1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Деректерді өңдеу және өрескел қателерді іздеу, жоспарлы және



Pdf көрінісі
бет176/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

5.4. Деректерді өңдеу және өрескел қателерді іздеу, жоспарлы және
биіктік тірек желілерін теңестіру.
Өңдеу және соңғы нәтиже. Цифрлық топографиялық жоспарларды
құру жиынтықта барлық бастапқы материалдарды пайдалана отырып
орындалды. Орындаушының дайын өнімді өзіндік бақылауы мен түзетуі
егжейтегжейлі тексеруді: контурлар мен объектілерді жоспарға салудың
дәлдігін, түпнұсқаның мазмұнының барлық элементтерінің жіктелуі мен
бейнесінің дұрыстығын қамтиды. Топографиялық жоспардың мазмұны
элементтерінің келісілуі. Электрондық түрге қойылатын барлық талаптарды
сақтау. Топографиялық түсірілім 1:1000 масштабта орындалды. Электрондық
нұсқасы (NanoCad бағдарламалық өнімінде) 1:1000 масштабта орындалды
және түсіру жобалау ұйымына берілді.


240
Сурет 35 -nanoCAD бойынша жобаны көрсету мысалы
CREDO кешенінде инженерлік-геодезиялық деректерді өңдеу.
Практикалық жұмыс, TRANSFORM бағдарламасында жұмыс істеу әдістері
және негізгі функцияларымен танысқысы келетін пайдаланушыларға
арналған. Ол үшін стандартты Windows-қосымшасымен жұмыс істеудің
қарапайым тәсілдерін білген жөн.
Практикалық жұмыстың мақсаты – растрлы картографиялық
материалдарды дайындау ерекшеліктері және технологиясымен,оларды
CREDO кешені мен басқа жобалаушы, әрі геоақпараттық жүйелерде
қосымша ретінде қолданумен таныстыру. TRANSFORM бағдарламасымен
жұмыс істеу әдістерін игеру үшін типтік тапсырмаларды орындау
ұсынылады.
Олардың міндеті:
- Жоспардың сканерленген фрагменттерін жүктеу;
-Фрагменттерді өзгерту (трансформаторлау) және координаталық
байланыстыру;
- Көру контурларын жасау;
- Өңдеу нәтижелерін экспорттау;
- Сызбаларды жасау және шығару;
- CREDO_TER-ге қосымшаны жүктеу.
Жұмыс процесінде [F1] клавиші арқылы анықтамалық жүйені(HELP)
қолдануды ұсынамыз. Растрлы картографиялық материалдарды CREDO
кешенінде немесе басқа бағдарламада қосымша (подложка) ретінде қолдану
үшін, оны міндетті түрде өзгерту (трансформаторлау) керек. Сонымен қатар,
растрлы кескіндердің қолданылатын координата жүйесіне байланысты
орындайды. Бағдарлама сканерлеу кезінде растрлы кескіндерді кеңістіктік
(өзгеріс, ортогональді емес жоба) және жергілікті бұрмалануын түзете алады.
Бағдарлама Windows Bitmap (bmp) форматты растрлы файлдарды өңдеуге
мүмкіндік беретінін пайдаланушының білгені жөн. Өңделетін кескіндердің
шамасы шексіз, бірақ оған және компьютер сипатына өңдеу уақыты тәуелді.
Бағдарлама Windows – 2000/XP операциялық ортада жұмыс істейді.


241


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет