1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет106/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   236
Totin Filosofia (1)

Заратуштраның үш шартын орындауы керек: бірінші шарт - «шарапатты 
ойға беріл», екінші шарт – «шарапатты сөзге беріл» және үшінші шарт – 
«шарапатты ізге беріл». Заратуштра қалайда адамзат тарихы үшін теңдесі 
жоқ жұмбақ тұлға.
ЗЕНОН, 
Зенон 
Китионский, 
Зенон-стоик 
(б.д.д.346/336/333–264/262ж.ж.) — көнегрек философы. 
Киниктер 
мектебінің 
түлегі, 
б.д.д.300ж. 
бері 
— 
философиялық стоиктер мектебінің көшбасшысы. Оның 
пікірінше, адамдар, бір жағынан, қоғамдық жандар, екінші 
жағынан, біртұтас әлемнің бір бөлігі болғандықтан, олардың 
өзін-өзі сақтауға талпынысы, айналып келгенде, мемлекеттік 
игілік үшін қамқорлық деңгейіне дейін, кейбір жағдайда 
әлемдік біртұтастық алдындағы өз міндетін түсінуге дейін көтереді. Осы 
себепті данышпандар өз игілігінен гөрі мемлекеттік игілікті жоғары қойып, 
қажет болған жағдайда, ойланбастан өз өмірін қиюға дейін барады. Стоиктер 
білімнен данышпандықты жоғары қойып, білімді данышпандыққа жетудің 
бірден-бір жолы деп уағыздады.
ЗЕНОН, Зенон Элейский (шамамен б.д.д.490–б.д.д.430ж.ж.) 
көнегрек философы, Парменидтің шәкірті. Элейде туып-
өскен. Философия ғылымында өзінің апорияларымен 
танымал. Шығармалары: «Философтарға қарсы», «Табиғат 
туралы», т.б. Ол Парменидтің болмыс туралы пікірін 
дәлелдеуге тырысады. Егер Парменид өз дәлелін болмыстан 
аяқтаса, Зенон керісінше, өз дәлелін көзге көрінетін, ақиқатқа 


284 
жатпайтын әлемнен бастап, болмыс әлемін қарастырумен аяқтайды. Оның 
пікірінше, физикалық әлем қарама-қарсылыққа толы, сол себепті ол ақиқатқа 
жатпайды, нағыз біздің түйсінуімізден тыс жатқан әлем, ол – болмыс. 
Болмыстың жалқылығын және біртұтастығын Зенон өзінің атышулы тәсілі 
«эпихейрема» арқылы дәлелдемек болады. Бұл тәсілдің мәні – «тікелей 
дәлелдеу тәсілінің орнына, кері бұрмалап дәлелдеудің негізінде 
қарсыластарының пікірін абсурдтық жағдайға әкелу арқылы, оған өзінің 
бұрынғы айтқан пікіріне шексіз көп заттар өмір сүретін болса, онда олар 
шындығында қанша болса, тура сонша болулары керек (аз да, көп те емес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет