1. Бағдарламалар және олардың түрлері



бет1/5
Дата11.10.2023
өлшемі386.5 Kb.
#480420
түріПрограмма
  1   2   3   4   5
Лекция 3 Бағдарламалық жасақтама. ОЖ

  • Жоспары
  • Бағдарламалық жасақтама түрлері, түсінігі.
  • Қолданбалы программалар:
  • Мәтіндік редакторлар
  • Кестелік процессорлар

1. Бағдарламалар және олардың түрлері

  • Бағдарламалар (Программалар) – әр түрлі оперцияларды орындауға арналған командалар тізбегі. Олар – алгоритмдердің компьютерге түсінікті түрде жазылған нұсқасы.
  • Мәліметтер (данные, операнды) – програм-малар өңдейтін немесе солардың жұмысы нәтижесінде пайда болатын информациялар жиыны, құжаттар.
  • Компьютердегі информация екі үлкен топтан тұрады:
  • Бағдарламалық жасақтамалардың түрлері
  • Жүйелiк программалар ЭЕМ-нiң жұмыс істеуі үшін керек. Олар операциялық жүйелерге, драйверлер мен утилиттерге, тесттерге бөлінеді.
  • Операциялық жүйелер немесе системалар (ОЖ) – компьютердi басқаратын және құрылғыларды қолданбалы программалармен байланыстыратын программалар. Дербес компьютерлерде кең тараған операциялық жүйелерге MS (PC) DOS, WINDOWS 95/98, WINDOWS 2000/ХР, OS/2, UNIX, т.б. жатады. WINDOWS 98/МЕ қазіргі Microsoft корпорациясының стандарты.
  • Программалық қоршаулар – ДК-мен жұмыс істеуші адамның арасындағы іс-әрекеттерді жеңілдететін программалар. MS DOS үшін әдетте Norton Commander қоршауы, ал Windows 3.1 үшін – Norton Desktop, Windows 95/98 үшін – Norton Navigator, FAR пайдаланылады.
  • Драйверлер – ОЖ сыртқы құрылғылармен (принтерлермен, дискілермен, пернетақтамен, байланыстыратын программалар тобы.
  • Утилиттер – ОЖ-ны кеңейтіп, қосымша қызмет атқаруға керектi программалар тобы. Оларға орыс-қазақ әріптерін енгізуді, антивирустiк (вирустерге қарсы) программаларды, мәлiметтердi архивтеу (қысу) программаларын келтiруге болады.
  • Тест программалары компьютердiң жұмыс iстеу қабiлетiн (диагностика) тексеретiн программалар, олар ақауы бар құрылғыларды анықтап, экранға мәліметтер шығарады.
  • Программалау жүйелері – программалау тілдері мен трансляторлардан (түрлендіргіш программалар) тұрады, олар арқылы жүйелік және қолданбалы программалық жабдықтамалар жасалады. Программалау тілдері – ФОРТРАН, ПАСКАЛЬ, БЕЙСИК, ЛИСП, СИ, СИ++, ТУРБО-ПАСКАЛЬ, ТУРБО-СИ, АДА, ПРОЛОГ, ЯВА, т.б. Олар ағылшын тіліне жақын жасанды тілде жазылады да, кейіннен трансляторлар көмегімен машиналық кодтарға түрлендіріледі. Трансляторлар интерпретаторларға және компиляторларға бөлінеді.
  • Интерпретаторлар әрбір команданы машина тліне аудара салып, бір­ден орындайтын трансляторлар тобы, олардың артықшылығы – тұтыну­шымен диалог режимінде жұмыс атқарады, кемшілігі – жұмыс өнімділігі төмен болады.
  • Компилятор – командаларды орындамай тұрып, машина-лық кодтарға толық аударатын программа. Осының нәтиже-сінде объектілік модуль деп аталатын программа жасалады, олардың бірнешеуін біріктіру арқылы жүктеу модулі жаса-лып барып, осы модульді орындау арқылы мәселе (есеп) шешіледі.
  • Программалық жүйелер жасайтын мықты фирмаларға Microsoft Corporation және Borland International жатады. Microsoft фирмасы: Quick Basic, Visual Basic, Micro-soft С+... Borland фирмасы – Turbo Basic, Borland C, Turbo Pascal программалық тiлдерiн жасап таратуда.
  • Қолданбалы (кәделi) программалық жабдықтамалар – белгiлi бiр мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Оларға қарапайым программадан бастап күрделi есептердi шығара алатын қуатты маманданды-рылған жүйелердi (мәтіндік процесссор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), экономикалық, ғылыми мәселе-лерге арналған және жалпы көпшiлiкке қызмет ету кешендерiн де жатқызуға болады.
  • Дербес компьютерлердiң кең тарауына басты себеп болған қолданбалы программалардың кең таралуы едi, бұл программалар тек бiр есептi шығарып қана қоймай, белгiлi бiр мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтан-дыруды немесе информацияның белгiлi бiр түрлерiн өңдеудi түгел қамти алатын болды.
  • 3. Қолданбалы (кәделi) программалар
  • Офистік программалар осы қолданбалы программаларға жатады. Олар мынадай түрлерге жiктеледi:
  • – мәтін редакторлары (мәтіндік процессорлар – Блокнот, WordPad, Word, PageMaker …);
  • – графикалық редакторлар (Paint,Fotoshop, CorelDraw …);
  • – электрондық кестелер (кестелік процессорлар – Excel, Lotus, Works …);
  • – мәліметтер базасы (Access, Dbase, FoxPro… );
  • – Интернетпен жұмыс істейтін программалар тобы (Net-scape Navigator, Internet Explorer …);
  • – автоматтық жобалау программалары (AutoCad);
  • – оқыту және ойнау программалары, т.б.
  • Шартты түрде тегін программалар (shareware) – көп тараған программалар тобы, утилиттер, кейде керекті көлемді программалар да осыған кіреді. Бұларды шамалы мерзім ішінде тегін қолданып, сонан кейін аздап ақша төлеу керек.Егер сол мерзімде ақша төленбесе, олар мүмкіндіктерінің біразын орындамай қояды немесе жиі-жиі ақша сұрап мазаны алады.
  • Тәжірибелік (пробные) нұсқалар – дұрыс жұмыс атқаратын, сатылатын программалар. Біраз уақыт өткен соң, жұмыс істемей, ақша сұрайды. Кейбір мамандар оны бұзып, ішіне кіріп уақытын ұзартып алады немесе сағаты мен датасын кейінге ауыстырып қойып пайдаланады. Ал кейбірі бұрынғысын деинсталлятормен өшіріп, қайтадан жазып алады. Ал кейбір қулар көшіріп аларда жүйелік мерзімін алдағы уақытқа ауыстырып жазып алады, сонда ол ұзақ уақыт тегін істейді.
  • Демоверсиялар (demoware) – жарнамалық нұсқалар, жұмыс істегенмен, нәтижесін дискіде сақтамайды немесе қолдану мерзімі аз ғана уақытқа жасалады.
  • Жоспары
  • Операциялық жүйелер қызметі, құрамы.
  • Операциялық жүйелердің түрлері
  • ОС-тің ортақ ұғымдары:
  • файл ұғымы, файл атрибуттары,
  • бума (каталог), файлдық құрылым,
  • файл маршруты, стандартты файл типтері

1. Операциялық жүйелер қызметі және құрамы

  • Операциялық жүйе немесе система (ОС) – ең бірінші және ең басты компьютер программасы, ОС арқылы адам мен компьютер арасындағы байланыс орнатылады.
  • ОС – компьютер аппаратурасы мен басқа прог-раммалар арасындағы тасымалдаушы буфер. Ол программалардың командаларын қабылдап, машина тіліне аударады.
  • ОС – адамның компьютерде жұмыс істеуін жеңілдететін жүйелік программа.
  • 1.1. ОС атқаратын әрекеттерге келесi операциялар жатады:
  • каталогтарды (бумаларды), файлдарды құру (алғаш рет ашу – создать);
  • бумалар каталогтар ашу - открыть және оларға ат қою;
  • файлдардың және бумалардың атын өзгерту;
  • компьютер дискiлерi арасында немесе бiр дискiдегi каталогтар арасында файлдарды жылжыту және көшiру;
  • каталогтарды мен файлдарды өшіріп тастау;
  • берiлген файлға, каталогқа бумаға жету мақсатын-да файлдық құрылым бойынша жылжу (навигациялау), т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет