1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет223/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   236
Totin Filosofia (1)

ТРОП (гр. бұрылыс, лат. сөз орамы) — скептиктердің ақиқаттың 
шынайылығы туралы идеяны сынағанда қолданатын гносеологиялық 
аргументі. Скептиктер әртүрлі троптарды жасаған. 
ТРАЙБОЛИЗМ (ағылш. – тайпа) — мәдени-тұрмыстық, мәдени-діни және 
қоғамдық-саяси салаларда кездесетін тайпалық ерекшеліктерге бас ұру, сол 
өзгешеліктерді алға тарту. 
ТҰЖЫРЫМ — деп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын 
ойлау формасын айтады. 
ТҰЛҒА — біртуар мен ретінде алынған жеке адам. Тұлға ұғымы – 
«индивид», «адам», «кісі» ұғымдарымен салыстырыла анықталады. «Адам» 
ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру 
үшін қолданылады. 
ТИБЕТ БУДДИЗМІ — Тибет патшасы Лхатотори Ньенцен кезінде 
қалыптасқан буддизмнің саласы. Кейін үндінің атақты ғалымдары 
Шантаракшира, Камалашила, әйгілі йогашы Падмасамбаха Тибет 
буддизмінің сутраларын, тантралары мен түсіндірмелерін жинақтап, талдап 
ілім ретінде таратқан.  
ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫ — әлем өркениетінің озық тәсілдеріне сүйенген, 
түркілік 
дәстүрлі 
дүниетанымды 
жаңаша 
зерделеуге 
талпынған 
герменевтикалық философия. 
ТІЛДІК ОЙЫН — Л.Витгенштейннің «философиялық ізденістерінде» 
(1953ж) тұңғыш қолданысқа енген ұғым. Тілдік ойын дегендегі «ойын» сөзі 
адамдардың еріккеннен көңіл көтеру үшін жасайтын әрекетін білдірмейді. 
Тіл түгелдей дерлік тілдік ойыннан тұрады, өйткені тіпті өмір формаларының 
өзі де, шындықтың өзі де – тілдік ойын жинағы. 
ТЯНЬ — «Аспан», қытай мәдениеті мен философиясының басты 
категориясы, ол – біріншіден, Құдай, жоғарғы Тәңір, ең биік құдыретті күш, 


388 
екіншіден – табиғат, мән, табиғилық, үшіншіден – астрономиялық және 
метеорологиялық нысандар мен құбылыстарды ұстап тұратын аспан, 
төртіншіден – уақыт пен кеңістікке сәйкес келетін және жерге қарама-қарсы 
(ди) болатын, әлемді құрайтын – Аспан – Адам – Жер үштігіне (сань цай) 
кіретін ғарыштың негізгі құрылымдық элементі.
У СИН — дүниенің жаратылысы: ағаш, от, жер, металл, су сияқты 
элементтерден тұрады деген қытай философиясындағы түсінік. Қытай 
философиясының негізгі категорияларының бірі, ғаламның негізгі 
өлшемдерін анықтайтын бес мүшелі құрылымы. Философиядан басқа
дәстүрлі қытай медицинасында, бал ашуда, жауынгерлік өнерде, 
нумерологияда қолданылады. У-синге бес класс (Ағаш, От, Жер, Металл 
және Су) кіреді, олар барлық заттар мен құбылыстардың жағдайы мен өзара 
байланысын сипаттайды. Стихиялардың тізбегі «Шу цзин», канонында, «Хун 
Фань» тарауында берілген. У-синнің алдында келесі жағдайлар болады– 
Әуелгі хаос, (хунь дунь), Шексіздік (у цзи), Ұлы шекара (тай цзи), Инь –Ян. 
Бес элементке екі негізгі циклдік өзара әрекет тән, өзара туындау және өзара 
еңсеру. Өзара туындаудың мәні мынада – Ағаш Отты, От Жерді, Жер 
Металлды, Металл Суды, Су Ағашты туғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет