары және аппаратура 0,3 %, тұрмыстық заттар – 0,1 % қымбаттады.

Халық үшін ақылы қызметтер саласындағы бағалар мен тарифтер индексі 2012 жылдың қыркүйегінде 2012 жылдың тамызына 101,4 % құрады. Тұрғын үй – коммуналдық қызметтеріне тарифтер 1,6 %-ға өсті, оның ішінде суық су, кәріз 15,0 %-ға өсті. Білім беру қызметтеріне тарифтер 6,1 %, монша, душ, хауыз 2,1 %-ға, мейрамханалар мен қонақ үйлер 1,8 %-ға өсті.

Әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарларға баға деңгейін реттеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі мынадай жұмыстарды атқарды.

Астана қаласы әкімдігі мен сауда ұйымдарының арасында 2012 жылға «Астана қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарларды көтерме-бөлшек сауда негізінде сатумен айналысатын сауда ұйымдарында сатудың үстеме бағасының мөлшерін анықтау мен қолдану туралы» меморандумға (бұдан ары - Меморандум) қол қойылды.

Астана қаласының аумағында қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның, орталықтандырылған сатып алу негізінде өнімдермен қамтамасыздандырылатын 32 әлеуметтік павильоны қызмет етеді. Әлеуметтік павильондарда халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне 10%-дық жеңілдік ұсынылады.

Астана қаласының азық-түлік тұрақтандыру қоры құрылып, оған 6 928 тонна шамасында азық-түлік сатып алынды, оны сату әлеуметтік павильондар, сауда желілері және супермаркеттер арқылы жүзеге асатын болады.

Бұдан басқа, елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нарықтық механизмді қолдану арқылы жүйелі шаралар іске асырылуда.

Индустриялық парк аумағында «Мир круп» ЖШС жарманы қайта өндіру жөнінде көпсалалы кешенінің, жылына 1800 тонна ет өнімдерін өндіретін «Бакунов» ЖК кәсіпорнының құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, Астана – Көкшетау айналмалы жолының солтүстік – шығыс учаскесі ауданында «Продкорпорация» АҚ-ның уақытша сақтау қоймасы, қайта өңдеу, көтерме сауда секторы және көлік терминалдары енетін «Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімінің бөлшек сауда базарын салу» жобасы іске асыру сатысында.

Қазіргі таңда Астана қаласының аумағында екі ірі жылыжай кешені бар: «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС және жобалық күші жылына 2000 тонна «А.Е. Олжабаева және Г.О. Наурзалина» ЖК. Осы жылыжайлардың өнімдері елорда базарларында ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап іске асырылуда.

Қазіргі уақытта қала аумағында жалпы жылыжайлық өнімділігі жылына 3500 тонна болатын 3 жылыжай жобалануда.

Толық күшке енген жағдайда бұл объектілер 2013 жылы қаланың жылыжай өнімдеріне (қияр, қызанақ) деген қажеттілігін қала халқы санының өсуі есебімен 80 % жабады.

Қала тұрғындарын жеміс-көкөніспен тұрақты қамтамасыз ету үшін сақтау көлемі 60 000 тонна көкөніс сақтау қоймалары қажет.

Қазіргі уақытта қала аумағында сақтау көлемі 23 200 тонна 5 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр, соның ішінде ағымдағы жылы 2 көкөніс сақтау қоймалары іске қосылды.

Жыл соңына дейін сақтау нысандарына сұранысты 59 %-ға жабатын, жалпы сақтау көлемі – 12 000 тонна болатын 2 жобаны аяқтау жоспарлануда.

2013 жылы сақтау көлемі 36 800 тонна болатын 7 жобаны аяқтау жоспарлануда.

9. Әлеуметтік сала



9.1. Халықты әлеуметтік қорғау және кедейлік деңгейін төмендету
Астана қаласы бойынша жергілікті бюджеттен төленген төлемдердің жалпы сомасы 2012 жылдың 1 қазанына 1 971,2 млн. теңгені құрады.

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1 254,2 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Барлық әлеуметтік көмек ақшалай төлем ретінде берілді, олардың мөлшері жергілікті бюджеттің қаржылық мүмкіндіктерімен және мұқтаж азаматтардың санымен айқындалады, олардың ішінде:

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы – 21 460,0 мың теңгені құрады;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 15 075,8 мың теңге;

тұрғын үй жәрдемақысы – 91 595,0 мың теңге;

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне коммуналдық төлемдері, тұрғын үйді ұстауы, дәрі – дәрмектік қамтамасыз етуі, абоненттік төлемі үшін – 96 286,8 мың теңге;

мүгедектерге әлеуметтік көмек 263 494,8 мың теңгеге көрсетілді.


9.2. Жұмыспен қамту
Елорданы дамытудың әр түрлі жобаларын іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 14 710 (2011 жылы – 13 582) жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіпте – 788, саудада – 1 126, құрылыста және коммуналдық шаруашылықта – 5 256, көлік және байланыста – 627, білім және денсаулық сақтауда – 2 946, өзгелері – 3 967. Оның ішінде шағын бизнес саласында – 8 688.

2012 жылдың басынан бастап 10 398 адам жұмыс іздеп өтініш білдірді. Осы азаматтардың жалпы санының 6 638 немесе 63,8 % әйелдер құрайды, 14-29 жас аралығындағы жастар 6 343 адам немесе 61,0 %.

2 624 адам жұмыспен қамтылды, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1 087 адамға азайды.

Жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны а.ж. 1 қазанына 5 106 адамды құрайды.

Жұмыспен қамту мүмкіндігін арттыру, жұмыссыздарды еңбек нарығында қолдау және бейімдеу мақсатында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын қолдануда, оның ішінде: жұмыс іздестіруге жәрдемдесу, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ жұмыспен қамту саласында қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыру (бұл оқудан бос уақытта оқып жатқан жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар, «Жастар тәжірибесі» кәсіптік диплом алдындағы тәжірибе, халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары).

Халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің маңызды элементі кәсіби дайындықты ұйымдастыру, жұмыссыз азаматтардың біліктілігін көтеру және қайта дайындау болып табылады

Кәсіби оқуды ұйымдастыру шеңберінде білім беру мекемелерімен ынтымақтастық туралы екі жақты келісімдер жасалды. 2012 жылдың басынан бері кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті көтеруге 827 адам жіберілді, олардың ішінен 636 адам оқуын бітірді, 39 адам жұмысқа орналасты.

Ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру уақытша жұмыс орындарын құру мен елорданың жұмыссыз азаматтарын қосымша табыспен қамтамасыз етуді бағамдайды. Ақылы қоғамдық жұмыс ұйымдастыру үшін 133 жұмыс берушімен келісім шарт жасалды. Қоғамдық жұмыстарға жыл басынан бері 2 572 адам жіберілді.

Халықтың нысаналы тобының тұлғаларын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға елорданың 75 ұйымы және кәсіпорнымен келісімшарт жасалды. 2012 жылдың Қаңтар – қыркүйегінде әлеуметтік жұмыс орындарына 126 адам жіберілді.

Есепті кезеңде 314 білім беру мекемелерін бітірушілер «Жастар тәжірибесін» өтуге жіберілді.

2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органының деректер қорында 1 335 бос орын бар.


9.3. Білім
Астана қаласының білім жүйесі 262 білім ұйымдарынан (2011 жылы - 248) тұрады.

Мектепке дейінгі білім беру

2012 жылдың 1 қазанына мектепке дейінгі ұйымдар желісі – 121, оның ішінде мемлекеттік– 69, жеке меншік – 52.

Мектепке дейінгі мекемелерде орын алу кезегіне тіркелген балалардың жалпы саны 65 400 баланы құрайды.

Жалпы саннан 2 жастан 6 жасқа дейін жеткен және мектепке дейінгі білім берумен қамтуға жататын балалардың саны – 39 730.

Орынға аса мұқтаждар – 15 200.

Тәрбиеленушілердің жалпы саны – 28 137, қамту (1-ден 6-жасқа дейін) – 49,5 %.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды (Балапан бағдарламасы бойынша) қамту – 61,9 %.

5-6 жастағы балаларды мектептерде мектепке дейінгі дайындықпен қамту – 88,6 %.

Оқу жылының басында қалада 82 мектеп қызмет етеді, оның ішінде: 70 мемлекеттік және 12 мемлекеттік емес мектеп.

Оушылардың жалпы саны 86 663 адамды құрайды, соның ішінде:

- мемлекеттікте – 83 568 оқушы;

- жеке меншікте – 3 095 оқушы.

Оқушылар санының ұлғаюы көші – қон есебінен болды – 3 534 оқушы.

2012 жылдың 1 қазанына оқушы орнының тапшылығы 15 730 оқушыны құрайды.

Қазіргі уақытта Астана қаласының білім беру мекемелерінде әр түрлі бағыттағы 84 тәжірибелік алаңдар қызмет етеді және олар білім беру сапасына әсерін тигізуде.


9.4. Денсаулық сақтау
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының жүйесінде есепті кезеңде 32 медициналық ұйым қызмет етеді, оның ішінде: 3 376,9 жалпы кереуеттік қоры бар 14 аурухана ұйымы, 9 АМСК ұйымы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.

Бұдан басқа, қала тұрғындарына 2 222 кереуеттік қоры бар республикалық маңызы бар 9 аурухана, 1 Республикалық диагностикалық орталық, 7 ведомстволық аурухана ұйымы және жеке меншік нысанындағы 2 аурухана ұйымы.

Стационарлық ауысу көмегін көрсететін медицина ұйымдарының саны есепті кезеңде – 32.

Қарастырылған кезең нәтижесі бойынша медициналық – демографиялық көрсеткіштер динамикасының төмендеуі байқалады:

- 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 24,95 құрады, бұл 2011 жылдың 9 айында 24,43 қарсы.

- жалпы өлім көрсеткіші 2011 жылғы 4,40-тен ағымдағы жылы 4,72 дейін төмендеді;

- тұрғылықты мекен – жайы бойынша ана өлімінің көрсеткіші 100 мың адам басына шаққанда 2011 жылғы 9 айдың 21,1-ден 2012 жылғы 6,2 төмендеді.

- бала өлімінің көрсеткіші ағымдағы жылдың басынан бастап 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1000 тірі туған балаға шаққанда 8,7 –ден ағымдағы жылы 9,1 дейін азайды.


10. Мәдениет және спорт

Мәдениет. Мұражай қызметінде. Есепті кезеңде КСРО, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі (1986), «Сыбайлас жемқорлықсық болашақ» республикалық плакаттар конкурсының (Астана, 2009), Қостанай меценаттар клубының «Қазына» жүлдегері (2011), суретші – графикші Юрий Новоселовтың мерейтойлық жеке көрмесі өтті, оны Қостанай облыстық Мәдениет басқармасы мен Астана қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен Галерея картинасы ұйымдастырды. Көрмеде 94 графика, оның ішінде 56 плакат және 38 экслибристер ұсынылды.

Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу институының және Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен Жас суретші Әмір Жолдасбековтың анасы А.Б. Қабыкеноваға арналған қайырымдылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде 36 сурет қойылды.

Есепті кезеңде музейде 1924 іс – шара өткізілді, оған 51512 адам қатысты.

«Алжир» музей – мемориалды кешені. «Алаш» залында ұлтымыздың көрнекті, танымды және интеллектуальды тұлғаларының бірі Қайым Мұхамеджановқа арналған « Азапты жеңген азамат» атты тақырыпқа көрме ашылды.

9 ай бойы музейде 563 экскурсия, 24 дәріс, 31 көрме, 11 мәдени – көпшілік іс-шаралар өткізілді, оған 16071 адам қатысты.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Қазақ музыкалық – драмалық академиялық театрында 112 театр маусымының ашылуы өткізілді. Тетардың бірінші қабатының холлында Ашылуға және алда өтетін шараларға қатысты көрме ашылды. Жаңа театр маусымы астана көрермені жақсы көретін «Кьоджинские перепалки» атты итальян фарсымен ашылды.

Тетар сахнасында ТМД елдерінің қатысумыен Vалық ашық жастар Дельфий ойындары өтті.

Барлығы 181 спектакль көрсетілді, оған 25 567 көрермен қатысты.

Өздері әзірлеген көркемдік және халық шағармашылығы.

Өздері әзірлеген ұжымдардың шығармашылық әлеуетін ашуға клубтық мекемелер – Конгресс – Холл, Бейбітшілік және Келісім сарайының, «Жастар» сарайының, Тәуелсіздік сарайының, «Қазақстан» орталық концерт залының жұмысы әсер етеді.

Бейбітшілік және Келісім сарайында. Опера залында Халықаралық Дельфий ойындарының салтанатты түрде жабылуы өтті.

9 айда барлығы Бейбітшілік және Келісім сарайында 3848 экскурсия өтті және 48 810 көрерменге қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңде «Жастар» сарайында жас мамандарды (Басқару колледжі) салтанатты түрде шығару өткізілді. «Жастар» сарайы бірінші жартыжылдықта барлығы 77 іс-шара өткізді, 47 240 көрерменге қызмет көрсетілді.

Кітапхана қызметінде.

Есепті кезеңде «Астана – балаға дос қала» атты жалпы қалалық стратегиялық жоспар, «Мамандық таңдау үшін бағыттар», салауатты өмір салты жөніндегі кітаптарды насихаттау өткізілді.

Барлық өткізілген іс-шаралар елорда тұрғындары мен қонақтарының демалу сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызды.

Спорт. Астана қаласында дене тәрбиесін және спортты әрі қарай дамыту мақсатында, оқушылар мен жастардың спортпен тұрақты шұғылдану мүмкіндігін кеңейтуге балалар-жасөспірмдер спорт мектептері, спорт клубтары, және басқа да спорттық-көпшілік және сауықтыру шараларының орталықтары желісін кеңейтуге байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Астана қаласында 508 спорт ғимараты қызмет етеді, оның ішінде 4 стадион, 3 спорт сарайы, 2 спорттық ғимарат кешені, 1 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 12 спорттық кешен, 4 спорттық манеж, 1 шаңғы базасы, 27 ату тирі, 2 эллинг, 16 хоккейге арналған ашық корттар, 22 теннис корты, 19 жүзу бассейндері, 176 спорт залы, 46 іштен салынған спорт залдары қызмет етеді, 173 жазық спорттық ғимарат пайдалануға берілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қала халқын дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында ағымдағы жылдың шілдесінде келесі маңызды іс-шаралар өткізілді:



  • 2012 жылдың сезонының лига клубтары арасында біріншілік;

  • Қазақстан мен Ирландия Ұлттық Құрама командалары арасында футбол бойынша жарыс;

  • Қазақстан және Өзбекстан құрамалары арасында теннис бойынша Дэвис кубогы.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет