1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет225/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   236
Totin Filosofia (1)

ІРГЕЛІ ОНТОЛОГИЯ — қазіргі философияның бір бағыты, онда батыстық 
философияның категориялық негіздері қайта қарастырылып, Шығысқа 
қарай бетбұрыс жасалады. Батыс онтологиясы «субьект-обьект» 
құрылымына негізделген және ол енді «адам-әлем» тұтас қатынасқа 
алмастырылады. 
Іргелі 
онтология 
герменевтика, 
экзистенциализм, 
персонализм, кейін постмодернизмге де ықпал етті. Оның негізін қалаушы 
неміс философы - Мартин Хайдеггер. 
 
ФАНТАЗИЯ (грекш. – қиял жемісі) — бұл ұғымның мәдениеттанулық мәні 
адам қиялының идеалды қайта құрушы мүмкіншілігімен байланысты. 
 
ФАТАЛИЗМ (лат. – тағдыр және лат. – қашып құтылмайтын) —
антидиалектикалық дүниетанымдық тұжырымдама. Фатализмге сәйкес 
дүниеде орын алатын барлық құбылыстар мен процестер алдын – ала 
белгіленіп қойылған, яғни әлемде тағдыр, жазмыштың бұлтартпас үкімі 
жүреді. 
 
ФЕМЕНИЗМ (латын. әйел, ұрғашы) — қоғамдағы әйел рөлі және оның 
құқығын кеңейту, сөйтіп, оған ерлермен тепе-тең деңгейдегі жағдайлар 
жасауды талап ететін қоғамдық қозғалыс және рухани ағым. 


390 
ФЕНОМЕН (грекш. – болу, көріну, сондай-ақ елестету) — И.Кант 
философиясында трансцендентальды «Мен» жасайтын кез-келген обьект. 
ФЕНОМЕНОЛОГИЯ (грекш. құбылыс туралы ілім) — ХХғ. 
философиясының ықпалды бағыты. Оның ғылым мен өнерге, жалпы 
мәдениетке зор ықпалы болды. Оның мағынасы құбылыстарды суреттеу 
немесе зерттеу. Ұғым Эдмунд Гуссерльдің есімімен байланысты. Оның 
ұстанымы бойынша, әлем дегеніміз – әлемнің санада құбылуы, яғни әлемнің 
санада құбылуы феномен деп аталады. Феноменология шығыстық 
медитацияға жақын. 
ФЕТИШИЗМ (фр. тұмар, қасиетті күші бар зат) — көбінде алғашқы 
қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті 
деп табыну. 
ФИЗИКАЛИЗМ — ғылымның әмбебаптық тілі физика тілі. Сана мәселесін 
қарастырудағы шектен шыққан материалистік көзқарас, олардың пікірінше
өзіндік субстанция ретінде сана жоқ, сана тек материядан туындайды және 
оны физика, өзге жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерімен ұғынуға 
болады, - дейді. 
ФИЛАНТРОПИЯ (грек. – адамсүйгіштік) — қоғамдық маңызға ие іс-әрекет 
түрлеріне (мәдени ескерткіштер мен мұраларды қорғау, қоршаған ортаға 
қамқорлық көрсету және т.б. сынды) қол ұшын беріп, көмек көрсету түрі. 
ФИЛОСОФИЯ (грекше – сүйемін және даналық, тікелей мағынасы – 
даналықты сүю) — әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ 
заңдылықтары туралы ғылым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет