1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Спутниктік өлшеулер қателерінің көздері және олармен күресу



Pdf көрінісі
бет172/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

4.3. Спутниктік өлшеулер қателерінің көздері және олармен күресу
әдістері.
Қателік көздерін жіктеу. Қателік көздерінің әсер ету сипатына
байланысты пайда болатын қателіктер, екі негізгі топқа бөлінеді: жүйелі
қателіктер, олар жерсеріктік өлшеулерге қатысты – ығысу деп аталады.
Сонымен қатар кездейсоқ сипаттағы қателіктер, оларды көбінесе «шу»
ұғымымен теңдестіреді.
Бірінші топтың қателіктері үшін оларды ескерудің арнайы әдістері
жасалады. Екінші топтың әсерін көп жағдайда, үлкен массивті жеке
өлшеулерді пайдалану есебінен азайтуға болады. GPS және ГЛОНАСС
жүйелеріне тән өлшеу процестерін талдауға байланысты, барлық негізгі
қателік көздерін шартты түрде үш негізгі топқа бөлуге болады:
1) бастапқы деректерді нақты білмеуге байланысты қателіктер; онда
анықтаушы рөл мәндерінің – өлшеу кезеңінде белгілі болуы тиіс жер серігі
эфемеридтерін білу қателіктеріне жүктеледі;
2) сыртқы орта әсерінен туған қателіктер; олардың ішінен жерсеріктік
өлшеу нәтижелеріне атмосфераның (ионосфера мен тропосфера) әсері
сияқты, сондай-ақ қоршаған объектілерден шағылысатын радиосигналдар
(көпжолдылық) сияқты қателік көздерін бөліп көрсетуге болады;
3)
құрал-жабдықтық
қателік
көздері,
оларға
қабылдағыш
антеннасының фазалық орталағының күйін дәл білмеу, ақпараттық
сигналдардың аппаратура арқылы өткен кезде ескерілмеген уақыттық
кідірістері жатады. Сондай-ақ, жерсеріктік қабылдағыштардың тіркеу
құрылғылары жұмысына байланысты қателіктер де жатады.
Жоғарыда айтылған қате топтарымен бірге, қателіктердің пайда
болуын дәлелдейтін жеке факторларды да ескеруге тура келеді. Олар
жоғарыда айтылған топтардың біреуіне де тиісті емес. Негізінен, мұндай
қателіктерге – бақыланатын жерсеріктерінің өзара тиімсіз орналасу
салдарынан пайда болатын қателіктер жатуы мүмкін (геометриялық фактор).
Одан бөлек, бірқатар қателіктер бір координаталық жүйеден, екіншісіне
ауысу процесінде, мысалы, GPS жүйесіне қатысты WGS-84 ғаламдық-
координаталық жүйеден жергілікті координаталық жүйесіне ауысу кезінде
пайда болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет