Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтары) қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы



Дата24.02.2016
өлшемі69.54 Kb.
#13581
Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтары) қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң 2011 жылғы 3 тамыздағы № 02-02-18/153 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 25 тамызда № 7145 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" 2011 жыл 11 қазан N 488-490 (26882), "Казахстанская правда" от 11.10.2011 г., № 325 (26716)


      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтары) қызметiн ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Спорт комитетi осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын және мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрi М.Е.Омаровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы     
Туризм және спорт министрiнiң 
2011 жылғы 3 тамыздағы    
№ 02-02-18/153 бұйрығымен  
бекiтiлген             

Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтары)
қызметiн ұйымдастыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (бұдан әрi - клубтар) қызметiн ұйымдастырудың тәртiбi мен шарттарын реттейдi және меншiк түрiне және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, барлық спорт клубтары үшiн үлгi болып табылады.


      2. Клубтар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қоғамдық бiрлестiктер туралы», «Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер туралы», «Акционерлiк қоғамдар туралы», «Мемлекеттiк мүлiктер туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасының Еңбек, Азаматтық Кодекстерiн және осы Ереже мен клуб Жарғысын басшылыққа алады.
      3. Клуб жарғысы ұйымдастырушылық құрылымды, қызмет бағытын, қызмет түрлерi мен нысандарын, клубтардың қызметкерлерi мен мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
      4. Клубтар оқу-жаттығу, жарысу, дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады және әр түрлi ұйымдастырушылық - құқықтық нысандарда құрылады.
      5. Клубтар мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет елдердiң органдарымен, дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен, қоғамдық бiрлестiктерiмен ынтымақтасып, өзара әрекет етедi.
      6. Клубтар республиканың мемлекеттiк органдарымен, қоғамдық, коммерциялық ұйымдарымен, қоғамдық бiрлестiктердiң одақтарымен (қауымдастықтарымен) шарттар бойынша «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Қоғамдық бiрлестiктер туралы», «Мемлекеттiк емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген белгiлi бiр жұмыстарды атқарады.
      7. Клубтар республикалық және халықаралық спорттық ұйымдармен өзара әрекет етедi, әлемдiк спорттық қозғалыстағы ел ретiнде Қазақстан Республикасының беделiне жан-жақты ықпал етедi.
      8. Клубтар дене шынықтыру және спорт саласында келiсiмдер жасайды, халықаралық шарттар мен тиiстi мемлекеттердiң заңнамасының негiзiнде тиiстi келiсiм-шарттар жасауға, халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге ұжымдық мүше ретiнде кiредi және халықаралық құқық, халықаралық шарттар мен тиiстi мемлекеттер заңнамаларының жалпыға бiрдей қағидаттары мен нормаларының негiзiнде шет мемлекеттерде өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдарын) құрады.
      9. Клубтар:
      1) спорт түрлерi бойынша кәсiптiк;
      2) салалық клубтар, кәсiпорындардың және ұйымдардың клубтары болуы мүмкiн.

2. Клубтардың мақсаттары мен мiндеттерi

      10. Спорт түрлерi бойынша кәсiптiк клубтар мына мақсаттарда құрылады:


      1) Қазақстан Республикасында спорт түрiн дамыту;
      2) спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды дайындау;
      3) спорттық және олимпиадалық және паралимпиялық қозғалыстарды дамыту.
      11. Кәсiптiк клубтардың негiзi мiндеттерi:
      1) спорт резервi мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды дайындау үшiн жағдай жасау;
      2) күштi спортшыларды анықтау және спорт резервiн дайындау;
      3) спорт секцияларында, оқу-жаттығу жиындарында сабақтарды ұйымдастыру және спорттық iс-шаралар өткiзу;
      4) материалдық-техникалық базаны нығайту және дамыту;
      5) тәжiрибе алмасу және жаңа спорттық жетiстiктердi енгiзу мақсатында ел iшiндегi және шетелдегi клубтар арасында байланыстарды орнату және дамыту бойынша жұмыстар жүргiзу болып табылады.
      12. Салалық клубтар, кәсiпорындардың және ұйымдардың клубтары мына мақсаттарда құрылады:
      1) халықтың түрлi топтарын, оның iшiнде ардагерлер мен мүгедектердi (әрбiр азаматтың мүддесiн ескере отырып) дене шынықтыру және спортпен жиi айналысуға кеңiнен тарту;
      2) салауатты өмiр салтын насихаттау, белсендi демалыстар ұйымдастыру, дене дайындығының деңгейiн арттыру, ерiк-жiгерлiк және азаматтық-отансүйгiштiк қасиеттердi қалыптастыру;
      3) клуб мүшелерiнiң дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшiн жағдайлар жасау;
      4) бұқаралық спорт қозғалысын қалыптастыру.
      13. Клубтардың негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан азаматтарының дене, рухани және азаматтық-отансүйгiштiк тәрбиесiне белсендi ықпал ету, олардың күнделiктi өмiрiне дене шынықтыру мен спортты енгiзу;
      2) спорт секциялары мен сауықтыру бағытындағы топтарда клубтық сабақтарды ұйымдастыру, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзу;
      3) денсаулық жағдайында ауытқушылығы бар және дене дайындығы нашар азаматтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргiзу;
      4) спартакиадалар, бұқаралық спорттық жарыстар, спорт мерекелерiн, жарыстарға қатысу үшiн спортшыларды дайындау бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткiзу;
      5) бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыстарды ұйымдастыруда кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге, соның iшiнде бiлiм мекемелерiне көмек көрсету;
      6) спорт түрлерiн үйлесiмдi әрi тең құқылы дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      7) дене шынықтыруды, спорт пен салауатты өмiр салтын белсендi насихаттау, нашақорлықтың, маскүнемдiктiң, шылым шегудiң дамыуына қарсы, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен балалардың қаңғыбастылығын болдырмауға бағытталған жұмыстарды жүргiзу.

3. Клубтардың қызметiн ұйымдастыру

      14. Спорт түрлерi бойынша клубтардың қызметi:


      1) жоғары жетiстiктер спорты саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүргiзу, соның iшiнде спорт резервiн, спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасы құрама командаларына үмiткерлер мен мүшелердi дайындау;
      2) спорт резервiн және спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың мүшелерiн орталықтандырылған дайындауды ұйымдастыру;
      3) оқу-жаттығу бағдарламаларын және спортшылардың жеке дайындық жоспарларын iске асыру;
      4) спортшыларды даярлауды ғылыми-әдiстемелiк, медициналық қамтамасыз ету, алдын алу және қалпына келтiру iс-шараларын жүргiзу;
      5) спортшылардың жеке дайындық жоспарларына және спорттық-бұқаралық iс-шаралар күнтiзбесiне сәйкес олардың республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
      6) жаттықтырушы-оқытушы құрамның бiлiктiлiгiн және тағылымдамасын арттыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
      7) дене шынықтыру мен спорт саласындағы жетекшi мамандарды, жаттықтырушыларды, ғылыми қызметкерлердi, медицина қызметкерлерiн шақыру арқылы семинарлар, курстар ұйымдастырып, өткiзу;
      8) спортшыларды табельдiк спорт киiмдерiмен, құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету;
      9) оқу-тәрбие және мәдени қызметтердi;
      10) қалпына келтiру орталықтарының, денсаулық бөлмелерiнiң, психологиялық демалу бөлмелерi мен клубтардың басқа да сауықтыру құрылымдарының қызметтерiн ұйымдастыру;
      11) жаттықтырушылар кеңесi, төрешiлер алқасының қоғамдық комиссиясын құру және жұмысын ұйымдастыру;
      12) дене шынықтыру мен спортты одан әрi дамытуды жоспарлау;
      13) өз қызметi туралы ақпараттар тарату;
      14) өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн соттарда және басқа да мемлекеттiк органдарда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде бiлдiру және қорғау;
      15) шарттар мен келiсiмдер жасау;
      16) халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес спорттық бiрлестiктерге кiру;
      17) бұқаралық спорт жарыстарын, халық спартакиадаларын, оқу-жаттығу жиындарын, басқа да бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру iс-шараларын қаржыландыру;
      18) жетекшi жаттықтырушылармен және спортшылармен келiсiм-шарттар жасау арқылы жүзеге асырылады.

4. Клубты басқару

      15. Клубтардың меншiк нысанына және ведомстволық тиiстiлiгiне қарай ұйымдастыруға және оның қызметiне жалпы басшылық жасауды, құрылтайшы, басшы (директор), клубтардың жалпы жиналысы (бұдан әрi – клуб басқармасы) жүзеге асырады.


      16. Клубтардың басқармалары:
      1) клубтар қызметiнiң стратегиялық және басым бағыттарын айқындайды;
      2) клубтар қызметкерлерiнiң штаттық санын бекiтедi;
      3) клубтарға мүшелiкке қабылдау мен клубтардан шығаруды жүзеге асырады;
      4) оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарын бекiтедi;
      5) кiрiс және шығыс сметаларын бекiтедi;
      6) клубтың штаттық қызметкерлерiне сыйақы беру және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiкке тарту туралы шешiм қабылдайды;
      8) келiсiм-шарттар негiзiнде клуб қызметкерлерiне жалақы мөлшерiн бекiтедi;
      9) клубтардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
      10) өз құзыретi шегiнде халықаралық шарттар мен келiсiмдер жасайды;
      11) халықаралық үкiметтiк емес бiрлестiктерге ұжымдық мүшелiкке кiру туралы шешiм қабылдайды.
      Клубтар басқармасы кемiнде жарты жылда бiр рет отырыс өткiзiп, онда комиссияның, секциялардың, топтардың, командалардың есептерiн талқылайды және өткiзiлген дене шынықтыру-сауықтыру мен бұқаралық-спорттық iс-шаралардың қорытындыларын шығарады, сондай-ақ клубтардың қызметiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды қарайды.

5. Клубтардың материалдық-техникалық базасы
мен қаржы-шаруашылық қызметi

      17. Клубтардың қаражаттары мыналардың есебiнен қалыптасады:


      1) құрылтайшылардың қаражаттарының
      2) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс;
      3) клубтар мүшелерiнiң кiру, жылдық және басқа да жарналарының
      4) ерiктi қайтарымсыз жарналардың, қайырымдылық және демеушiлiк қаражаттың
      5) банк несиелерiнiң
      6) ақылы спорттық iс-шараларды өткiзуден түскен кiрiстердiң
      7) клубтарға тиесiлi спорттық ғимараттарды, базаларды, жабдықтарды пайдаланғаны үшiн ұйымдар мен азаматтардан алынатын кiрiстердiң
      8) клубтардың өндiрiстiк, жарнама-баспалық қызметiнен түсетiн кiрiстердiң
      9) шетелдiк одақтардың (қауымдастықтардың), клубтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен жекелеген азаматтардың ерiктi жарналары мен қайырымдылықтарының
      18. Жарналар, оның iшiнде клуб мүшелерiнiң және ұйымдардың материалдық салымдары, клуб мүлкi, кәсiпкерлiк пен өзге де қызметтен түскен пайдалар клубтардың жеке меншiгi болып табылады, бөлiнуге жатпайды.
      19. Клубтар филиалдарға олардың қызметiне қажеттi мүлiктердi, құралдар мен жабдықтарды бередi.
      20. Спорттық киiмдердi, жеке және ұжымдық пайдалану құралдарын сатып алу спортпен айналысушылардың, құрылтайшылардың, демеушiлер мен клуб қаражатының есебiнен жүргiзiледi.
      21. «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Клубтар статистикалық есеп жүргiзедi және оның дұрыстығына жауап бередi.
      22. Клубтарды қайта құру және тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет