54
Қосымша сұрақтар:
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері қандай?
Ежелгі Қытайдағы басты мектептер.
Қытайдың әуелгі философиясы қашан пайда болған?
Қытайдың әуелгі философиясының ықпалы қандай болды?
«Аспан-Жер» қатынасының мәні қандай?
«Аспан асты» деген сөзі нені білдіреді?
Тянь діні және көне Қытай философиясы.
Мо Дидің философиялық идеялары.
Легистердің саяси-этикалық ілімі.
Ежелгі Қытайдың қандай негізгі әдеби ескерткіштерін білесіз?
Аспанның сипаттары қандай?
«И цзинде» адам қалай түсіндіріледі?
У син - деген не?
Қытайдың философиялық ойының дамуына «Өзгеріс кітабының»
тигізген ықпалы қандай?
Дао - деген не?
Философиялық даошылдықта Инь мен Ян және
ци категориялары
қалай қарастырылады?
Дэ категориясын қалай түсіну керек?
Даосизмдегі адамның мәні қандай?
Цзы жань - деген не?
Аспан Даосы мен Адами Дао қалай ажыратылады?
Конфуций философиясының ең маңызды шығармаларын атаңыз.
Конфуций философиясында аспан қалай бейнеленеді?
Конфуцийшіл тағдыр (мин) категориясының мәні қандай?
Конфуций адамның табиғатын қалай түсінген?
Конфуцийшіл философия неге әлеуметтік-этикалық деп анықталады?
Бес тұрақтылықты (у чан) құрайтын категорияларды атаңыз?
Конфуций текті, бекзат ерді (цзюн цзы) және қарапайым адамды (сяо
жэня) қалай сипаттаған?
Даошылдықта сөзден жоғары тұратын не?
Даошылдықта үнсіздіктің мәні қандай?
Лоо-цзының: «Білетін адам сөйлемейді. Сөйлейтін адам білмейді» -
деген сөзін қалай түсінуге болады?
Конфуций үшін қандай сөздердің беделі жоғары болған?
Конфуцийшілдікте сөзден маңызды не?
«Атауларды түзету» - деген не?
Моизмнің басқа ілімдерден айырмашылығы қандай?
«Жалпыға бірдей махаббатының» мәні неде?
Мо-цзы ілімінің негізгі қағидаларын атаңыз?
55
Мо-цзының «дарынды құрметтеу» тезисінің мәні қандай?
Моизмде «Аспан» қалай түсіндіріледі?
Мемлекетті моиистік және конфуцийшілдік биліктің айырмашылығы
қандай?
Моизм мен конфуцийшілдіктің мәдениетке
көзқарастары қандай
болды?
Легистер заңды қалай анықтаған?
Легизмде адам, қоғам, мемлекет арақатынасы қалай қарастырылады?
Легистік (заңшыл) ойдың негізгі ұғымы қандай?
Легизм адамды қалай түсінген?
Легизмдегі биліктің түсінігі қандай?
Заңшылдар неге мәдениет мемлекет үшін зиянды деген?
Сюнь-цзының түсінігіндегі адамның әлеуметтік мәні қандай?
Іс-әрекет, қызмет қалай түсіндіріледі?
Сюнь-цзы философиясында жол-жораның орны қандай?
Сюнь-цзы адамның табиғатын неліктен зұлым деп есептейді?
Сюнь-цзы адамның қандай типтерін жеке қарастырған?
Сюнь-цзы Даоны қалай түсінген?
Қазіргі Қытай философиясында қандай бағыттар бар?
Қазіргі даошылдықтың классикалық
даошылдықтан айырмашылығы
қандай?
Жаңа конфуцийшілдік ілімінің дәстүрлі конфуцийшілдік ілімінен
ерекшелігі неде?
XX және XXI - ғасырларда Қытай философиясындағы негізгі
зерттеулер қандай бағытта жүргізіліп келеді?
Достарыңызбен бөлісу: