- Кез келген ОЖ кем дегенде 3 бөліктен тұрады:
- 2. Драйверлер – құрылғыларды басқаратын программалар.
- 3. Интерфейс – тұтынушыны компьютермен сұхбаттас-тыратын ыңғайлы орта. Тұтынушыға онша қызықты емес ядро осының ішінде орналасады. Мұны затты салып қоятын әдемі қораппен де салыстырады. Графикалық интерфейс – шағын суреттермен көмкерілген көзге жылы орта. Алғашқы ОЖ-лар үшін тышқанмен шерту орнына сөз тізбегі енгізілетін. Мыс., Word программасын іске қосу үшін:
- winword.exe
- терілетін еді.
2. ОЖ түрлері - Атқаратын жұмыстарына қарай екіге бөлінеді:
- 1. Біртапсырмалы (однозадачная) - DOS
- 2. Көптапсырмалы (многозадачная) - Windows
- Тұтынушы санына қарай екіге бөлінеді:
- 1. Біртұтынушылы (однопользовательский) - DOS
- 2. Көптұтынушылы (многопользовательский) - Windows
- Разрядтылығына қарай:
- 1. 16-разрядты (DOS, Windows 3.1)
- 2. 32-разрядты (Windows 98/ME)
DOS операциялық жүйесі - Disk Operating System – 1981 ж. Microsoft жасап шығарды, оған дейін СР/M жүйесі болған. Ол біртапсырмалы, 16-разрядты тек мәтіндік командалармен істейтін. Ол кезде тышқан, сурет (иконка) болмаған. Сурет шықса да, DOS мәтіндік ОС болып қала берді.
- Кемшілігі:
- 1. Тек 640 Кб жад көлемін пайдаланды.
- 2. Бір ғана тапсырма орындалды.
- 3. Графикалық (суреттерді) режимді пайдаланбады.
Windows 3.1/3.11/NT жүйелері - 1992 ж. Windows 3.0,1994 ж. Windows 3.1/3.11 шықты. Бұлар DOS жүйесінің негізінде жасалды.
- Бірақ көптапсырмалы, әрі графиканы пайдаланды.
- Кемшілігі: жиі тұрып қалатын еді.
- 1992 ж. Windows NT (New Technology) шықты, ол желімен жұмыс істеді. Бұл 32-разрядты тоқтамай, дұрыс істейтін жүйе болды.
Достарыңызбен бөлісу: |