1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


У ВЭЙ — «әрекетсіздік», «мақсатты әрекеттің болмауы» -қытай  философиясының, әсіресе, даосизмге тән термин



Pdf көрінісі
бет224/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   236
Totin Filosofia (1)

У ВЭЙ — «әрекетсіздік», «мақсатты әрекеттің болмауы» -қытай 
философиясының, әсіресе, даосизмге тән термин. Оптативті терістеу 
қызметін атқаратын «у» (болмау-бейболмыс) жәнпе мақсатты қызметтегі 
белгілейтін «вэй» («әрекет, атқару, жүзеге асыру») иероглифтерімен 
белгіленеді. Даошылдар ерікті мақсат қоюдан бас тартып, білімге деген 
сенімді мазақ етіп, «у вэй» сияқты теріс ұғым арқылы заттардың табиғи 
тәртібіне этикалық та (конфуцийшілдік, моизм), прагматикалық та (моизм, 
легизм) тұрғыдан араласпау қағидасын жасаған. 
УАҚЫТ — кеңістікпен қатар болмыстың формасы. Ол болмыстың 
құрылымын анықтайды, өйткені уақыт арқылы болмыс өзінің ұзақтылығын, 
объектілерін бірін-бірі алмастыруын табады. 
УНИВЕРСАЛИЗМ — жан-жақтылық, көпқырлылық, бәрін қамтушы білім, 
тұтастыққа ұмтылу, универсумды тұтас ретінде қарастыратын, осы тұтастан 
жекені бөліп шығарып, түсіндіруге және ұғынуға тырысатын ойлау түрі. 
УПАНИШАДТАР (дәлме-дәл – «адамды ұстазға жақындататын нәрсе» 
немесе асыл білім, құпия ілім) — веда дәуірінің соңғы әдеби шығармасы 
болып табылатын көне үнді мәтіндері. Сондықтан оларды «веданта», яғни 
«веданың аяқталуы» деп атайды. Упанишадтар веда философиялық ойының 
шарықтау шегінің орталығы болып табылады. Упанишадтың өзінде веданы 
және басқа да білім салаларын оқыса да адамның білімі упанишад 
жазбаларымен танысып шыққанша толыспайды делінген. Упанишадтардың 


389 
ең көнесі б.д.б.VІІғ. жатады. Онда пайғамбарлардың Құдай, рух және космос 
туралы түсініктемелері берілген. Барша заттардың қайдан пайда болғандығы, 
қалай өмір сүретіндігі және олардың жойылып біткеннен кейін қайда 
кететіндігі, рухтың мазмұны, рухтың туып-өлу тамұғынан (сансара) арылу 
жолы, карма және т.б. мәселелер. Упанишадтардың негізгі мазмұнын 
құрастырады. Упанишадтардың барлық саны – 108. Оның 16-ға жуығы 
«негізгі», «ұлы» Упанишадтар деп аталады. Ол – санскрит тілінде жазылған. 
УТИЛИТАРИЗМ (лат. – пайда) — этикалық, мәдениеттанулық
дүниетанымдық принцип, әрбір феномен әкелер пайдасы тұрғысынан 
бағалануы және қарастырылуы тиіс. Оның негізін қалаған – ағылшын 
моралисі – И.Бентам болды. Оның пікірінше, әрбір іс-әрекет өнегелі болу 
үшін, адамның жеке мүдделерін қанағаттандыруы тиіс. Тек сонда ғана іс-
әрекетпен «көп адамға үлкен бақыт» сыйлайсың. 
ҰҒЫМ — заттар мен құбылыстардың жалпы заңдылықты байланыстарын, 
елеулі жақтарын, белгілері мен қасиеттерін олардың анықтамаларында 
(дефенициясында) бейнелейтін ойлау формасы. Не болмаса, белгілі бір 
құбылыстар кешенінде жалпыны немесе жалпыға бірдей нәрсені белгілейтін 
ойлаудың негізгі түрі. Г.Гегельдің философиясында ұғым – түсінік пен 
сезімталдыққа қарама-қарсы қойылатын ойлаудың ең жоғарғы формасы
зерделі ұғым пайымдық ұғыммен салыстырғанда абсолютті идеяның мәні 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет