1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Басшы еңбегін ғылыми ұйымдастыру негіздері



Pdf көрінісі
бет12/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

3. Басшы еңбегін ғылыми ұйымдастыру негіздері
3.1 Коммуникацияны және ойлауды басқару
Басқару еңбегі — мекеменің, кәсіпорынның басқару жүйесінде қызмет
атқаратын лауазымды адамдар еңбегінің жалпылама атауы. Басқару еңбегі
басқаруды және оған дайындықты қамтиды. Басқару дұрыс шешім
қабылдауға және оны жүзеге асыруға келіп саяды. Кадрлерді іріктеу, басқару
аппараты не өндіріс бөлімшелерінің әр түрлі буындарының жұмысын
үйлестіру, жұмыс барысын бақылау және реттеу, т.б. міндеттерді мекеме,
кәсіпорын басшылары жүзеге асырады. Басқаруға дайындық жұмыстары
басшылардың шешім қабылдауымен және оның орындалуын ұйымдастыруға
қажетті мәліметтерді, деректерді қамтамасыз етумен шектеледі. Бұған
басқаруға қажетті ақпараттарды бастапқы өңдеу, хабар беру мен қайта өңдеу
жатады. Басқаруға дайындықты тиісті мамандар, экономистер, есепшілер,
т.б. адамдар жүзеге асырады. Басқару еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру
қызметі басшы, инженер-техникалық қызметкерлердің, мамандардың
еңбегін, олардың жұмыс күнін тиімді ұйымдастыру, жұмыс стиліне шұғыл
басшылық ету тәсілдерін жақсарту, т.б. көрсеткіштер тұрғысынан мұқият
зерттеуді талап етеді. Өнеркәсіп өндірісін басқарудың ғыл. негіздерінің
қалыптасуы 19 ғасырдың соңғы онжылдықтарында басталды. Өнеркәсіп
өндірісін басқаруға байланысты алғашқы іргелі еңбектерді жазған
америкалық ғалым Ф.У.Тейлор (1856—1915) болды. Оның шәкірті Р.А.
Хойфе басқарудың, соның ішінде оның жоғары буындарындағы басқарудың
басты принциптерін жасады [15].
Қоғамның басты өндіргіш күші - адамдар. Қандай кәсіпорында
болмасын, өндіргіш нәтижесі адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға
байланысты. Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан назар аударылуы
қажет [3].
3.2. Басшының еңбекті ғылыми ұйымдастыруы
Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру үш түрлі мақсатқа жету үшін
қолданылады. Олар: экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік
мақсаттар.
Еңбекті ұйымдастыру– жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз
ететін шаралар жүйесі. Өндіріс барысында адамдарды тиісінше
орналастыруды‚ еңбек бөлінісін‚ әдістерін‚ оны біріктіруді‚ нормалауды‚
ынталандыруды‚ жұмыс орындарын ұйымдастыруды‚ оларға қызмет
көрсетуді‚ қажетті еңбек жағдайын қамтиды. Тиімділік пен ғылыми
негізделудің
түрлі
дәрежесімен
сипатталады.
Өзара
байланысты
экономикалық‚ психофизиологикалық және әлеуметтік міндеттердің
топтарын қамтамасыз етуге тиіс. Экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін
арттыруға‚ өндіріс құрал-жабдығын толық пайдалануға‚ өзіндік құнды
төмендетуге‚ өнім сапасын жақсартуға бағытталған; психо-физиологиялық


18
міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші – адамның денсаулығын сақтауды
және жұмыс істеу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қолайлы өндірістік
жағдай жасауға бағытталған; әлеуметтік міндеттер – еңбекті материалдық
және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға‚ жұмыссыздықтан қорғауға‚
жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға
бағытталған. Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі мазмұны –
мына бағыттар бойынша шаралар кешенін жобалап‚ енгізу: жұмыс
орындарын мамандандыру‚ қызметкерлер құрамын ұтымды іріктеу‚ олардың
еңбегін жұмыс түрлері мен біліктілік бойынша бөлу негізінде еңбек бөлінісі
мен бірігуі нысандарын жетілдіру; жұмыс орындарын ұйымдастыру мен
оларға қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізу; еңбек тәсілдері мен
әдістерін оңтайландыру; еңбек жағдайын жақсарту; еңбекті нормалау мен
оған ақы төлеуді жетілдіру; кадрларды даярлау және олардың біліктілігін
арттыру (3-суретте көрсетілген).
Сурет 3 - Билік жүргізудің оң және теріс жақтары
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру — өндіріске жүйелі тірде үздіксіз
енгізілетін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде материалдық
еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігнің үздіксіз
артуын, адамның денсаулығын сақтауды, еңбекті бірте-бірте ең бірінші
өмірлік қажетке айналдыруды қамтамасыз етеін шаралардың жиынтығы.
Еңбекті
ғылми
ұйымдастырудың
негізінде
кәсіпорында,
оның
бөлімшелерінде және жұмыс орындарында жұмыс күші мен еңбек
құралдарын мейлінше тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі. Еңбекті ғылми
ұйымдастыру әрбір кәсіпорында өндіріс мәдениетінің жоғары болуын, ауыр
еңбектің жойылуын, кңбек жағдайының мықтап жақсаруын, санитарлық-
гигиеналық және эстетикалық жағынан қолайлы жағдай жасалуын талап
етеді [16].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет