1. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыстар барын белгілеңіз



бет4/5
Дата17.07.2016
өлшемі0.93 Mb.
#205389
1   2   3   4   5


БИОЛОГИЯ



1. ¤сімдіктіњ µсімді м‰шелері:

A) Т±қым


B) Г‰л

C) Тамыр, сабақ, жапырақ

D) Т±қымбастама

E) Жеміс



2. Қабық пен сүректің арасында орналасады:

A) Жасымықша.

B) Өң.

C) Өзек сәулелері.



D) Өзек.

E) Камбий.



3. Телу дегеніміз:

A) Бір µсімдік бµлігін екінші µсімдік бµлігіне ±ластыру

B) ¤сімдіктердіњ тамырларын ±ластыру

C) Тамыр арқылы кµбейту

D) Қалемшелер арқылы кµбейту

E) ¤сімдіктерді т±қымнан кµбейту



4. Тұқымның өнуіне қажет емес жағдай:

A) Топырақ.

B) Жылу.

C) Су.


D) Жел.

E) Ауа.


5. Көмірсу қорытыла бастайды:

A) Ауыз қуысында.

B) Қарында.

C) Өңеште.

D) Тік ішекте.

E) Тоқ ішекте.



6. Қаракүйе саңырауқұлақтары зақымдайтын дақылдар:

A) Дәнді бұршақтарды.

B) Техникалық.

C) Бақша.

D) Жеміс ағаштарын.

E) Астық тұқымдастарды.



7. Бауыраяқты ұлуларға жататындар:

A) Каракатицалар.

B) Айқұлақ.

C) Қошқармүйіз.

D) Кальмарлар.

E) Сегізаяқтар.



8. Шаянның құрсақ бунағындағы қысқа аяқшалар саны -

A) Екі-екіден.

B) Төрт-төрттен.

C) Сегіз-сегізден.

D) Бір-бірден.

E) Үш-үштен.



9. Сәндік үшін өсірілетін тауық:

A) Виандот.

B) Орыстың ақ тауығы.

C) Орлов.

D) Род-айланд.

E) Тауыс (павлин).



10. Менингит ... қабынуы.

A) ми қабығының

B) бауырдың

C) өкпенің

D) жүректің

E) ас қорыту жүйесінің



11. Адамның омыртқа саны:

A) 29-31


B) 33-34

C) 34-36


D) 40-42

E) 28-32


12. Бір-біріне ұқсас егіздер дамыған жасушаның саны:

A) Үш.


B) Көп.

C) Төрт.

D) Бір.

E) Екі.



13. Еуропеоидтық нәсілге жататын түпкілікті тұрғындардың отаны -

A) Шығыс Азия.

B) Африка.

C) Аустралия.

D) Еуропа.

E) Индонезия.



14. Сүтқоректілердің қысқы тыныштық күйге көшкен жасушаларының құрамында

A) Көмірсулар қоры азаяды.

B) Қоректік заттар қоры көп болады.

C) Су көп болады.

D) Зат алмасуының қарқыны артады.

E) Тыныс алу жиілейді.



15. Жеміс-жидекті өсімдіктердің жемісінде көбірек кездесетіндер:

A) Май.


B) Ақуыз.

C) Дәрумендер.

D) Крахмал.

E) Тұздар.



16. Ризоидтары болмайтын өсімдік:

A) Сфагнум.

B) Плаун.

C) Ламинария.

D) Жасыл мүк.

E) Көкек мүгі.



17. Гидраның жыныссыз көбеюі:

A) Сперматозоидтармен.

B) Бүршіктену арқылы.

C) Зигота арқылы.

D) Ұрықтану арқылы.

E) Жұмыртқа жасушамен.



18. Сүліктің денесінде:

A) Дене қуысы перделермен бөлінген.

B) Қуысы ауаға толы.

C) Қуыс бар.

D) Қуыс жоқ, дәнекер ұлпамен жалғасқан.

E) Қуыс сұйықтыққа толы.



19. Қаңқаны құрайтын ұлпа:

A) Жүйке.

B) Дәнекер.

C) Жүрек бұлшықеті.

D) Бұлшықет.

E) Эпителий.



20. Тыныс алу мүшелерінің қызметі.

A) Қан құрамын азоттан тазартады.

B) Ауаны түтіннен тазартады.

C) Қан құрамына азоттың келуін қамтамасыз етеді.

D) Оттегінің қанға өтуін қамтамасыз етеді.

E) Көмірқышқыл газын ұлпаларға тасиды.



21. Жасушаның «Қуат беретін станциясы».

A) Хлоропластар

B) Лизосома

C) Центриоль

D) Митохондриялар

E) Ядрошық



22. Рибосомалардың «жинақталуы»:

A) Вакуоляда.

B) Хлоропластта.

C) Гольджи комплексінде.

D) Митохондрияда.

E) Эндоплазмалық торда.



23. Шартәрізді іші қуыс ұрық ... деп аталады.

A) гаструла

B) бластула

C) жұмыртқа жасуша

D) зигота

E) бластомер



24. Ағзаның жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгі кезеңі:

A) онтогенез

B) эмбриогенез

C) постэмбриогенез

D) түрленіп даму

E) филогенез



25. 1мм3 қанда эритроцит саны:

A) бес мыңнан екі жүз мыңға дейін

B) екі жүз мыңнан үш жүз мыңға дейін

C) жүз мыңнан үш жүз мыңға дейін

D) үш мыңнан төрт мыңға дейін

E) бес млн-ға жақын



26. Дәрумендер (витаминдер) ... түзілуіне қатысады.

A) көмірсулардың

B) майлардың

C) ферменттердің

D) гормондардың

E) тұздардың



27. Заттың пішіні мен түсін ажырататын көздің

A) ақ қабықшасы.

B) қасаң қабықшасы.

C) тор қабықшасы ішіндегі құтыша.

D) нұрлы қабықшасы.

E) көз бұршағы.



28. Айқас тозаңданатын өсімдіктер селекциясында әр түрлі тармақтары өзара тозаңдандыру:

A) Линияаралық гибридтер.

B) Мутагенездік әдіс.

C) Полиплоидиялық әдіс.

D) Әріден гибридтеу.

E) Ментор әдісі.



29. Биогеоценоздың ауысуына байланыссыз жүретін өзгерістер:

A) Табиғаттағы түрлі апаттар.

B) Адамның түрлі шаруашылық әрекеттері.

C) Биогеоценоздағы организмдердің тіршілік ортасына байланысты өзгеруі.

D) Климаттың өзгеруі.

E) Ағзалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бейімделуі.



30. Көміртегінің топырақта жинақталуы-

A) Көмір түрінде.

B) Органикалық қосылыстар түрінде.

C) Көмірқышқыл газы түрінде.

D) Кальций карбонаты түрінде.

E) Шөгінді массалар түрінде.



БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ


ГЕОГРАФИЯ



1. Жер өз өсінен ... сағатта бір рет айналып шығады:

A) 10.


B) 20.

C) 50.


D) 90.

E) 24.


2. Жоғары қысым белдеулерінен экваторға қарай соғатын желдер :

A) муссон

B) батыс желдер

C) бриз


D) пассат

E) цунами



3. Суперфосфат зауыттары:

A) Өскемен Қызылорда

B) Тараз Алға

C) Орал Ақтау

D) Шымкент Ақтау

E) Ақсу Павлодар



4. Қазақстандаѓы 1905-1907 жылдары салынѓан темір жол

A) Т‰рксіб

B) Петропавл-Шу

C) Орынбор-Ташкент

D) Екібаст±з-Павлодар

E) ¦лы Сібір



5. Қазақстан неше экономикалық аймаққа бөлінеді:

A) 7


B) 3

C) 9


D) 2

E) 5


6. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал:

A) Психрометр.

B) Нивелир.

C) Изобар.

D) Барометр.

E) Термометр.



7. Елдегі демографиялық саясат ... байланысты.

A) білімге.

B) табиғат жағдайына.

C) мәдениетке.

D) табиғат байлықтарына.

E) халықтың санына және оның табиғи өсуіне.



8. Испан кемелері 1492 ж. ... мұхиттын қиып өтті.

A) Солтүстік Мұзды

B) Тынық

C) Үнді


D) Тынық-Үнді

E) Атлант



9. Қазақстанның дүние жүзі елдері арасында жер көлемі жөнінен орны.

A) 4-ші.


B) 9-шы.

C) 11-ші.

D) 10-шы.

E) 3-ші.



10. Қазақстанның ойпаттары.

A) Бетпақдала, Жалпы Сырт.

B) Тұран, Торғай.

C) Сарыарқа, Ембі.

D) Үстірт, Жем.

E) Каспий маңы, Батыс Сібір.



11. Мүйізінен (панты) бағалы дәрілік шикізат алынады.

A) Таутеке.

B) Марал.

C) Елік.


D) Бұлан.

E) Кабарга (Құдыр).



12. Республикамыздағы атом станцияларының саны.

A) 4


B) 3

C) 1


D) 5

E) 7


13. Республикадағы балық зауыты … орналасқан.

A) Атырау, Балқашта

B) Петропавл, Балқашта

C) Ақтау, Оралда

D) Арал, Ақтауда

E) Атырау, Қоңыратта



14. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американы бөліп жатқан канал:

A) Асуан.

B) Панама.

C) Каракум.

D) Суэц.

E) Ертіс-Қарағанды.



15. Жер бетінің ірі формалары.

A) Қыраттар мен үстірт.

B) Жанартаулар мен гейзерлер.

C) Материктер мен мұхиттар.

D) Жыралар мен сайлар.

E) Ойпаттар мен ойыс.



16. Дүние жүзінде - көлемі жағынан ең ірі табиғат зонасы.

A) Шөл.


B) Дала.

C) Тайга.

D) Таулы зона.

E) Тундра.



17. Арал теңiзiнiң су көлемiнiң азаюының негізгі себебiн анықтаңыз:

A) Жауын-шашынның азаюы.

B) Өзен ағынының азаюы.

C) Буланушылықтың артуы.

D) Температура режимiнiң өзгеруi.

E) Тұздылықтың көбеюi.



18. Қазақстанның дала зонасындағы топырақ түрi:

A) Сұр топырақ.

B) Сұр, қара топырақ.

C) Күлгін топырақ.

D) Қара және қызғылт топырақ

E) Ферралитті топырақ.



19. Рудный қаласындағы темір рудасы кен орындары:

A) Қаражал, Құлсары.

B) Мақат және Аят.

C) Қашар, Лисаков.

D) Соколов және Сарыбай.

E) Жезді және Сарыбай.



20. Электроэнергетикасы мен түсті металлургияға қажетті машина және жабдықтар шығаратын кәсіпорындар ... орналасқан.

A) Атырауда

B) Астанада

C) Өскеменде

D) Ақтауда

E) Аягөзде



21. Сырдария мен Іленің сағасында, Қаратал өзенінің аңғарында өсірілетін дақыл:

A) Күріш.

B) Сұлы.

C) Жүгері.

D) Бидай.

E) Арпа.



22. Заң шығаратын ең жоғарғы өкімет билігі парламенттің және өкіметтің қолында болатын басқару түрі.

A) Федерация.

B) Абсолюттік монархия.

C) Республика.

D) Конституциялық монархия.

E) Унитарлы.



23. Африкадағы экономикасы жақсы дамыған ел

A) Судан.

B) Замбия.

C) Алжир.

D) ОАР.

E) Чад.


24. Қоныс аударушылар капитализмі елдері:

A) АҚШ, Франция.

B) Куба, Ямайка.

C) Бразилия, Аргентина.

D) Мексика, Куба.

E) Канада, Австралия.



25. Адамдардың жаңа жерге қоныстанудың нәтижесінде ... дамыды.

A) егіншілік пен мал шаруашылығы

B) қала санының өсуі

C) селекциялық жұмыстар

D) пайдалы қазбаларды игеру

E) теңіз транспорты



26. Алматы облысының территориясында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғатын қатты жел.

A) Пассат.

B) Сайқан.

C) Ебі.


D) Арыстанды-қарабас.

E) Муссон.



27. «Малиус боката» алмасы ... қорығында өсіріледі.

A) Науырызым

B) Марқакөл

C) Алматы

D) Ақсу-Жабағылы

E) Үстірт



28. Ең басты мәселе – ормандарды сақтап қалу проблемасы тән елдер:

A) Африка.

B) Антарктида.

C) Солтүстік Америка.

D) Азия.

E) Еуропа.



29. Электр энергиясының 50% астамын АЭС-тен алатын елдер:

A) Италия, Греция.

B) АҚШ, Қазақстан.

C) Швеция, Германия.

D) Франция, Бельгия.

E) Финляндия, Норвегия.



30. Суармалы егіншілікпен айналысатын елдер:

A) ГФР, Польша.

B) Голландия, Норвегия.

C) Италия, Испания.

D) Ұлыбритания, Норвегия.

E) Норвегия, Швеция.



ГЕОГРАФИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ


ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ



1. Испаниядағы Альтамира үңгіріндегі суреттерді алғаш көрген.

A) Саутуоланың қызы.

B) Саутуоланың баласы.

C) Саутуоланың жол көрсетушісі.

D) Археолог Саутуола.

E) Саутуоланың әйелі.



2. Ежелгі Грециядағы ересектер жиналып гимнастикамен шұғылданып, демалатын әйгілі оқымыстылардың дәрісін тыңдайтын қала сыртындағы орын.

A) Академия.

B) Гимнасия.

C) Амфитеатр.

D) Ипподром.

E) Стадион.



3. Д.Бруно ілімі бойынша:

A) Жер де, күн де қозғалмайды.

B) Әлем шексіз, оның бастамасы да, ақыры да болмайды.

C) Жерді көк өгіз мүйізімен көтеріп тұр.

D) Жер диск тәрізді жайпақ.

E) Жер айналмайды.



4. Қызыл Армияның Берлинді алу үшін жүргізген шайқасының уақыты.

A) 1942 ж. 19 қараша – 1943 ж. 2 ақпан.

B) 1943 ж. 5 шілде – 5 тамыз.

C) 1945 ж. 9 тамыз – 2 қыркүйек.

D) 1945 ж. 16 сәуір – 2 мамыр.

E) 1941 ж. желтоқсан – 1942 ж. қаңтар.



5. Ауғанстаннан Кеңес әскері шығарылды.

A) М.С.Горбачев тұсында

B) Б.Ельцин тұсында

C) В. Путин тұсында

D) Ю.Андропов тұсында

E) Н.Хрущев тұсында



6. Б.з.д. V ғасырдағы Римдегі плебейлердің мүддесін қорғаушылар:

A) Халық трибундары.

B) Консулдар.

C) Абыздар.

D) Ақсақалдар.

E) Сенаторлар.



7. Крест жорығына қатысқан батыс европалық рыцарлардың Иерусалим қаласын басып алған жылы:

A) 1086 жылы.

B) 1079 жылы.

C) 1094 жылы.

D) 1090 жылы.

E) 1099 жылы.



8. Американың жергілікті байырғы тұрғындары:

A) Үндістер.

B) Үнділер.

C) Ағылшындар.

D) Түріктер.

E) Германдықтар.



9. 1517 жылы папаның индульгенция саудасына бірінші қарсы шыққан профессор ғалым-монах:

A) Жан Кальвин.

B) Томас Мюнцер.

C) Мартин Лютер.

D) Ян Гус.

E) Игнатий Лойола.



10. Тоқымашылықта еңбек өнімділігін арттырған “Дженни” механикалық ұршығын ойлап тапқан ағылшын:

A) Кей.


B) Аркрайт.

C) Картрайт.

D) Харгривс.

E) Уатт.



11. Ағылшын отаршыларына қарсы Үнді халқының көтерілісінің болған жылдары:

A) 1856-1859.

B) 1857-1859.

C) 1850-1855.

D) 1853-1858.

E) 1849-1852.



12. XVIII ғасырдың I жартысында өмір сүрген, көп жылдар бойы Лейпциг шіркеуінде органист болған неміс композиторы:

A) Л.Бетховен.

B) Ф.Шопен.

C) Р.Шуман.

D) И.С.Бах.

E) В.И.Моцарт.



13. Москва Көркем театрының негізін қалаушы(лар):

A) А. М. Скрябин, С. В. Рахманинов.

B) В. Ф. Нижинский.

C) К. С. Станиславский, В. И. Немирович - Данченко.

D) М. Н. Ермолова.

E) В. Ф. Комиссаржевская .



14. Қытайдағы “зор секіріс” саясатының мәні.

A) Шет ел капиталын енгізу.

B) Қысқа уақытта коммунистік қоғам орнату.

C) Ұсақ шаруашылықты дамыту.

D) Ғылыми-техниканы дамыту.

E) Жеке шаруашылықты дамыту.



15. Адамдардың, тайпалардың, халықтардың шығу тегі туралы мәліметтер

A) Даталар.

B) Жылнамалар.

C) Шежіре (генеалогия).

D) Өмірбаян.

E) Аңыз-әңгіме.



16. V ғасырдың аяғында Италияға қоныстанған Герман тайпасы:

A) Англ.


B) Вестготт.

C) Вандал.

D) Франк.

E) Остгот.



17. Англияда VІІ Генрих Тюдор қашан король болды?

A) 1485 жылы

B) 1503 жылы

C) 1482 жылы

D) 1480 жылы

E) 1511 жылы



18. XVІІ ғ. басында Англияда қандай билік күшейді?

A) Әскери диктатура.

B) Конституциялық монархия.

C) Либералдық-буржуазиялық билік.

D) Абсолюттік монархия.

E) Халықтық.



19. Франциядағы 1799ж. 9 қарашадағы төңкеріс нәтижесінде Наполеон Бонапарт кім болды?

A) Император.

B) Үшінші консул.

C) Екінші консул.

D) Протектор.

E) Бірінші консул.



20. Париж Коммунасы өмір сүрді:

A) 83 күн.

B) 66 күн.

C) 60 күн.

D) 75 күн.

E) 72 күн.



21. Жапон экспансиясына ең алдымен ұшыраған материктегі мемлекет.

A) Малайя.

B) Ресей.

C) Корея.

D) Қытай.

E) Вьетнам.



22. Мюнхенде А.Гитлердің басшылығымен фашистердің алғашқы ірі бас көтеруі қашан болды?

A) 1922 ж. 5 наурызда

B) 1923 ж. 8 қарашада

C) 1920 ж. 12 қазанда

D) 1924 ж. 10 тамызда

E) 1921 ж. 2 қыркүйекте



23. 1943 ж. қарашада Югославияның азат етілген бөлігінде коммунистік партияның басшылығымен құрылған ұлттық комитеттің жетекшісі.

A) М.Ковач.

B) В.Гавел.

C) И.Броз Тито.

D) А.Дубчек.

E) Милошевич.



24. 1949-53 ж.ж. социализм жүйесін құруда КСРО-ға ұқсамауға тырысқан ел:

A) Чехословакия.

B) Болгария.

C) Венгрия.

D) Польша.

E) Югославия.



25. Ежелгі Египетте құдаймен теңестірілгендер:

A) Ақсүйектер.

B) Шонжарлар.

C) Чиновниктер.

D) Перғауындар.

E) Абыздар.



26. XІІ ғасырдың аяғында болгарлар кімге қарсы шықты?

A) Түріктерге.

B) Арабтарға.

C) Оғыздар мен қыпшақтарға.

D) Египеттіктерге.

E) Византиялықтарға.



27. 1905-1911 жылғы Ирандағы революцияға қатысқан еңбекшілердің қойған талабы:

A) Коммунистік партия құру.

B) Шах билігі мен шетелдіктердің артықшылығын шектеу.

C) Ислам дінінің артықшылығын шектеу.

D) Жерді жеке меншікке беру.

E) Монархияны күшейту .



28. “Тиімді сапалы сұраныс” теориясын таңдаған экономист:

A) А. Смитт.

B) Р. Оуэн.

C) К. Маркс.

D) Д.М. Кейнс.

E) Н. Кондратов.



29. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің қорытынды актісі өткен қала…

A) Хельсинки.

B) Москва

C) Вашингтон.

D) Женева.

E) Париж.



30. Мини-процессорды шығарған фирма:

A) Антелл.

B) Самсунг.

C) Интел.

D) Майкрософт.

E) Сони.



ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет