Орындаған: Нишанбаева А. Қабылдаған: Малдыбеков Ө. Түркістан 2021 Жоспар: І кіріспе



бет1/5
Дата02.01.2022
өлшемі349.02 Kb.
#453205
  1   2   3   4   5
Нишанбаева А МӨЖ


Ахмет Ясауи Халықаралық Қазақ - Түрік университеті

МӨЖ



Тақырыбы: Италияда ғылымның дамуы

Тобы: М – 013 (Химия педагогтерін даярлау)

Орындаған: Нишанбаева А.

Қабылдаған: Малдыбеков Ө.

Түркістан 2021

Жоспар:

І Кіріспе:

Ғылымның пайда болуы және дамуы



ІІ Негізгі бөлім:

Италияда ғылымның дамуы

Италия елі мәдениеті мен өнер тарихы

Танымал итальяндықтар және Нобель сыйлығы жеңімпаздары



ІІІ Қорытынды

Ғылымның пайда болуы және дамуы

Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді, өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құяды, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігінің дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады. Ғылым сағасының көзге көрінер анық кезін ХІХ—ХХІ ғасырыда десек , алғашқы өзекшелерін бастауын Ежелгі Грекциядан ақ көреміз: Платонның сезімге тәуелсіз тәжірбиелік білім эпистемасы, Аристотоельдің танымдық және логикалық теориясы және т.б. жатқызамыз. Одан әрі дамыған философиядан онтологи және гнесиология ретінде қарастырылып, метофизика саласын бөліп шығарды. Метафизиканы Аристотель ең бағалы ғылым ретінде және адам жетістігінің мақсаты деп көрсетеді. Даму барысында ғылымдар әр түрлі салалаға бөлініп кетті. Біздің заманымыздағы ғылымның әр түрлі салары өз бетінше дамығанымен олар бір- бірінсіз маңызы жоқ және ажырамас заңдылықтармен байланысқан. Бұл салалардың барлығы көзге көрінбегенімен олар ажырамаған, олардың барлығының мақсат мүдделері бір заман ағымында, бір ізденіс бағытында даму үстінде. Ғылымдардың барлығы философиялық көзқарастың, ізденістің жемісі оның салдары. Біз оларды ажыратып қарастырсақ та оның маңыздылығы тұтастығында, яғни ғылымдар философиядан бастау алады және оны дамытады.

Кейбір ғалымдар антикалық ғылым феноменіне назар аударады, яғни, сол кезде теориялық ғылымның негіздері қалыптасты деген пікір /мысалы, Евклид геометриясы/. Алғашқы натурфилософтар /Стагириттің анықтамасы бойынша «фисиологтар» /көбінесе философтар емес, ғалымдар болған. Бəрімізге мəлім, антика əлемі математиканы қолданып, теориялық деңгейіне дейін əкелді. Антикада ақиқатты тануға, яғни, логика мен диалектикаға назар аударған.

Басқа еӊбектерде антикалық ғылымның ежелгі түрі – мысыр өркениеті туралы айтылады. Б.д.д. 4 мың жылдықта Ежелгі Мысыр өркениетінде математика, медицина, география, химия, астрономия салаларын терең біліммен меңгерген. Ежелгі Мысырдан шыққан құпия, мистикалық ілімдер ақырында Үнді, Парсы, Халдей, Қытай мен Жапон, Ежелгі Грекия мен Римнің білім үрдісіне əсер еткені айқын. Айтылған барлық салалар бойынша Мысыр — ең ежелгі антикалық ғылым түрінің иесі.

Ғылымның пайда болу туралы ең дəстүрлі нұсқасы — ғылымының бастамасы Жаңа заманда болған, жалпы еуропалық тұрғыда /16-17 ғғ. басы/, Коперниктің талпарысы, Галилей мен Ньютонға негізделген классикалық механиканың заңдары, дүниенің ғылыми бейнесі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет